Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Муратова Айдана.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
64.89 Кб
Скачать

V. Қорытынды:

Табиғатта біржасушалы және көпжасушалы жасыл балдырлардың 13000 түрі бар. Солардың бірі – спирогира мен улотрикс. Олар өсімді жолмен (спирогира), жыныссыз және жынысты жолмен (улотрикс) көбейеді. бұлар өзге жасыл балдырлар тәрізді күн сәулсінің қатысымен хрототофорына судағы еріген көмірқышқыл газды сіңіру арқылы ағзалық зат түзіп, қоректенеді. Фотосинтез кезінде оттегін газ түрінде бөліп шығарады. Судағы тірі ағзалар оттегі газымен тыныс алады.

Vі. Бағалау

VІІ. Үй тапсырмасы: 15 параграфты оқып, сұрақтарға жауап беру [8.56-58 бет].

Биология. 8-cынып.

Тақырыбы: §28Бұлшық еттердің жұмысы.Бұлшық ет қозғалысының реттелуі. Мақсаты:

Білімділігі: Бұлшық еттердің жұмысы мен бұлшық ет қозғалысының реттелуі, бұлшық еттердің статикалық және динамикалық жұмыс орындай алуы жөнінде түсінік беру. Дамытушылығы: Қаңқа бұлшық еттері тез жиырыла алуға қабілеттілігі мен таныстыру және кез келген буындақозғалуды қарама - қарсы әрекет ететін екіден кем емес бұлшық еттер іске асыратынын баяндау арқылы білімдерін дамыту. Тәрбиелілігі: Оқушыларды күнделікті дене шынықтыру жаттығуларын орындауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: диаграммалар, сұрақтар, суреттер, сантиметрлік жұмсақ таспа, электронды оқулық.

Түрі: Ашық сабақ, зертханалық жұмыс.

Әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, тақтамен жұмыс.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі II. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Көлденең жолақты бұлшық еттің құрлысы қандай? 2. Қаңқа бұлшық еттерін қандай топқа бөлеміз? 3. Мимикалық бұлшық еттерге қайсы бұлшық жатады? 4. Дене бұлшық еттері қандай қызмет атқарады? 5. Көкет және қалай атаймыз? III.Жаңа сабақ Бұлшық еттер жиырылғанда иінтірек сияқты әрекет етіп сүйекті қозғалысқа келтіреді.Кез келген буында қозғалуды басқаратын бұлшықеттер саны екіден кем болмайды, оларды бүгу және жазубұлшық еттері атқарады.Бұлшық еттердің жұмысын жүйке жүйесі басқарады, олардың әрекет үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Олардың жұмысын шынайы жағдайға бейімдейді және рефлекстік сипатқа ие болады.Дене еңбегі болмаса бұлшық еттер әлсіреп, жансызданып сеніп қалуы мүмкін.Бұлшық еттер ұзақ уақыт дене еңбегімен айналыса қажуы мүмкін.Қажу дегеніміз - бұлшық еттердің физиологиялық күйі. Демалған соң бұлшық ет қалпына келеді.Еңбек физиологиясын зерттеген орыс ғалымы И. М. Сеченев. Қажу орталық жүйке жүйесінде жүретін процестермен байланысты, сонымен қатар бұлшық етте жиналған зат алмасу өнімдерінетәуелді. IV.Қорытынды Дене еңбегімен, дене шынықтыру, спортпен үнемі шұғылданып жүрген адам епті, дене бұлшық еттері жақсы жетілген, қимылдары үйлесімді де дәл болады. Денесі шыныққан адам күшті, төзімді, жұмысқа қабілетті келеді. VI. Үйге тапсырма:

§28. Бұлшық еттердің жұмысы. Бұлшық ет қозғалысының реттелуі 69 - 70 суреттерді дәптерге салу. §27 - 28 тақырыптардан тесе жұмысын жазу [9.96-98 бет].

1.2.Биология сабағында практикалық сабақты өткізу жолдары.

5-зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Тамыр типтерін кіндік және шашақ тамыр жүйелерін талдау.

Мақсаты: Тамыр жүйесі мен тамыр типтерінің мәнісін ажырыратып, өзіндік ерекшеліктерін практика жүзінде талдап, зерттеу.

Құрал-жабдықтар: кіндік тамыр жүйесі бар қауын, қарбыз, сәбіз, бақбақ, жоңышқа және т.б. өсімдіктерінің кеппешөптері (егер кеппешөптер болмаса алдын ала тұқымнан өсіруге болады (күнбағыс, үрмебұршақ, асбұршақ). Сабақтан 10-15 күн бұрын тамыр жүйесі шыққанға дейін ыдыстағы суға пиязды орналастырады. 10 күн бұрын сәбіздің де жемтамырын топыраққа көмсе, жіңішкерген жерінен дамыған жанама тамырлары шығады.

Жұмыстың барысы:

1. Алдарыңа берілген асбұршақ немесе қауын, қарбыз, т. б. өсімдіктің кеппешөбінен тамырын мұқият қарап тамыр типтерін ажыратып (негізгі тамыр, жанама тамыр, қосалқы тамыр), суретін салып аттарын жазыңдар.

2. Қосалқы тамырды әрі шашақ тамыр жүйесін (сабақ өтерден 10-15 күн бұрын) қарау үшін суға салынған пиязшықтың жаңа өсіп шыққан тамырларын талдаңдар.

3. Шашақ тамыр жүйесін – бидай, жүгері кеппешөптерінен қарап анықтаңдар.

4. Алдын ала (10 күн) бұрын топыраққа көмілген сәбізден кіндік тамыр жүйесін қарап, жанама тамырларын ажыратыңдар.

5. Кіндік тамырлар мен шашақ тамырлар жүйесінің ерекшеліктеріне көңіл аударып, оқулықтың суретімен салыстырыңдар.

Бос торкөздерге тамыр жүйесінің суретін салып, соған сәйкес өсімдік түрлерін ата:

 

 Кіндіктамыртән:__________________         

 Шашақтамыртән:___________________

Қорытынды:

1.Тамыр дегеніміз не?___________________________________________________________

____________________________________________________________________

2.Тамыр жүйесі дегеніміз не?_____________________________________________________

__________________________________________________________________

3.Кіндік тамырдың шашақ тамырдан қандай айырмашалығы бар?______________________[7.28-бет].

11-зертханалықжұмыс.

Тақырыбы: Бөлме өсімдіктерін қалемшелеу.

Мақсаты: Оқушыларға бөлме өсімдіктерін қалемшелеуді көрсетіп, үйрету.

Құрал-жабдықтар: Биология кабинетінде өскен өсімдіктер, топырақ, құм немесе ұсақ тастар, құмыралар (горшок) өткір ұстара.

Жұмыстыңбарысы:

1. Алдымен қынагүл (колеус), пеларгония (герань), бальзамин, т.б. өсімдігінен қалемше (бойында 3-4 жапырақтары бар жас өркен) дайындау.

2. Гүл құмырасын дайындау, ол үшін түбіне 3-5 см құм, бетіне қаратопырақ салу.

3.Гүл құмырасында ғы топырақты ылғалдап жас өркенді (қалемшені) отырғызу.Топырақтың ылғалы құрғап кетпеу үшін өркеннің үстіне шыны банка төңкеріп қоюға да болады, бірақ оны 2-3 күнде алып ауа жіберу керек.Шыны ыдыс төңкермей-ақ мұқият күтімге алса тез өседі.

Қорытынды:

1.Өсімдіктің өсу (вегетативті) мүшелерін атаңдар___________________________________________________________

____________________________________________________________________

2.Бөлме өсімдіктерін қалемшелеуді қаншалықты үйрендіңдер_____________________________________________________

__________________________________________________________________

[7.68-бет].

4-зертханалықжұмыс.

Тақырыбы: Біржасушалы және көпжасушалы жасыл балдырларды көріп, зерттеу.

Мақсаты:Білім алушыларға біржасушалы және көпжасушалы балдырларды көрсету.

Құрал жабдықтар: Суда өсіп тұрған немесе күні бұрын формалинге салынған хламидомонада, хлорококк, улотрикс, спирогира немесе кладофора балдырлары.Осы балдырлардың нақнұсқасы.Тұрақты микропрепараттары.Микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, сапты ине, зат әйнегі, жабын әйнегі.

Жұмыстың барысы:

1.Біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың судағы,топырақтағы көрінісін қарау.Біржасушалы балдырлардан микропрепарат дайындап, микроскоппен қарау.Жасуша пішініне назар аудару.Хроматофорының пішінін және түсін анықтау.

2.Көпжасушалы балдырлардан микропрепараттар дайындау.Микропрепаратты микроскоппен қарау.Талломдарының бір қатар жасушалардан тұратындығына және жасуша құрылысына көңіл аудару.Балдырлардың суретін салу.Оқулықтағы суретпен салыстыру.

Қорытынды:

1. Балдырлар туралы не білесіңдер?

2. Олар қайда пайдаланылады?

3. Біржасушалы және көпжасушалы балдырлар туралы не білесіңдер? [8.59-бет].

7-зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Организм дамуы мен өсу деңгейін анықтаудың антропометриялық әдісі.

Мақсаты: Антропометриялық әдісті көрсетіп, үйрету.

Құрал-жабдықтар: Бойөлшегіш, сантиметрлік жұмсақ таспа.

Жұмыстың барысы:

1. Әрбір оқушының бойын бойөлшегішпен өлшеп, көрсеткішті оқушының жұмыс дәптеріндегі кестеге жазу керек.

2. Жұмсақ таспамен иық жалпақтығын өлшеу.

3. Бас шеңберін өлшеу.

4. Кеуде шеңберін өлшеу.

5. Бел шеңберін өлшеу.

6. Сан шеңберін өлшеу.

Көрсеткіштерді кестеге жазу.

Бойы, см

Иық жалпақтығы

Бас шеңбері

Кеуде шеңбері

Бел шеңбері

Сан шеңбері

Қорытынды:

1. Дене бөліктерің қаншалықты мөлшерлес (пропорционал) екенін ойланып, талдаңдар.

2. Таңертеңгі гигиеналық гимнастикамен айналысыңдар.

мен таныстыру және кез келген буында қозғалуды қарама - қарсы әрекет ететін екіден кем емес бұлшық еттер іске асыратынын баяндау арқылы білімдерін дамыту [9.99-бет].