Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_OGKR_nov.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85.53 Кб
Скачать

Тағайындалған стансадағы жүк және коммерциялық операциялар (вагонның берісі, жүктің алымы ). Вагонды тазалау, жүктің сақталуы.

Магистральдық темір жол желісі операторының, тасымалдаушының локомотивімен кірме жолға қызмет көрсету кезінде вагондар кірме жолға беріледі және кірме жолдан оларға жүк тиеу, түсіру (босату) орындарына осы локомотив әкетеді.

Тиеу, түсіру (босату) жолы болып жабық және ашық қоймаларға және жүктерді тиеуге, түсіру (босату) үшін тағайындалған жерлерге жанасатын кірме жолдардың бір бөлігі табылады.

Вагондарды шығарып тұрақтату темір жолдарына тапсыру кезінде берілетін вагондардың максималды саны оларда қабылданатын – түсірілетін пайдалы ұзындығы бойынша анықталады.

Вагондарды кірме жолға беру және әкету және кірме жолдан қайтару хабарлама, кесте немесе шарттарда белгіленген уақыт интервалы бойынша жүргізіледі. Ол арқылы вагондарды беру және әкету жүзеге асырылатын уақыт интервалын есептеу негізгі өндірістің технологиясына, кірме жолдың және жанасу станциясының техникалық жарақтандырылуы мен жұмыс технологиясына байланысты болады.

Уақыт интервалының шамасын анықтайтын негізгі элементтер қабылдау-тапсыру операцияларын орындау, вагондарды кірме жолға беру/кірме жолдан әкету, тиеу, түсіру (босату) жөніндегі операциялар мен вагондардың орнын ауыстыру (кіргізу-шығару) үшін қажет уақыт болып табылады.

Вагондарды беру уақыты туралы тасымалдаушы тармақ иеленушіні вагондарды бергенге дейін 2 сағаттан кешіктірмей хабардар етеді. Вагондарды беру уақыты туралы хабарламаларды тапсыру тәулік бойы телефон арқылы немесе хабарламалар кітабындағы жазбалармен электронды алмасу желісін қоса алғанда қолда бар байланыс құралдарымен жүргізіледі.

Егер тиеу осы кірме жолда түсіруден (босатудан) босаған вагондарға жүргізілетін болса (қосарланған операциялар) бос вагондарды тиеуге беру уақыты туралы хабарлама талап етілмейді.

Вагондарды беру уақыты туралы хабарламаларды беру тәртібі мен мерзімдерін тасымалдаушының өкілі бекітеді.

Магистральдық темір жол желісі операторының немесе тасымалдаушының кінәсі бойынша вагондарды тиеу, түсіру (босату) орындарына, қабылдау-тапсыру (шығарып қою) жолдарына беру уақытының кешіктірілуі вагондарды беру туралы хабарламада көрсетілген уақыттан бастап есептеледі.

Вагондарды тиеу, түсіру (босату) орындарынан, қабылдау-тапсыру (шығарып қою) жолдарынан беру және әкетуге арналған уақыт жанасу станциясы жұмысының технологиясы негізінде белгіленеді.

Вагондарды хабарлама бойынша әкеткен жағдайда, сондай-ақ вагондардың кесте бойынша немесе белгіленген интервалдар арқылы әкетуге дайын болмағаны жағдайында жүк жөнелтуші (жүк алушы), тармақ иеленуші алдын ала (вагондарды беруге-әкетуге арналған шартпен белгіленген мерзімдерде) магистральдық темір жол желісі операторына, тасымалдаушыға вагондардың әкетуге дайындығының уақыты туралы хабарлайды. Вагондарды хабарлама бойынша әкеткен кезде әкету мерзімі хабарлама тапсырылған кезден бастап есептеледі. Вагондарды кесте бойынша немесе белгіленген интервалдар арқылы әкеткен кезде әкету мерзімі, егер өзге шартта көзделмесе, кестеде немесе интервалда көзделген уақыттан бастап есептеледі.

Изотермиялық вагондарды тазалауға және жууға ақы тез бүлінетін жүктерді тасымалдаудан кейін барлық жағдайларда алынады.

Жабық вагондарды тазалауға және жууға ақы мына тез бүлінетін жүктерді: тұздалған балық пен май шабақты, картопты, ас қызылшасын, сәбізді, қарбыздарды, жаңа піскен қырыққабатты, бөшкелік ыдыста тұздалған және ашытылған көкөністер мен тірі өсімдіктерді тасымалдағаннан кейін ғана алынады.

Ашық жылжымалы құрамдағы атмосфералық жауын-шашын ертеректе тасымалданған жүк қалдығы және оның ластану белгісі болып саналмайды. Вагондарды жауын-шашыннан тазалауды жүк жіберуші жүргізеді.

Вагондарды, контейнерлерді тазалаудың барлық амалы, олардың міндетті түрде сақталуын қамтамасыз етуі қажет, сондай-ақ қоршаған ортаны ластауға жол бермеуі керек.

Тапсырылатын станцияда орындалатын жүк және коммерциялық операциялар (поезд және жүктердің жетуі жайында информация, поезддың келу операциялары, жүк тасымалдау құжаттары, жүк қабылдап алу жөніндегі хабарлама).

Жүк және коммерциялық жұмыстың технологиясы келесі операцияларды орындауды талап етеді: жүктермен (тасымалдауға қабылдау, өлшеу, сақтау, тиеу, түсіру, сұрыптау және тапсыру); құжаттармен; жүк пойыздарымен (коммерциялық байқау); жүк қабылдаушы мен жүк жөнелтушінің ақпараты бойынша (жақындау, келу, вагондарды тиеу-түсіру шебіне беру және жинау туралы); кәсіпорындар мен порттардың кірме жолдарына қызмет ету; көлік қызметі мен жүкті тасымалдау үшін есептеулері бойынша.

Жүктің келу операциялары. Жүкалушылар мен темір жол арасында жасалатын келісім шарт бойынша жүкалушыларға жүкті қабылдауға дайындау жағдайын жасау негізінде станциялар жүктің келуі жайлы алдын ала мәлімет береді. Алдын ала мәлімет беру жүктің келуіне 12 сағат қалғанда, ал одан да нақты мәлімет 4 – 6 сағаттық кезеңмен беріліп отырады. Ірі жүк станциялардың тауар канторасында жүк қабылдауға жүктің өз мекен-жайына келген вагондар жайлы алдын ала хабарламадан кейін, жүкалушылардан тарифпен қойылған өлшемдер жиыны алынады. Уақытындағы және нақты ақпарат алуды қамтамасыз ету үшін, жолдарда өтпелі және жүктік ақпарат, тасымалдау процесін автоматтандырылған жүйесін басқару болып табылатын мәлімет жіберетін жүйе орнатылады. Өтпелі станциялардағы бұл жүйенің құрамында ұйымдастырылған ақпараттық пункттер (АП)өтпелі станциялардағы бұл жүйенің құрамында ұйымдастырылған ақпараттық пункттер (АП), учаскелік және ірі жүк станцияларында – ақпараттық бюро (АБ), іріктейтін станцияларда ақпарат орталықтары (АО), жол бөлімшелерінде – бөлімшелік ақпарат орталығы. Барлық ақпарат жолдың есептеу орталығында ЭЕМ өңделеді (ЕО).

Поезд келгенше ақпараттық бюро телетайп арқылы телеграмма алады, келесі түрде беріледі: «НР вагон Р масса назн МСГ груз получ ПБ КТ ТАР 1 2327624 0 058 33720 000 50406 39610 2 0 21,0», мұнда НР – реттік номер; вагон – вагон номері; Р – роликті подшипниктегі белгі; масса – жүк массасы, m; назн. – жүкке арналған станция; М – маршруттық топ; С – келу шифрі; Г – габариттік емес; груз – жүктің атауы; получ – жүк алушы; ПБ – таңба мөлшері; КТ – контейнер мөлшері; ТАР – вагон тарасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]