Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГрафДизОйдБейнДәріс1-7.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.6 Mб
Скачать

Дәріс №6. Графикалық дизайн саласының өнімдерін өндіру технологияларына сипаттама

Көріністі көзбен қабылдау – адамның қабылдауларының ең қарапайым түрi болып табылады. Көрiп қабылданатын объектiлер жек көру сияқты сезімді сирек шақырады және ақпараттың жақсы меңгерiлуін, есте сақтауды тезiрек қалыптастырады. Шапшаң қабылдаудың қалыптасуы BTL технологиялардың көп құралдарының бiрi ретінде көрініс объектiлерiн көз мөлшерімен қолдануға мүмкiндiк туғызды.

Тауарды немесе қызметті өткізу процесiнде өнiмнің танымдылық дәрежесi және оның нарықта пайда болған уақыттан, тұтынушының тауарды қабылдауы маңызды рөл ойнайды.

Қабылдауды қалыптастыру үшiн және өнiмнiң танымдылығының дәрежесiн жоғарылату мақсатында маркетологтар «көрініс байланыстарын» пайдаланады. Элементтер ретiнде көрініс байланыстарына жарнамалық қалқандар, жарнамалық проспектілер мен тауар бүктемелері, өнім орамасы, графика түрiнде және теледидар жарнамасы және сатып алушының көру аумағында жиi кездесетін тағы басқа өнімдер жатады.

Коммуникациялық объектiлерiн әрлендiруде обьект рәсімдеу стилі мен дизайнын, түстік шешімін дұрыс таңдау және пайдаланылатын материалдар сапасының жоғары болуы өте маңызды. Соңғы кезде маркетологтар түстердiң психологиялық әсеріне жиі назар аударып жүр. Қазіргі кезде күңгірт-жасыл, сұр, алтын түстес түстер сенiмдiлiк пен ақша белгісі екені дәлелденген, сондықтан көптеген банктер логотиптерінде дәл осы түстерді пайдаланады.

Жоғарыда атап айтқандай, коммуникациялық объектiлер материалдарының сапасы маңызды рөл ойнайды, оған мысал ретiнде жарнамалық стендті алуға болады. Әдетте тұтынушылар кәсiпорынның стендi арқылы кәсіпорынның тауарын немесе қызметінің сапасын сонымен өлшейді. Стендтегi бояу түстері кәсiпорынның айнасы деп те айтуға болады.

Көрініс коммуникациясы нарықтағы барлық санаттағы орындарда тауар мен қызметті өткізу мақсатында пайдаланылады.

Көрініс коммуникациясының негiзгi артықшылығы оның тұтынушылардың тез қабылдауы және сол ақпаратқа байланысты шапшаң қимыл жасауында. Көрініс коммуникациясы байланыстардың басқа әдiстерiмен салыстырғанда тұтынушының мазасын алмайды.

Алайда бұл әдістің терiс қасиеттері де бар, мысалы, жарнамалық акцияларды жүргiзу кезінде көрініс коммуникациясын мұқият ойластыру керек, себебі, сәтсiз мысал тұтынушылардың санасында ұзақ уақытқалып қою мүмкін.

Көрініс коммуникациясы дұрыс жоспарланған жағдайда, компанияның имиджі қалыптасады және тауардың танымдылығы артады.

Графикалық көрініс түрiндегі элементтер кешеніне барлық iшкi, сыртқы рәсiмдеулер, фирмалық стильдің квинтэссенциясы кiредi және Бүкіләлемдік ЕХРО көрмесіне байланысты iс-шаралардың символикасы, сонымен бiрге көрме маркетингiнiң ең маңызды құралдары жатады.

2017 Жылы Астана қаласында өтетін Бүкіләлемдік ехро көрмесінің имидж өнiмi – қонақтарға арналған кәдесый, жанкүйерлер мен қатысушыларға арналған өнімдер бұл:

  • кәдесый өнімдері;

  • фирмалық киiм брэнді;

  • іс-шараның аудио және видео материалдары бар ақпаратты сақтаушылар;

  • тарату үшiн жасалатын және функционалды міндетті атқаратын полиграфиялық өнімдер (билет, плакат және т.б.);

  • осы шараға арнайы жасалатын және негізгі нышаны мен элементтері бар әр түрлi заттар (марка, таңба, тиындар).

Кәдесый (сувенир) өнiмін жасау технологиясын сипаттап кетейік. Кәдесыйларды жасау – жарнамалық – кәдесый өнiмдерді жасау процесінің басым бағыттарының бiрi. Кәдесый жасауда компанияның логотипі бейнесімен шығатын әр түрлi өнімдерді атаймыз: баспа өнiмi, блокноттар, күнделiктер, iскери жиынтықтар, күнтiзбелер, аксессуарлар, сағат, әйгі (визитка), органайзерлер, сөмкелер және т.б.

Кәдесый жасауда бiлiм мен тәжiрибеден басқа, құрылыс базасы қажет және қысқа мерзiмнiң ішінде шапшаң әрекет жасап, үйлестiру процессі маңызды. Тек осы аталғандар бар болған жағдайда ғана кәдесый өнiмдерін жасауды жүзеге асыруға болады. Кәдесый өнiмдерін жасауда мамандарды мұқият таңдау керек, себебі сәттi жасалған кәдесый ұзақ уақыт жарнама ретінде қызмет ете алады.

Жарнамалық кәдесый өнiмі – тұтынушылар мен клиенттердiң арасында таратылатын әртүрлi сыйлықтар жарнаманың өзiндiк бiр түрi болып табылады. Жарнамалық кәдесый өнiмдері белгiлi бір шығындарды құраса да, тиiмдi болып табылады.

Жарнамалық кәдесый өнiмдері үш топқа бөлінедi: полиграфиялық өнiм, бұйымға басып шығару және iскери сыйлықтар.

Бүгiнгі таңда ұсынылатын жарнамалық кәдесый өнiмдері:

- Полиграфиялық жарнамалық кәдесый өнімдері – плакаттар, күнтiзбелер, блокноттар, тiзiмдемелер, бүктемелер және т.б. Қазіргі таңда өте дамыған және кең таралған саланың бірі.

- Бұйымға басып шығару 200-ден аса түрі бар, оның ішінде алуан түрлi кәдесыйлар бар: автоқалам, шақпақ, сағаттар, саптыаяқ, ыдыс жиынтықтары, кеңсе және компьютер аксессуарлары және т.б. Бұл жарнамалық өнiмдi тұтынушылар ұзақ уақыт пайдаланады және бұл оның артықшылығы болып табылады.

- Iскери сыйлықтар немесе бизнес сыйлықтар клиенттерге, серiктестерге, қызметкерлерге сыйлау мақсатында пайдаланады. Iскери сыйлықтар белгiлi тұтынушыларға есептелiнген, сондықтан олар әдетте қымбат тұрады.

Сондай-ақ авторлық кәдесый өнімдері бар. Олар тапсырыс берушінің белгiсін қолданып, бұйымдардың қайталанбайтындығымен ерекшеленеді. Онда фирманың ерекшелiгі, мiнезi, эмоционалды реңі, мүмкiндiктері барынша ескеріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]