Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гомеопатия 5 курс каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
254.98 Кб
Скачать

§ 1 Бойынша 0,944

§ 2 Бойынша 0,944

§ 3 Бойынша 0,905

тең болады.

2. Этил спирті мөлшері

Тұрындыларда немесе этил спиртті ерітінділерінде, сұйылтуларда этил спирті мөлшерін олардың тығыздығы бойынша анықтауға болады. Анықтауда жоғары дәлдікпен жүргізу мақсатында 50 мл сынақтағы препаратты арнайы колбаға көшіріп үстіне 100 мл су 50 г натрий хлоридін немесе натрий сульфатын (қайнау кезінде сұйық көбіктенбес үшін) қосып 100 мл дистиллят алады. Дистилляттың тығыздығын анықтап, спирттер кестесі (тығыздық және концентрация) арқылы таза этил спирті мөлшерін анықтайды. Қайнату кезінде мол көбік шығармайтын препараттағы спирт мөлшерін МФ 9 басылымында келтірілген әдіс бойынша анықтайды.

  1. Экстракт (сығынды) мөлшері

Бастапқы тұрындыдағы экстрактты, ерітіндідегі және басқалардағы құрғақ қалдықты келесі түрде анықтайды. Алдынала өлшенген дөңгелек шыны табақшаға (диаметры 6-7см),дәлдікпен өлшенген сұйықты көшіреді, су моншасында буландырады. Содан кейін температурасы 1050С термостатта жарты сағат кептіреді. Кейбір экстрактар ылғал тартқыштығына байланысты, бірнеше минут аралығында салмақтары таразы табақшасының үстінде ұлғаяды, сол себепті кептірілген құрғақ қалдық мүмкіндігінше жылдам өлшену керек. Сонымен қатар, кептіру жарты сағаттан артық болмауы керек, себебі 1050С ұзақ қыздыру кезінде құрамында майлы заттары бар құрғақ қалдықтар салмағы өсіп кетеді.

  1. Сұйық майлар (өсімдік)

Сұйық майлар мөлшерін негізгі тұрындыда және ерітіндіде төмендегідей орындайды: экстракты анықтағандағы қалдық 1-2 мл сумен (кейде су моншасында қыздырылып) ылғалдандырылады, содан кейін 10 г күйдірілген гипспен біркелкі ұнтақ алынғанша ысқыланады. Алынған массаны сүзгіш қағаздан істелінген гильзаға салып, гильза аузын, қолданыстағы шыны табақшаны сүртіп алған мақта анжасымен жауып, Сокслет немесе басқа майларды экстракциялайтын аппаратқа салынып 2-3 сағат бойы қатты қайнамаған петролей эфирімен экстракциялайды. Соңынан эфирді ұшырып, қалдықты 1050С температурада кептіру жәшігінде 15 минут кептіреді және өлшеп алады.

5.Майсызданған құрғақ заттар

Майсызданған құрғақ заттар мөлшері құрғақ қалдық мөлшері мен сұйық майлар мөлшерінің айырмашылығымен анықталады.

6. Алкалоидтар мөлшері

Эссенцияларда,тинктураларда және шикізатта алкалоидтар мөлшері әртүрлі әдістермен анықталады.

Анықтау ережелері дәрілік құралдарға қатысы бар бөлімдерде көрсетілген. Анықтау нәтижелері шынайы көрсеткіштер болу үшін бюреткалар пайдаланылады, олар:

-бюретка, ұзындығы 60см, сыйымдылығы 10мл, шкала ең кіші (min) бөлшек аралары 0,02мл;

-микробюретка, ұзындығы 50см, сыйымдылығы 5мл, ең кіші бөлшек аралары 0,01мл.

7. §§1-3 бойынша дайындалған эссенцияның экстракцияланған кейін суда ерімейтін тұнбасы

25 г эссенцияны су моншасында буландырады және кептіргіш жәшікте 1050С температурада аз уақыт кептіреді. Қалдық суығаннан кейін сумен сұйылтады, ысқылайды және дәлдікпен өлшенген сүзгіш арқылы сүзеді, сумен жуады. Содан кейін сүзгіш кептіріледі және өлшенеді.

Суда ерімейтін қалдықтың мөлшерін 100 бөлшек тинктурадан экстракцияланған қалдыққа қатынасын есептеп шығарады.

8. §§1-3 бойынша дайындалған эссенциялардағы, глюкоза мөлшерінің эквиваленті ретінде есептелінген тотықсыздандырғыштар мөлшері.

Суда ерімейтін тұнбадан алынған экстракт көлемін 100 мл жеткізеді, 30 мл мыс сульфаты (концентрацясы 69,2 г/л), 30 мл калий гидроксиді және сегнет тұзы (концентрацялары 250 және 346 г/л) ерітінділерін қосып араластырады. Ерітінділер қоспасын қайнағанша қыздырып, оған жоғарыда дайындалған сұйытылған экстрактың 2,5 г қосады. Бір рет қайнатылғаннан кейін сұйықты дәлдікпен өлшенген асбесті немесе фарфорлы сүзгіш керней (трубка) арқылы сүзеді, сүзгішті, кезекпен, сумен, этил спиртімен, ең соңында эфирмен шаяды, содан кейін сүзгішті температурасы 1050С кептіргіш жәшікте ұстайды. Сүзгіш кернейді салқындағаннан кейін өлшейді, тұнбаға түскен мыс оксиді массасы бойынша, кестеден, оған сәйкес глюкоза мөлшерін есептеп шығарады. Осы нәтижені 16 – ға көбейтеді, эссенцияның 100 бөлшегіндегі экстракт (грамм) мәніне бөледі.

Есептелініп алынған нәтижені 100- ге көбейтсе, глюкоза эквивалентіне сәйкес тотықсыздандырғыштар % мөлшері шығады. Егер мыс оксиді мөлшері 0,522 г асса, онда жоғарыдағы сулы экстракты өзіне тең көлемді сумен сұйылтады. Осы ерітіндінің 25 мл көлемімен тағы сынақ жүргізіледі. Бұл жағдайда глюкоза мөлшері 16 емес , 32 – ге көбейтіледі.