- •Дәріс № 1. Коммуникативтік көрініс ортасын құрылымдаудың ғылыми-теориялық негіздері
- •Дәріс № 2. Графикалық дизайн ұғымы мен қалыптасу тарихына шолу
- •Дәріс № 3. Графикалық дизайн – үйлесімді және тиімді визуалды-коммуникативті орта құрастыруға бағытталған көркем-жобалық қызмет түрі ретінде
- •Графикалық дизайнның бөлімдері:
- •Графикалық дизайнның басты өнімдеріне:
- •Дәріс № 4. Заманауи мәдениеттегі визуалды ренессанс
- •Дәріс №5. Көрініс коммуникациясының элементтерінің жіктелуі
- •Дәріс №6. Графикалық дизайн саласының өнімдерін өндіру технологияларына сипаттама
- •2017 Жылы Астана қаласында өтетін Бүкіләлемдік ехро көрмесінің имидж өнiмi – қонақтарға арналған кәдесый, жанкүйерлер мен қатысушыларға арналған өнімдер бұл:
- •Дәріс № 7. Графикалық дизайн саласындағы заманауи технологиялар мен материалдарды қолдану технологиялары
- •Міндетті және қосымша әдебиеттер тізімі
Дәріс № 4. Заманауи мәдениеттегі визуалды ренессанс
Жиырмасыншы ғасыр өркениет тарихына энергияның жаңа түрлерін ашу – ядролық және термоядролық, сондай-ақ ақпараттық-коммуникативтік «жарылыс» дәуірі ретінде енді.
Фоторгафияның және ақпараттық технологиялардың пайда болуы мен дамуы қоғамның түрлі идеяларды визуалды формалар арқылы жеткізу және ақпаратты визуалды құралдар көмегімен таратуға деген қызығушылығын оятты.
«Кино және телевидение ақпарат ағымын ұлғайтып, көрермен санасына айтарлықтай әсер етуде. Қазіргі кезеңде адам ақпаратты «картинада қапталған» түрінде, көру бейнелер түрінде, әріптер түрінде берілген формалардан кем емес көлемде қабылдайды. Картина сөзге, хабарға айналды» (1, б. 18).
Біздің заманымыздағы мәдениет визуалды ренессанс дәуірін бастан кешуде. Ақпараттық технологиялар дамуының салдарынан пайда болған қоғамның ойлау саласындағы өзгерістер ХХ ғасырдағы ғылымның, өнердің және жобалау мәдениетінің дамуына әсерін тигізді.
«Соңғы он жыл ішінде кибернетика, математикалық логика, құрылымдық лингвистика, сонымен қатар басқа да салалардағы ашылған жаңалықтар заманауи ойлау типтері мен тәсілдеріне ықпал етпей қойған жоқ. Нәтижесінде «көкжиек кеңірек ашылды». Кибернетикалық ойлаудың пайда болуы жалпылама мәні бар жаңа фундементалды көзқарастардың туындауымен қатар өрбуде. «Материя», «энергия» түсініктерімен қатар сана ақпарат деп аталатын өз кезегінде зор өзгеріске ұшыратқан жаңа құбылыс шеңберін бөліп шығарды» (3, б.4).
Өркениет тарихында Маклюэннің пайымдауынша екі коммуникативтік революциялар болды. Біріншісі Гутенбергтің баспа қондырғысын ойлап табуымен, екіншісі ХХ ғасырда көпшілік коммуникациялардың электрондық және электрлік құралдарының дамуы салдарынан болды». Оқшауланып кітапқа үңіліп, ойға шомған, өз ойын түзіп, бірдеңені жоспарлап, бірдеңе туралы армандап отырған оқырманның орынын «ауызы ашылып, көздері оттай жанған телекөрермен экранға тесілген «осында» және «қазірге» шомылған телекөрермен басты (3. б. 234).
Дәріс №5. Көрініс коммуникациясының элементтерінің жіктелуі
Графикалық дизайнның басты салаларының қатарына көрініс-коммуникативтік орта ұйымдастыруды жатқызамыз. Өйткенi жобалаушы коммуникативті ортаны қалыптастыру кезінде көрініс элементтерiн жасауда көп жағдайда графикалық материалдар мен тәсiлдердi пайдаланады. Мысалы, көрініс-коммуникацияның көрініс-графикалық түрін алсақ, мұнда графикалық элементтер пайдаланылады:
- Пиктограмма (лат. Pictus – сурет салу және грек. Γράμμα – жазба) объектiнiң ең маңызды танылатын заттарды схемалық түрде көрсетілетін белгі.
- Индекс (лат. Index – тiзiм, тiзiлiм, нұсқаушы) жиынтықта символдар жиынтығы, элементтiң көрсетушi орыны – тiркесiм немесе бiртiндеп жүйенi сипаттайтын күй.
- Нышан сауыт. Symbol – символ пәндiк бар немесе қай белгiлi пiкiрден оқиғаның мән шартты көрсететiн сөздiк белгi және символдың сапалы мiнезiн анықтайды.
Коммуникация жүйесін зерттеген ғалым Ч.С.Пирстың теориясы бойынша, семиотика үш негiзгi топтарға жiктеледi: пиктограмма (сапалы белгi), индекс (дара белгi), нышан (жалпы – мағыналы белгi)
Сур.2. Графикалық көрініс-коммуникативті семиотика
Жоғарыдағы кестеде (Сур.2) көрсетілгендей, жалпы коммуникация жүйесіндегі графикалық дизайн бөлiмiн төмендегiдей сипаттауға болады:
1. Графикалық нышан жасауда: Автор (графикалық дизайнер) –коммуникативті түр (Вербалды) – Процессуалды түр (Вербалды – графикалық) Нақты нәтиже – (пиктограмма, индекс, нышан).
2. Көрініс-коммуникативті құралдарын графика түрiнде жасау: Автор (графикалық дизайнер) – Коммуникатив түр (Визуалды) – Процессуалды түр (көрініс-графика түрiнде) – Нақты нәтиже (графика, типографика фотографика немесе графикалық жүйе).
Сур.3
Дегенмен, мұнда көрініс-коммуникация сөзіне анықтама беру қажет. Көрініс коммуникациясы дегеніміз – коммуникативті байланыстардың бiрiккен композициялық элементтерiнің жүйесi [19]. Көрініс-коммуникативті жобалау процесi екi негiзгi бөлiктен тұрады:
1.Семиотика, пиктограмма, индекс, нышан сияқты ұғымдарды топтастырған көрініс-коммуникативті элементтерді жобалау жатады.
2. Семиотика, семантика, синтактика және прагматика сияқты аспектiлерді құрайтын көрініс-коммуникативті ортаны жобалау процессі жатады.
Көрініс-коммуникативті жүйені графикада жобалауда (пиктограмма, индекс, нышан) негiзiнде бiрнеше композициялық шешiм бар. Композиция – эстетикалық қабылдау, эмоционалды жағдайды, объектiнiң эстетикалық сәйкестiгiн айқындайды. Көрініс-коммуникативті жүйе элементтері композицияның заңдылықтарына сүйенеді. Композицияның негізін қалайтын 3 негізгі түрге бөлінеді:
- Абстрактiлi композиция. Абстрактiлi композиция графикалық дизайнда белгiнiң мағынасын және элементтердiң құрамын айқындайды. Пәндiк дизайнда – объектi сұлбасын құрастырса, архитектурада – коммуникациялық процестi құрайды.
- Формальді композиция. Формальді композиция графикалық дизайнда жобалауды геометриялық фигуралардың негiзде жасалатын өнер болып табылады.
- Ұқсас композиция (ассоциативті). Графикалық дизайнда бұл – композиция элементтерінің байланысы нәтижесінде пайда болған бейне.
Жоғарыда айтылған композициялық шешiмдерден басқа, көрініс-коммуникациялық байланыстарды жобалауда басқа да ерекшелiктердiң бар екенін ескеруге керек. Бұл ерекшелiктер коммуникациялық байланыстармен анықталады, яғни бұл – көрініс-коммуникативті ортаны жобалаудың екiншi бөлiгi болып табылады. Коммуникативті байланыстар үш негiзгi бөлікке бөлiнедi:
Логикалық байланыс – көрініс элементтері жүйесінің арасындағы мағыналы, идеялық, семантикалық қарым-қатынас жатады.
Сур.4. Логикалық коммуникациялық байланыс. Семантика
Тектоникалық байланыс – көрініс элементтерiнің арасындағы формальді, конструктивтiк, функционалдық қарым-қатынастар болып табылады.
Сур.5. Тектоникалық коммуникативті жүйелер. Синтактика
Эстетикалық байланыс – көрініс элементтері арасындағы ұқсас (ассоциативті), көркем-бейнелі қарым-қатынас болып табылады.
Сур. 6. Эстетикалық коммуникативті байланыс. Прагматика
Жоғарыда айтыған коммуникативті байланысты семиотика аспектілерінде түсіндірсек (Сур.6.), көрініс-коммуникативті ортаны жобалауда логикалық байланысты семиотиканың аспектісі болып табылатын семантикаға жатқызуға болады. Семантика – таңбаланатын объектi белгiлерiнің қарым-қатынасын қарастырады. Тектоникалық байланыстар – семиотиканың аспектiсi болып табылатын синтактикаға жатады. Синтактика – белгiлердiң еш бір өзгеріске ұшырамаған iшкi қасиеттерінің ерекшеліктерін зерттейдi. Семиотиканың прагматика деп аталатын аспектісі белгiлер интерпретациясының проблемаларын және оны пайдаланушы үшiн құндылығын қарастырады. Әр интерпретатор алдына өзіндік прагматикалық мақсат және дара көркем-бейнелi мiндеттер қояды, демек эстетикалық байланыстарды пайдаланады.
Сур.8. Семиотика аспектілері
Жоғары айтылған семиотиканың аспектiлерi – көрініс-коммуникативті ортаны жобалау процесiнде маңызды рөл атқаратынындығының дәлелі. Семиотиканың аспектiлерi, яғни синкретикалық тәсiл – жобалық қызметте дизайнерлер мен сәулетшілерге тиiмдi нәтиже беретіні сөзсіз.
