Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Муратова Айдана.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
64.89 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

Педагогика факультеті

«Биология және география» кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

«Биология және география»

кафедрасының меңгерушісі

т.ғ.к. доцент Бисенова Л.Е.

« » желтоқсан 2014 ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Теориялық білім мен практиканың байланысын жүзеге асыру (Жеке тақырыптар мысалында)»

5В011300 — «Биология»мамандығы бойынша

Орындаған Мұратова Айдана Мұратқызы

студент «» желтоқсан 2014 ж.

Жетекші Мамаева Жантөре Жәкішқызы

(п.ғ.к.доцент) « » желтоқсан 2014 ж.

Ақтау, 2014

Жоспар

Кіріспе.......................................................................................................................3

I.Негізгі бөлім.Теориялық білім мен практиканың байланысын жүзеге асырудың негіздері..................................................................................................4

1.1.Теориялық білім берудің жолдары...............................................................7

1.2.Биология сабағында практикалық жұмысты өткізудің әдістері..............19

1.3. Теориялық білім мен практиканы байланыстырудың тәрбиелік мәні...23

II.Қорытынды.............................................................................................................

III.Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................................

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде адамды қалыптастыруға және кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, яғни оқудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы «Қазақстан-2050» даму бағдарламасында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіліп кемелденеді, жас шәкірттер онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік өкілдері болады. Бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге дайын. Олар барлық әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады» деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш – білімге ғана тән.

Мектеп қабырғасында белгілі бағдарламаға сәйкес оқу үрдісін ұйымдастырудың басты түрі – сабақ.Бұл процестегі негізгі рөлді мұғалім атқарады.Сабақ белгілі анықталған уақыт мерзімінде, сыныпта, арнаулы оқушылардың тобымен, әрбір оқушының психо-физиологиялық ерекшеліктеріне қарай, әртүрлі әдіс-тәсілдердің түрлерін қолданып, әрбір оқушыға қолайлы жағдай жасап, тақырыпқа байланысты берілген материалды игеріп, оқушының шығармашылық қабілеттігін, танымдық қасиетін дамытуға, білім, біліктілігін, тәрбиесін қалыптастыруға бағытталған оқу процесінің түрі.

Осыған байланысты сабақтың түрлерімен жіктеудің де өзіне тән ерекшеліктері бар.Олар мынандай:

-оқылатын тақырыптың мазмұнына жалпы қорытынды жасау;

-белгіленген жоспарға сай оқу материалын белгілі ретпен игеру;

-жоспарға байланысты басты қағидаларды жалпылама қорытындылай, бекітіп тұжырымдама жасау;

-берілген материалды оқушылардың қалай меңгергендігін анықтай отырып, әрбір тұжырымына және ережелеріне тоқтап нақтылау;

-өткен тақырып материалдарының негізгі қағидаларын еске түсіре отырып, үй тапсырмасын бағалау;

-жаңа материалды игеруді ұйымдастыру мен қатар, оны түсіндіру;

-өткен тақырып бойынша білім сапасын тексере отырып, бекіту және қорытындылау;

-білімін, біліктілігін, шеберлігін, дағдысын практика жүзінде қолдана білу [1.95-96бет].

Зерттеу мақсаты: Теориялық білім мен практиканың байланысын меңгеру.

Зерттеу обьектісі: Биология пәнін оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні: Биологияны оқыту әдістемесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Теориялық білім мен практиканың байланысын тиімді жолмен жүзеге асыруды үйрену.

Зерттеу әдістері: Дипломдық жұмыста қарастырылған зерттеу әдістері жан-жақты талданды. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен және мақалалармен танысып, оларды басшылыққа ала отырып, ашық сабақ өткізіп, практикалық тұрғыдан деңгейлік тапсырмалар беріліп, оқушылардың білім нәтижелері тексерілді. Сонымен қатар оқушылармен әңгімелер өткізіп, анкета, тесттік, бақылау жұмыстарын жүргізу арқылы жасалған жұмыстың тиімділігі зерттелді.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конститутциясы, ҚР «Білім туралы заңы», ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, оқу бағдарламалары, тұжырымдамалар, ғылыми және әдістемелік әдебиеттер т.б.

Зерттеу кезеңдері: Алғашқы кезеңде биологиядан әдістемелік оқулықтардағы, ғылыми басылымдардағы, жеке зерттеулердегі жаңа ақпараттық техникалық құралдармен танысып, оларға талдау жасалды.

Негізгі кезең. Орта мектептегі биология курсынан деңгейлік сабақтарға қатысты өткізілетін тақырыптарға тапсырмалар дайындап, жоспары құрылып, оны өз іс- тәжірибемде пайдалана отырып, педагогикалық сынақтан өткіздім.

Аяқталу кезеңінде зерттеу болжамы нақтыланып, биология пәнін оқытудағы теорияны іс- тәжірибемен ұштастыруды көбірек пайдаланудың тиімділігіне көз жеткізілді. Әсіресе соңғы кезде оқыту әдістемесіне енгізіле бастаған оқытудың жаңа әдістері,деңгейлік тапсырмаларды бірнеше үлгіде пайдалану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын жетілдіруге көмектесетіндігі анықталды.

Зерттеудің ғылыми практикалық маңыздылығы:Теорилық білім мен практиканың байланысын жүзеге асырудың тиімділігін анықтау.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.