- •5В011300 — «Биология»мамандығы бойынша
- •I. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы
- •Теориялық білім берудің жолдары.
- •§7. Тамыр және тамыр жүйесі.
- •V.Қорытындылау.
- •VI.Бағалау.
- •Биология.6-сынып.
- •V. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
- •Vі.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі
- •Vіі.Бекітукезеңі
- •Vііі. Бағалау
- •§21. Өсімдіктердіңөсімді( вегетативті ) мүшелерарқылыкөбеюжолдары [7.65-67 бет]. Биология.7-сынып.
- •V. Қорытынды:
- •Vі. Бағалау
- •§28. Бұлшық еттердің жұмысы. Бұлшық ет қозғалысының реттелуі 69 - 70 суреттерді дәптерге салу. §27 - 28 тақырыптардан тесе жұмысын жазу [9.96-98 бет].
- •1.2.Биология сабағында практикалық сабақты өткізу жолдары.
- •1.3. Теориялық білім мен практиканы байланыстырудың тәрбиелік мәні.
V.Қорытындылау.
Тамыр - өсімдіктің бірліктік, вегетативтік мүшесі, шектеусіз жоғары өсуі, оң геотропизмдік қасиеті бар, құрылысы радиалды және ешқашан да жапырағы болмайды.
Тамыр жүйесі деп бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығын айтады.
Тамырды жіктеу.
Кіндік тамыр жүйесінде негізгі тамыр өте жақсы жетіледі. Одан жан-жағына жанама тамырлар тарайды (мысалы, асбұршақ, асқабақ, қауын, жоңышқа, сәбіз, аскөк, т.б.).
Шашақ тамыр жүйесіне негізгі тамыр болмайды. Болған күнде де өте нашар дамып, жуандамай, басқа тамырлармен бірдей өседі. Жуандығы біркелкі жанама немесе қосалқы тамырлар шашаққа ұқсап топталып тұрады. Мысалы, пияз, бидай, жүгері, арпа, сұлы, тары, күріш, сарымсақ және т.б.
Аралас тамырлар жүйесінде анық көрінетін негізгі, сонымен қатар қосымша тамырлар да болады (қызан, капуста).
Тамырдың қызметтері
1.Тамыр арқылы топырақтан суды және онда еріген минералды тұздарды сабаққа өткізеді;
2. Өсімдікті топыраққа берік орнықтырады;
3. Әртүрлі органикалық заттарды (амин қышқылдар, гормондар, т.б.) синтездейді.
4. Кейбір тамырлар қоректік заттарды қорға жинайды;
5. Басқа өсімдіктердің тамырлары мен, микроорганизмдермен, саңырауқұлақтардың жіпшелері мен әрекеттеседі;
6. Вегетативтік көбеюге қатысады.
VI.Бағалау.
VII.Үйтапсырмасы. §7оқып, 8-суретті салып, тақырып соңындағы тапсырмаларды орындап келу [7.26-27 бет].
Биология.6-сынып.
Сабақтың тақырыбы: §21. Өсімдіктердің өсімді ( вегетативті ) мүшелер арқылы көбею жолдары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға өсімдіктің өсімді мүшелер арқылы көбею жолдарын үйрете отырып, білім деңгейлерін көтеру.
Тәрбиелілігі: оқушыларды ізденімпаздыққа, бір - бірінің пікірін сыйлауға, өз бетінше жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: оқушылардың ой - танымдық белсенділіктерін дамыту, өз бетімен әрекет ете алатын, ізденімпаз жеке тұлға қалыптастыру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Шығармашылық ізденіс, деңгейлеп - саралап оқыту.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі - иллюстративті әдіс, проблемалық мазмұндау әдісі, топтық, жеке шығармашылық жұмыстар.
Сабақта қолданылатын жаңа технология: үш өлшемді жүйе технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: тірек - сызбалар, үлестірмелі топтамалар, слайдтар.
Пәнаралықбайланыс: информатика
Сабақтыңбарысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесу.
Б) Оқушылардытүгендеу, сабаққадайындығынтексеру.
В) Сабақтыңмақсатымен, тақырыбыментаныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
І - деңгей « Репродуктивтік» деңгей
«Кім жылдам?»
1. Сарыағаштың жапырағы неге айналған?( тікенге )
2. Тікенге айналған жапырақты сояудан қалай ажыратуға болады, өсімдік үшін қандай маңызы бар?( тікенге айналған жапырақтарда жапырақ жүйкелерінің ұшы тақтасының жиегі тікенекті болады )
3. Ылғал жетіспейтін шөлді, шөлейтті, құмды жерлерде өсетін өсімдіктердің жапырақтары қалай аталады? ( жетілмеген жапырақтар)
4. Асбұршақ пен үрмебұршақтың жапырақтары неге айналған?( мұртшаға )
5. Шырынды жапырақтарды ата ( бозкілем, сарысалма )
6. Теңгежапырақты шықшылдақ қай жерлерде тіршілік етеді? (Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан )
7. Қабыршаққа айналған жапырақтардың маңызы? ( бүршіктің, пиязшықтың ішкі бөліктерін зақымдануда, улы газдардың зиянды әсерінен қорғайды )
8. Тікенекті жапырақтың өсімдік тіршілігіндегі маңызы?
9. Жапырақ түктері тікенге айналған өсімдік? ( итмұрын )
10. Түрін өзгерткен жапырақтарды ата ( тікен, мұртша, қабыршақ, шырынды жапырақ, бунақденелілерді ұстауға арналған жапырақтар)
ІІІ. Білімді тексеру кезеңі
«Біліміңді тексер» кесте толтыру
Тікен -----------Мұртша---------- Шырынды -------- Аулағыш құрал
Түйетікен
Шағыртікен
Сарыағаш
Кактус
Қарлыған
Асбұршақ
Үрмебұршақ
Пияз
Қырыққабат
Шықшылдық
Шыбынжұт
ІV. Мақсат қою кезеңі
Жоспары:
1. Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбею
2. Өсу мүшелерінің бөліктері арқылы көбейту
3. Телу арқылы көбейту
