- •5В011300 — «Биология»мамандығы бойынша
- •I. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы
- •Теориялық білім берудің жолдары.
- •§7. Тамыр және тамыр жүйесі.
- •V.Қорытындылау.
- •VI.Бағалау.
- •Биология.6-сынып.
- •V. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
- •Vі.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі
- •Vіі.Бекітукезеңі
- •Vііі. Бағалау
- •§21. Өсімдіктердіңөсімді( вегетативті ) мүшелерарқылыкөбеюжолдары [7.65-67 бет]. Биология.7-сынып.
- •V. Қорытынды:
- •Vі. Бағалау
- •§28. Бұлшық еттердің жұмысы. Бұлшық ет қозғалысының реттелуі 69 - 70 суреттерді дәптерге салу. §27 - 28 тақырыптардан тесе жұмысын жазу [9.96-98 бет].
- •1.2.Биология сабағында практикалық сабақты өткізу жолдары.
- •1.3. Теориялық білім мен практиканы байланыстырудың тәрбиелік мәні.
1.3. Теориялық білім мен практиканы байланыстырудың тәрбиелік мәні.
Теория мен практиканың байланыс принципі зертханалық және практикалық жұмыстар арқылы барынша толық іске асырылады. Белгілі жағдайлардағы өсімдіктердің дамуына жасалған тәжірибелер мен бақылаулар оқушылардың ғылыми-теориялық қағидалардың ауылшаруашылығы өндірісінің практикасында зор мәні болатындығына көзін жеткізуге мүмкіндік береді. Оқушылар практикалық әрекет барысында теориялық білімге сүйену арқылы жұмысты ойланып істейтін болады. Практикалық жұмыстың құндылығы сол оқу тәрбиелік маңызы ерекше, себебі жұмысты орындау барысындағы мақсатқа жету, міндетті шешу үшін оқушы өзінің алған теориялық білімін іске асырады, біліктілік механикалық түрде дамымай алған білімге сүйенеді. Сондықтан бұл жағдайдағы практикалық жұмыс білімнің көзі болады. Ресурстық орталықтарда практикалық жұмыс тіптен жоғары сыныптардың өзінде де «өзбетілік зерттеуге» айналуы мүмкін емес. Оқушының өзбетілік еркіндігін дамыту біртіндеп жүруі керек. Ол оқушының практикалық жұмысты орындай алу біліктілігінің дамуы барысында мұғалімнің басшылығымен жұмысты жеке процестерге жіктеп, әр оқушының қолына нұсқау – тапсырма беріледі. Дұрыс өткізілген практикалық жұмыс оқушыларды біраз логикалық операцияларды жасауға мәжбүр етеді. Мәселен, ұқсастық және айырмашылықты, классификациялауды, қорытынды жинап шолу, ой тұжырымын жасау.
Қорытынды
Биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтар оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызады, оқушылардың ойын дамытады,өз бетінше іздеп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды.
Биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтар өткізу ауыл оқушыларына толыққанды бейіндік білім бере отырып, жаңа ақпараттық технологияларды меңгертіп шығару міндетін шешсе, екінші жағынан әрбір оқушының әртүрлі білімге деген қажеттіліктерін қанағаттандырады, оқушы өзінөзі дамытады, сапалы білім алады. Практикалық жұмыс оқу-тәжірибе алаңдарында өткізіледі және ол теориялық бағытта ғана емес, практикалық бағытта да болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.«Биологияны оқытудың инновациялық әдістемесі» Н.Торманов, Н.Т.Абылайханов, Алматы 2013
2.Бинас А.В., Маш Р.Д., Никишев А.И. и др. Биологический эксперимент в школе. – М.: Просвещение, 1990
3.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.
4.Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде нөмері 115 бұйрығымен бекітілген «Жаратыылыстану» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламасы.
5.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйегіндегі нөмері 375 бұйрығы «Шағын жинақты мектеп және тірек мектебі» қызметін ұйымдастырудың типтік ережесі.
6.Мырзабаев А.Б. Биологияны оқыту әдістемесі: Оқу құралы . -Қарағанды,
ЖШС «САНАТ-Полиграфия» баспасы, 2006.
7. Биология-тірі ағзалар.Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық.
8.Биология-зоология.Жалпы білім беретін мектептің7-сыныбына арналған оқулық.
9.Биология-адам.Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық.
