- •2. Дәрістік материал
- •1 Тақырып: Басқару есебі туралы негізгі түсінік
- •Өзіндік тексеру сұрақтары:
- •2 Тақырып: Шығындардың жіктелуі
- •Өзіндік тексеру сұрақтары:
- •3 Тақырып: Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру.
- •Өзіндік тексеру сұрақтары:
- •4 Тақырып: Өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері. Үрдіспе – үрдіс калькуляциясы
- •Өзіндік тексеру сұрақтары:
- •5 Тақырып: Тапсырыстық калькуляция
- •Өзіндік тексеру сұрақтары:
- •6 Тақырып: Функционалды калькуляция
- •Өзіндік тексеру сұрақтары:
- •7 Тақырып: Нормативтік калькуляция
- •Өзіндік тексеру сұрақтары:
- •8 Тақырып: Шығындар баптары бойынша ауытқу есебі және талдау
- •Өзіндік тексеру сұрақтары:
- •9 Тақырып: Стандарттық калькуляция
- •Өзіндік тексеру сұрақтары:
- •10 Тақырып: Өзіндік құнды шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпшен - костинг) және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау
- •Өзіндік тексеру сұрақтары:
- •11 Тақырып: Зиянсыздықты талдау
- •Өзіндік тексеру сұрақтары:
- •12 Тақырып: Кешенді өндіріс шығындарының есебі талдау әдістері. Жанама өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
- •Өзіндік тексеру сұрақтары:
- •13 Тақырып: Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау
- •Өзіндік тексеру сұрақтары:
- •14 Тақырып: Басқару шешімдерін қабылдау
- •Өзіндік тексеру сұрақтары:
- •15 Тақырып: Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау
Өзіндік тексеру сұрақтары:
1.Калькуляция дегеніміз не?
2. Алдын ала жасалатын калькуляция ерекшелігі неде?
3 Үрдіспе – үрдіс әдісінің ерекшелігі
5 Тақырып: Тапсырыстық калькуляция
Дәріс сұрақтары:
1.Тапсырыстық әдістің қолдану өрісі
2.Тапсырыс бойынша шығындардың есебі
1. Шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік кұнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі аз сериялы және жеке-дара өндірісі бар кәсіпорындарда, жөндеу және эксперименттік жұмыстарда пайдаланылады. Барлық тікелей шығындар әрбір (жекелеген) тапсырыстар бойынша белгіленген номенклатура баптарының кескінінде есепке алынады. Тапсырыс кәсіпорынның өндірістік бөлімшесінде арнайы бланкілерде ашылады, содан сон ол орындаушы - цехқа және бухгалтерияға түседі. әрбір тапсырысқа өзіндік код беріледі, онда жұмысшыға есептелген жалақы, барлық құжаттардағы материалдардың шығысы, өндіріске кеткен шығын есебін жүргізетін карточкаға көшіріліп жазылады. Тапсырыстың өзіндік құны оларды әзірлеумен байланысты шығындар сомасынан тұрады.
Осы тәсілдің кейбір ерекшеліктері бар, атап айтсақ:
— барлық шығарылған шығындар туралы мәліметгерді шоғырландырып және оларды жеке жұмыс тұрлері мен дайын өнім партияларына жатқызу;
— уақыт аралығындағы емес, аяқталған әрбір партия бойынша шығындарды шоғырландыру;
— тек бір ғана шотты жүргізу, "аяқталмаған өндіріс" (батыс есебінде барлық өндірістік шығындарын жинақтау тек осы "аяқталмаған өндіріс" шотында көрсетіледі). Осы шотта өндірістің әрбір тапсырысы бойынша шығындардың жекелеген есебін ұйымдастыру үшін карточкаларды еңгізуді ұсынады.
Тапсырыстың өзіндік құнын калькуляциялау үшін шалафабрикатсыз әдісі пайдаланылады.
Тек дайындау цехында (кұю, ұсталык-пресс және т.б.) шалафабрикатты әдіс пайдаланылады, демек, аталған цехтар бойынша жеке калькуляция жасалады. Әдетте, шалафабрикаттық, әдісте тапсырысты жасау процесі цехтан цехқа өтеді, бірақ ондағы жасалған операциялар бухгалтерлік есепте көрініс таппайды.
Цехтар шығындары әрбір (жекелеген) табыстың кескінінде, калькуляциялаудың бекітілген номенклатурасы бойынша, ал негізгі материаддар, шикізаттар, технологиялық отындар мен энергиялар — белгіленген топ кескінінде аналитикалық есепте көрініс табады.
Ал үстеме шығыстары олардың өндірілген орны бойынша есептелінеді және ай сайын қабылданған тарату тәсілі бойынша әрбір тапсырыстың өзіндік кұнына жатқызылады.
Ақаудан алынған жоғалтулар, әдетте, өздерінің тиесілі тапсырыстарына есептен шығарылады. Орындалмаған тапсырыстар, аяқталмаған өндірістер ретінде танылады.
2. Тапсырыс орындалып біткен соң және оның техникалық қабылдануы тапсырыс берушіге ұсынғаннан кейін өндірістік бөлім кәсіпорынның бухгалтериясына тапсырыстың біткені туралы хабарлама жасайды, содан соң тапсырыс бойынша шығындар жасау процесі тоқтатылады. Кейбір кәсіпорындарда тапсырысты орындағаннан кейін қоймаға өткізсе, сол қоймаға накладнойы өткізу тапсырыстың жабылғаны (мысалға, электротехникалық өнеркәсібінде).
Сондай-ак, кез келген тапсырыстың өзіндік кұны бұрмаланбауы үшін (әсіресе, бітпеген тапсырыстарға катысты) артық немесе пайдаланбаған материалдық кұндылықтар коймаға тапсырылады, ол кезде 20 -"Материалдар" бөлімшесінің шоттары дебетгеліп, 900 немесе 920 шотгары кредиттеледі.
Бұл әдісті қолдану барысында іс жүзіндегі өзіндік құн тапсырыс аяқталғаннан кейін анықталады, бұған дейін барлық шығындар аяқталмаған өндіріс ретінде қарастырылады. Тапсырыстық әдістің кемшіліктері мынада: күрделі, қайталанбайтын немесе сирек қайталанатын тапсырыстарды әзірлеу кезінде материалдық және еңбек шығындарын нормалауды ұйымдастыру қиын, нормативтік калькуляцияларды жасау және өндіріс шығындарын алдын ала бақылау жасап отыруды қиындатады. Осы кемшілікті жою үшін өндірістің ұзак циклінде ірі бұйымды әзірлеу кезінде (кеме жасауда, ауыр машина жасауда) олардың торабына (агрегаттарына, кострукциялык элементтеріне) жекелеген тапсырыс ашуды ұсынады, яғни олардың әрбір конструкциясы аяқталған болып саналады.
Кіші сериялық өндірісте тапсырыс саны ағымдағы айда шығарылатын болып жоспарланған санымен сәйкес келеді. Нақты бір бұйымды немесе бірнеше бұйымды (тапсырыстарды) әзірлеу үшін пайдаланған барлық тораптар мен детальдар (белшектер) есепте бөліп көрсетіледі.
Тораптар мен детальдардын, (бөлшектердін) бірінші түрі бойынша олардың
тәртіпте дайындалатын бұйымдар — екінші, яғни нормативтік әдіспен ұйымцастырылады. Сөйтіп, бұйымның жалпы құны тапсырыс ескерілген жекелеген тәртіпте дайындалғандардан шығындардан және нормативтік әдісі бойынша жалпы немесе сериялық өндіріс тәртібінде есептелген тораптар мен детальдардың (бөлшектердін) жалпы құнынан немесе өзіндік құнынан қүрылады.
Кәсіпорынның экономикалық кьізметінің қызметкерлері жекелеген және кіші сериялык өндіріс жағдайында өндірістегі шығындарды есепке алудың нормативтік әдісінің элементтерін мүмкін болатын жерде қолдануды ұсынысы тиіс.Тапсырыстар бойынша шығындар топтастырылып, өндіріс есебінін карточкаларында әрбір тапсырыстың өзіндік құны есептелінеді. Карточканың негізінде өнім бірлігінің өзіндік құнының есептік калькуляциясын жасайды.
