Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_OGKR_nov.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85.53 Кб
Скачать

Мәлімемелердің орындалуына және жүктің тасымалдалуына жауапкершілік.

Жүктерді тасымалдаумен байланысты операцияларды, тасымалдау үдерісін жоспарлау, іске асыру тәртібін және технологиясын, құжаттарды ресімдеу және актілерді жасау, арнайы зерттеулер мен сараптамаларды жүргізу тәртібін белгілейді Тасымалдау үдерісі – тасымалдарды жүзеге асыру кезінде орындалатын ұйымдастырушылық және технологиялық өзара байланысты әрекеттер мен операциялар жиынтығы.

Тасымалдау үдерісі жүкті тасымалдауға қабылдау, жүкті беру шарттарын, тиеу және түсіру (босату) мерзімдерін, жеткізу мерзімдерін және жеткізу мерзімдерін есептеу ережелерін, жүктің баратын жерін өзгерту, жүк жөнелтушіге қайтару, жаппай жүктерді маршруттармен және бір жүкқағазы бойынша вагон топтарымен, құндылығы жарияланған жүктерді, үйіп және ақтарып, ашық жылжымалы құрамда, жолсеріктердің алып жүруімен, жөнелту маршруттарымен, ұсақ және аз тонналы жөнелтілімдермен, контейнерлермен және көлік пакеттерімен, мұз болып қататын жүктерді, тез бүлінетін жүктерді, жануарлар мен құстарды, ветеринарлық, фитосанитарлық бақылауға жататын жүктерді, қауіпті жүктерді, сұйық жүктерді вагон-цистерналарға және бункерлік үсті ашық вагондарға құйып, тасымалдау шарттарын және жүктерді ерекше жағдайда тасымалдау шарттарын сақтай отырыпжүзеге асырылады.

Жүк тасымалдаумен байланысты операциялар және құжаттарды ресімдеу жүк тасымалдау үдерісінің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады және оған:

  • жүкқағаз бен тасымалдау құжаттарын ресімдеу;

  • -тасымалдау мен тасу ақысы бойынша есептеулер;

  • -вагондар мен контейнерлерді пломбылауға арналған бекіту-пломбылау құрылғыларын қолдану;

  • -вагондарды беріп-алуға арналған шарттарды жасау және мұндай шарттардың міндетті ережелері; жүктердісақтау;

  • -жүктерді ұстап қалу, сату, жүктерді мемлекеттік органдарға беру

  • -жүкті түсірген соң вагондар мен контейнерлерді тазарту және жуу кіреді.

Актілерді жасау, арнаулы зерттеулер мен сараптамаларды жүргізу жүк тасымалдау үдерісінің қосалқы элементтері болып табылады, тасымалдаушы, жүк тасымалдауды ұйымдастыру барысында жүк жөнелтуші мен жүк алушы жүзеге асыратын әрекеттерді құжаттай ресімдеуге және растауға, сондай-ақ жүк қасиеттерінің өзгеруі себептерін зерттеуге және анықтауға бағытталған.

Өнеркәсіптік ұйымдардағы кірме жолдар, вагондарды тазалауға берудің реті, вагондардың тұрып қалудың түрлері. Біртұтас технологиялық процес (бтп)

Кірме жолдар тікелей немесе басқа кірме жолдар арқылы магистральдық және (немесе) станциялық жолдармен жанасады. Кірме жол шекарасы "Кірме жол шекарасы" белгісімен белгіленеді.Мұндай белгі қою орнын магистральдық темір жол желісі операторы жер учаскесіне (кірме жолдарға) жеке меншік құқығына арналған акті негізінде айқындайды.

Құжаттаманың бірінші данасы тармақ иеленушіде қалады, екінші данасын тармақ иеленуші кірме жолдың қызметтеріне шарт жасасқан кезде магистральдық темір жол желісі операторына береді.

Кірме жолдар уақытша және тұрақты пайдалану үшін ашылады. Салынған кірме жолды тұрақты пайдалануға ашу және мұндай жолға жылжымалы құрамды беру құрамына магистральдық темір жол желісі операторының өкілі кіретін комиссия жол пайдалануға қабылдағаннан кейін рұқсат етіледі.

Кірме жолдарды пайдалану қозғалыс қауіпсіздігі мен жылжымалы құрамның, жүктердің, контейнерлердің сақталуына қауіп төндіретін ақаулар анықталған жағдайда магистральдық темір жол желісі операторының өкімі негізінде оларды жойғанға дейін тоқтатылады.

Кірме жолдарға қойылатын талаптар

Жолдың жоспары мен бойлық бейіні көрсетілген жұмыстарды орындауға лицензиясы бар ұйым жүргізген аспаптық суретке түсіру негізінде жасалады.

Кірме жолдардың жоспары мен бейінін мерзімді аспаптық тексеру кірме жолдардың бейінін өзгертетін жөндеу-жол жұмыстарын жүргізгеннен кейін жүргізіледі. Егер кірме жолдарды пайдалану кезінде кірме жолдардың бейінін өзгертетін жұмыстар жүргізілмесе, кірме жолдардың жоспары мен бейінін аспаптық тексеру он жылда бір рет жүргізіледі.

Изотермиялық вагондарды тазалауға және жууға ақы тез бүлінетін жүктерді тасымалдаудан кейін барлық жағдайларда алынады.

Жабық вагондарды тазалауға және жууға ақы мына тез бүлінетін жүктерді: тұздалған балық пен май шабақты, картопты, ас қызылшасын, сәбізді, қарбыздарды, жаңа піскен қырыққабатты, бөшкелік ыдыста тұздалған және ашытылған көкөністер мен тірі өсімдіктерді тасымалдағаннан кейін ғана алынады.

Ашық жылжымалы құрамдағы атмосфералық жауын-шашын ертеректе тасымалданған жүк қалдығы және оның ластану белгісі болып саналмайды. Вагондарды жауын-шашыннан тазалауды жүк жіберуші жүргізеді.

Вагондарды, контейнерлерді тазалаудың барлық амалы, олардың міндетті түрде сақталуын қамтамасыз етуі қажет, сондай-ақ қоршаған ортаны ластауға жол бермеуі керек.

Станция сыныбын анықтайтын балл көрсеткіштері және нормативі. Жүк станциясындағы технологиялық құралдар.

Станцияның және ортақ емес қолданыстағы теміржол жолдарының жұмыс істеу технологиясы. Біртұтас технологиялық процессі (БТП) және ортақ емес қолданыстағы теміржол жолдарының станциядағы жұмыс істеу технологиясы.

Стансаның теміржол жолдарының жумыс істеу технологиясы. Станса жумысының технологиялық процесі құрамдармен вагондарды баптау ажырату,құрастыру маневр жасау ж/е жергілікті жумыстароперациясын жергілікті уйымдастыру ж/е озық жумыс адістері, стансаның техникалық құралдарын толық қолдану негізінде ең аз уақытта жүргізуді көздейді.

Әр стансаның техникалық процесі оның жұмысыныңсипатымен көлемі өзгергенде станса қайта құрылганда ж/е жана техника енгізілгенде жүйелі түрде жетілдіріліп отырылады.

Станса жұмысына ұйымдастырылуына қойылатын негізгі талаптар- жол жүрісінің қауіпсіздігін сөзсіз қамтамасыз ету және стаса қызметкерлерінің еңбекті қоргау ережелерін қатаң сақтауы.

Станция жұмысының технологиялық процесіне сәйкес және келесі көздейтін жоспар бойынша жүргізілуі тиіс:

1) поездарды уақтылы құрастыру және жөнелту;

2) вагондарды жүк операцияларына уақтылы беру және оларды жүк операциялары аяқталған соң алу;

3) вагондарды қайта өңдеуге арналған уақыттың ең аз шығынын;

4) барлық маневрлік құралдар мен техникалық құрылғыларды тиімді пайдалану;

5) поездарды станцияға үздіксіз қабылдау;

6) қозғалыс қауіпсіздігін, маневрлермен байланысты қызметкерлердің қауіпсіздігін және жылжымалы құрамның сақталуын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]