Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Муратова Айдана.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
64.89 Кб
Скачать

I. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы

Әр сабақтың өткізілуі мұғалімнен мұқият дайындықты қажет етеді. Сабаққа дайындық келесі кезеңдерден тұрады:

  1. оқу материалын іріктеу;

  2. әдістерді таңдау;

  3. сабақ құрылымын анықтау;

  4. көрнекі құралдарды дайындау;

  5. жоспар немесе конспект жазу.

Мұғалім сабақтың ғылыми мазмұнын кең білу керек және мектеп оқулығын сынмен ұғынуы керек.

Мұғалімнің міндеттері:

I міндеті – мол ғылыми ақпараттың ішінен керек материалды қатаң іріктеу.

II міндеті – оқыған ақпаратты шығармашылық педагогикалық сіңіру (қайта қарау): негізгі сұрақпен қосымша сұрақтарды белгілеу, баяндау логикасын ойластыру, негізгі бөлімдердің мазмұнын, олардың көлемін ойластыру; сабақ үстінде тәрбие жұмысын белгілеу.

Мұғалім осы сабақта қандай ұғымдарды құрып, бұрынғы тақырыптардан қандай білімді әрі қарай дамыту керегін анықтайды.Бұл дайындықта мектеп оқулығы мұғалімге салмақты көмек көрсетеді, бірақ білім көзі ретінде қызмет атқара алмайды. Сабақтың сәтті өтуі мұғалімнің жақсы дайындығына байланысты.

Әр биологиялық курс логикалық кезекте орналасқан тақырыптардан құралады. Бағдарламаның әр тақырыбы логикалы байланысқан сабақтардың жүйесі болып саналады.

Жылдың басында бүкіл курсқа арналған кіріспе сабағы өткізіледі.

Көлемі үлкен тақырыптарда 3 түрлі сабақтарды айыруға болады:

  1. кіріспе

  2. тақырыптың мазмұнын ашатын

  3. қорытынды сабақтар

Көлемі шағын тақырыптарда мұғалім бірінші сабақта кіріспені өткізіп, ақырғы сабақтың аяғында қорытынды жасайды. Сабақ мазмұнына толық тексерілмеген ғылыми фактілермен және тақырыппен аз байланысқан мәліметтерді енгізуден сақтану қажет.Сабақтың шамадан артық деректі материалмен жүктеу оқушылармен түсіндіру және жалпылау жұмыстарын өткізуге мүмкіндік бермейді.Курсты көңілдегідей оқыту үшін үлестіріп берілетін материалдар (құрғақ және кептірілген күйде) қажет; бұл материалдың көбін қай мектеп болса да, өз күштерімен дайындай алады.

Оқушылардың өздеріне көрнекі құрал жасатуға ерекше көңіл бөлу керек. Оқушылардың экскурсияда жинаған материалдарынан таблицалар, гербарийлер, коллекциялар жасауға болады. Мектепте оқу – тәжірибе участогы болса, жыл сайын биология кабинетіне жаңа материалдар қосылады, оларды гербарий, таблица және коллекция етіп жасауға болады. Мысалы, “Дарвин участогындағы өсімдіктер түрлерінің тұқымдары”, “Өзгергіштік”, “Өсімдіктер дүниесіндегі бейімделушілік”, “Қолдан сұрыптау” және т.б.

Көрнекі құралдарды, үлестіру материалды және тәжірибе жұмысына қажет жабдықтарды сабақ қарсаңында дайындап қою керек.

Жаңа мұғалімге сабақ қарсаңында өзі құралды жинап, тәжірибені өткізіп жаттығып алған дұрыс. Алдын ала тәжірибені көрсеткенге, микроскоптарға ыңғайлы орындар белгілеп алу керек [2.156-158бет].

Биология ғылымы – эксперименталдық ғылым. Оқушылардың биологияға деген қызығушылығын дамыту үшін зертханалық және практикалық сабақтардың маңызы орасан зор. Зертханалық, практикалық сабақ кезінде оқушылар бұрын сабақта алған білімдерін практикада өз бетімен жұмыс жасау кезінде ұштастырып, білім деңгейін кеңейте алады. Сондықтан шағын жинақты мектептерде биология пәнінен өтікізілетін зертханалық, практикалық сабақтар өз мәнінде өткізіліп, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, білімге деген құштарлығын ұштау қажет деп ойлаймыз.

Қазіргі таңда биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізудің жалпыға бірдей қабылданған жан-жақты әдістемесі жоқ екендігін айта кеткеніміз жөн. Дегенмен, іс жүзінде шағын жинақты мектепте зертханалық және практикалық жұмыстарды өткізуге толық жағдай жасалмағандықтан, оларды ресурстық орталықтарда өткізу ге мүмкіндік жасалып отыр.

Биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізу барысында МЖББМС (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы нөмірі 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, «Жаратылыстану» білім саласы п әндерінің оқу бағдарламаcы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде нөмірі 115 бұйрығымен бекітілген), жалпы білім беретін мектептер туралы нормативтік құжаттар, «Шағын жинақты мектеп және тірек мектебі (ресурстық орталық) қызметін ұйымдастыру Ережесі» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылдың 17 қыркүйегіндегі нөмірі 375 бұйрығы) басшылыққа алынады [3-5].

Зертханалық сабақтардың жүру барысы:

1. Әрбір зертханалық сабақтың мақсаты болады.

2. Керекті құрал–жабдықтар.

3. Жұмыстың барысы. Зертханалық аспаптар мен жабдықтарды көрсетіп, оларды сабаққа қалай пайдалану керектігі, жұмыстың барысынан қысқаша түсінік береді.

4.Зерттеуге алынған препаратты, онымен қалай жұмыс жасау керектігі туралы айтады.

5. Жұмыс жасау тәсілдерін айтады.

6. Оқушылар арнайы зертханалық жұмысты қорытындылау дәптеріне жұмыстың жүру барысын жазып, жұмыстың нәтижесін түсіндіреді [6.345 бет].