- •2. Дәрістік материал
- •1 Тақырып: Басқару есебі туралы негізгі түсінік
- •Өзіндік тексеру сұрақтары:
- •2 Тақырып: Шығындардың жіктелуі
- •Өзіндік тексеру сұрақтары:
- •3 Тақырып: Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру.
- •Өзіндік тексеру сұрақтары:
- •4 Тақырып: Өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері. Үрдіспе – үрдіс калькуляциясы
- •Өзіндік тексеру сұрақтары:
- •5 Тақырып: Тапсырыстық калькуляция
- •Өзіндік тексеру сұрақтары:
- •6 Тақырып: Функционалды калькуляция
- •Өзіндік тексеру сұрақтары:
- •7 Тақырып: Нормативтік калькуляция
- •Өзіндік тексеру сұрақтары:
- •8 Тақырып: Шығындар баптары бойынша ауытқу есебі және талдау
- •Өзіндік тексеру сұрақтары:
- •9 Тақырып: Стандарттық калькуляция
- •Өзіндік тексеру сұрақтары:
- •10 Тақырып: Өзіндік құнды шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпшен - костинг) және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау
- •Өзіндік тексеру сұрақтары:
- •11 Тақырып: Зиянсыздықты талдау
- •Өзіндік тексеру сұрақтары:
- •12 Тақырып: Кешенді өндіріс шығындарының есебі талдау әдістері. Жанама өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
- •Өзіндік тексеру сұрақтары:
- •13 Тақырып: Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау
- •Өзіндік тексеру сұрақтары:
- •14 Тақырып: Басқару шешімдерін қабылдау
- •Өзіндік тексеру сұрақтары:
- •15 Тақырып: Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау
Өзіндік тексеру сұрақтары:
1.Басқару есебі мен қаржылық есептің айырмашылықтары қандай?
2.Басқару жүйесінде есептің алатын орны қандай?
3.Басқару есебінің ролі мен маңызы неде?
2 Тақырып: Шығындардың жіктелуі
Дәріс сұрақтары:
1.Пайда болу орындары бойынша шығындардың жіктелуі
2.Экономикалық элементтері бойынша шығындардың жіктелуі
1. Өнімнің өндірістік өзіндік құнын құрайтын шығындардың есебінде, бухгалтерлік есептің «Қорлар» стандартына сәйкес шығындардың келесідей топтамалары қолданылады:
шығындардың пайда болу орындарына қарай;
өнім, қызмет және жұмыс түрлеріне қарай;
өнімнің өзіндік құнына жатқызылу тәсіліне қарай;
өндіріс шығындары бұдан да басқа мынадай топтамаларға бөлінеді:
жауапкершілік орталықтары бойынша;
құрамына қарай;
өндіріс процесіндегі экономикалық роліне қарай;
өндіріс көлемінен тәуелділік сипатына қарай;
өзіндік құнға жатқызылу уақытына қарай немесе есептік кезеңдерге қарай;
тиімділігіне қарай;
шығын түрлеріне қарай.
Өндірістің барлық шығындары өнімнің жекелеген түрлерінің немесе біртекті өнімдер топтарынын өзіндік құнына кіргізіледі. Өзіндік құнға қосылу тәсілінен тәуелді шығындар тікелей және жанама шығындар деп бөлінеді.
Тікелей шығындар алғашқы құжаттардың негізінде белгілі өнім (қызмет, жұмыс) түріне жатқызуға болатын шығындар. Оларға материалдық шығындар, еңбек ақы және одан аударымдарға шығындар жатады. Барлық тікелей шығындар калькуляциялық шоттарда бейнеленеді.
Жанама шығындар бірнеше өнім түрлерінің өндірісімен байланысты, өнімнің өзінідік құнына оларды тарату арқылы енгізілетін шығындар.
Құрамы бойынша өндіріс шығындары бір элементті және кешенді болып бөлінеді, яғни шығындарға енгізілетін элементтерден тәуелді болады.
Өндіріс процессіндегі экономикалық ролінен тәуелді шығындар негізгі және үстеме деп бөлінеді. Негізгі шығындар өнім жасаудың өндірістік процессіне тікелей кіретін шығындар.
Үстеме шығындар өндірісті басқарумен және қалпында ұстаумен байланысты шығындар.
Өндіріс көлеміне қатысты шығындар шартты-тұрақты және шартты- ауыспалы шығындардың мәні, олардың шамасы өндірілетін өнім көлеміне тікелей пропорционалды өзгеретіндігінде. Олар өнімнің бір бірлігіне нормаланады. Шартты тұрақты шығындар өнім өндірісі көлемінен тәуелсіз және ауыса қоймайды. Шамалары кәсіпорын бойынша шектеліп отырады. Ауыспалы және тұрақты шығындар шартты түрде алынады, өйткені олардың арасында шығындар мен өнім көлемінің қатаң есептігі жоқ.
Есептік кезендер немесе өзіндік құнға жатқызу уақытынан тәуелді өндірістік шығындар ағымдағы және бір мезгілдік қана болып бөлінеді. Өндіріс шығындарын ағымдағы және бір мезгілдік - деп қатаң бөліп қарау өнімнін өзіндік құнын ай сайын дұрыс есептеуге мүмкіндік береді.
Тиімділігінен тәуелді шығындар өнімді және өнімсіз деп бөлінеді. Өнімнін өзіндік құнының денгейіне өнімсіз шығындар көп әсер етеді.
Өндіріс шығындарын есептеу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін шығындар шығын элементтеріне және шығындардың калькуляциялық статьяларына бөлінеді. Шығын элементтері - өндірісті ұйымдастыру мен технологиясына байланысты экономикалық біртекті шығындар. Шығындарды экономикалық элементтері бойынша топтау өндіріске қанша шығындалғанын көрсетеді.
2.Өнімнің (қызметтін, жұмыстың) өндірістік өзіндік құнын құрайтын шығындар экономикалық элементтері бойынша топталады:
материалдық шығындар;
еңбек ақы шығындары;
еңбек ақыдан аударымдар;
негізгі құралдырдың тозуы;
басқа да шығындар;
Өнім өндірісіне кететін шығындарды осылайша ғылыми жіктеу өзіндік құнды анықтауға тиімді есептеуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса, өндірісті ұйымдастыру және өндіріс шығындарының алғашқы және талдамалы есебін құрауда осы жіктеудің маңызы зор. Өнімнін өзіндік құнын анықтауда шығындар өнімнің өзіндік құнына кіретін үлесі есепті кезеңге сәйкес келетіндей боып таратылады. Өнімнің қандай түрі болмасын оның негізін құрайтын, яғни оны шығаруға кеткен шығындарды белгілі жіктелген, ғылыми негізделген шығын баптары арқылы есептеудің оның өзіндік құнын дәл анықтауына мүмкіндік береді. Өнімнің (жұмыс, қызмет) өндірістік құнына кіретін шығындардың дұрыс есептелуі әрбір өнімнің, өнім топтарынын нақты өндірістік өзіндік құнын анықтайды.
Өндіріс шығындары бұдан да басқа мынадай топтамаларға бөлінеді:

Өнімнің (қызметтін, жұмыстың) өндірістік өзіндік құнын құрайтын шығындар экономикалық элементтері бойынша топталады: