Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
адеб.теор. удачи.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
570.88 Кб
Скачать

41. Арнау түрлері (мысалдармен талдау)

Арнау өлең — түркі халықтары поэзиясына тән жанр. Арнау өлең қазақ ауыз әдебиетінде, жазба әдебиетінде ерекше орын алған. Арнау өлеңді қазақ әдебиеттану ғылымында алғаш енгізіп, ішкі жанрлық түрге жіктеген А.Байтұрсынов: “Арнаудың өзі үш түрлі болады: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау”. Арнау өлең іштей жанрлық түрге жіктелгенімен белгілі бір ортаға, қауымға, жеке адамға т.б. арналып айтылатындықтан онда ортақ үндестік, бір жанрға тән ерекшелік айқын байқалады. Арнау өлеңнің жіктелуі негізінен тақырыптық сипатына, яғни кімге, қалай арналуына байланысты.

  1. Жарлай арнау — көпшілікке, белгілі бір ортаға, қауымға немесе жеке адамға да қаратылып айтылады. Ы.Алтынсариннің “Бір аллаға сыйынып” атты өлеңі жарлай арнаудың үлгісі (Бір аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық). Бұл жанрды көшпелі елдің тұрмыстық-рухани қажеттілігі тудырған. Жиын-тойларда, аста, т.б. халық көп жиналған жерде біреудің ұрланған малын, қолды болған басқа да дүниесін, немесе жоғалған адамын, т.б. жоғын іздеп, жар салушы жария етіп айтады. Көбіне өлеңмен мәлімделеді. Жарлай арнау белгілі бір қуанышқа, т.б. жұрт көңілін бұру үшін де айтылған. Мәселен соның бірі - баланы сүндеттеу. Асқа, тойға шақыру да, бәйгеге кандай заттар тігілетінін, тойдың немесе астың салтанаты қай жерде қалай, қандай тәртіппен өтетінін де өлеңмен жар салып айтады. Малын немесе басқа дүниесін сатқысы келгендер де жарлай арнау арқылы ұсынатын затының қадір-қасиетін жиналғандарға мәлімдеп, келушілердің көзіне түсуге тырысқан. Сондықтан қазақ пен қырғыз арасында жар салуға, жар айтуға әрі ақындығы күшті, әрі даусы ашық, жарқын адамдарды, арқалы ақындарды шақыратын әдет қалыптасқан. Әйгілі Жамбылдың өзі де кезінде жарлай арнау айтқан. Жарлай арнаудың мақсаты - жоқ туралы, немесе белгісіз жағдай туралы жалпақ елге мәлімет беру, жай-жапсарды біле бермейтін елді мүмкіндігінше толығырақ хабардар ету болып табылады.

  2. Сұрай арнау — көпшілікке, не жеке адамға арналып айтылады және жауап күтіледі. Сұрай арнауда кейде жауап беріледі, кейде жауап меңзеу арқылы сезіліп, білініп тұрады. “Не жазып ем, құдай-ау, мен қазаққа, Мұншама ғып салғандай бұл азапқа? Адамшылық есебіне кірісіп, Қолы жетсін дегенім бе азатқа?!”, “Бар ма, қазақ, мұнан басқа қылғаным? Неңді шаштым, неңді бұздым, былғадым? Аштан өлген аталарың бар ма еді? Тамақ үшін сатқан иттер иманын” (А.Байтұрсынов). Арнау өлеңді іштей жанрлық түрге жіктегенмен, олардың үндесіп кететін сәттері жиі кездеседі. Жоғарыдағы Арнау өлеңді сұрай арнауға жатқызғанымызбен, онда зарлай арнаудың да сарыны аңғарылады.

  3. Зарлай арнау — Арнау өлеңнің ең көне түрі. Мұнда халық басына түскен қиын кезең, немесе жеке адамның басына түскен қиындық, тағдыр тәлкегінің азабы ерекше ашылып көрсетіледі. Қазақ ауыз әдебиетінде “Ақтабан шұбырынды”, “Қыз Жібек” т.б. жырлардағы зарлай арнау Арнау өлеңнің бұл түрінің ерте дәуірде пайда болғанын айғақтайды. Қазақтың жазба әдебиетінде де зарлай арнау ерекше орын алады: “Сауықшыл есіл елім-ай! Сарыарқа қайран жерім-ай! Күмістей таза суы бар, Айдын шалқар көлім-ай!” (М.Жұмабаев). Арнау өлеңнің сарай ақындарының мәнеріне тән құрғақ мақтау түріндегілері де кездеседі. Мұндай Арнау өлеңдер көркемдік қуаты, ой-толғамы жағынан кем соғып жатады. Абай Арнау өлеңді жаңа сатыға көтеріп, мазмұн және түр жағынан байытты. Абайдың “Кешегі Оспан ағасы”, “Жайнаған туың жығылмай”, “Сорлы Көкбай жылайды”, “Бұралып тұрып”, т.б. отыздан астам Арнау өлеңі әлеум. мәселелерді, жеке адамның бейнесін, мінез-құлқын әр қырынан ашып көрсеткен көркем туындылар.