
- •1.Патологиялық физиологияның әдіс.Міндеттері.Ауру тур.Ж.І
- •2.Жалпы этиология және патогенез
- •3. Адам организміне сыртқы орта факторларының патогензді әсері
- •4.Алкоголизм,наркомания және токсикаманияның патофизиологиялық аспектілері.
- •5.Патологияда организмнің реактивтілігінің рөлі.
- •6.Патологияда тұқымқуалаушылықтың рөлі:
- •15.Сепсис
- •17.Инфекциялық үрдістің патофизиологиясы
4.Алкоголизм,наркомания және токсикаманияның патофизиологиялық аспектілері.
Маскүнемдік-ішімдікті жиі және ұдайы қабылдаудан дамитын әлеуметтік ,жандүниелік және физиологиялық бейімделу үрдістерінің бұзылыстары.Бұл дерт ақырындап адамның әл қуатын ойлау қабілетін әлсіретіп ,оның азғындауына ікеледі.20-29 жас адамдарда қалыптасады.Даму сатысы:1)1-4 жылға дейін созылуы мүмкін.Бұл кезде адам көп ішкенді көтере алады.Артық ішкеннен кейін құсу болмайды,Масаю кезінде істегендерін ұмытып қалады.Үнемі ішкісі келіп тұрады,ішпеген кездерде өзін-өзі жайсыз сезінеді.Физикалық тәуелділік байқалмайды.2)Ішімдікті көп және күнде іше бастайды.Ол ішу көңіл-күйінің қобалжуын енді баспайды,керісінше оны тек қоздырады.Ішпеген жағдайда ой жұмысын атқара алмайды.Бұл саты кезінде жүйке жүйесінде полиневриттер,көз көру алаңы тарылу т.с.с байқалады.3)Ішімдікке тқзімділік азаяды.Аз ішкеннің өзінен қатты масаяды.Бұл сатыда жиі өлімге ұшырау байқалады.Көріністері:Қартайып көрінеді,мінез-құлқы мен тәртіп өзгереді.Жұмысқа деген қабілет азаяды,Ішкі ағзалардың қызметі бұзылады.
Нашақорлық-ресми түрде есірткілердің қатарына жатқызылатын заттардан туындайтын дерттің түрі.Ол психосоматиканың біртектес бұзылыстарына жатады.Нашақорлық қолдалатын есірткілердің түрлеріне қарай:каннабизм,кокаинизм,апиындық,елестеткіш есірткілерден туындайды.Белгілері:жан дүниеге әсер ететін заттарды қайталап қабылдауға деген дерттік құштарлық болуы,оларға организм төзімділік қалыптасуы,бұл з-ға рухани және физикалық тәуелділік қалыптасады.Есірткіні қабылдауға себептер:көңіл-күйі уақытша серігіп,жайлылық сезімі туындайды.Қабылдаудан кейін адамның жадыраңқы күйі дерттік жүйе қалыптасуына әкеледі.
Уытқорлық-есрткіге жапайтын заттарды қабылдаудан дамиды.Ең жиі қолданылатын заттарға психотроптық дәрілер,көңіл-күйді сергітетін заттар,этил спирті т.с.с жатады.Медициналық жағдайда нашақорлық пен уытқорлық көпшілік жағдайларда бір-біріне сәйкес келетін түсінік.Олар бір-біріне ауысуы мүмкін.Мыс:Нашақор артынан уытты заттарға,уытқорлар артынан есірткілерге ауысулары ықтимал.Уытқорлық көңіл-күйді көтеретін,ой әрекеттерін уақытша арттыратын бейжайлық сезімді жоғалтатын емдік емес мақсаттарда қолданылатын уыттарға әуестіндіретін заттарға дамиды.
5.Патологияда организмнің реактивтілігінің рөлі.
Реактивтілік-сыртқы орта ықпалдарының әсерлеріне тұтас организмнің оның жекелеген ағзалары мен жүйелерінің тіршілігін өзгертіп жауап қайтару қасиеті.Ол барлық тірі жан-жануарларға тән қасиет.Реактивтілік көріну түрлеріне қарай 2-ге бөл:Нормергия патергия.Паторгия 4 бөл:Гиперергия-реактивтіліктің жоғарылауы,гипергия-реак-ң төмендеуі,анергия-реак-ң мүлде болмауы,дизергия-оның қалыптан тыс бұрмаланып сапалы өзгеруі.Реактивтілікті түрлік топтық даралық деп ажыр-ы.Түрлік реак.мыс.адамның ірі қара малдың обасымен ауырмауы.Топтық реак.-әрбәр топтың ерекшеліктері өркендеу сатылары адам организмінің реактивтілігінеәсер етеді.Мыс.Мыс.таулы жердің тұрғындарының реак.жазық жер тұрғындарынан ерекше болады.Даралық реак-жеке тұлғалардың реак.аитады.Мыс:кейбір адамдардың сүтке төзімділігі төмендеген,кеибіреу-араққа тез құнығып кетуі байқалады.Даралық реак-арнайыланған және бейнақты болып ,олар физиологиялық патологиялық болып бөл.Физиологиялық арнайыланған даралық реактивтілікке иммунитет жатса,патологиялық аллергия жатады.Бейнақты реактивтіліктің физиологиялық түрі сыртқы ортаның әртүрлі ықпалдарының әсерлерінен болады.Оның дерттік түрі организмге көптеген бейнақты бүліндіргіш қыпалдардың әсерлерінен дамиды.Даралық реактивтілік тұлғаның ОЖЖ түрлеріне қызметтік жағдайларына байланысты.Қоздырғыштардың әсерлеріне жеке тұлғалардың жауап қайтару қабілеті эндокриндік жүйенің ерекшеліктеріне де байланысты.Оның ішінде гипофиздің,жыныс бездерінің маңызы үлкен.Организм реактивтілігіне иммундық жүйе жағдайларының маңызы үлкен.Иммундық жүйенің туа біткен немесе жүре пайда болған тапшылықтары,әртүрлі сыртқы орта ықпалдарынан оның тежелуі организмнің реактивтілігін қатты өзгертеді.Даралық реактивтілік адамның жасына,жынысына байланысты болады.Қорыта келгенде организмнің реактивтілігі дерттің пайда болу себептік байланыстарымен және оның даму жолдарымен тығыз байланысты.