Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГрафДизОйдБейнДәріс1-7.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.6 Mб
Скачать

Дәріс № 7. Графикалық дизайн саласындағы заманауи технологиялар мен материалдарды қолдану технологиялары

Графикалық дизайн саласының өнімдерін әзiрлеу процесiнде заманауи технологияларды және кәдесый өнiмдері мен сыртқы жарнама жасауда сапалы материалдар пайдалану қажет. Кәдесый өнiмдеріне: фарфордан жасалған ыдыс-аяқтар, қалта айнасы, ұлттық өрнектiң элементтерi бар салпыншақтар, былғарыдан жасалған әйгі салғыш (визиткница), логотип бейнесі бар салпыншақ, кеңсе кәдесыйлары, дорбалар, телефон қаптамалары, қаламсаптар, блокноттар т.б.

Көшелереді рәсiмдеу үшiн билбордттар үшін сальвентті материал пайдаланылды.

Коммуникативтік және жарнамалық өнiм жасаудағы өндiрiс технологияларының ерекшеліктеріне тоқталып өтейік. Әуелде ыдысқа бейнені басып шығару технологиясымен танысу қажет деп санаймыз. Ыдысқа бейнені басып шығару үшiн деколирлеу әдiсi пайдаланылады. Деколирлеу – бұл заттың бет жағына көшiрме суретті пайдаланып, бейненi жоғары температура күйдiру. Бейнені плашка түрiнде ғана емес, фотосуретті де басуға болады. Бейне өлшемі шектелмейдi, ал бейне сапасы жоғары (ыдыс жуатын машиналарда жууға болады). Тампон мөрiнің технологиясының арқасында бұйымдарға көп түстi бейнелерді пайдаланып, әр түрлi сұйықты сiңiретін және сiңiрмейтін материалдарды пластмасса, резеңке, шыны және керамика, ағаш, терi, металдар және металл балқымалары т.б пайдалануға болады. Тампон баспа станогi түрлі түсті бейнені бұйымға (клише) терең пiшiнді мөрдiң басылуы арқылы икемдi тампон көмегiмен жасалады. Ыдысқа шелкотрафаретті бейнені мынадай технологияларды қолдану арқылы жасайды: пластизоль, сулы, металдан жасалған (глитер), жарық шағылыстыратын, флуоресценциялы, маржан, фосфоренциялы, ультрагель, фольгамен өрнек салу, т.б.

Фарфорға басылатын түс керамикаға басылатын түстен ашықтау болып шығатынын ескеру керек. Күйдiру процесiнде бояулар 15 %-ға дейін өз түсін өзгертеді, сондықтан түстердiң сәйкес келмей қалуын алдын-ала болжау арқылы реттеу керек.

Ендігі кезекте лазермен ою технологиясы туралы сөз болады. Лазермен ою мен кесу әдiсi – монохромды лазер сәулесінің кіші диаметрмен шығару кезінде қуаттың тығыздылығы өте жоғары болуымен ерекшеленеді. Мұндай әсер нәтижеде материалдың бет жағы өзгеріп, бейне пайда болғанын бақылай аламыз (ою, таңба). Лазер сәулесінің параметрлерiн дұрыс пайдаланған нәтижесінде заттың бет жағына қажеттi ою, таңбалауды жасауға болады. Шыққан нәтиже – лазерсәулесі әсер еткен заттың фактурасына да тәуелді.

Лазермен ою технологиясының жалпы ережелері мынадай:

1. Лазермен ою технологиясы бұйымның бет жағының артық бөлiктерін лазер сәулесі арқылы алып тастау арқылы жасалады. Шыныдан жасалған бұйымдарою үшін оның ішкі құрылымыарқылы жасалуы мүмкiн. Оюдың оптикалық тығыздығы– 508dpi болуы қажет. Жұмыс барысында – штрих немесе растрлы бейнелер пайдаланылады.

2. Түпнұсқалар кез-келген векторлық қалыптағы файл түрiнде берiледi.

3. Оюды түрлі-түсті жасау мүмкiн емес.

4. Бейнелердi ою үшiн негiз ретіндебиiк температурдапішінін өзгертетiн (балқу, деформациялану) кез-келген материалды пайдалануға болады.

5. Лазермен оюға арналған жабдықтың ою өнiмдiлiгiнің процесi бейненiң күрделiлiгіне байланысты болады.

Келесі тоқталып өтетініміз - Өрнек салу технологиясы болып табылады.

Өрнек салу –полиграфияда терiден жасалған бұйымдарға логотип басып шығару үшiн немесе iскери өнiмдерге, визиткалар мен қағаздан жасалған папкаларды көркем рәсiмдеу үшiн пайдаланылады.Бұйымға ыстық өрнек салу үшiн арнайы құрылғының 300 градус температурада қыздырып, клише арқылы жасалады.

Өрнек салу технологиясының жалпы ережелері төменгідей:

  1. Өрнек салудың (тиснение) технологиясы бейнелерге металл немесе полимерлiк (пластиктен жасалған) клишенің көмегімен материалға басылу жолымен жасалады. Металдан жасалған клише көмегімен (цинктен жасалған клише; өндеу тереңдiгi 0.5 мм дейiн) немесе (жезден жасалған клише; өндеу тереңдiгi 1.7 мм дейiн) механикалық оюжолымен жасалады. Терiге, терi алмастырғыш заттарға өрнек салу үшiн жезден жасалғанклише пайдаланылады. Барлық қалған жағдайларда цинктен Клишосын пайдаланады. Өрнек салудың түрлерi: ыстық өрнек салу - затқа бейнелердi басу, «жалаңаш» клише–«блинт»немесе фольгамен өрнек салу жәнеконгрев өрнек салу – дөңесбейнелердi басу.

  2. Түпнұсқа материалдарыныңфайлывектор түрiнде берiледi. Шрифт –«кривые» немесе ttf, type1 қалыпта болуы шарт.

  3. Бейнелердi басу үшiн немесе өрнек салу үшiн негiз ретінде жоғары температурада өзгеріске ұшырайтын кез-келген материал болуы мүмкін. Бейненің максималды өлшемі - 200х200 мм.

  4. жабдықтың өрнек салу өнiмдiлiгiнің процесi«люкс» сапасында күніне – 1000 дана. Өнiмдiлiктiң сипаттамасы клишенің күрделiлiгіне байланысты болады. Басу процесі кезіндегі орны толмас ақауды ықтималдылығы – 2-3%-ға дейiн.

  5. Басылған бейнелердiң төзiмдiлiгi: (агрессивтi химиялық заттардың әсері, 100 С температурада деструкциялы механикалық әсер бомаса) қағаздан жасалған бұйымдар«өмiршең»болады, ал пластиктен, терi алмастырғыш, табиғи терiбұйымдарыны 12 айға дейінтөзімді болып келеді.

Тампобасылым технологиясынына сипаттама жасаймых. Тампобасылым бағасының арзан болуына және сапасының жоғары болуынабайланыстыкәдесыйлықтарға, қалам, ыдыс-аяқ, күлсалғыш, брелок және т.б заттарға логотип басудың ең әйгiлi тәсілі болып отыр.

Жалпы ережелері мынадай:

1. Технологиясызатқа силикон тампонның көмегiмен фотополимерлі немесе металл клишемен бейнелердi тасымалдау. Басудың оптикалық тығыздығы - 400 dpi-ге дейiн және штрих бейнелермен ғана жұмыс жасауға болады.

2. Басылымдағы түс стандартты Pantone(spotcoated/uncoated)шкаласы бойынша жүзеге асырылады. (processPantone пайдалануға болмайды)

  1. Басылған бейнелердiң төзiмдiлiгi: (агрессивтi химиялық заттардың әсері, 60 С температурада деструкциялы механикалық әсер бомаса) қағаздан жасалған бұйымдар «өмiршең» болады, ал пластиктен, терi алмастырғыш, табиғи терiбұйымдарыны 2-6 айға дейінтөзімді болып келеді. Ал шыныдан жасалған бұйымдар мен керамика 6 айға дейін төзімді.

Кең қалыпты басылым технологиясының сипаттамасына тоқталып өтейік. Сыртқы жарнама үшiнең кең таралған және бейнелердi жасаудың жетiлгентәсiлiболып табылады. Түрлi түстi плоттерлер қағазға, өзi жабысатын қабыршаққа, винил матасы(баннер), торға т.б. әр түрлi негiздерге басып шығарады. Қазiргі таңда сольвентті сиямен, УФ-сиямен басылатын технологиялар үлкен сұранысқа ие (пластикке, металл т.б. мұнда ультракүлгiн сәуле шығарудың әсерiнен басылымда тез арада кристалдану процессі жүреді. (құрғау)

Ендігі кезекте баннер материалдарының түрлеріне талдау жасауды жөн көрдік. Сольвентті басылым үшiн баннер матасы – негiзіндеполиэфир торы мен екi жақты ақ түстi винил илемдi жамылғысынан тұрады. Баннер матасы созылған жағдайда да өлшемін жоғалтпайды. Сонымен қатар құрамында арнайы химиялықзаттар қоспасы болғандықтан, әр түрлі сыртқы факторлар (УФ-сәулелер, көшедегi агрессивтi орта әсері) әсерінен баннер матасы тозбайды. Өндiрiстесыртқы жарықтың көмегімен интерьер және көше жарнамалары үшiн пайдаланылады.

Қағаз. Сольвентті басылым үшін арнайы сол технологияға арналған жамылғысы бар қағаз пайдаланылады және бейненің айқын шығып, сыртқы бет жағындағы сиялардың құрғауын үлкен жылдамдықпен құрғауын қамтамасыз етеді. Бұл материалдар қосымша жамылғылар мен салмағына, түріне (ақ, жылтыр, жартылай жылтыр, т.б.) байланысты ажыратылады. Қағаздар (көпшiлiк жағдайда)әр түрлi сиямен жасалатын композициялардың негiзде үйлесiмдi болып келеді. Ең кең таралған баннер түрі – қалқан жарнамаға арналған плакатты қағаздар.

Сольвентті басылым үшін өзi жабысатын қабыршақ.

Мөлдiр емес өзi жабысатын қабыршақ.Винил қабыршақтары –арнайы жамылғысы бар, толық түстi басылымға арналған, әрі мықты, ылғал және жылуға шыдамды материалдарды атайды. BackLit – интерьер және көше жарнамаларына арналған өзi жабысатын қабыршақ.

Тор. Тор - иiлгiш, жеңiл, мықты материал болып табылады.Ол - жарнамарды, көрмелерді, мұражайларды, театрларды әрлеуге арналған кең қолданысқа ие зат. Дайын басылымды ғимарат ішіндегі жарыққа ғана пайдалануға болады. (тiптi терезеден түсетін күн жарығы бейненің айқындығын төмендетуiне әкеледі)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]