- •Қазақстан республикасЫның білім және ғылым министрлігі с.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
- •5В012000 Кәсіптік оқыту мамандықтар топтары үшін
- •«Педагогикалық шеберлік» пәні бойынша емтихан билеттері
- •Педагогикалық шеберлік ұғымы мен мәні.
- •4.Педагогикалық шеберліктің мазмұны.
- •5.Педагогикалық шеберлікке берілген анықтамалар (н.К.Крупская, в.А.Сухомлинский в.А.Сластенин және т.Б.)
- •6. «Мұғалім – қоғамдық тұлға» тақырыбында шағын шығарма жазыңыз.
- •7. Қарым-қатынас ұғымы және оның мәні.
- •8.Педагогтың қарым-қатынас стильдері.
- •11.Педагогикалық шеберлік компоненттері.
- •12.Педагогикалық қабілеттіліктің ерекшеліктері.
- •14.Педагогикалық шеберлік компоненті ретінде кәсіби білімнің маңызы.
- •15. Мұғалімнің коммуникативтік қасиеттерінің құрылымын көрсетіп, талдаңыз.
- •22.Педагогикалық техника:педагогтың өзінің психикалық жағдайын кәсіби өзіндік реттеуі.
- •28.Педагогтың ғылым мен мәдениет іс-әрекетінің көрсеткіштері.
- •30.Маманның кәсіби-тұлғалық дамуының критерийлерін сурет түрінде көрсетіп, талдаңыз.
- •31. Педагогтың рухани көрсетіштерінің мәні
- •33. Маманның кәсіби-біліктілігінің көрсеткіштерін сурет түрінде көрсетіп, талдаңыз.
- •39. Жас мұғалімнің типтік қателерін талдап, айқындаңыз.
- •40. Инновациялық-креативтілік мәдениеттің тұлғалық-шығармашылық компонентінің ерекшеліктері.
- •55. Педагогикалық өзара қарым-қатынаста вербальды емес құралдар.
- •56. Педагогттың сөйлеу мәдениетіпедагогикалықшеберліктіңталабыретінде.
- •57. Педагог тәртібінің мәдениеті (қосымшаөзіндікталдау)
- •58. Педагогикалық қарым-қатынас стилі.
- •59. В.А.Сухомлинскиймұғалімсөзінеқойылатынталаптар мен оныңтиімділігініңшартытуралы.
- •60. Сөйлеу техникасын жетілдіружаттығулары (мысалкелтіру)
- •63. Педагогикалық такт педагогикалықморальдыжетілдіруформасыретінде.
- •64.«Педагогикалық қақтығыс» ұғымыныңмәні.
- •66. Педагогикалық этиканы қалыптастыру жоспарын құрастырыңыз.
- •68. Педагогикалықүдерістегі иландыру мен сендіру.
- •70.Педагогтың аудитория алдында сөйлеу тәртібі.
- •71.Педагогтың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мүмкіндіктері.
- •72.Педагог тілінде кездесетін кемшіліктерді көрсетіп, талдаңыз.
- •73. Педагог сөзінің функциялары.
- •74Оқушыларға мұғалім сөзінің әсерлі ерекшеліктері.
- •75. Педагогикалық әдеп ұғымының мәнін талдаңыз.
- •76.Педагогтың сөйлеу ерекшеліктері.
- •77. Тәрбие жұмысын жоспарлауда педагогтың шеберлігі.
- •78.Педагог сөзіндегі импровизация.
- •79. Мұғалімнің педагогикалық такті.
39. Жас мұғалімнің типтік қателерін талдап, айқындаңыз.
Педагогтардың бір қатарына жүргізілген зерттеулер, мұғалімдік жұмысты енді бастағандардыңпедагогикалық техникасындағы типтік қателердің болатындығын кӛрсетті. Мұндай педагогтардыңбасым кӛпшілігі біліктілігінің жетімсіздігінен оқушылармен, олардың ата-анасымен жақынырақәңгімелесе алмайтындықтары белгілі болған, кек сақтап қалу керісінше ашу-ызасын тудыру,сенімсіздік кӛрсету белең алған. Практиканттар алғашқы сабақтары туралы шығармаларындабылай деп жазады: сӛйлеу мәнеріне кӛңілдері толмау, шектен тыс қаталдықта болуы, жай сӛйлеугеқорқуы басынып кетеді деген оймен, қорқыныш сезімін бастарынан ӛткізуі, артық қылықтаркӛрсетуі немесе тұруы, тас сияқты қатып қалу және қолдарын қоярға жер таппауы. Студенттердіңкӛпшілігі ӛздерінің сыртқы тұлғаларының еңкіштігіне, бастарының тӛмен түсіп кетпеуіне,дәрменсіз қолдарының қимылына зейін аударады.
Дауысты меңгерудегі басты кемшіліктері бір қалыптылық, сӛйлеудегі мәнсіздік, мәнерлеп оқудағдыларының жоқтығы.
Сӛйлеудегі кӛптеген жеке дара кемшіліктері – дикцияларының айқын, анық еместігі, дауыстапсӛйлеудің оптималдық вариантын табудағы икемсіздігі.
Педагогтың оқушыларға нәтижелі ықпал етуіне осы айтылған кемшіліктердің барлығыкедергі келтіреді. Сондықтан жоғары оқу орындарында оларды оқу-тәрбие үрдісін басқараалатындай етіп тәрбиелеуіміз керек және соған баса кӛңіл аударылғаны жӛн.
40. Инновациялық-креативтілік мәдениеттің тұлғалық-шығармашылық компонентінің ерекшеліктері.
41.Мұғалім сөзінің жеке дара кемшіліктері. Мұғалім сөзі – тәрбие беру ісіндегі ең басты құралдардың бірі. Егер мұғалім қандайда болмасын тәрбие мәселесін ұстамдылық пен шындыққа сүйеніп дәлелдей білсе, оқушы оның мәдениеттілігін, қамқорлығын, сөзінің әсерлілігін бірден сезе бастайды.
Кемшіліктер:ысылдап сөйлеу, сақауланып сөйлеу, сөз солғындығы, тез сөйлеу, тістеніп сөйлеу, сөздің сңғы буынын немесе әріптерді «жеп қойып» сөйлеу, т.б.
42.Педагогикалық бағыттылық ұғымын талдаңыз. Мұғалімге қойылатын талаптарды анықтауда мұғалімнің бағыттылығы да маңызды рөл атқарады. Мұғалім тұлғасының құрылымында кәсіби-педагогикалық бағыттылық маңызды орын алады. Негізгі педагогикалық бағыттылықтардың бірі мұғалім мамандығына деген қызығушылығының және педагогикалық бейімділіктің болуы. Тұлғаның кәсіби – педагогикалық бағыттылығы - өзіне, іс-әрекетке, балаларға деген қатынастардың ерекше класымен анықталады. Кәсіби- педагогикалық бағыттылықтың дамуы төмендегі факторларға байланысты: педагогтың тұлғалық ерекшеліктері, оның қызығушылықтары, өзін-өзі дамытуға деген ұмтылыс, басшылар тарапынан педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырылу ерекшеліктері, ұжымдағы өзара әрекеттің ерекшеліктері т.б. 43. Педагогтың сыртқы келбеті туралы. Педагог шеберлігі-мұғалім жан дүниесінің мәдениеті мен сыртқы келбетінің көркемдігін көрсетеді. Мұғалімнің сыртқы келбеті ұқыптылық пен жарасымдылық, педагогикалық әдебі жоғарылығымен, басқаны түсіне білетіндігімен сипатталады. Мұғалімнің сыртқы бейнесі – имидждің маңызды бөлігі – мұғалім туралы әсер осыдан басталады.
Жалпы «имидж» терминін ең алғаш американдық экономист Болдуинг ХХ ғасырдың 60 жылдарында енгізген болатын. Содан бері «имидж» алғаш рет басқа салада қолданыла бастады [3]. «Имидж» кескін, бейне, келбет» деген мағынаны білдіреді. Педагогтың мәртебесі мен беделі оның жеке имиджіне байланысты. Жалпы имидждің құрамына төменде көрсетілген элементтерді жатқызуға болады: - Қызметтік қарым - қатынас этикеті ( корпоративтік ережелерді ұстану) - визуальді белгілер - бойдың, дене бітімің, шаш үлгісінің үйлесімділігі. - Өзіне сәйкес стильді анықтайтын элементтер: киім, аяқ киім, аксессуарлар - тіл табысу білу қабілеті ауызша және жазбаша тілдесу, дауыс ерекшілігі.
44.Эмоциялық жағдайды басқара білу ерекшеліктері.
45. Педагогтың өзін-өіз басқара білу тәсідерін көрсетіп, талдаңыз.
46.Өзін-өзі билеудегі педагогтың шеберлігі.
47.Мимика және пантомимика – байланыс орнату құралдары ретінде.
48. Педагог – педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі ретінде.
79. Педагогикалық мамандықта актерлік және режиссерлік шеберліктің элементтері.
50. Педагогикалық қабілеттер және оның қалыптасу жолдары:
Педагогикалық қабілеттілік – мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетте жоғары нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ететін жеке-дара психологиялық ерекшеліктері мен кәсіби маңызды сапасының қорытынды жиынтығы.
Коммуникатив-тілігі: адамға деген оң қатынасы, тілектестігі, пер-цептивтігі, кәсіптік байқағыштығы, педагогикалық интуициясы.
Динамизмі: еріктік әрекетке, логикалық сендіруге қабілеттілігі.
Эмоционал-дық орнықтылығы: өзін-өзі меңгеруі, оптимистік болжау.
Креативті-лігі: шығармашылыққа қабілеті
Мынадай түрлерге ажыратылады:
- гностикалық (тани білу және танымнан қанағат алу бірлігі);
- дидактикалық (білімді түсіндіру, бере білу және оқыту білігі);
- коммуникативтік (қарым-қатынас жасау, ынтымақтасу білігі);
- ұйымдастырушылық (тәрбиеленушілерді алуан түрлі іс-әрекеттерге қосу, оларда оған деген қызығушылықты шақыру,өкілеттік беру, барлық қатысушыларды біріктіру және олардың қызығушылығын қойылған мақсаттарды іске асыруға бағыттау білігі);
- перцептивті (баланың ішкі әлеміне ену, олардың қобалжыған сезімін және күйін, қабілеті мен эмоциясын түсіну білігі);
- болжамдық (педагогикалық болжай білуді жүзеге асыру, педагогикалық іс-әрекетте өзара әрекет нәтижесін болжамдау білігі);
- суггестивті (мұғалімнің эмоционалды-жігерлі иландыруы, оның бекем қайратты сөзі көмегімен ықпал етудің қажетті нәтижесіне жету білігі);29
- экспрессивті (өзінің білімі мен нанымын эмоционалды және мәнерлі етіп бере алу, мұғалімнің әртістігі, сөйлеудің көп бейнелі интонациясын, ымды, қозғалысты, икемділікті меңгеру білігі)
51 Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті стильін сурет түрінде көрсетіп, талдаңыз. Педагогикалық іс-әрекет күрделі, әлеуеметтік маңызды іс-әрекеттердің бір түрі. Педагогикалық іс-әрекет өз кезегінде бірнеше іс-әрекет түрлерінен құралады. Төмендегі суретте педагогикалық іс-әрекеттің бірнеше түрлері көрсетілген. Тәрбиелеу іс-әрекеті - бұл оқушыларға адамзат баласы жинақтаған әлеуметтік тәжірибені мақсатты түрде алмастыруға және олардың тұлғалық сапаларын, қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет түрі. Тәрбиелеу іс-әрекеті педгог қызметіндегі басты іс-әрекеттердің бірі.
Оқыту іс-әрекеті - бұл мұғалімнің оқушылардың бойында білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға, олардың ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған, танымдық іс-әрекеттерін басқаратын іс-әрекет түрі.
Педагогикалық іс-әрекеттің түрлері көп болғандықтан оның атқаратын қызметтері де жеткілікті. Педагогикалық іс-әрекеттің атқаратын қызметтерін келесі 2-суреттен көруге болады. Диагностикалық қызмет – бұл оқушылардың дамуын, тәрбиелік деңгейін зерттеп, анықтауға бағытталады. Мұғалім өзінің жұмысын нәтижелі, әрі жүйелі ұйымдастыру үшін психологпен бірлесе отырып, оқушыларды әр түрлі әдістемелер бойынша зерттеп, бақылау жүргізеді. Бұл жұмысты диагностикалық қызмет деп атайды.
Бағыттаушы-болжаушылық қызмет – мұғалімнің тәрбиелік іс-әрекеттің бағытын анықтап, олардың дамуын алдын-ала болжауға бағытталған іс-әрекеті. Мұғалім өз іс-әрекетінің мақсаттары мен міндеттерін алдын-ала болжап, анықтайды.
Конструктивті-жобалаушылық – педагогтың оқушылар меңгеретін білім мазмұнын таңдап, ұйымдастыру, оқушылардың іс-әрекетін жобалау, өзінің болашақ әрекетін және мінез-құлқын жобалауға бағытталған іс-әрекет. Бұл қызмет барысында мұғалім өз іс-әрекетіне қажетті әр түрлі жоспарлар мен жобаларды әзірлейді.
Ұйымдастырушылық – педагогикалық процесті, оқушылар іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекет. Мұғалім нақты міндеттерді анықтап, оларды ұйымдастыру формаларын, оқушылармен өзара байланыстылықты таңдап, өз іс-әрекетін ұйымдастырады.
Ақпараттық-түсіндірмелік – бұл өз іс-әрекетін қажетті ақпараттармен жинақтап, оны оқушыларға түсіндіруіне бағытталған іс-әрекет.
Коммуникативті-ынталандырушы – бұл мұғалімнің педагогикалық процеске қатысушылармен қарым-қатынас орнатып, олардың іс-әрекетін ынталандыруға бағытталған іс-әрекеті.
Талдау-бағалау – бұл мұғалімнің педагогикалық процестің жеткен нәтижелерін мақсатпен салыстыруға, оның деңгейін анықтауға бағытталған іс-әрекет. Талдау-бағалау қызмет мұғалімге өзінің жіберген кемшіліктерін болашақта болдырмауға, нәтижелі жұмыс жүйесін жасауға және т.б мүмкіндік береді.
Зерттеу-шығармашылық - педагогтың өз іс-әрекетін жетілдіре, дамыта түсуіне мүмкіндік беретін ізденіс жұмысы. Педагогтың зерттеушілік қызметі өзінің жеке зерттеу тақырыбы бойынша немесе оқушылардың ғылыми жұмыстарына басшылық жасау арқылы жүзеге асуы мүмкін.
52. Педагогикалық эрудиция педагогикалықшеберліктіңталабыретінде. Педагогикалық шеберліктің басты шарты педагогикалық эрудиция мен құзыреттілік болса, педагогикалық эрудиция дегеніміз мұғалімнің педагогикалық міндеттерді шешу барысында икемді пайдаланатын қазіргі заманғы білім қоры. Ал, құзыреттілік дегеніміз қызметтегі тұлғаның жеке мүмкіндіктерін, оның белгілі бір мәселені шешуге жағдай жасайтын біліктілігін (білім, тәжірибе) атайды.
53. Педагогикалық құзыреттілік педагогикалықшеберліктіңталабыретінде. Құзыреттілік – жұмыскердің өз білімі, біліктілігі және дағдылары негізінде нақты кәсіп аясында жоғары сапалы және мөлшерлік еңбек нәтижелеріне жету үшін нақты жұмыс түрлерін білікті атқара алу қабілеті. Жоғары оқу орнындағы педагог құзыреттілігі педагогикалық қабілеттер негізінде және құзыреттілік түрлерінің жиынтығынан тұрады десек, В. А. Сластенин: «Педагогтың кәсіби құзыреттілігі педагогикалық - іс-әрекетті атқару үшін қажетті теориялық және практикалық дайындығы және ол мұғалімнің кәсіби профессионализімі» деп сипаттайды.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігі ұғымы мұғалімнің жеке мүмкіндіктерін білдіреді, ол педагогикалық ситуацияларды дербес және тиімді шешуге ықпал етеді. Ол үшін мұғалім педагогикалық теорияларды және оны практикада қолдануды білуі керек. Ғалым В. А Мижериков бойынша, мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігі дегеніміз кәсіби іс-әрекетті орындаудағы теориялық және практикалық дайындықтарының бірлігі.
Педагогикалық құзыреттілік – педагогтың кәсіби көрсеткіші; педагогтың дайындығы және «қабілеттенуі» арқылы, іс-әрекеттерді меңгерудің әдістері мен құралының шынайылығында, алға қойған міндеттерді шешу мүмкіндігінде көрінетін нәтиже.
54.Педагогтың теориялық және практикалық дайындық деңгейінің мазмұнын талдаңыз. Ғалым В. А Мижериков бойынша, мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігі дегеніміз кәсіби іс-әрекетті орындаудағы теориялық және практикалық дайындықтарының бірлігі.
Педагогикалық құзыреттілік – педагогтың кәсіби көрсеткіші; педагогтың дайындығы және «қабілеттенуі» арқылы, іс-әрекеттерді меңгерудің әдістері мен құралының шынайылығында, алға қойған міндеттерді шешу мүмкіндігінде көрінетін нәтиже.
Жоғары оқу орны оқытушысының кәсіптік-тұлғалық құзіреттіліктері Энциклопедиялық сөздікте былайша жіктеледі:
- Бейімделу - өркениетті адамның жайлы өмірді қамтамасыз етуде, қоршаған әлем туралы білімінің, табиғатқа қатынасы, ортаның өзгергіштігіне бейімделу және бірегей табиғи байлықты шынайылықтың шығармашылық жолмен түрленуін сақтау арқылы қолданылатын интеллектуалды, физикалық және психомоторлы біліктіліктердің жиынтығы;
- Әлеуметтік - ұйымдастырушылық - әр түрлі нақты әлеуметтік жағдаяттарды шешу үшін мақсатты таңдалған жол іздеу негізінде адамдардың арасындағы қарым-қатынастардың барлық қатынасушылар үшін қолайлы өзгеріске әкелетін, нәтижесінде өз мақсаттары, көңіл-күйі, әрекет ету тәсілдерін реттеуді қажет ететін тұлғаның білімдерінің, рефлексивті біліктіліктерінің және қабілеттіліктерінің жиынтығы;
- Коммуникативті – құрылымы жағынан күрделі және білім беруді ұйымдастыруда тұтас, қарым – қатынас жасаудағы негізгі міндеттерді табысты жүзеге асыруды және тұлғаның өз мүмкіндіктерін ашуын қамтамасыз ететін және лингвистикалық біліктіліктерді меңгерумен сипатталатын, тілдік тәртіптің арнайы әлеуметтік – мәдени нормалары мен қарым – қатынас жасаушылар арасында психологиялық заңдар, қолайлы жағдайды қолдау, тұлғаның әсерлі сезімтал ортасын дамыту;
Құндылықты-мәнді - тарихи дәуірге, әлеуметтік немесе тендерлік топқа, адамның белгілі бір уақыт аралығындағы кәсібіне қатысты өзгермейтін (инвариантты) сипаттағы құзыреттіліктердің жиынтығы, сонымен қатар олар тұлғаның озық ойы мен әрекетін анықтайды, оның «уақыттан озу» қасиетін келешектің әулиесі және жаратушысы болуын, күн ілгері тұлғаның сыртқы әрекеттерге қатысты тұрақтылығын анықтайды, кез келген жағдайда адамның «дербестігін» сақтауды қамтамасыз етеді.
