Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_OGKR_nov.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85.53 Кб
Скачать

Ағаш материалдардың тасымалдау ерекшеліктері.

Ағаш конструкцияларды көлік құралдарына тиеу кезінде оларды ығысу мен соғылудан сақтайтындай етіп мықты бекітіліп, дұрыс орнықты қатарларға салу қажет.Тасымалдаушылар ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды тасымалдау үшін тасымалдауға ұсынылатын ағаштың және ағаштан жасалған бұйымдардың ұзындығын ескере отырып, кониктері, тіркемелері, ұзартылма жартылай тіркемелері бар автомобильдер немесе ернеулі платформалары бар автомобильдер бөледі.

Жүк жөнелтуші тасымалдаушының келісімімен автокөлік құралдарын ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдардың кабинаға сырғу мүмкіндігін болдырмайтын кониктермен және құра-жабдықтармен (сырғанауға қарсы шиналармен немесе жалдармен) жабдықтауы тиіс. Кабинаның артынан оны бөренелер мен шыбықтар бастарының соққыларынан қорғау үшін қалқан орнатылуы тиіс. Ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар орындардың көлемі мен саны бойынша жүзеге асырады. Жүктің салмағын жүк жөнелтуші есептеу арқылы анықтайды және орындардың көлемі мен саны бойынша тауар-көлік жүкқұжатында көрсетеді.

Ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды тасымалдауға тасымалдаушылар қауіпсіздік техникасы және осындай тасымалдың ерекшеліктері бойынша нұсқаудан өткен жүргізушілерді ғана жібереді.

Берілген жүктің массасын тексеру (жетіспеушілік, өзгерістер). Есептің тәртібі және рәсімі. Коммерциялық акті. Ортақ пішіннің актісі.

Коммерциялық акт шығынды және бұзылудың жауапкершілігін анықтайтын негізгі заң құжаты. Ол мыналарды растау үшін құрылады:

  • аталуының сәйкес келмеуі, жүктің және багаждың массасы мен мөлшері

  • жүктің немесе багаждың бұзылуы мен зақымдалуы

  • жүктің және багаждың құжатсыз немесе құжаттың жүксіз немесе багажсыз болуы

  • темір жол тауар кеңсеасында жүк беру құжатын толтырғаннан соң 24 сағатқа толғанша жібермеуі. Бұл жағдайда коммерциялық акт тек жүк алушының талабымен толтырылады.

Коммерциялық аккты толтырады; жүкті түсіру күні жалпылама түсіретін жерлерде жүкті түсіреді, ал сәйкес жағдайда жүк алушы жүк алған күні толтырылады; жалпылық емес орындарда жүкті түсіруде – сол жүкті түсіру күні толтырылады. Коммерциялық акт берілген уақытында толтырылу мүмкіндігі болмай қалған жағдайда, ол келесі тәуліктен кеш толтырылмауы керек.

Сақталмау жағдайында тәртіп бойынша әр жіберілуде жеке акт толтырылады. Коммерциялық актының үш данасымен қойылған формада құрайды. бланкалар жазба машиналарында немесе қара сиямен, нақты, қатесіз, тазалаусыз және түзетусіз толтырылады.

Контейнерлік тасымалдау қызметі және коммерциялық жұмыс ГНУ – 4 формасы кітапшада коммерциялық актарды тіркейді, актта түсу күнінің күнін белгілейді. Бұл номер осы акт жұмысының номері болады және барлық хат жазысу осы номермен жүргізіледі.

Коммерциялық акт – Тасымалдаушының, жолаушының, жүк жіберушінің немесе жүк алушының мүліктік жауапкершілігі үшін негіз болып қызмет атқара алатын жағдайларды куәландыратын құжат

Коммерциялық акт мынадай мән-жайларды куәландыру үшін жасалады:

1) жүк немесе багаждың шын мәніндегі атауы, салмағы немесе орындар саны мен тасымалдау құжатында көрсетілген деректер арасындағы сәйкессіздіктер;

2) жүк немесе багаждың жоғалуы, жетіспеуі немесе бұзылуы (бүлінуі);

3) жүк немесе багаждың құжаттарсыз, сондай-ақ құжаттардың жүк немесе багажсыз анықталуы;

4) тасымалдаушыға ұрланған жүк немесе багаждың қайтарылуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]