- •Ағаш материалдардың тасымалдау ерекшеліктері.
- •Берілген жүктің массасын тексеру (жетіспеушілік, өзгерістер). Есептің тәртібі және рәсімі. Коммерциялық акті. Ортақ пішіннің актісі.
- •Вагондағы жүк массасын анықтау тәсілдері. Темір жолдағы салмақтың шаруашылығы. Өлшеу автоматизациясы.
- •Вагондардың статистикалық жүктемесі (нагрузка). Статистикалық жүктемені арттыруға бағытталған шаралар,олардың нәтижесі.
- •Жергілікті вагон өңдеуінің технологиясы. Жергілікті вагонның қарапайым нормалануы
- •Жөнелту маршруттары және оларды ұйымдастыру.
- •Жүк құжаттары
- •Жүк станциясында орындалатын негізгі операциялар түрі. Тасымалдау жасау және жүк жұмыстарының әдістері.
- •Жүк тарифтері.
- •Жүктердің хабарлау түрлері. Тасымалдау түрлері.
- •Жүкті қайта жіберу
- •Контейнерлік тармақтарда жүктік және коммерциялық операцияларының орындалу технологиясы.
- •Көліктік-экспедициялық қызмет көрсету. Орталықтандырылған жүктерді жеткізу мен тасып шығару.
- •Мәлімемелердің орындалуына және жүктің тасымалдалуына жауапкершілік.
- •Өнеркәсіптік ұйымдардағы кірме жолдар, вагондарды тазалауға берудің реті, вагондардың тұрып қалудың түрлері. Біртұтас технологиялық процес (бтп)
- •Тағайындалған бекеттегі жүк және коммерциялық операциялар (поездың ыңғайын табу ақпараты, поездың келу операциялары, тасымалдау құжатының рәсімі, вагон берілісі туралы ақпарат)
- •Тағайындалған стансада жүкті жіберу тәртібі. Жүк жіберу құжатының рәсімі, жүк түрін тексеру және массасы
- •Тағайындалған стансадағы жүк және коммерциялық операциялар (вагонның берісі, жүктің алымы ). Вагонды тазалау, жүктің сақталуы.
- •Тапсырылатын станцияда орындалатын жүк және коммерциялық операциялар (жүкті түсіру, сақтау, тарату,тексеру, жүк массасы).
- •Тез бүлінетін жүктердің тасымалдау ерекшеліктері. Рефрижераторлық жылжымалы құрам (ржқ).
- •Темір жол көлігімен тасымалданатын жүктің есептік карточкасының дұрыс құру тәртібі (есептік карточканың мазмұны, толтыру тәртібі).
- •Тиеу орнынан тасмалдауды маршруттау. Маршруттаудың түрлері. Маршруттау тиімділігі.
- •Халықаралық құжаттар: invoice, т.Б.
Жүк құжаттары
Тасымалдаушы жүкті тасымалдауды жылжымалы құраммен жүзеге асырады және тасымалдау құжаттарында көрсетіледі.
-Жук кужатынын туп нускасы (Жукпен бирге журеди, жук алушыга жане тасымалдаушыга береди.)
-Жол тизимдемеси(жол ведомосы) жукпен бирге журеди, тасымалдаушыда станцияда калады
-Жукти кабылдау туралы тубиртек (жук жонелтушиде калады)
Жонелтилим маршруты калыптастырган кезде маршруттын ядросы тиркеме болигиндеги вагондардын арбир тобы да сондай ак маршруттын тиркеме болигиндеги арбир дара вагон жеке жук кужатымен расимделеди.
Жүк қағазы – жүкті ст-ға дейін жеткізіп салады ж/е жүкпен бірге көрсетілген формадағы бланкта толтырылады. Сонымен қатар бұл жүк қағазы есептік ж/е заңды мәні бар құжат б.е.
Жүк станциясында орындалатын негізгі операциялар түрі. Тасымалдау жасау және жүк жұмыстарының әдістері.
Жүк станциясында жұмыстың технологиясы келесі операцияларды орындауды талап етеді: жүктермен (тасымалдауға қабылдау, өлшеу, сақтау, тиеу, түсіру, сұрыптау және тапсыру); құжаттармен; жүк пойыздарымен (коммерциялық байқау); жүк қабылдаушы мен жүк жөнелтушінің ақпараты бойынша (жақындау, келу, вагондарды тиеу-түсіру шебіне беру және жинау туралы); кәсіпорындар мен порттардың кірме жолдарына қызмет ету; көлік қызметі мен жүкті тасымалдау үшін есептеулері бойынша.
Жүк және коммерциялық операцияларды орындау технологиясы жүк бекетінде жұмыстың технологиялық барысында өңделеді. Жүк бекетінде жұмыстың технологиялық барысы дегеніміз – өндірістік кәсіпорындардың кірме жолдары, теміржол Заңдары мен жүктерді тасымалдау Ережелерінің талаптарын қатаң сақтаған жағдайда еңбек әдістерін нәтижелі қолдану, бекеттің техникалық құралдардың рационалды қолдануға негізделген ұйымның жүйесі.
Техникалық құралдардың өңдеу қабілетін тиімді қолдану, құжаттар мен жүктерді өз уақытында өңдеу, контейнерлер мен вагондардың айналымын тездету, еңбектің максималды өнімділігі, теміржол көлігінің қызметтерімен қолданатын кәсіпорындарды, ұйымдарды және бөлек азаматтарды жоғары қызмет ету мәдениеттілігі - технологиялық барыстың үйлесімді белгісі болып табылады. Жүк және коммерциялық операциялардың өндірістік-технологиялық циклі жүктерді жөнелту бекеттерінде, жүру жолында және келу бекетінде орындалады. Жүк және коммерциялық операциялардың өндірістік-технологиялық цикліне: қабылдау, тиеу, жүктерді жөнелту операциялары, жүру жолы, келуі, жүктерді түсіру және беру жатады.
Жүктерді қабылдау, тиеу және жөнелтуді ұйымдастыру. Жүкті қабылдап жөнелтумен байланысты жүк және коммерциялық операциялар бекетте жүк жөнелтушімен, тауар кеңсесінің және тасымалдау құжаттарын өңдеумен айналысатын технологиялық орталықтың, сондай-ақ, жүк ауласының және механикаландырылған дистанцияның жұмыскерлерімен орындалады. Бұл операцияларға: жүк жөнелтушімен жүк пен құжаттарды дайындау, жүкті тасымалдауға келісім-шарт жасау, тауар кеңсесінде құжатты тексеру және белгі қою, тасымалдау құжаттарын дайындау, жылжымалы құрамды дайындау, тиеуге вагондарды беру, жүкті тасымалдауға қабылдау, теміржол көлігімен жүктің салмағын анықтау, жүк ауласына жүктерді түсіру, жүкті тасымалдау үшін есептеулерді анықтау жатады.
Жүкті тасымалдауға дайындау. Жүкті тасымалдау үшін келесідей дайындықты қамсыздандыру қажет: тасымалдаудың сақтандырылуы мен қауіпсіздігі, жылжымалы құрамды рационалды пайдалану, жүк операцияларын тездетуді орындау. Жүкті тасымалдауға дайындау үшін келесідей кешенді шаралар орындалу қажет: өнімді сапалық жағдайға келтіру, көлік пакеттерінде үлкейтілген жүк орындарының тиісті орамасы, жүктердің таңбалауы, жүк жөнелтушінің жүкті өлшеуі, тиісті бақылау және қадағалау органдарымен жүктерді қарау (нан немесе карантин инспекциясымен, санитарлық-мал дәрігерлік қадағалаумен).
