Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_OGKR_nov.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85.53 Кб
Скачать

Тапсырылатын станцияда орындалатын жүк және коммерциялық операциялар (жүкті түсіру, сақтау, тарату,тексеру, жүк массасы).

Бақылау пунктында техникалық кеңсе жұмысшылары станцияға келген поездің барлық поезд құрамындағы вагондардың орналасуын арнайы станцияға келген поезді арнайы сәйкес байланыс құрылғыларымен жабдықталған және поезд құрамындағы вагондардың орналасуы жайлы барлық қажетті мәліметтер берілетін техникалық кеңсе жұмысшылары бақылау пунктінде тексеру жүргізеді. Станцияға келген жүктелген вагондардың тасымалдау құжаты вагон мен жүктің құжатқа сәйкестігін толықтай тексеретін техникалық кеңсеге түседі. Тексеруді болғаннан кейін оператор керек жағдайда телеграммаға өзгерістер енгізіп, ол жайлы маневрлік диспетчерге хабарлайды.

Тасымал құжатын тексеріп болғаннан кейін техникалық кеңсе операторы түсіруге келген вагондардың вагон парағында және жол ведомостьтарында күнтізбелік нұсқама қояды. Келген жүктің күні және уақыты жазылады. Сонымен қатар вагон парағында сол поездің номері көрсетіледі. Бұдан соң құжаттарды тапсыру кітабына жазады (Форма ГУ–48). әр жөнелту сайын вагон номері мен накладной номерін көрсетеді. Жол ведомостьтарын және накладнойларды тауарлық кантораға, ал вагон парақтарын–жүк алаңына немесе жалпылық қолданудағы емес түсіру пунктыларына жібереді.

Құжаттарды өткізу кезінде техникалық кеңсе жұмысшысы кітапқа қол қояды, ал тауар кеңсесінің жұмысшысы – қабылдау құжаттарына қол қояды. Тауарлық кеңсеге келген жүкке түскен барлық жол ведомостьтары мен накладнойларды жүктің келуі туралы кітапта тіркеледі (Форма ГУ – 42).

Құрамын реттеу және вагонды түсірілуге жіберуге дайындау іріктеме парағы бойынша іске асады, оны маневрлік диспечер толтырады. Вагондарды түсірілімге жіберу алдын ала хабарлау арқылы жазылған уақыты немесе уақыт үзілісі арқылы алушы құрамы мен іске асады. Вагондарды жіберу жайында станция алушыны 2 сағат бұрын хабардар етуге міндетті. Тәртіпке сай хабарламаны жүкалушыға телефон арқылы жеткізсе, онда алушы өз жағынан жауапты адамды белгілеп, оның тегі мен телефон номерін станция бастығына айтуы керек.

Вагондарды түсіруге жіберу уақытын анықтап, хабарлама жіберу үшін станцияда хабарлама кітапшасы бар(Форма ГУ – 2). Вагонды түсірілуге жіберген кешіккен жағдайда (2 сағаттан жоғары) станция жүк алушыға оның алдағы вагон жіберілуінің уақытын хабарлауы керек.

Белгіленген уақыт бойынша немесе уақыт үзілісі арқылы вагондарды жіберу тек кәсіпорынға кіру жолдарында және темір жол мен кәсіпорын арасында жасалатын келісім шарт арқылы іске асады. Жүктерді түсіру. Жабық вагоннан станция қоймасына түсірудің алдында қабылдап–жіберуші коммерциялық тұрғыдан тексереді және пломбылардың іске жарамдылығын тексереді. Егер тексеру кезінде шығынға немесе жүктің бұзылуына әкеліп соғатын жарамсыздық табылса, онда ол келеңсіздікті міндетті түрде басшылыққа жеткізеді.

Тез бүлінетін жүктердің тасымалдау ерекшеліктері. Рефрижераторлық жылжымалы құрам (ржқ).

Тез бұзылатын жүктерді тасымалдау

Тез бүзылатындарға темір жол көлігімен тасымалдау кезінде оларға сыртқы ауаның жоғары немесе төмен температурасының әсер етуінен қорғауды, жүру жолында күтуді немесе ерекше қызмет көрсетуді талап ететін жүктер жатады.

Тез бүлінетіндерге жататын жүктердің атауы:

  • тірі өсімдіктер, гүлдер, отырғызулар, тұқымдар;

  • балық отырғызылатын тірі заттар: малькалар, саголетки, тірі уылдырық;

  • өсімдік атаулы өнімдер: жеміс-жидектер, бүлдіргендер, цитрусты өнімдер;

  • қайта өңдеу өнімдері: сұйық май, майлар, мұздатылған жеміс пен жидектер, шұжықты өнімдер, консервілер, ет өнімдері, сүт өнімі;

  • жануарлардан шыққан өнімдер: жануарлар мен құстардың еті, суытылған және кептірілген балықтар мен теңіз өнімдері, жұмыртқа, соның қатарында инкубаторлы, уылдырық;

  • Консервідегі қан, вакциналар, іріткілер, медициналық және биологиялық препараттар, тірі адам мүшелері, мұздатылған эмбриондар. 

  • Газеттер, журналдар.

Тез бұзылатын жүктер изотермиялық вагондарда (рефрижераторлық вагондар, термос-вагондар, термос-цистерналар, изотермиялық вагондар-цистерналар), жабық вагондарда, әмбебап және рефрижераторлық контейнерлерде тасымалданады.

Егер жүк жөнелтуші белгілеген температуралық режим немесе тасымалдаудың қандай да бір басқа шарттары қолда бар көлік құралдарымен қамтамасыз етілмейтін болса, онда тасымалдаушы мұндай жүкті тасымалдауға қабылдамайды.

Тез бұзылатын жүктерді тасымалдау тәсілін таңдаған кезде жүк жөнелтуші оны тасымалдаудың ұзақтылығын, сондай-ақ жүктің сапасы сақталуын қамтамасыз ету үшін жүру жолында болғанда әртүрлі климаттық аймақтардағы жыл мезгілдерін есепке алады.

Осы Қағидаға сәйкес тасымалдау тәсілін жүк жөнелтуші белгілеген жағдайларда, ол бұл туралы жүкқұжатта «Жөнелтушінің ерекше мәлімдемелері мен белгілері» деген бағанда белгі қояды.

Рефрижераторлық жылжымалы құрам кез келген ара қашықтықтарға жылдам бұзылатын жүктердің кез келген түрлерін тасымалдауға арналған. Оның айрықша ерекшелігі тәуліктің бүкіл мерзімінде жүк бөліміндегі температураның бірқалыпты деңгейде (+14-тен -23 дейін) сақталуы. Жолда рефрижераторлық бөліктермен бірге механиктер бригадасы бірге жүреді, олар жабдықтың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, қажетті температуралық режимнің ұсталынуын бақылайды, жүктің сақталуын қадағалайды.

Рефрижераторлы жылжымалы құрамды оның құрамындағы вагон саны бойынша бөледі. 20 және одан да көп физикалық вагондары болатын жылжымалы құрамды рефрижераторлық поезд, ал жалғыз вагондарды қоспағанда, 20 вагоннан аз болса, секция деп атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]