Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГрафДизОйдБейнДәріс1-7.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.6 Mб
Скачать

Дәріс № 3. Графикалық дизайн – үйлесімді және тиімді визуалды-коммуникативті орта құрастыруға бағытталған көркем-жобалық қызмет түрі ретінде

Графикалық дизайн – үйлесімді және тиімді визуалды-коммуникативті орта құрастыруға бағытталған көркем-жобалық қызмет түрі болып саналады. Графикалық дизайн қазіргі кезеңдік визуалдық келбеттің қалыптастыра отырып, адамзат қоғамының әлеуметті-экономикалық және мәдени салаларының дамуына жаңаша үлес қосуда.

Графикалық дизайн терминінің қолданылуы. Графикалық дизайнды визуалды және көз алдына елестету жағына мән беретін көркем және кәсіби пәндер саласына жатқызуға болады. Әртүрлі символдарды жасау және бейнелер мен сөздерді қосып үйлестіру (комбинирование) үшін, идея мен хабарламаны жеткізу мақсатында олардың визуалды образын қалыптастыру үшін түрлі көркем тәсілдер қолданылады. Баспаханада қызмет ететін графикалық дизайнер баспаханалық (типографиялық) өнімдерді безендіруді көркем графикамен және дәстүрлі бейнелеу техникаларын заманауи верстка техникаларымен қилыстыра отырып қолдана алады. Графикалық дизайн терминін коммуникация жасаудың дизайн үрдісін сипаттау үшін де, оның нәтижесінде алынған өнімді белгілеу үшін де қолданады. Графикалық дизайнның бастауын кітап баспасы өнері тарихымен тығыз байланыстыру қалыптасқан. Ең алғашқы танымал болған баспа кітап буддалық киелі кітап болып саналады. 868 жылы қытайлық династия Тан әмірлік еткен кезеңде матаға ағаш блоктардың көмегімен басу арқылы кітапты басып шығарған. ХІ ғасырдың басында (960-1279 жылдар аралығында) әмірлік еткен Сун династиясы тұсында баспа қондырғыларының көмегімен ұзын свитоктар мен кітаптар шығару оларды кең көлемде қолданысқа тарату мүмкіншілігін тудырды. Дегенмен, жаппай кітап басып шығару дәуірі Батыс Еуропадағы 1440-шы жылдары Иоган Гутенбергтің баспа қондырғысын ойлап табуымен байланысты болып саналады.

Графикалық дизайнның әлемдік мектептеріне – орыс конструктивизмі (1920-шы жылдар), америкалық жарнама графикасы (1930-1950-шы жылдар), швейцарлық графика мектебі (1950-1970- шы жылдар), польшалық плакат мектебі (1950-1970-шы жылдар), жапон плакат мектебі (1960-1980-ші жылдар) жатады. Сонымен қатар басты ұлттық графика мектептері санатына ағылшын, голландық, француз, неміс және фин мектептері жатады.

Графикалық дизайнның Бүкіләлемдік ұйымы – ICOGRADA, Графикалық дизайн бойынша ассоциациясының Халықаралық кеңесі аталмыш саладағы басты мәселелерді реттеу және заңдастырумен айналысады. Ресей ICOGRADA-да Графикалық дизайн академиясы, С.Г. Строганов атындағы Мәскеу мемлекеттік көркем-өндірістік академиясы және Жоғары графикалық дизайн мектебі бойынша өкілеттілікке енген.

Қазақстан Республикасының графикалық дизайн саласы бойынша мәселелерді реттеу құзіреттілігіне ие және басты білім беру орыны Қазақ Бас Сәулет және құрылыс академиясы жанындағы ҚР БҒМ Республикалық Оқу-әдістемелік кеңес болып табылады. Қазақстан Республикасы Дизайнерлер және сәулетшілер одақтары және тағы басқа ассоциациялар мен түрлі ұйымдар графикалық дизайн саласының әртүрлі мәселелерін жүйелеумен айналысады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]