Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГрафДизОйдБейнДәріс1-7.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.6 Mб
Скачать

Графикалық дизайнның бөлімдері:

- Типографика, калиграфия, ғаріптер, кітап безендіру;

- Фирмалық (корпоративтік) стиль, соның ішіндегі фирмалық белгілер, логотиптер, брендбуктер;

- Визуалды коммуникациялар, соның ішіндегі жол сілтеу (ориентация) жүйелері (навигациялық және басқа пиктограммалар);

- Плакттық өнімдер, соның ішіндегі жарнамалық және әлеуметтік плакаттар;

- Қаптама өнімдерін безендіру, соның ішіндегі тамақ және өнеркісіп өнімдерінің қаптамалары;

- Ғаламторлық дизайндық ортасы, соның ішіндегі веб-дизайн саласы;

- Теледидар бағдарламаларының және басқа да БАҚ өнімдерінің визуальды стилі.

Графикалық дизайн осы күнде барынша интегрирленген кәсіп болып табылады. Себебі, өзінің қызметтік іс-әрекетінде күрделі көпдәрежелі визуалды шындықты құрылымдаудың әртүрлі басқа кәсіби қызметтердің қағидарлары мен тәсілдерін біріктіре қолданады.

Графикалық дизайн визуальды образдан, мәтіннен және кеңістіктен басқа да шынайылықтарды, атап айтқанда қимыл-қозғалысты, уақытты, интерактивтілікті меңгеру және түрлі экономикалық, маркетингтік және мәдени коммуникация құралдарын қолдануды заман ағымына сай игеруге және оларды жоғары кәсіби деңгейде қолдана білуге міндетті.

Сонымен, қорыта келе айтарымыз – графикалық дизайн салалары бұрынғы дәстүрлі тәсілдерімен қатар, қазіргі кезеңде заманауи технологияларды ұштастыра отырып қолдана алатын жанжақты дамыған көппрофильді салаға айналды.

Қазіргі кезеңдегі баспахана саласында түрлі компьютерлік бағдарламаларға, яғни графикалық редакторларды қолдану үйреншікті жағдайға айналды. Атап айтатын болсақ, офсеттік басылымдарда Аdobe Photoshop (растрлық бейнелермен жұмыс істейтін редактор), CorelDraw, Аdobe Illustrator (векторлық бейнелермен жұмыс істейтін редакторлар), Аdobe InDesing және QuorkXPress (верст жасайтын редакторлар) кеңінен қолданылады.

Графикалық дизайнның жиі қолданылатын әрі кең тараған түрлеріне журналдар, жарнама, қаптамалар және веб-дизайн жасау жатады. Мысалы, қаптама дизайнының құрамына міндетті түрде берілуі керек элементтер – өндіруші кәсіпорынның логотипі мен тауар туралы мағлұматтармен қатар, қаптаманы көркемдеу мақсатында қолданылатын дизайнның таза элементтері – жалпы көріністі жинақтайтын және үйлесімділік пен бірегейлік сипат беретін түрлі пішінді және түсті бейнелермен безендіру композиция заңдылықтарын қолдану арқылы іске асырылса қажетті көркем нәтиже береді.

Төменде берілген графикалық дизайн саласының өнімдерінің дизайнын орындау барысында композициялық заңдылықтарды қатаң түрде есте ұстау керек және оларды орынды қолдану әр дизайнерге міндет.

Графикалық дизайнның басты өнімдеріне:

- кітап макеттері, мұқабалар және иллюстрациялар;

- жарнамалық, әлеуметтік және ақпараттық плакаттар;

- құттықтау парақтары (отрытка) және пошталық маркалардың графикалық шешімі;

- грампланстикалар мен DVD және CD дискілерді безендіру;

- корпоративтік стиль және оның басты элементі – логотип жасау;

- буклеттер, брошюралар, күнтізбелер және басқа жарнамалық баспа өнімдері;

- түрлі өнімдердің қаптамалары мен этикеткалары;

- кәдесый өнімдері;

-интернет-сайттар дизайны.

Типографикаға ( грек. тύπος – «із, бедер» және γράφω – «жазу») – баспаханада теру және верст жасауда көркем безендіру тәсілін қолдану жатады. Мәтінді безендіру дегеніміз – қағаз бетінде оның орналасу орынын ғаріп гарнитурасын, кегелін, жолақтың ұзындығын және олардың ара қашықтықтарын (интерлиньяж) дұрыс табу, әріптердің (кернинг) және әріп топтарының (трекинг) ара қашықтықтарын өзгерту болып табылады. Типографикамен ғаріп дизайны тығыз байланыста болады. Типографика – баспаханадағы көптеген кәсіп иелерінің біріге айналысатын ортақ ісі. Себебі, онымен графикалық дизайнермен қатар, верст жасаушылар, мәтін терушілер, типогрфтар, арт-директорлар, комикс салатын суретшілер, граффитистер және т.б. баспа өнімін шығарумен айналысатын мамандар айналысады.

Каллиграфия (грек. кαλλιγραφία – «әдемі жазу») – жазу пайда болған кезеңнен бергі бейнелеу өнерінің бір түрі болып саналады. Басқаша атауы – көркем жазу өнері. Каллиграфияның заманауи анықтамасы – әріптерді (белгілерді) экспрессивті, үйлесімді және асқан шеберлікпен безендіру өнері. Заманауи каллиграфия түрлеріне қарапайым құттықтау немесе шақыру парағындағы (открытка) қолмен жазылған әдемі жазудан бастап, жоғары көркем жазу өнерінің үлгілерінде орындалған түрлі өнімдер жатады. Классикалық каллиграфия туындыларының заманауи компьютерлік көшірме нұсқалардан айырмашылығы – шебердің жазу барысында пайда болған сол сәтте туындаған ерекше қайталанбас және ешқандай қалыпқа жатпайтын дара жазу мәнерінің нәтижесі болуында.

Сурет 2. Каллиграфиялық құттықтау үлгісі. Сурет 3. Неміс сөзі «Urkunde» (куәлік).

Қазіргі кезеңде каллиграфия қайта жаңғыру кезеңін бастан кешуде. Қолмен жасалатын кәсіби каллиграфтың орандауымен жазылған мерекелік құттықтаулар, шақырулар және жолдамалар, дипломдар мен сертификаттар, тууы туралы куәліктер сұранысқа ие болуда.

Классикалық каллиграфия тарихи қалыптасқан үлгілеріне сай жіктеледі:

1. Батысеуропалық каллиграфия;

2. Шығысазиялық каллиграфия;

3. Жапон каллиграфиясы;

4. Араб каллиграфиясы;

5. Үнді каллиграфиясы.

Батысеуропалық каллиграфия антикалық дәуірде бастау алған грек-рим жазу үлгісінде қалыптасқан. Орта ғасырлардағы христиандықтар діни уағыздарды таратуды іске асыру мақсатында «Библияны» көшіріп жазуда аталмыш каллиграфия кеңінен қолданылды және айтарлықтай дамыды. Батысеуропарлық каллиграфия өзінің дамуының шырқау шегіне VII-IX ғасырларда Ирландия мен Шотландияда иллюминирленген Евангелияларды жазу барысында қол жеткізген болатын. Аталмыш каллиграфия негізінде готикалық жазу қалыптасты. Сол дәуірде кириллица каллиграфиясының өзіндік ерекшеліктеріне негізделген жазу мәнері пайда болғаны заңдылық болып табылады.

Шығысазиялық каллиграфияның негізін қалаған қытай, жапон және корей каллиграфиясының орыны ерекше.

Сурет 5. Қытай каллиграфиясының үлгісі.

Сун династиясы (1051-1108). Ми Фу ақынның автографы.

Шығысазиялық каллиграфия асқан шеберлікті қажет ететін көркем деңгейде орындалатын кескіндеме өнеріне ұласты. Қағаз немесе жібек мата бетіне акварель техникасында сурет салып, қылқалам мен тушьты қолданып мәтін жазу Шығыс Азия елдеріне ортақ өнер туындыларын орындау мәнері болыа саналады. Каллиграфия қытайша 書法, шуфа, жапонша 書道, сёдо, корейше書藝, сое, яғни «жазу жолы» деген атпен топтастырылған және оларды дұрыс қолдану үлгісі болып саналады.

Араб каллиграфиясы (араб. хатт немесе хутут) мұсылман әлемінде алатын орыны ерекше және «Құранды» көшіріп жазу және тарату кезінде қалыптасты және шеберлік шыңына жетті.

Сурет 6. Араб каллиграфиясы үлгісі.

Араб каллиграфиялық стилдеріне «Әсем алтылық» тобына кіретін алты түрлі жазу үлгілері жатады. Оларға насх – арабша الخط النسخ‎‎‎, мухаккак, сульс – арабша الخط الثُلُث, рикаа – арабша خط الرقعة, райхани және тауки жатады. Осы аталған жазу үлгілері әр салада әртүрлі қолданылған. Мысалы, дивани (араб. ديواني) жазу үлгісімен дипломатиялық құжаттарды толтырған, тұрмыста рикааны қолданса, насталик (араб. تعليق‎‎) Құранға жасалған түсіндірме жазбаларда қолданылған, ал, куфийлік жазу хиджази (араб. الخط كوفي‎‎‎) үлгісінде жазу осы күнге дейін сәулет және сәндік өнерінде қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]