Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Voprosy_Pedmasterstvo_2014_kaz123.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86.41 Кб
Скачать

8.Педагогтың қарым-қатынас стильдері.

Педагогикалық қарым-қатынас стилі дегеніміз – педагог пен оқушы арасындағы қарым-қатынастың жеке типологиялық ерекшіліктері, қарым-қатынастың сыртқы көрінісі.

Педагогикалық қарым-қатынас стильдері мұғалімнің коммуникативті мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін, педагог пен оқушы арасындағы қалыптасқан қарым-қатынастың сипатын, педагогтың шығармашылық ерекшелігін, оқушылардың ерекшелігін көрсетеді.

Педагогикалық қарым-қатынас стильдері таза күйінде кездесе бермейді. Педагогикалық практикада қарым-қатынас стиліндері аралас түрде кездеседі, көбінесе бір стиль басымдылықта болады. Стильдерді мұғалім жағдайға байланысты таңдап алады.

Педагогикалық қарым-қатынас стильдерінің басқа да түрлері де кездеседі (В. А. Кан-Калик бойынша):

- Бірлескен шығармашылық іс-әрекетке негізделген қарым-қатынас стилі.

- Достық қарым-қатынасқа негізделген қарым-қатынас стилі.

- Дистанция стилі.

- Қорқыту стилі.

Бұдан басқа, мұғалімнің мынадай қарым-қатынас стильдері белгілі: авторитарлық стиль, демократиялық стиль, либералды стиль.

9. Педагогикалық қарым-қатынас дейгейлерін сурет түрінде көрсетіп, талдаңыз. Жоғары,орта, төмен

10.Педагогикалық қарым-қатынастағы авторитарлық жетекші стиль ұғымы. Авторитарлық стильде оқушы тең дәрежелі емес, педагогикалық әсердің обьектісі ретінде қарастырады. Мұғалім шешімді өзі қабылдайды, жағдайды және оқушылардың пікірін ескермей талап қояды. Авторитарлы стильді ұстанатын мұғалім өте қатал, өз айтқанын екі етпей орындағанын қалайды, оқушылар өз ойын, пікірін ашық айта алмайды. Олар қорқақ, пассивті рөл атқарады. Қоғамдық жұмысты, сабақты мұғалімнен қорыққанынан орындайды. Оқушы мұғалімнің алдында тәртіпті бола қалады да, мектептен тыс жерлерде түрлі тәртіпсіздік көрсетеді.

11.Педагогикалық шеберлік компоненттері.

Педагогикалық техника – мұғалімнің өздерінің жеке психофизиологиялық жай-күйін, көңіл күйін, эмоциясын, денесін, сөзін және педагогикалық мақсатты қарым-қатынасын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін жалпы педагогикалық және психологиялық білім кешені.

Педагогикалық мәдениет – жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі, онда білім беру мен тәрбиелеудің рухани және материалдық құндылықтары кең тұрғыда көрініс табады, ол тұлғаны әлеуметтендіру, ұрпақтар ауысуы тарихи процесіне қызмет көрсету үшін қажетті шығармашылық педагогикалық іс-әрекет тәсілдері болып табылады.

Педагогикалық этика - мұғалімге педагогикалық ұжымдағы конфликтерді шешуге көмектеседі, моральдық конфликтерді шешу тәсілдерін үйретеді, олардың алдын алу жолдарымен қаруландырады.

Педагогикалық такт деп мұғалім бойындағы мақсатқа сай жоғары адамгершілік сезімді айтады. Мұғалім мен оқушы арасындағы адамгершілік қатынастар мақсатына сәйкес ұйымдастырылған мұғалімнің өзін-өзі ұстауы және оларға әсер етуі.

Балаға деген сүйіспеншілік

12.Педагогикалық қабілеттіліктің ерекшеліктері.

Педагогикалық қызметтерді оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін белгілі бір педагогикалық қабілеттілік қажет. Педагогикалық қабілеттілік – мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетте жоғары нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ететін жеке-дара психологиялық ерекшеліктері мен кәсіби маңызды сапасының қорытынды жиынтығы.

Коммуникатив-тілігі: адамға деген оң қатынасы, тілектестігі, пер-цептивтігі, кәсіптік байқағыштығы, педагогикалық интуициясы.

Динамизмі: еріктік әрекетке, логикалық сендіруге қабілеттілігі.

Эмоционал-дық орнықтылығы: өзін-өзі меңгеруі, оптимистік болжау.

Креативті-лігі: шығармашылыққа қабілеті

Мынадай түрлерге ажыратылады:

- гностикалық (тани білу және танымнан қанағат алу бірлігі);

- дидактикалық (білімді түсіндіру, бере білу және оқыту білігі);

- коммуникативтік (қарым-қатынас жасау, ынтымақтасу білігі);

- ұйымдастырушылық (тәрбиеленушілерді алуан түрлі іс-әрекеттерге қосу, оларда оған деген қызығушылықты шақыру,өкілеттік беру, барлық қатысушыларды біріктіру және олардың қызығушылығын қойылған мақсаттарды іске асыруға бағыттау білігі);

- перцептивті (баланың ішкі әлеміне ену, олардың қобалжыған сезімін және күйін, қабілеті мен эмоциясын түсіну білігі);

- болжамдық (педагогикалық болжай білуді жүзеге асыру, педагогикалық іс-әрекетте өзара әрекет нәтижесін болжамдау білігі);

- суггестивті (мұғалімнің эмоционалды-жігерлі иландыруы, оның бекем қайратты сөзі көмегімен ықпал етудің қажетті нәтижесіне жету білігі);29

- экспрессивті (өзінің білімі мен нанымын эмоционалды және мәнерлі етіп бере алу, мұғалімнің әртістігі, сөйлеудің көп бейнелі интонациясын, ымды, қозғалысты, икемділікті меңгеру білігі).

13. Педагогикалық техника ұғымы. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс-тұрысы, қозғалысы, отырып-тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек. А. П. Черняевская бойынша, педагогикалық техника – мұғалім іс-әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы мазмұнының үйлесімді бірлігіне әсер ететін тәсілдер жиынтығы.

Педагогикалық техника – мұғалімнің өздерінің жеке психофизиологиялық жай-күйін, көңіл күйін, эмоциясын, денесін, сөзін және педагогикалық мақсатты қарым-қатынасын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін жалпы педагогикалық және психологиялық білім кешені.

Педагогикалық техника, педагогтың ішкі және сыртқы құрылымына гармониялық себеп болады.

«Педагогикалық техника» түсінігі екі компоненттен тұрады:

1) Педагогтың ішкі дүниетанымын: өз денесін басқаруы (мимика, пантомимика), сезімді басқаруы (психикалық күш салу, шығармашылықты сезіну), әлеуметтік – перцептивті қабілеті (зейін, бақылау, ойлау), техникалық құрал (тыныс алу, дауыс ырғағы, дикция, темп) басқара білу қабілетімен байланысты.

2) Оқыту – тәрбиелеу процесінде тұлғаны, ұжымды техникалық жағынан, педагогикалық техникамен байланыстырып, дидактикалық, ұйымдастырушылық, коммуникативті қабілет, педагогикалық қарым – қатынасты бақылау, ұжымды шығармашылық істермен байланыстыру.

Педагогикалық техника:

- Дене қозғалысы - жест, поза, пантомимика;

- Адам қозғалысының мәні туралы кинетика ғылым зерттейді;

- Пантомимика –дене, қол, аяқ қозғалысы, ол ойдың негізгісін бөліп көрсетеді және бейне жасайды;

- Жест – қол сермеуі, ол бейнелеуші және психологиялық жесттер болып бөлінеді;

- Бейнелеуші жесттер – ойдың барысын бейнелейді, иллюстрациялайды;

- Психологиялық жесттер – сезімді білдіреді;

- Мимика - өз ойын, сезімін, көңіл-күйін, жағдайын беттің бұлшықет қозғалысымен білдіре алу өнері;

- Жест және мимика ақпараттың эмоциональды мәнін арттырып, оның жақсы меңгерілуіне жағдай жасайды;

- Дикция – бұл сөздерді, буындарды және дыбыстарды айтудағы ашықтық, нақтылық.

Педагогикалық техниканың құрамдас бөліктері:

- Өзін-өзі басқару іскерліктері;

- Ұжыммен, жеке тұлғамен өзара әрекеттесу іскерліктері жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]