
- •Информатика ғылым және техниканың бірлестігі. Қазіргі информатика құрылымы. Ғылым жүйесіндегі информатиканың орны.
- •Ақпарат, оның түрлері және қасиеттері. Ақпараттың бейнеленуінің әртүрлі деңгейлері.
- •Ақпарат берудің екілік жүйесі дегеніміз не? Бит, Байт ұғымдарын қалай түсінеміз?
- •Мәліметті тасушылар. Мәліметтермен операциялар
- •Дискретті математиканың негізі. Функция, қатынас және жиын. Логика негізі, логикалық ойларды айту, логикалық байланыстар, ақиқаттылық кестелері.
- •Компьютердің логикалық элементтері: логикалық вентилдер, триггерлер, санауыштар, регистрлер.
- •9.Сандық мәліметтердің берілуі. Санау жүйесі. Эем-де ақпаратты көрсету
- •10.Машинаны ұйымдастыру: Фон-Нейман принципі, басқару құрылғылары, команда жүйелері мен типтері.
Ақпарат берудің екілік жүйесі дегеніміз не? Бит, Байт ұғымдарын қалай түсінеміз?
Екілік санау жүйесі. Компьютерде позициялық негізі 2 болатын екілік санау жүйесі қолданылады. Екілік санау жүйесінде кез-келгенсан 0 және 1 цифрларының көмегімен жазылады және екіліксанау жүйесі деп аталады. Берілген санның индексінде 2 саны көрсетілсе ол – екілік санау жүйесі. Екілік санның барлық цифрын (дәрежесін) бит деп атаймыз.Ондық санау жүйесіндегі сияқты екілік санау жүйесінде де кез-келген санды қосынды түрінде жазуға болады.
Мысалы, 1010101,101(2) = 1*2ның 6дәрежесі + 0*2ның 5д.
Бит (ағылш. binary digit; сонымен қатар сөздер ойыны: ағылш. bit — аздап) - БИТ (ағылш. bіt, bіnary — екілік және dіgіt — белгі, цифр сөздерінен қысқартылып алынған) — ақпарат мөлшерін өлшейтін екілік бірлік;
Бақылау биттері (Контрольные биты; check bits) — мәліметтерді жеткізу немесе сақтау кезінде қателерді табуға арналған қолғабыстық биттер; мәліметтердің дұрыстығын тексеруге қосымша берілетін бит. Құрастырылған екілік бірліктің қосындысы, бақылау битінің бірлігін қоса алғанда, әрқашан жұп, әйтпесе тақ болуы тиіс.
Байт (Byte) — 1) ақпарат мөлшерінің бірлігі немесе 8 битке (екілік цифр) тең компьютердегі жад. Айтарлықтай ірі ақпарат бірлігі: 1 килобайт (Кбайт) 1024 байтқа тең, ал 1 мегабайт (Мбайт) 1042 Кбайтқа тең; 2) адрес иемдене алатын ең аз бірлік. Әрбір байт мәліметтердің бір таңбасына — әріпке, цифрға немесе символға сәйкес келеді. Байттар — компьютердің қуатын өлшеудің немесе оның дискілердегі сақтауыш құрылғысының сыйымдылығының стандартты бірлігі. Өңделетін ақпараттың нысаналық көлемі (жаңа есептеу құралдарында) — секундына 100 килобайт, өндеу көлемі — ақпараттың әрбір байтына 50—55 арифметикалық операция; 3) сегіз биттен және бір бақылау битінен түратын машиналық сөздің стандартты бөлігі. Әрбір байт компьютерде біртұтас бүтін ретінде өңделеді.
Мәліметті тасушылар. Мәліметтермен операциялар
Ақпарат тасушы-акпаратты бекітуге, сактауға, таратуға және пайдалануға арналған материалдык объект (басылым, микроформа, магниттік таспа,оптикалык диск)
Мәліметтермен амал-әрекет жасау (манипулирование данными; manipulation) — мәліметтер базасын басқару жүйесінде — мәліметтер базасымен орындалатын операциялар жиынтығы: мәліметтер базасын ашу және жабу, жобаларды іздестіру, оқу, жаңарту, үстемелеу, жою.
Дискретті математиканың негізі. Функция, қатынас және жиын. Логика негізі, логикалық ойларды айту, логикалық байланыстар, ақиқаттылық кестелері.
Дискреттік Математика– математиканың дискретті құрылымдардың қасиеттерін зерттейтін саласы. Мұндай құрылымдарға шектеулі топтар, шектеуліграфтар, сондай-ақ, ақпаратты түрлендіргіш кейбір матем. модельдер, шектеулі автоматтар, Тьюринг машинасы, т.б. жатады.
Дискретті математика компьютерлік техниканың қарқынды дамуымен байланысты, яғни ақпаратты тасымалдау мен өңдеу тәсілдерінің қажеттігінен, әртүрлі модельдерді компьютерде беруінен көрінеді. Бұл жоғарыда айтқан математиканың соңғы сипатындағы сұлбалары.
Дискретті математика :
формальды елестетудің әмбебап тілі;
ақпаратты тиімді ауыстыру тәсілі;
бір тілден екінші тілге көшкенде модельдің мазмұнды сақтап қалу шарты мен мүмкіндігін береді.
Жиын үғымы басқа жай ұғымдар арқылы анықтауға келмейтін математиканың ең алғашқы қарапайым үғымдарының бірі болып табылады. Математикада белгілі бір ортақ қасиеттер арқылы шоғырланған немесе ойымызға біртұтас ұғым туғызатын кез келген топты жиын деп түсінеді. Мысалы, аудиториядағы студенттер жиыны, бүтін сандар жиыны, теңдеу шешімдерінің жиыны тағы басқалар туралы айтуға болады. Жиынды құрайтын заттар немесе объектілердің әрқайсысын жиынның элементі деп атайды.
Жиын латын альфавитінің бас әріптерімен А, В, С, ...., ал элементтері жазба әріптерімен а, в, с, ...., белгіленеді.
Элементтерінің саны нақты бір санға тең болатын жиындарды, ақырлы жиындар деп атайды.
Элементтер саны ақырсыз көп болып келген жиынды ақырсыз жиын деп атайды. Бірде – бір элементі жоқ жиынды бос (құр) жиын деп атайды.
Функция f(x1,…, xn) Буль функциясы деп аталады, егер оның аргументтері және өзі екі 0 немесе 1 мәндерін ғана қабылдаса.
f(x1,…,
xn)
функциясының аргументтері x1,…,
xn
белігілі мәндер қабылдасын:
;
;
...;
осы мәндердің белгілі тәртіппен
реттелуін аргументтер мәндерінің
құрамасы деп атаймыз. Мәндердің санын
құраманың ұзындығы деп атаймыз. Ұзындығы
n–ге тең құраманы былайша белігілейміз;
Р2 жиынының ішкі жиыны болатын система P={f1,…,fs} толық деп аталады, егер әрбір Буль функциясы Р системасы үстіндегі формуламен реализацияланатын болса
Р системасының тұйығы деп осы жиынның үстіндегі формуламен реализацияланатын барлық Буль функцияларының жиынын айтамыз. [P] символымен Р системасының тұйығын белгілейміз.
f
функциясын өзіне-өзі қосалқы функция
дейміз, егер f*=
f болса.
және
қарама-қарсы құрамалар деп атаймыз.