
- •2 Дәріс сабақтарының мазмұны
- •1 Модуль. Әдебиет теориясының дамуы және қалыптасуы
- •2 Модуль. Қазіргі әдебиеттану іргелі зерттеулер
- •3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
- •1 Модуль. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласы
- •1.Әдебиет теориясының зерттеу аялары мен проблемалары.
- •2.Әдебиет теориясы және фольклортану.
- •3.Әдебиет теориясының пәнаралық байланысты.
- •4 Студенттің өздік жұмысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ |
||
3-деңгейлі СМЖ құжаты |
ПОӘК |
ПОӘК 042-18-28.1.23/03-2013
|
ПОӘК «Әдебиет теориясы» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар |
______2013 жылғы № 3 басылым |
5 В 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті
5 В 020500 «Филология»
В 012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған
«Әдебиет теориясы»
ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ
2013
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәріс сабақтарының мазмұны
3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
4 Студенттердің өздік жұмысы
5 Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Глоссарий
Әдебиет теориясы - әдеби шығармашылықтың табиғаты мен адамзаттық қызметін зерттейтін және оны талдаудың методологиясы мен методикасын айқындайтын әдебиеттану ғылымының саласы. Әдебиет теориясының зерттеу объектісі үш түрлі мәселені қамтиды: қаламгердің болмысты бейнелеудегі суреткерлік шеберлігін, шығарманың әдеби көркемдік құрылымын, әдеби процесті.
Эстетика – болмысты суреттеудегі әдебиеттің адамның эсетикалық санасын байытып, жан тазалығы, эстетикалық ләззат беретін әдемілікті идея мен мақсатқа сай суреттеу. Эстетиканы анқтаудың үш шарты бар: 1) тұтастық, 2)үйлесім, 3) айқындық.
Әдеби шығармашылық – қаламгердің көркем туындылар тудырудағы еңбек процесі.
Методологиялық мектептер – көркем шығармаларды жазу мен танудағы ғылыми ілімдер.
Әдеби бағыт - әдебиет тарихындағы қаламгерлердің идеялық көркемдік мақсат-мүдде бірлігінен туған шығармашылық үндестік.
Әдеби ағым – бірнеше қаламгерге тән шығармашылық бірлік.
Көркем әдебиеттің табиғаты – көркем өнердің халықтық, танымдық, тәрбиелік, көркемдік, эстетикалық мәндері.
Эстетикалық таным – халықтың өмірге философиялық көзқарасының көркем өнердегі көрінісі.
Кейіпкер – көркем әдебиетте бейнеленетін оқиғаға қатысушы образ.
Архетип – о баста адам қиялында пайда болып, соңында өзіндік мазмұнға ие болған архаикалық рәсімдердегі психологиялық схемаларға тән мотивтер мен әдіс-тәсілдер.
Автор - өнер туындысын дүниеге әкелуші қаламгер.
Поэтика – көркем шығармадағы құндылықты бар болмысымен айқындар жүйе туралы әдебиеттанудың көне ғылым саласы.
Сюжет - өзара жалғасқан оқиғалар тізбегі, біртұтас желісі.
Композиция - әдеби шығарманың құрылысы, оның үлкен кішілі бөлім бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырылып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық бірлігі.
Герменевтика – текстерді ұғындыру және оның принциптерін түсіндіру жөніндегі ілім.
Жанр - әдеби шығармалардың жеке түрлері, көркем әдебиеттің салалары.
Әдеби процесс- бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи заңды қозғалысы.
Стиль – жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін, бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға бітімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы.
Әдеби байланыс – ұлттық әдебиеттер арасындағы көркемдік дәстүрлер жалғастығы, ықпалдастығы.
2 Дәріс сабақтарының мазмұны
1 Модуль. Әдебиет теориясының дамуы және қалыптасуы
1-дәріс: Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері.
1.Әдебиет теориясының зерттеу аялары мен проблемалары.
2.Әдебиет теориясы және фольклортану.
3.Әдебиет теориясының пәнаралық байланысты.
Әдебиет теориясы мен эстетиканың ерте кезеңі.
Әдебиет теориясы жайлы алғашқы ұғымдар. Көне үнді, шумер елдерінің мәдени ескерткіштері. «Махабхарата», «Ригведа», «Рамаяна» эпостарындағы сұлулыққа қатысты сезім, пайымдар, өлең түзу ережелері. «Гильгамеш» жырындағы ерлік пен достық, махаббат идеялары. Энкиду бейнесінің көшпенділер эстетикасымен тамырластығы Антикалық дәуір эстетикасындағы екі бағдар. Өмірге материалистік көзқарас және обьективті, субьективті идеализм. Дүниетанымның тарихи-әлеуметтік, философиялық алғы шарттары. Соңғы классика дәуірі және Аристотель (б.д.д. 384-322ж.ж.). Поэзияның табиғатқа еліктеушілік қызметі. Өнерде нанымды құбылыстарды бейнелеу. Қиял, өмірлік материалды іріктеудің маңызы. Көркемдік танымның ғылыми танымнан өзгешелігі. Рухани тазару, «катарсис» теориясы және шығарманы қабылдау мәселелері. Гораций Флакк(б.д. 65-8 ж.ж.). «Пизондарға арнау» («Поэзия өнері») атты өлеңмен жазылған трактат. Шығармадан қарапайымдылықты талап ету. Көлемдік шектеу. Шынайылық пен нанымдылыққа айрықша мән беру.
Орта ғасыр қайта өркендеу дәуірінің эстетикасы.
Орта ғасыр эстетикасындағы діни, құдайшылық сарындардың жетекші сипат алуы. Ерте орта ғасырда өмір сүрген Аврелий Августиннің (б.д.д.354-430ж.ж) абсолютті сұлулық туралы пікірлері. Кейінгі орта ғасыр эстетикасының өкілі – Фома Аквинский (1225-1274). Әсемдіктің обьективтік сипатын мойындау. Сұлулықты анықтау үшін қойылатын үш шарт: 1) тұтастық, 2) үйлесім, 3) айқындық. Құдай-абсолютті сұлулық әрі абсолютті игілік. Ұлттық эстетиканың қайнар бұлағы. Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің ізі. Қаңлы жазуы. Сақ-скиф бейнелеу өнері. 6-9 ғасырлардағы орта түрік әдеби мұралары саналатын «Күлтегін», «Тоныкөк» жырларында, 10-12 ғасырлар әдебиетіндегі М.Қашғаридің «Диуани лұғат ат-түрк», Ж.Баласағұнның «Құтадғу біліг», А.Яссауидің «Диуани хикматында» ұшырасатын жалпы адамдық асқақ сезім, әсем ой, биік әсер көріністері. Әбунасыр әл-Фарабидің өнер салаларының теориясына қосқан үлесі . Муыканың ұлы кітабы . Әуеннің үш түрі . Музыкалық қабілет . Дарын . Ұстаздық .
Батыс Европадағы ояну дәуірінің (ренессанс) әдебиет пен өнердегі ілгері жаңалықтарға бастауы . Қоғам өміріндегі алғы шарттар . Адам тұлғасының асқақ орны . Ізгілік пафосы .
Әдебиет теориясының ғылым ретінде қалыптасуы .
Классицизм эстетикасының көне дәуір және қайта өрлеу кезеңінің эстетикасымен байланысы . Көркем шығармаға тұрақты шарттар ұсынуы . Үш бірлік туралы ереже . Әлемдік ұғымына уақыттан тыс мағына арту .
Дидро мен Лессинг арқылы әдеби – көркем сынның өріс алуы. 18 ғасыр-әдебиет теориясының негізі қалану кезеңі. Лессингтің «Гамбург драматургиясы» , «Лаокоон немесе бейнелеу өнері мен поэзияның шек – жиегі» атты еңбектері .
И.Г.Гердердің (1744 – 1803) ағартушылық эстетикасындағы идеяның басымдығына наразылық .
И.Кант (1724 - 1804) . Табиғат әлемі мен адамзаттық (мәдениет, мораль) әлемі . Мәдениеттің ең жоғарғы көрінісі – эстетикалық көрініс .
Романтиктер – ағартушылық идеяны жалғастырушылар . Шығармашылық қызметтегі жекелік фактордың орны . Лиризм .
Г.В.Гегель (1770 – 1831) – эстетикалық ойдың алыбы , ғылымдағы диалектикалық ойлау принцптерін қалыптастырушы .
Абсолюттік идея теориясы . Идеяның ең биік асуы – абсолюттік рух . Эстетикалық қызметпен айналысудың себептері . Шығармашылықтың ескіні қиратпай – ақ , жаңаны тудыруы .
Антикалық өнерді ардақтау . Дүниеге тарихи көзқарас . Көркем шығарманы қарастырудағы тарихи және логикалық тәсілдердің бірлігі .
Артур Шопенгауэр (1788 – 1860) . «Өмір философиясы» . Интеллектінің ерікке бағыныштылығы . Еріктен асу арқылы қасіреттен айығу . Суреткердің қабылдау әсеріне билігі . Обьективті сұлулықтың субьектімен сабақтастығы . Музыканың ерекшелігі .
Серен Кьеркегор (1813 – 1855) . Қорқыныш философиясы . Құдайға баратын жол іздеу . Субьективтіліктің ақиқаттығы . Экзистенция .
Ф.Ницше (1844 – 1900) . Әлем және «құдіреттікке еріктілік» .Мәдениет тілі . Өмір формаларын сақтауға тырыса отырып , өзгерту .
В.Дильтей (1833 – 1911) . Герменевтикалық зерттеудің бастауы . О.Шпенглер (1880 – 1936) . Мәдениеттердің шектеулі ғұмыры . Мәдени полицентризм туралы .
Әдебиеттер:1-12,13,14,20,27,46,53,54,58.
2-дәріс: Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы.
Әдебиеттанудағы мифологиялық мектеп.
2.Тарихи –мәдени мектеп.
Компративизм мектебі.
Әдебиеттанудағы психологиялық мектеп.
Интуитивизм мектебі.
Әдебиеттану және фрейдизм.
Халықшылдық эстетиканың тағлым, талаптары.
Уақытқа диалектикалық көзқарас. Марксшілдік, кейіннен маркстік-лениндік деп аталған әдебиеттану мен өнертану қағидаларын, басым пафосына қарап, шартты түрде халықшылдық эстетика деп таңбалау. Маркстік, материалистік дүниетанымның адамзат дамуына елеулі рол атқарғанын біржақты жоққа шығармай, тарихи факт ретінде түсіну. А.Герцен, В.Белинскиий, Н.Чернышевский, Н.Добролюбов, Д.Писарев. Орыс революционер демократтарының ғылыми-сын мұрасы.
В.Плеханов: әсемдіктің обьективті мәнін ашу. Оның адам тіршілігімен тамырластығы. Өнердің шығу тегін, даму жолын қоғамдық сананың өсу жолымен тығыз қарастыру.
А.В.Луначарский. «Жылжымалы эстетика» туралы. Формалистік, тұрпайы социологиялық бағдарлармен арадағы тартыс.
Әдебиеттану ғылымындағы методологиялық мектептер.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Батыс Еуропа елдеріндегі капиталистік қарым-қатынастың өрістеуі. Философиядағы позитивизм бағыты. Әдебиеттанудағы ірге тасын ағайынды Якоб Гримм (1785-1863) мен Вильгелм Гримм (1786-1859) қалаған мифологиялық мектеп.
ХХ ғасырда бұл мектептің қайта жаңғыруы. Швейцар психологы К.Н.Юнгтің (1875-1961) адам психикасындағы архетип жайлы идеясы. Ж.Лакан. Адам психикасында реалды, қиялдағы символдық кабаттар.
Тарихи-мәдени мектеп. Француз тарихшысы әрі өнер зерттеушісі Ипполит Тэн (1828-1893). Әдебиет пен өнер мәселелерін жаратылыстану ғылымдарындағы салқынқандылық бағдармен сараптауды ұсыну.
Теодор Бенфей (1809 – 1881) . Салыстырмалы-тарихи (компоративизм) мектеп. Шығыс пен Батыс арасындағы сюжет алмасу теориясы.
А.Н.Веселовскийдің (1838-1906) көшпелі сюжет ілімі. Әдеби дамудың ортақ кезеңдері. Ұқсас сарындардың туу себебі. Әдеби дәстүрдің маңызы. В.Жирмунский, Н.Конрад. Қазіргі салыстырмалы әдебиеттану. Клод Пишуа мен Андре Мишель Руссо («Салыстырмалы әдебиеттану» ,1951), А.Дима («Салыстырмалы әдебиеттанудың принциптері», 1972»), Д.Дюришин («Әдебиетті салыстырмалы зерттеудің теориясы», 1979), т.б.
Психологиялық мектеп және А.А.Потебня (1835-1891). Сана мен тілдің байланысы. Тіл мен әдебиет. Адамның рухани өмірі. Көркем туындыны қабылдау процесі.
Анри Бергсон (1859-1941), Бенедетто Кроче (1866-1952) есімдерімен тығыз байланысты ағым – интуитивизм. Әр заттың дара қасиетін интуиция арқылы ғана ашу.
ХХ ғасырдағы дүние жүзі эстетикасына психиатр-дәрігер Зигмунд Фрейд (1856-1939) енгізген жаңалық. «Психоанализге кіріспе», «Тотем мен табу», «Мен» және «Ол» еңбектері, сол сияқты Ф.Достоевский шығармашылығына қатысты мақалалардағы тұтас толымды өзгеше батыл тұғырнама.
Әдебиеттер: 1-12,16,17,21,22,24,25,45,33,34,35,39,49.