Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
новый лек.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
446.98 Кб
Скачать

Өзіндік тексеру сұрақтары:

1.Өндірістік шығындар есебін ұйымдастырудағы талаптар

2.Шығындар деректері негізінде талдау жұмыстарын жүргізу

3.Шығын сметаларын анықтап, есепті ұйымдастыру

4 Тақырып: Өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері. Үрдіспе – үрдіс калькуляциясы

Дәріс сұрақтары:

  1. Өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялаудың мақсаты және әдістері.

  2. Калькуляциялау түрлері.

3. Өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялаудың үрдіспе – үрдіс әдісі

1. Калькуляция дегеніміз-өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің бір өлшемге есептелінген өзіндік кұны болып табылады. Ол кәсіпорын жұмысын жедел басқару үшін маңызды роль атқарады және ішкі резервтерді дер кезінде ашуға және өнімнін өзіндік кұнын жоспарлауға, өнімге, жұмыстар мен қызметтерге көтерме және бөлшек бағаларды негіздеуге пайдаланылады.

Өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері мен технологиясына байланысты өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік кұнын калькуляциялаудың бірнеше әдістері қолданылады. Халық шаруашылығының түрлі салаларындағы кәсіпорындарда қандай да бір әдісті қолдану өнімнің өзіндік кұнын жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау жөніндегі негізгі ережелеріне сәйкес белгіленеді.

Калькуляциялауды жасау мерзімі: алдын ала және кейінгі (немесе кезектегі) болыл екіге бөлінеді.

Алдын ала жасалатын калькуляция өнімді шығарғанға дейін өндіріске қажетті деңгейдегі шығындардың мөлшерін топшылайды. Оған жоспарлы, сметалық және нормативтік калькуляция жатады.

Жоспарлы калькуляция - өнімге (жұмысқа, кызметке) және бұйым бірлігіне мүмкін болатын шығындардың деңгейінде анықталады, бірақ ол кезде жалақының, энергияның, отынның, материалдардың нормасы, өндірістін технологаясы, сондай-ақ резервтері ескеріледі.

Сметалық (болжамдық) калькуляция - бұл жоспарлы калькуляцияның бір түрі, ол жоспарланған және жаңадан игерілген бұйымның негізінде жасалады. Ол жоспарлы калькуляцияны жасауға негіз бола алады.

Нормативтік калъкуляция ағымдағы жоспарлы калькуляцияның бір түрі болып табылады. Бұл аталған әдіс шығындарды есептеудің нормативтік әдісін және кәсіпорынның өзінде пайдаланып жүрген өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын колданады. Оның негізінде қол жеткен шығындар деңгейін сипаттайтын ағымдағы және әрекет етіп тұрған нормаларды пайдаланады.

Нормативті калькуляцияның жоспарлы калькуляцияға қарағанда дәлділігі анағұрлым жоғарылау болып келеді.

Кейінгі (немесе кезекті) калькуляция өнім шығарылғаннан соң бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша жасалынады.

Олар нақты шығынды көрсетеді. Оларға нақты (есеп беру калькуляциясы) және шамаланған калькулация жатады.

Өнімнің өзіндік құнының нақты (есеп беру) калькуляциясы нақты шығыңдармен сипатталады, ал ол жоспардан кәсіпорынға байланысты себептері бойынша да (өнімді өндірудің орындалуы немесе орындалмауы, кейбір шығындар түрлерінің артық немесе кем жұмсалуы) және оған байланыссыз себептері бойынша да (материалдарға бағанын өзгеруі, амортизациялық аударымдардың нормасы, суға, газға, жылуға, электр энергиясына тарифке өзгерістер енгізілуіне байланысты) ауытқуы мүмкін.

Калькуляцияның бұл түрі нақты шығындар туралы есептік мәліметтің негізінде дайындалады.

Шамаланған калькуляция-нақты шығындар және тоғыз айдың ішінде алынған өнімдер немесе басқа да кезеңге есептелген шығындар деңгейінде жасалады.

Калькуляцияның бұл түрі ағымдағы жылдағы өндірілген өнімнің нәтижесін алдын ала бағалау үшін пайдаланылады.

Калькуляциялау кезінде өнімнің өзіндік кұнының калькуляциясын және шығындарды есептеу объектісін дұрыс белгілеу өте үлкен роль атқарады.

Шығындардың есеп объектісі болып сол шығындардын өндірістегі аналитикалық есебі саналады. Калькуляцяның объектісі болып өнім түрлері, жұмыстар, қызметтер саналады. Өнеркәсіпте есеп объектісі өте жиі калькуляциялау объектісімен сәйкес келеді.

Мысалға, тігін фабрикасының шығыны мен өнімнің өзіндік құны сол фабрикада тігілген ерлер костюмы бойынша есептелінеді. Ауыл шаруашылығында есеп объектісі, әдетте, өзінің калькуляциялау объектісімен сәйкес келе бермейді. Мысалға, өсімдік шаруашылығында есептеу объектісі күздік бидай болып табылса, ал калькуляциялау объектісі болыған, сабан саналады. Мал шаруашылығында есептеу объектісі сүтті табын болып табылады, ал калькуляциялау объектісіне сол табынның сүті, төлі, жиі жатады.

Есеп объектісі мен калькуляциялаудан басқа калькуляциялық бірлік тізімін белгілеу қажет. Калькуляциялық бірлік, әдетте, тиісті өнім (бұйым) түрінің техникалық жағдайына немесе қабьлданған стандартгық өлшем бірлігіне және өндірілген өнімнің натуралды көрінісіне сәйкес келуі тиіс. Егер де жоспарлау өлшем бірлігі ретінде екі көрсеткішті пайдаланса (және м2), онда калькуляциялық бірлік осы екі бірліктің бірін ғана пайдаланады.

Сонымен, іс жүзінде пайдаланатын калькуляциялық өлшем бірлігін келесі топқа біріктіруге болады:

- натуралды бірліктері - дана, метр, килограмм, тонна, литр және т.б.;

- ірілендірілген (иесіздендірілген) бірлігі-тігін бұйымының прейскуранттық нөмірі, белгілі бір артикулдағы жүз жұп аяқ киімі және т.б.;

- өнімнің өзіндік құның калькуляциялау үшін пайдаланылатын шартты-натуралды бірлік, ондағы пайдалы затгың құрамы әртүрлі тербелісте болуы мүмкін (мысалға, спирт-100%, күйдіргіш содасы — 92% натрий);

-құндық бірлігі;

- еңбек бірлігі (норма-сағаты);

- аралас (қиыстыру) әдісі. Бүл әдісті кешендік өндірісте бірнеше негізгі және ілеспе өнімдерді ендірген кезде пайдаланылады. Бұл әдісте шегеріп тастау да, шығындарды тарату да қатар әрі үйлесімді тұрғыда пайдаланылады. Бұл кезде шығынның жалпы сомасынан ілеспе өнімнің құны шегеріліп, қалған белігі негізгі өнімдердің арасына белгіленген коэффициенттер бойынша таратылады.

Олар келесі жұмыс кезеңінен тұрады: жалпы кешендік шығыннан ілеспе өнімнің өзіндік құны шегеріледі; шығынның қалған қалдығы негізгі өнімдердін арасына белгіленген коэффициенттерге сәйкес таратылады; ең соңында, тікелей өнімнің өзіндік құнына жатқызылатын және таратылатын соманың мөлшері аныкталынады. Мысалы, ақ титан кұмдарын өңдеген кезде одан ілеспе өнімдерін шығарып тастайды (ставролит, кесек кұмдарын және т.б.), ал шығыстың қалған бөлігін ак металлдар, рутолдык және ильмениттік қоспалардың (концентратгарының) арасына белгіленген коэффициентгер бойынша және негізгі металлдың қоспасын ескере отырып таратады.

2. Өндірістің технологиялык және ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және өндіріс шығындарын есептеудің бірнеше әдістері пайдаланылады. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және өндіріске кеткен шығындарын есептеудің әдісі деп, кәсіпорынның шығынын бақылау үшін өнімнің нақты өзіндік кұнын есептеу және өндіріс шығындары туралы ақпараттарды есепте топтастыру, жинау бойынша әдістерінің жиынтығын атайды.

Өнімнің өзіндік құнының әдісіне әсер ететін негізгі факторлар ретінде мыналарды атауға болады:

- өндіріс типі;

- өндірістің күрделілігі;

- шығарылатын өнімнің номенклатурасы мен сипаты;

- өндіріс циклының ұзақтылығы;

- аяқталмаған өндірістің қолда бары, құрамы және көлемі.

Өнеркәсіп салаларында өнімнің өзіндік құнына бұл факторлардың тигізетін әсері бірдей емес, сондықтан өнімнің өзіндік құньш калькуляциялаудың әртүрлі әдісін қолдануға тура келеді. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістемесінде шығарылатын өнімнің номенклатурасы мен сипаты басты роль атқарады. Әдетте, өнімдер жай жөне күрделі болып бөлінеді. Жай өнім — бұл жеке бөлшектерден, түйіндерден, детальдардан тұрмайды. Жай өнім болып: көмір, рудалар, мұнай, газ, цемент, тері, ет және т.б. саналады.

Бұл аталған өнімдердің өзіндік құнын есептеу аса күрделі әдістемелерді пайдалануды талап етпейді. Бұндай жай өндірістерде бір ғана өнім түрі калькуляцияланады.

Күрделі өнім деп жекелеген бөлшектерден, түйіндерден, детальдардан тұратын өнімдерді айтады.

Мысалы, машиналар, станоктар, құрал-жабдықтар, автобустар және т.б. Күрделі өндірісте негізгі өнімнен басқа, дайын өнім ретінде оның бөлшектері, түйіндері, детальдары да калькуляцияланады. Бұл соңғылары калькуляциялау әдістемесіне қосымша қиындықтар туғызады.

Калькуляциялау әдістемесін анықтауда өндіріс циклының ұзақтығы басты роль атқарады. Кейбір салаларда оның ұзақтылығы бірнеше сағат кұраса (көмір, кара металлургия, электростанция, т.б.), ал басқаларында бірнеше күнге созылуы мүмкін

3.Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік кұнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі біртекті өнім шығаратын кәсіпорында (су электр станциялары, кен, көмір, мұнай мен газ өндіретін көсіпорындар) пайдаланылады. Оларда, әдетте, аяқталмаған өндіріс болмайды (егер де олар болса, онда оның көлемі шамалы болады) және шалафабрикатгарды өзі өндіреді. Егер де кәсіпорын өзінің есептік саясатында қарастырса, онда бұл әдісті қолдануға рұқсат етілуі мүмкін. Бұл әдістің мәні бүкіл шығарылған өнімге кеткен шығындарды есептеуден тұрады. Өнім бірлігінің өзіндік құнын тікелей есептеу жолымен шығарады, яғни шығын деңгейін өндірістің натуралды көлеміне немесе шартты — натуралды көрсеткішіне жай бөлу арқылы табады. Кейбір салаларда шығындар (мысалға, көмір өндірісінде) әрбір технологиялық процесс бойынша есептелінуі мүмкін.

Сонымен көмірді өндіру өнеркәсібі бірнеше кезеңнен тұрады: дайындық жұмыстары, көмірді алу, шахтыға дейін тасымалдау және сыртқа (жоғарыға) шығару. сорттау, өңдеу. вагонға тиеу. Міне сондықтан бұл жердегі шығындарды есептеу мен калькуляциялаудың жай әдіс, процесстік деп аталуы да осыдан шыққан. Мұнда кәсіпорын барлық шығындарды өндірілетін өнімнің бір түріне, ал аяқталмаған өндіріс болмаған жағдайда — шығарылған өнімге жатқызады, ал біртекті өнім шығарылатын жерде калькуляциялаудың барлық баптары бойынша өндірістегі шығындарды негізделген нормалау арқылы оңайлатады. Көптеген кәсіпорындар жұмыс практикасында өндірістің қарапайым әдісінің дұрыстығын және прогресшілдігін (іргелішілдігін) дәлелдеп берді.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығынды есептеу әдісінің қарапайым төрт нұсқасы бар.

Бірінші нұсқа кезінде тікелей және жанама шығындар бүкіл өнімді шығаруға жұмсалған шығындардың белгіленген баптары бойынша есепке алынады. Өнімнің бір өлшемінің өзіндік құны барлық өндірістік шығындарды дайын өнімнің санына бөлумен айкындалады. Бұл өндірістерде (су электр станциялары, кұм, сазбалшық дайындау) аяқталмаған өндіріс, шалафабрикаттар және өнімнің кұрамдас бөліктері болмайды.

Екінші нұсқаны аяқталмаған өндірісі бар кәсіпорындар колданады. Бұл арада дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс арасында шығындарды бөлудің қажеттілігі туындайды. Бұл нұсқа 1 текше метр ағаштың өзіндік кұнын калькуляциялау кезінде ағашты дайындау өнеркәсібінде қолданылады. Аяқталмаған өндірісті, әдетте, инвентарлық әдісін пайдалана отырып, бағалайды.

Үшінші нұсқа бір мезгілде өнімнің бірнеше түрлерін шығаратын немесе өндіретін: жылу мен электр энергиясын шығаратын, мұнай мен газ өндіретін, балық аулайтын кәсіпорындарда қолданылады. Мұндай жағдайларда шығындар тұтас алған өндіріс бойынша, яғни қарапайым әдіспен есепке алынады, ал өнімнің өзіндік құны үйлестірілген әдіспен калькуляцияланады. Мұнай мен газ өндіру кезіндегі энергетикалық шығындар, амортизация, жер астындағы скважина жабдықтарын жөндеу, жер қыртысының кайтарымдылығын жақсартуға, мұнайды диэмулсациялауға, мұнайды айдауға және сақтауға жұмсалатын шығындар тікелей белгілері бойынша мұнайға, ал газ жинау және тасылмалдау жөніндегі шығындар — газға жатқызылады. Қалған шығындар кәсіпорынның орташа келісімді бағасы бойынша бағаланады және мұнай мен газдың жалпы табылған (шығарылған) үлесіне тепе-тең мөлшерде мұнай мен газ арасында бөлінеді.

Қарапайым әдістің төртінші нұсқасын өнімнің өзіндік құнын анықтамай-ақ шығындар есебін бөлістік немесе процесстік бойынша жүргізетін кәсіпорындар пайдаланады. Бұл нұсқаны химия мен құрылыс материалдарын шығаратын өнеркәсіп қолданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]