Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
адеб.теор. удачи.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
570.88 Кб
Скачать

5 Сұрақ. А. Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш» еңбегіндегі «деби-теориялық мәселелер

І тарау. Көрнек өнері тараулары

Бұл тарауда сәулет, сымбат, кескін, әуез, әдебиет өнерлері болатынын айтады.

ІІ тарау. Сөз өнері

Сөз өнері адам санасының уш негізіне тіреледі дейді : Ақылға, қиялға, көңілге. Тілдің міндеті ақылдың аңдауын аңдығанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Адам өз мүддесін тілмен айтықызып жеткізу қиын дейді Ахмет байтұрсынұлы. Пушкин тіпті өз өлеңдерін кейбір он үш рет түзетіпті. ІІІ тарау шығарма сөз. Сөз өнерінен жасалып шығатын туындының жалпы атауы - шығарма сөз. Қысқартып айтсақ Шығарма. Шығарманың түрлеір толып жатыр. Оларды арабша – әдебиет, ал қазақща асыл сөз дейміз. Шығарманың тысқы нәрселері: І) Тақырып; ІІ) Жоспары; ІІІ) Мазмұны; ІҮ) Түрі. Мазмұнның үш бөлімі болады: Аңдату, мазмұндау, қорыту; Ал Түр былай жіктеледі: Жай сөйлеу түрде, сөйлестірген түрде, хат түрінде, аралас түрде. Мазмұнның түрлерін А.Б. былайша бөледі. (назар аударыңыз жоғарыда мазмұнның бөлімі туралы айттық, ал мынау мазмұнның түрі): І) Әуезе; ІІ) Әліптеу; ІІІ) Байымдау. Егер бір кісінің істеген әрекетін айтатын болсақ біз оны әуезе қылып айтамыз; Оның түрін, көркін айтып отырсақ әліптеп айтамыз; істеген істерін, жақсы жамандағанын айтсақ байымдап сөйлейміз. Шығарма екі түрлі болады дейді: І)Ақын тілі; ІІ) Әшейін тіл. ІҮ) Сөй талғау. Шығарма тіліне сөз талғаудың қоятын шарттар: Сөз дұрыстығы, Тіл тазалығы, Тіл анықтылығы, Тіл дәлдігі, тіл көрнектілігі; Сөз жоғары дәрежеге жету үшін мынадай әдістер қолданылады: І) Көріктеу; ІІ) Меңзеу; ІІІ) Әсерлеу; Теңеу екі түрлі: І) Әншейін теңеу; ІІ) Әдейі теңеу;Ауыстыру деген де бар. Оның мынадай түрлері бар: Бейнелеу, Алмастыру, Кейіптеу, Бернелеу, Әсерлеу,Мегзеу, Әсерлеу; Әсерлеуді былай бөледі: Арнау, қаталақтау, шендестіру, дамыту, түйдектеу, бүкпелеу, кекесіндеу;Ү тарау. Тіл лұғат әуезділігі. І Сөз әуезділігі. ІІ Сөйлеу әуезділігі. Өрнекті сөйлемдер. (тарауша) Оның түрлері: себепті оралым, мақсатты оралым, ұқсатпалы оралым, қайшы оралым, шартты оралым, жалғасыңқы оралым, серіппелі оралым, айырықтқы оралым, Өлеңді сөйлемдер. Атам заманнан мына мақсатта колданылған: І ) Күнкөріс көзіне; ІІ) Көңіл көтеріс ісіне. Бастапқысына қара сөз, соңғысына қара өлең деп ат қойылған. ( жар жар, беташар туралы айтуға болады осы жерде). ҮІ тарау. Өлең шығару деп аталады. Өлең кестесі айшық деп аталады. Айшық түрлі болады. Олар: Жалғыз шумақты айщық, екі шумақты айшық. Келесі улкен тарау: Қара сөзбен дарынды сөз жүйесі деп аталады. Бұл тарайда қара сөзге байланысты әуезе туралы айтылады. Қара сөз түрлері: Әуезе, Әлімптеме, Байымдама. Келесі үлкен тарау: Ауыз әдебиеті деп аталады. Ауыз әдебиеті: Сауықтама, Сарындамая. Сауықтама түрлері: Ермектеме, зауықтама.

6 сурак. Аныктмасын таппадым. Романдагы Кунанбайдын бейнесин айтсандар болдаы негизи осы жерде.

7 Сурак.Кант тұжырымындағы эстетикалық эмоция

Иммануил Канттың эстетикасы – субъективті – идеалистік эстетика. Кант эстетикасының зиялы жұртқа кеңінен таныс басты– басты философиялық тұжырымдарды оның күрделі зерттеулерінде( « байыптау қабілетіне сын», « Таза санаға сын») жүйеленеді. Канттың бүкіл дүниені «өзіндік затқа», « өзіміздік затқа» бөлгені, ал «өзіндік зат» дегенді тірі пенде біліп болмайды деп түйгені мәлім. Сөйтіп, ол әдебиет пен өнерді де «өзіндік затқа» сайып, бұлардың құпия сырын әшейін долбар арқылы ғана аздап жобаламаса, кез келген кісі дәл түсіне алмайды деп қорқытты. Өйткені, Канттың ойынша, ақын– жазушы – «артық жаралған» айрықша тұлға. Ал өмір мен өнердегі сұлулық– мазмұнға мүлде қатысы жоқ, тек пішінге ғана тән сыртқы сипат: оны « суреткер ешқандай мақсатсыз жасайды, жұрт ешқандай мақсатсыз ұнатады». Неге десеңіз, «Сұлулық– жалпы жұрттың ешқандай ұғым – түсініксіз рақатына айналған нәрсе». Кант эстетикасының негізгі арналары– субъективті идеализм, формализм және агнотицизм. Демек, Канттың эстетикасы «өнер– өнер үшін», «таза өнер» деген қисық, қиғаш теориялар мен күллі декаденттер тәжірибесінде ту болғаны кездейсоқ құбылыс емес.