
- •1.Патологиялық физиологияның әдіс.Міндеттері.Ауру тур.Ж.І
- •2.Жалпы этиология және патогенез
- •3. Адам организміне сыртқы орта факторларының патогензді әсері
- •4.Алкоголизм,наркомания және токсикаманияның патофизиологиялық аспектілері.
- •5.Патологияда организмнің реактивтілігінің рөлі.
- •6.Патологияда тұқымқуалаушылықтың рөлі:
- •15.Сепсис
- •17.Инфекциялық үрдістің патофизиологиясы
15.Сепсис
Сепсис-деп жүйелі қабынулық серпілістер синдромы дамуына әкелетін белгілі айқындалған жұқпа ошағының болуын айтады.Оның көрсеткіштері болып:
-қанда бактериялардың тұрақты болуы
-қабынулық бүліністердің ауқымды ошағы болуы есептеледі
Ауыр сепсис-деп айқындалған жұқпа ошағы және жүйелі қабынулық серпілістер синдромының екіден астам көрсеткіштері болуымен көрінетін , белгілі организм жүйесінің жеткіліксіздігімен сипатталатын сепсисті айтады.Бұл кезде ересек адамдарда тыныстық дистресс-синдром,кардиогендік қан айналым жеткіліксіздігі, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі т. с. с. организмнің бұзылыстары байқалады.
Сепсистік сілейменің даму жолдары өте күрделі болады.Микроорганизмдердің, олардың тіршілік өнімдері мен уыттарының,тіндердің ыдырау өнімдерінің және қабыну медиаторларының көптеп жалпы қан айналымға түсуінен майда артериялардың межеқуаты азайып,олар кеңіп кетеді.
16.Қызба-деп жануарлардың даму сатыларында пайда болған, дене қызымының көтерілуімен көрінетін,әрі бүліндіргіш,әрі қорғаныстық-икемделістік құбылыстарымен сипатталған біртектес дерттік үрдістерді айтады. Бұл кезде пирогендік заттардың әсерлерінен термореттеу орталықтары әрекеттерінің өзгеруі дене қызымының көтерілуңне әкеледі және термореттеу тетіктері бұзылмай сақталып, жоғары деңгейге көтереді.
Этиологиясы.Қызба пайда болу себептеріне қарай инфекциялық және бейинфекциялық болып 2-ге бөлінеді.Инфекциялық қызба бактериялардың, вирустардың, қарапайым жәндіктердің,майда саңырауқұлақтардың әсерлерінен дамиды. Бейинфекциялық қызба тіндердің бүлінуіне әкелетін сыртқы және ішкі ықпалдардың әсерлерінен пайда болады. Бұларға:күйік, жарақат, инфарк,қан құю,аллергия, өспе өсуі,цирроз т.б. жатады.
Қызба 3 сатыда өтеді:
-температураның көтерілу сатысы- шеткері қан тамырларының жиырылуынан және тер шығудың тежелуінен жылудың сыртқа берілуі төменейді.Бұлшықеттерде, бауырда, ішкі ағзаларда тотығу-тотықсыздану үрдістерінің артуына байланысты организмде жылу өндіру күшейеді.
-температуратураның қалыпты деңгейде тұрақтану сатысы- бұл сатыда қызымның реттелу тепе-теңдігі жаңа жоғары нүктеге ауысады да, жылу өндірілуінің көтерілуіне сәйкес жылудың сыртқа шығарылуы да жоғарылайды;тері қызарып ысиды, тыныс алу жиілейді.
-температураның қалыпты деңгейге түсу сатысы-организмде жиналған жылу тері тамырларының кеңуі,терлеу мен тыныстың жиілеуі арқылы сыртқа шығарылады.
17.Инфекциялық үрдістің патофизиологиясы
Инфекциялық үрдістердің кезеңдері: 1-кезең: Микробтардың макроорганизмге енуі 2-кезең: Колонизация 3-кезең: Диссеминация 4-кезең: Макроорганизмнің қорғаныш факторларының мобилизациясы 5-кезең: Инфекциялық үрдістің соңыПатогенділік дәрежесі бойынша жіктелуіПатогенділік – адамдарда, жануарлар мен өсімдіктерде ауру туғызу қабілеті. Сапрофиттер – өлген тіндермен қоректенетін ауру туғызу қабілеті жоқ микробтар. Шартты – патогенді микроорганизмдер немесе оппортунистік микроорганизмдер – қолайлы жағдайлар туындағанда ауру шақыратын микроорганизмдер.Бактерия токсиндерінің бактерия жасушасымен байланысу деңгейіне байланысты:Класс А сыртқы ортаға бөлуі, Мысалы: C.diphtheriae истотоксиніКласс В жартылай бактерия жасушасы мен жартылай сыртқа бөлінетін токсиндер. Мысалы: C. tetani C. botulinumКласс С микроб жасушасымен байланысып. Жасуша өлгеннен кейін сыртқа шығатын токсиндер . Мысалы: S. dysenteriaeИнфекцияның жұғу жолдары: Ауа–тамшы немесе ауа–шаң; Фекальді – оральды; Трансмиссивті; Контактты; Жыныстық жол; Вертикальді жол.