3. Әдебиеттің халықтығы
Әдебиеттің халықтығы – көп мағыналы ұғым, яғни, 1) жеке шығармашылықтың ұжымдық шығармашылыққа қатынасы: шығармашылық алмасу мен кәсіби әдебиеттің халқықтық шығармашылықтағы поэтика, образ, сарындарды мұра ету деңгейі; 2) көркем шығармадағы халық бейнесі мен оның дүниеге көзқарасының өнердегі көрінісінің тереңдігі мен сәйкестігінің (адекватность) өлшемі; 3) өнердің қалың бұқараға эстетикалық және әлеуметтік тұрғыдан түсініктілігнің өлшемі. Тарихи дамуға орай өнердің суреттеу құралдары да, автор көздеген идеялық мұрат та өзгеріске ұшырайды. Сол себепті «әдебиеттің халықтығы» деген ұғымның аясы да өзгеріп отырады. Әдебиеттің халықтығының ең басты өлшемі – халық үшін ең маңызды да қажетті құбылыстар мен өзгерістерді бейнелеу. Әдебиеттің ұлы туындылары қай кезде де өз алдына халықты толғандырған сауалдарды қойып, қоғамдық өмір заңдылықтары ашылатын аса маңызды құбылыстарды бейнелеп отырған. Екінші өлшем – аталған дәуірдің ең озық идеалдарына негізделген өмірлік ақиқатты шынайы суреттеу.
Билет № 22
1. Әдебиеттің тәрбиелік мәні
2. Көркем шығармадағы тақырып
Көркем шығарманың тақырыбы авторлық суреттеудің өзегіне алынып, шығармада көрініс тапқан ақиқат болмыстағы заттар мен құбылыстардың, оқиғалардың жиынтығы болып табылады. Әрбір көркем туындыда, әдетте, бір ғана тақырып көтерілмей, бірнеше тақырыптың жүйесі (тематика) көрінеді.Егер тақырып – жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея- жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы
3. Орта көлемді эпикалық түр
Орта көлемді эпикалық түрдің үлгісі - повесть пен поэма. Повесте шағын эпостағыдай бір емес, бірнеше оқиға, адам өмірінің бір немесе бірер эпизоды ғана емес, бір алуан кезеңді құбылыстары кеңірек, біраз дамытыла суреттеледі. Сондықтан әңгімеге қарағанда, повестің көлемі де үлкен, сюжеті де күрделі, оқиғларға қатысатын қаһармандар да біреу емес, бірнешеу.
Орта көлемді эпикалық түрдің повестен басқа тағы бір түрі – поэма - өлеңді повесть, өмірде болған не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан адамдар тағдры мен заман шындығын көлемді, желлі, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттеу.
Билет № 23
1. Шағын көлемді эпикалық түр
Шағын көлемді эпикалық түрге жататын әдеби туындыларда, негізінен, өмір шындығы бір немесе бірар эпизод мөлшерінде жинақы оқиға көлемінде ғана көрсетіледі. Оқиғаға қатысатын қаһармандар санаулы, олардың басынан өтетін құбылыстардың бәрі емес, кейбір үзіктері ғана суреттелетін болғандықтан, мұндай шығарманың көлемі де шағын, ықшам..
Шағын көлемді эпикалық түрге – миф, аңыз, ертегі, мысал, новелла, әңгіме, очерк, фельетон жатады.
2.Троптың бір түрі - метонимия
Құбылтудын, бір түрі — а л м а с т ы р у, яки м е т о н и м и я (грекше теfопутіа — қайтадан атау) — ө з а р а ш е к т е с з а т т а р м е н с е б е п –т е с қ ұ б ы л ы с т а р д ы ң, ө з а р а б а й л а н ы с т ы ұ ғ ы м д а р мен ш а р т т ы с ө з д е рд і ң б і р і н і ң о р н ы н а б і р і н қ о л д а н у. Мұның да әдеби тілде атқарар қызметі әжептәуір: кейде ой ықшамдығы үшін, кейде образ нұсқалылығы үшін қажет. Чехов былай депті: “Сұраншы әйелдің жоқ-жітіктігін ақғарту үшін көп сөз жұмсап, оның бейшара мүскін қалпын қазбалаудың қажеті жоқ, иығындағы өрім-өрім жирен жамылғысын әшейін атап өтсен, жетіп жатыр”. Осынау жирен жамылғы секілді әр нәрсенің бар болмысын бір-ақ танытар шағын деталь — метонимия.
3. Образ жасаудағы тәсіл - пейзаж
Пейзаж (франц. – ел, жер) - әдеби шығармадағы жаратылыстың, яки табиғаттың әсем көрінісі, көркем бейнесі
Билет № 24
1. Образдың әдістік түрлері
Әдебиеттегі көркемдік әдіс, негізінен екі түрлі:(романтизм, реализм)
Романтикалық образ - әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі. Бұл образдың алғашқы үлгілері баяғы көне дүние әдебиетінде, әсіресе мифте, немесе қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде жатыр. Бұл образ өмірдегі болған немесе бар деректен гөрі өмірде әзірше жоқ, бірақ болатын дерекке негізделеді.
Реалистік образ - әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі. Реалис – сөзінің латын тіліндегі мағынасы заттық деген ұғымды білдіреді. Сонымен қатар, «шындық, шыншыл, шынайы, ақиқат» деген сияқты ұғымдарды да білдіреді. Демек, өнер түрлеріне қатысты қалыптасқан реалистік образ ұғымы өмірлік шындыққа негізделген, эстетикалық-тәрбиелік мәні зор, қоғамдық сипаты айқын, өз бойына жалпылық және жалқылық белгілерді қатар дарытқан, сонымен бірге қоғамдық, көркемдік дамуға байланысты ұдайы өзгеру, жетілу үстінде көрінетін шыншыл бейне деген түсінікті білдіреді.
2. Образ жасаудағы тәсіл – лирикалық шегініс
Лирикалық образ - сыршыл өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі, оның ішкі бітімі, сыры мен сезімі. Мұнда, эпикалық образдағыдай ұзақ, кең, мол суреттеліп, жан-жақты ашылған адамның сыртқы кеипі де, тағдыры да, қимыл-қаракеті де көріне бермеуі мүмкін. Лириканың міндеті өмір құбылыстарының әсерінен туған адамның ойлары мен сезімдерін бейнелеу болып табылады.
3. Силлабикалық өлең жүйесі
Силлабикалық өлең жүйесі буын санының мөлшерін тұрақты сақтауға негізделген. Бұл өлең құрылысы француз, чех, итальян және барлық түркі тілдес халықтардыңпоэзиясында қолданылады. Бұл өлең құрылысының басты сипат-белгілерін қазақ өлеңдерінің құрылымынан анық аңғаруға болады. Өлең құрылысының ұлттық сипат белгілері ұлт тілімен тамырлас. Қазақ өлеңі, алдымен буынға негізделіп, ырғақ пен тармақ та, ұйқас пен шумақ та буынға бағынады; қысқышы Қазақ өлеңдерінің құрылысы.
Билет № 25
1. Троптың бір түрі - кейіптеу
Кейіптеу — ертегілер мен аңыз әңгімелерде жиі қолданылатын тәсіл. Ал мысал өлеңдердегі құбылу, көбіне, п е р н е л е у, яки а л л е г о р и я (грекше аlIеgогіа —пернелеп айту) түрінде келеді. Мұнда әшейін ұғым қал-пында тұрған дерексіз нәрселер кәдімгідей көзге көрінер деректі нәрсеге ауыстырылады. Айталық, қулық, зорлық, қастық, секілді жалпылама ұғымдарды дәл осы қалпында түсінуге болғанмен, көзбен көру қиын . Осыларды Сәбит Дөнентаев өзінің “Ауырған арыстан” деген аллегориялы өлеңінде қолға ұстатқандай нақты, деректі нәрселерге көшіреді: аң патшасы Арыстан ауыра қалған екен, аң, атаулы түгел жиылып көңіл сұрап барғанда, ішінде Түлкі қу жоқ боп шығады да, оны қара көңіл Қасқыр зорлықшыл Арыстанға қастандықпен хабарлап қояды. Кейін Түлкі келгенде, әрине, Арыстан ашуланады. Бұл сырды түсіне қалған қу Түлкі аяқ астынан айла та-уып, Арыстан секілді өзінің, де “ауырып” қалғанын, одан әйтеуір Қасқырдың артқы аяғының сіңірін қиып жеп, әрең “жазылғанын” айтады, Арыстан ашуды қойып, өктемдігіне көшеді де, дереу Қасқырды шақыртып алып, сіңірін қияды… Бұл өлеңде қулық — Түлкі, зорлық — Арыстан, қастық — Қасқыр бейнелеріне көшіріліп, пернеленіп көреетілген.
2. Эпикалық образ
Эпикалық образ-әрі нақты, әрі затты тұлға, кәдімгі тірі кісідей сөзін құлақпен естуге, мінезін ұғуға, қимылын бақылауға болатын, бүкіл өмір жолын бар бұралаңымен байққауға, өскен ортасын барлық ойы-қырымен байыптауға болатын күрделі, кесек қаһарман.
3. Шығармадағы тақырып. Тақырыптық – идеялық күрделілік
