- •Қазақстан республикасЫның білім және ғылым министрлігі с.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
- •5В012000 Кәсіптік оқыту мамандықтар топтары үшін
- •«Педагогикалық шеберлік» пәні бойынша емтихан билеттері
- •Педагогикалық шеберлік ұғымы мен мәні.
- •4.Педагогикалық шеберліктің мазмұны.
- •5.Педагогикалық шеберлікке берілген анықтамалар (н.К.Крупская, в.А.Сухомлинский в.А.Сластенин және т.Б.)
- •6. «Мұғалім – қоғамдық тұлға» тақырыбында шағын шығарма жазыңыз.
- •7. Қарым-қатынас ұғымы және оның мәні.
- •8.Педагогтың қарым-қатынас стильдері.
- •11.Педагогикалық шеберлік компоненттері.
- •12.Педагогикалық қабілеттіліктің ерекшеліктері.
- •14.Педагогикалық шеберлік компоненті ретінде кәсіби білімнің маңызы.
- •15. Мұғалімнің коммуникативтік қасиеттерінің құрылымын көрсетіп, талдаңыз.
- •22.Педагогикалық техника:педагогтың өзінің психикалық жағдайын кәсіби өзіндік реттеуі.
- •28.Педагогтың ғылым мен мәдениет іс-әрекетінің көрсеткіштері.
- •30.Маманның кәсіби-тұлғалық дамуының критерийлерін сурет түрінде көрсетіп, талдаңыз.
- •31. Педагогтың рухани көрсетіштерінің мәні
- •33. Маманның кәсіби-біліктілігінің көрсеткіштерін сурет түрінде көрсетіп, талдаңыз.
- •39. Жас мұғалімнің типтік қателерін талдап, айқындаңыз.
- •40. Инновациялық-креативтілік мәдениеттің тұлғалық-шығармашылық компонентінің ерекшеліктері.
- •55. Педагогикалық өзара қарым-қатынаста вербальды емес құралдар.
- •56. Педагогттың сөйлеу мәдениетіпедагогикалықшеберліктіңталабыретінде.
- •57. Педагог тәртібінің мәдениеті (қосымшаөзіндікталдау)
- •58. Педагогикалық қарым-қатынас стилі.
- •59. В.А.Сухомлинскиймұғалімсөзінеқойылатынталаптар мен оныңтиімділігініңшартытуралы.
- •60. Сөйлеу техникасын жетілдіружаттығулары (мысалкелтіру)
- •63. Педагогикалық такт педагогикалықморальдыжетілдіруформасыретінде.
- •64.«Педагогикалық қақтығыс» ұғымыныңмәні.
- •66. Педагогикалық этиканы қалыптастыру жоспарын құрастырыңыз.
- •68. Педагогикалықүдерістегі иландыру мен сендіру.
- •70.Педагогтың аудитория алдында сөйлеу тәртібі.
- •71.Педагогтың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мүмкіндіктері.
- •72.Педагог тілінде кездесетін кемшіліктерді көрсетіп, талдаңыз.
- •73. Педагог сөзінің функциялары.
- •74Оқушыларға мұғалім сөзінің әсерлі ерекшеліктері.
- •75. Педагогикалық әдеп ұғымының мәнін талдаңыз.
- •76.Педагогтың сөйлеу ерекшеліктері.
- •77. Тәрбие жұмысын жоспарлауда педагогтың шеберлігі.
- •78.Педагог сөзіндегі импровизация.
- •79. Мұғалімнің педагогикалық такті.
55. Педагогикалық өзара қарым-қатынаста вербальды емес құралдар.
56. Педагогттың сөйлеу мәдениетіпедагогикалықшеберліктіңталабыретінде.
Мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің маңыздылығы
Педагогтың сөйлеу мәдениеті дегеніміз – сөз мәнеріне шеберлігі, стилистикалық ойды нұсқаны тандай білу, ойын анық және айқын жеткізе білу дағдысы.
Адами сөйлеу күрделі, сондықтан да көп құрамдас түсінік. Педагог ауызша және жазбаша әдеби тіл нормаларын, яғни екпінді, грамматиканы, сөздің қолданылу аясын білуі тиіс. Осы тұрғыдан сөз мәнерінің дұрыс не дұрыс еместігін бағалайды.
Педагогтың сөз мәдениеті барлық кез келген адамзат баласындағыдай өз Отанына деген махаббатының және жалпы мәдениеттілігінің жоғарғы деңгейін көрсетеді. Дауысының эстетикалык сұлулығы, байлығы, мазмұны мен бейнелілігі бар педагог оқу-тәрбие үрдісіндегі міндеттерін жақсы атқаруға қабілетті болады. Даусының күші, сарыны да, сонымен қатар шынайылығы мен нақтылығы да біршама рөл атқарады.
Сөйлеу мәдениеті жөніндегі ғылым тілдік сферамен тығыз байланыста болады. Бұл мәселелермен әдебиет теориясы, психология, педагогика және физиология тәрізді ғылымдар айналысады. Тілдік нормалар (орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық) - қоғам үшін мейлінше қажетті жиынтық.
Тәжірибелі мұғалімдер үнемі сабақта айтылып, беріліп отырған түсініктің маңыздылығына аса мән береді. «Сөздердің мағынасын ашып түсіндіріңдер. Сол кезде сіздер оларды жаңылысулардың жартысынан кұтқарасыздар»,-деп жазды Р.Декарт.
Сөйлеу мәдениеті көптеген. факторларға байланысты - тілдесудің ойлы, бағыттылығы, оның мазмұны, жаңа ақпараттың болуы және т.б.
Лингвист Б. Н. Головин «Сөз мәнеріндегі мәдениеттілік» кітабында оның келесі құрамдас бөліктерін көрсетті:
- Сөйлеу дұрыстығы: екпін нормалары;
- Сөйлеу дұрыстығы: грамматика нормалары;
- Сөйлеу нақтылығы;
- Сөйлеу логикасы;
- Сөз мәнерінің тазалығы;
- Сөз мәнерінің байлығы, әр алуандығы;
- Сөздіңорындылығы;
- Тілдік және сөйлеу стилі.
Тілдің бай лексикалық - сөздік жүйесі педагогтың сөздік мәнеріндегі педагогикалық мәдениеттілігінің анық белгісі болып табылады. Тіл байлығы тек сөз қкорына (санына) байланысты емес, оларды бірнеше мағынада қолдану мүмкіндігімен де анықталады. Бір ғана «жүру» сөзінің бірнеше мағынасы («жаяу жүру», «адымдап жүру», «іс оңға басты» т.б.) бар. Тілдің лексикалық байлығы әр түрлі ойлар мен сезімдерді жеткізе білуге мүмкіндік береді.
Сөйлеу мәдениетінің маңызды белгісі нақтылық болып табылады. Сөз мәнерінің нақтылығы пен анықтылығына тілдің көптеген кұралдарын қолдану аркылы қол жеткіземіз.Мысалы, синонимдер. Синоним дегеніміз - мағынасы жағынан бірдей, ал жазылуы әр түрлі сөздер. Мысалы, «атақты», «дәрежелі», «белгілі»; «еркіндік», «бостандык», «тәуелсіздік». Тілдің синонимдік кұрылымы ойды әр түрлі тәсілдермен жеткізуге, нақтылыққа жетуге көмектеседі.
Сөз нақтылығы оның сыңарын дұрыс келтіре білуге де байланысты, айтылуы ұқсас, бірак мағынасы әр түрлі сөздер: «абонемент» - «абонент», «тәжірибелі» - «тәжірибелік».
Педагогикалық тіл табысудағы сөйлеу мәдениеттілігінің кажетті шарттарының бірі - ойды ауызша жеткізудің маңызды белгілері - қарапайымдылық пен қысқаша сөйлеу. Сөйлеу мәнерінің сапасын бір нәрсені қайталап айта беру, яғни тавтология (мағынасыз сөздерді кайталап айта беру) бұзады.
Педагогтың сөйлеу мәнері табиғи және анық болуы тиіс. Сөйлеудің грамматикалық дұрыстығы - бұл сөз тіркестерін және сөйлем құрудағы сөз формаларының орынды қолданылуы мен нормативтілігі.
Мұғалімнің сөйлеу мәнерінде оқушылар жеңіл қабылдайтын қарапайым, қүрделі емес сөйлемдер болуы тиіс.
Дыбысталу дұрыс болмаса, жоғары дәрежедегі сөйлеу мәдениеттілігі мүмкін болмайды. Бұл - орфоэпия саласы. Екпін орфоэпиямен тығыз байланысты. Көптеген жағдайларда екпін қоя білу киынға соғып жатады.
Педагогтың сөйлеу мәнері тек дұрыс болып қоймай, сонымен бірге анық, бейнелі, эмоционалды болу тиіс
