Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГрафДизОйдБейнДәріс1-7.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.6 Mб
Скачать

Дәріс № 1. Коммуникативтік көрініс ортасын құрылымдаудың ғылыми-теориялық негіздері

Қарым-қатынас адамның тіршілік бейнесі. Ол адамның дүниетануында, мәдени өмірінде, тұрмыс салтында күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандрудағы адамға тән табиғи қасиет.

Қатынас жасау, өзгелермен тіл табысу – әрбір адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, тапқырлығы мен ақыл-ойына, парасатына байланысты жүзеге асып отыратын  қажеттілігі. Тіл табысып өзгелермен қатынас орнату әрбір адамның өзіндік талғам-тілегін, ықылас- ынтасын жалпы адамға деген адами көзқарасын жете түсінуді талап етеді. Қарым- қатынас нәтижесінде адамның тұлғалық қасиеті, өзгелерге деген қамқорлығы мен жанашырлық сезімі, ізгі көзқарасы қалыптасады. Тіршілік ортасы мен өмір сүрудің сан алуан сырларын біліп, жеке басының қадір-қасиетін арттырады. Адам өзін өзгелердің орнына қойып байқап, оның ішкі дүниесінің сырын да барлап біледі. Тұлғаны дамыта оқыту мәселесін зерттеген В.В. Давыдовтың пікірі бойынша жеке тұлға дегеніміз – жаңа материалдық және рухани өнімді өндіруші әрекет субъектісі. Осылай өнімді өндіру шығармашылық болып табылады [1].

Қарым-қатынас күрделі шығармашылық әрекет болып саналады.

Л.С. Рубинштейн «дамудың негізі себептердің ішкі жағдайға байланысты әрекетінде. Сондықтан өзіндік белсенділік балада /оқыту, ішкі жағдай/ туындаушы емес, бастапқы болады. Бастапқы болып қалатындар осы ішкі әсерлер, нормативтік қоғамдық үлгілер т.б., бірақ олар жанама түрде адамның барлық өмірінде ішкі жағдайлардың тұтас жүйесіне/ тұқым қуалау, өмірлік тәжірибе/ және адам тұлғалығына басымдық танытады. Яғни, қандай да болсын ішкі себептердің әрекеттесуі дамудың ішкі негізіне байланысты» болатынын көрсетеді [2].

Қарым-қатынас мәнін анықтауда оның функционалдық және деңгейлік ұйымдасуы жайлы зерттеулердің маңызы ерекше (Б.Д. Парыгин, Г.М. Андреева, А.А. Бодолев, А.А. Брудный, А.А. Леонтьев, Б.Ф. Ломов, Л.А. Карпенко, В.Н. Панферов, Е.Ф.Тарасов, Я. Яноушек және т.б.). В.Н. Панферов қарым-қатынасты: байланыс, өзара әрекет, таным, өзара қатынас деп бөліп, осыған сәйкес қарым-қатынасты зерттеуде: коммуникативтік, ақпараттық, гностикалық және реттеушілік бағыттарды ұсынған.

Қарым-қатынастың құрылымы мен атқаратын функциясының күрделілігі қарым-қатынастың өзара байланысты үш жағынан байқалады.

Олар:

      • ақпараттық (немесе коммуникативтік), қарым-қатынасқа түсетін адамдар арасында ақпарат алмасу жүреді;

      • өзара әрекеттесу (немесе интерактивтік) қарым-қатынас жасаушылардың білім, идея, жай-күй ғана емес әрекет алмасуларымен ерекшеленеді;

      • түсінісу (немесе перцептивтік), қарым-қатынастағы серіктестердің бір-бірін қабылдауы, бағалауы және түсінуі болып табылады.

 Коммуникативті жағы – ақпарат алмасуда, интерактивті – қарым-қатынас серіктерінің қарым-қатынасының таңбалық жүйелерін кодтау, өзара әрекеттерін реттеуде, перцептивті – әңгімелесушіні салыстыру, сәйкестендіру, апперцепция, рефлексия сияқты механизмдердің көмегімен «оқу» кезінде бір-бірімен байланысты жүзеге асырылады. 

Қарым-қатынас – а) Бірігіп әрекет ету қажеттілігінен туындайтын, құрамына ақпарат алмасу, өзара әрекеттесудің біртұтас стратегиясын жасау, өзге адамды қабылдау және түсіну, адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуының күрделі, көп мақсатты процесі; б) Субъекттердің белгілілік құралдармен жүзеге асырылатын, бірігіп әрекет ету қажеттілігінен туындаған және серіктесінің жай-күйін, мінез-құлқы мен тұлғалық-маңыздылық құрылымын өзгертуге бағытталған өзара әрекеттесуі.

Қарым-қатынаста бірінің әрекеті екіншісінің әрекетіне бейімделуіне қол жететін кемінде екі адамның әлеуметтік коммуникациясының не қарым-қатынасының формасы – әлеуметтік әрекеттестік болып табылады. Тұлға диспозициясы – әрекеттің белгілі бір жағдайлары және осы жағдайлардағы белгілі бір мінез-құлықты қабылдауға деген бейімділіктердің жүйесі.

Коммуникация – [лат. communicatio – хабар] – субъектілердің ақпарат алмасу мен тікелей қатынасының, ой-идеялармен, мәліметтермен бөлісу негізіндегі өзара қарым-қатынас үрдісі; қандай да бір мазмұнды бір санадан екінші санаға белгілеу, қандай да бір материалдар көмегімен немесе виртуалды түрде беру; құрылым мен ондағы байланыстырушы қызметті орындауды білдіретін үрдіс; коммуникатордың белгілі бір мақсаттарына қол жеткізу үшін адамдардың мінез-құлқы мен санасын өзгертуге ұмтылатын ерекше ақпараттық-психологиялық ықпал ету [3].

Коммуникация жолдары адамдардың психологиялық қажеттілігі араласуына сүйене отырып, кез келген жүйенің өзін-өзі ұйымдастыруы мен тұрақтылық қажеттілігін қамтамасыз етеді. Психологиялық түрғыдан, араласудың сан алуан түрлері мен тетіктері негізінде жіктеледі:

  • жеке тұлға ішіндегі коммуникация;

  • жеке түлғалар арасындағы коммуникация;

  • топ ішіндегі коммуникация;

  • топ аралық коммуникация;

  • бұқаралық коммуникация.

Жеке тұлға ішіндегі саяси коммуникация қарапайым өзіндік білім алудан көрініс табады. Бұл – газет оқу, теледидар көру, радиодан бағдарламалар тыңдау, т.б.

Жеке түлғалар арасындағы коммуникация біріккен қызметте әріптестердің бар екенін білдіреді. Бір әріптес коммуникатор қызметін орындаса, қалғандар коммуникация объектісі болады.

Топ ішіндегі коммуникация негізгі қызметтердің нақты бөлінуін білдіреді. Мысалы, топ болып ақпаратты тындау, партиялық жиналыс, т.б. Барлығында коммуникатор, аудитория және олардың арасындағы қарым-қатынас үрдістерінен тұрады.

Топ аралық коммуникация әр түрлі топтар арасындағы формальды және формальды емес араласу тәсілдерін білдіреді. Формальды вариантта даулы мәселені шешу мақсатындағы арнайы ұйымдастырылған келіссөздер. Формальды емес вариантта топтар арасындағы қатынастарды бекітуге бағытталған белсенді өзара қарым-қатынас.

Бұқаралық коммуникация бұқаралық сана мен мінез-құлыққа ықпал ету құралы. Ол арнайы бүқаралық ақпарат құралдарымен және арнайы заңдармен жүзеге асырылады. Оған жарнама, үгіт-насихат жатады.

Көрініс-коммуникативті құралдарды жобалауда семиотиканың маңызы зор. М. Лотманның пайымдауы бойынша семиотика дегеніміз қарым-қатынас процессі кезінде пайдаланылатын коммуникативті таңбалау жүйесінің белгiлері туралы ғылым деп түсiну керек. Семиотика және көрініс-коммуникативті жобалауда екі негiзгi ұғым бар. Бұл – коммуникативті белгілер жүйесі және қарым-қатынас процесі.

Қарым-қатынас процестерi хат немесе ауыз екi сөз арқылы жүзеге асырылады және кескiн, ымдап (қозғалыста) көрсету, тікелей адамдармен қарым-қатынас арқылы жеткізіледі. Көрініс-коммуникативті жобалауда жалпы қарым-қатынас процессінің жалпы процессін анықтау үшін, жалпы коммуникация жүйесіндегі оның тұрған орнын және семиотиканың аспектiлерiн анықтап алу қажет. (Сур. 1)

Сур.1. Коммуникацияның жалпы жүйесі

Көрініс-коммуникацияның мағынасын түсіну үшін, алдымен жалпы коммуникация жүйесін түсіну қажет. Жалпы коммуникация жүйесінің негiзгi 3 түрі бар: (Сур. 1)

- Вербальді коммуникация;

- Көрініс-коммуникациялық;

- Жанасу арқылы жүзеге асатын коммуникация.

Сондай-ақ iс жүргiзу түрлерiне қарай процессуалды болып бірнеше түрге бөлінеді:

- Вербальді-фонетикалық түр, вербальді-графикалық түр;

- Көрiніс-пәндiк түр, көрiніс-графикалы, көрiніс-динамикалық түр;

- Жанасу-пәндiк түр, жанасу-динамикалық түр.

Жоғарыда айтылған жалпы коммуникациялық жүйені былай сипаттауға болады: Субъект (Автор) – Коммуникацияның түрi (Идея) – Коммуникацияның типі (Процесс) – Коммуникация нәтижесi (Объект).

Көрiніс-графика түрiндегі жүйе: Автор (График-дизайнер) – Коммуникативті түр (Көрініс) – Процессуалды (Көрiніс-графика түрiнде) Нақты нәтиже (Графика).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]