Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика жауаптар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
128.51 Кб
Скачать
  1. Информатика ғылым және техниканың бірлестігі. Қазіргі информатика құрылымы. Ғылым жүйесіндегі информатиканың орны.

Информатика – есептеу техникасы құралдарының көмегiмен мәлiметтердi қабылдау, құру, сақтау, түрлендiру, өңдеу және жеткiзу тәсiлдерiн жүйеге келтiретiн жаңа техникалық ғылыми пән. Информатика пәнi келесiдей ұғымдарды қарастырдаы

-         есептеу техникасы құралдарының аппараттық жасақтамасы;

-         есептеу техникасы құралдарының программалық жасақтамасы;

-         аппараттық және программалық жасақтамалардың өзара әсерлесу құралдары;

-         аппараттық және программалық құралдармен адамның өзара әсерлесу құралдары. «Информатика» термині латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау деген мағынаны білдіреді. Жалпы алғанда информация – таңбалар мен сигналдар (белгілер) түрінде берілген әлемнің, заттың бейнесі болып табылады.

Информатика — қолдану диапазоны кең ғылым саласы. Оның негізгі бағыттары:

•         Ақпараттар теориясы

•         Кибернетика

•         Жасанды интеллект

•         Программалау

•         Ақпаратты қорғау және т.б.

Қазіргі кезде информатика пәні негізінен үш құрама бөліктен тұрады:

— теориялық информатика – информация мен информациялық үрдістердің   құрылымы мен жалпы қасиеттерін зерттейтін, информациялық техника мен технологияны құрастырудың жалпы қағидаларын көрсететін информатика бөлігі; онда математикалық әдістер, алгоритмдер мен автоматтар теориясы, кодтар теориясы, операцияларды зерттеу, формальді тілдер мен грамматикалар теориясы және т.б. қарастырылады;

— информатизация құралдары (hardware — техникалық және software — программалық) – есептеуші құралдардың көмегімен деректерді өңдеу және жеткізу жүйелері жөнінде, оларды программамен жабдықтауға байланысты мәселелермен айналысатын бөлім;

— информациялық жүйелер мен технологиялар —  информация ағымын талдау, оны әртүрлі күрделі жүйелерде  құрылымдау, ол жүйелерде информациялық үрдістерді жүзеге асыруға байланысты мәселелерді шешуге арналған бөлім.

Ғылым тұрғысынан информатиканың пәні – ақпараттық үрдістерге (бұл ұғымның кең мағынасында) тән жалпы заңдылықтарды зерттеу.

Информатиканың кегізгі зерттеу объектісі қазіргі заман қоғамындағы адам іс-әрекетінің барлық салаларын қамтып келе жатқан ақпараттандыру және компьютерлендіру үрдісі болып табылады. Дәлдеп айтсақ, бұл – ақпаратты жинау, өндеу, беру және қолданудың арнайы технологиясына сүйенген автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (АЖ) арқылы жүзеге асырылатын ақпараттық технологиялар (АТ). Ақпараттық технологиялар – ақпараттық ресурстарды (АР) қолдану үрдістерінің ауырлығын төмендету, АР сенімділігі мен оперативтігін арттыру мақсатымен ақпаратты жинау, өңдеу, тарату және бейнелеуді қамтамасыз ететін, технологиялық тізбекке біріктірілген әдістер, өндірістік үрдістер мен программа-техникалық құралдардың жиынтығы. Ақпараттық технологиялар материалды-техникалық қорлар, математикалық, программалық тұрғыдан қарастырылады.

  1. Ақпарат, оның түрлері және қасиеттері. Ақпараттың бейнеленуінің әртүрлі деңгейлері.

Ақапарат қасиеттері:

1.Сенімділігі-егер ақапарат істің растығын белгілейтін болса ол сенімді ақпарат.

2.Анықтылық-гер ақпарат істі толық ашатын болса,ол анық ақпарат болғаны.

3.Толықтық-егер ақапарат түсінікті болса ол толық ақпарат.

4.Дәлділік-егер ақпарат істі дәл анықтап берсе онда дәлділік ақпарат.

5.Нақтылығы-объективті жағдайының ақиқаттылығын бейнелейді.

6.Адекваттылық-жұмыстың нақты объективті күйінің сәйкестік дәрежесін білдіретін қасиет.

7.Қол жетімдігі-керек ақпаратты алу мүмкінділігінің шамасын анықтайды.

8.Маңыздылығы-ақпараттың ағымды уақытпен сәйкестігін анықтайды.

9.Объективтігі-ақпараттың бұрмалану дәрежесін анықтайды.

10.Түсініктілік-ақпарат жіберілген адамның пайдаланатын тілінде берілу керек.

Ақпараттүрлері:әлеуметтік,экономикалық;техникалық;биологиялық;биологиялық;физикалық ж/е т.б.Ақпарат шығу облысына қарай: қарапайым- жансыз табиғатта болып жатқан құбылыстар;бтологиялық- өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі процестер;әлеуметтік-қоғамдағы адамадар туралы процесті бейнелейді. Сонымен қатар ақпарат мына түрлерде болуы мүмкін:

•  мəтіндер, суреттер, сызбалар, фотосуреттер;

•  жарық немесе дыбыс сигналдары;

•  радиотолқындар;

•  электрлік жəне нервтік импульстер;

•  магниттік жазбалар;

•  ымдар мен қимылдар;

•  иістер мен дəм сезінулер;

•  ағзалардың белгілері мен қасиеттері ұрпақтарға беріліп отыратын

хромосомдар жəне т.б.