Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гомеопатия 5 курс каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
254.98 Кб
Скачать

Гомеопатия тәжірибесінде қолданылатын дәрілік қалыптар.

(Formae medicamentorum Homeopatical)

Гомеопатия (грек. Homoios – ұқсас, сол, pathos – ауру) - "ұқсасты ұқсаспен емдеу" деген негіз бойынша, ғылыми дәлелденбеген дәрілермен емдеу жүйесі.

Гомоеопатия тәжірибесі 3 негізге бейімделген. Бірінші негіз бойынша (- similia similubus curantur) – ауырмаған адамдарға жоғары мөлшерде қолданғанда, аурудың белгілерін тудыратын дәрілердің аз мөлшерімен емдеу. Екінші негіз – ауырмаған адамдарға дәрілік заттың жоғарғы, кейде улы мөлшерге дейін қолданып аурудың белгілерін шығару. Үшінші негіз – дәрілік заттың концентрациясын ерітіндіде немесе сүт қантымен езгілеп сұйылтқан кезде кейбір ерекше күштерінің арқасында дәрілік әсерінің күшеюі (динамизациялануы, потенциялануы) пайда болады- мыс. Осыған байланысты дәрілік құралдар өте аз мөлшерде қолданылады – «төмен доза» заңдылығы).

Гомеопатия негізін салушы Самуэль Фридрих Ганеман 1755 жылы Саксонияда туған, Лейпциг университетін бітіріп Германияда дәрігерлік қызмет атқарған. Ганеман өз пациенттерін өзі дайындаған дәрілермен емдеуді тәжірибеге алған, ал бұл көзқарас Германияда қабылданған заңдылықтарға қайшы болу себебі, оның үкіметпен арадағы келіспеушіліктері туып отырған.

Ганеман көзқарастарының қалыптасуына Гиппократ, Диоскорид, Корнелиа- Цельс, Гален, Ибн – Сина еңбектерінің әсері болуы мүмкін. Себебі кейбір көне ғұламалар еңбектерінде, ауруды "ұқсастықпен" емдеу негіздері кездесетін. Мысалы, Гиппократ "Ауруды оның табиғаты емдейді", дәрігер ауруды туғызған себептерді соған ұқсас себептермен сауықтыруға көмектесуі тиіс.

Гомеопатияның негізгі пікірлерін Ганеман 1796 жылы қалыптастырды, ал 1810 жылы "Органон врачевного искусства" еңбегінде өзінің пікірлерін жүйелі түрде келтірді. Ганеман Лейпциг университетінде приват – доцент ретінде студенттермен дәрігерлерге гомоепатия турасында дәрістер оқыды, 1843 жылы қайтыс болды.

Гомоепатия біздің елге көршілес Россия елінен келген. Россияда гомоепатия XIX ғасырдың бірінші ширегінде белгілі бола бастады.

Бірақ белгілі орыс ғылымдары Н.Н.Пирогов, А.П.Нелюбин, А.А.Иовский және басқалары гомоепатия негіздеріне үлкен қарсылық көрсетті.

Тек КСРО кезінде, 1960 – 70 жылдары гомоепатияға деген көзқарас бейжар бола бастады, КСРО ДС Министрлігі құттаған да тыйым салған да жоқ. 1991 жылдан бері Ресейде гомеопатия құқылы орын ала бастады.

"Гомоепатиялық дәрілік құралдар" нұсқаулығы

Европа мен Америка гомеопатиялық дәріханаларында гомоепатиялық дәрілік құралдар дайындау Швабе Вильмардың неміс тіліндегі "Руководство по изготовлению гомеопатических лекарств" негізінде дайындалған құралдарды басшылыққа алады. Қәзіргі кезде көптеген елдерде мемлекеттік фармакопеялар бар – Германия, АҚШ, Жапония т.б.

СНГ елдерінде 1967 жылы аударылған "Гомеопатикалық дәрілік құралдар нұсқаулығы, фармакопеялық құрал ретінде пайдаланылады.

Нұсқаулық келесі бөлімдерден:

Кіріспе, ортақ бөлім, гомеопатиялық фармация (гомеопатиялық дәрілік құралдар технологиясы мен оларда зерттеудің ортақ әдістері) және арнаулы бөлім (негізгі және қосымша құралдар) тұрады. Гомеопатиялық дәрілік құралдар саны 2000, ал нұсқаулықта 514 құрал бар, оның ішінде 300-дейі тәжірибелік айналымда.

Гомеопатиялық препараттарды 78% шамасында өсімдіктерден, 14% шамасында химиялық қосылыстардан және 6% - дайы жануарлар табиғатты объектілерден алады.

Гомеопатиялық пікірлер бойынша препараттар балауса өсімдіктерден, жақында жансыздандырылған жәндіктерден немесе жаңа сойылған жануарлардан алынған бездерден дайындалса, солғұрлы әсерлі болады.

Гомеопатияда қолданылатын, цинк сульфаты, камфора, тұз қышқылы, жалбыз т.б. 179 препараттар ҚСРО VIII, IX және X МФ қолданыс тапты. Сонымен қатар – графит, құрбақа т.б. таза гомеопатиялық препараттар. Швабе нұсқаулығында көптеген гомеопатиялық құралдар XVIII, XIX ғасырларда қолданыста болған аттарымен келтірілген.