Әдебиеттің тектері
эпос, лирика, драма
Эпос — әдебиеттің негізгі үш тегінің бірі, әдебиеттің баяндау жанрларының басын құрайды. Эпостық шығармада оқиға өз бетінше автордың еркінен тыс жүріп жатқандай әсер береді. Мұнда оқиғаны суреттеу тәсілінің бір ерекшелігі — сюжет желісінің тежелетіндігі.
Лирика-онын ерекшел ігі адамнын конили мен сезим куйінің суреттелуінде.Лирикада басты кейіпкер ақын халық атынан сөйлейді.Оларға тұрмысық салт –жырлар,терме,толғау жатады.
Драма Грецияда пайда болған.Эсхиль ,Сокофл драмаларымен дамыған.Кейін Англияда одан сон Испанияда дамыған. 18 ғасырларда Пушкин драмасымен өріс алған. Қазақ әдебиетінде драма Еңлік-Кебекпен бастау алады.
Әдебиеттегі ағым және бағыт
Әдеби бағыт, әдеби процестің көркемдік-эстетикалық ұстанымдарын құрайтын түсініктер. Әдеби ағымдармен әдеби мектептердің бірімен-бірі пікір алмасып, дамуы - әдеби процестің заңдылығы болып саналады. Әдеби бағыт көбінесе көркемдік әдіс, стиль орнында қолданылады.
Лирикалық образ
Лирикалық образ-сыршыл өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі; оның ішкі бітімі; ақынның мың иірім көңіл-күйінен нәзік сыры мен салқын сезімін өріліп жасалған өзгеше кейіпкер.
Билет № 9
Көркем шығарма тілі
Классицизм ағымы
Классицизм (лат. classіcus – ең үлгілі) – 17 – 19 ғасырлардың басында әдебиет пен өнерде өріс алған көркемдік бағыт. Әдебиеттегі Классицизм Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римнің классиклық әдеби шығармаларын үлгі тұтты.
3. М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсіндегі» тақырып пен идея
Билет № 10
Әдебиеттегі эстетика туралы пікірлер
эстетика — әдемілік туралы ілім. Эстетика (грек. aіsthetіkos – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым.
2. Образ және оның түрлері
Образ, көркем образ - шындықты танып-білуде әдебиет пен өнерге тән ерекше эстетикалық категория. Көркем шығармада сөзбен сомдалған кез келген құбылысты (көбінесе әдеби қаһарман бейнесін) Образ деп атайды. Образ - сөзбен баяндалған сурет Образ әдеби тек тұрғысынан үш түрге:
эпикалық;
лирикалық;
драмалық болып бөлінсе, жасалу тәсіліне қарай юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, геройлық, т.б. болып бөлінеді.
3. М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсіндегі» Шолпан бейнесі
Билет № 11
1. Ш.Уәлихановтың эстетика туралы ойлары
2. Образ жасаудағы жинақтау мен даралау
Көркем бейне жасауға қажетті өмірлік материалды жинақтап, әдеби тұлғаны даралауға дейінгі күрделі жолдан өткенде әдеби бейне туады. Жинақтау дегеніміз - әдеби тип жасау әрекеті.
3. Драма және оның түрлері
Драмалық жанр трагедия, драма, комедия болып үшке бөлінеді. Трагедия сахнаға арналып жазылады. Мұндағы көрсетілген күрестің өзгешелігі, автордың пікірінше, кездесетін қиыншылықты жеңіп болмайтын тәрізді. Трагедияның көпшілігі-ақ қаһарманның өлімімен аяқталады.
Драма - сахнаға қоюға лайықталып жазылатын жанрдың бір түрі. Драмаларда әлеумет өмірінде кездесетін үлкен, ауыр халдермен қатар салт-тұрмыста күнбе-күн кездесетін күлдіргі жайттар да ұштастырыла, араластырыла көрсетіледі.
Жазушы, өз ұғымынша, керексіз деп тапқан бір өмір құбылысын не мінез, іс-әрекеттерді күлкі ету мақсатымен сахнаға лайықтап жазған драмалық жанрдың бір түрін комедия дейді
Билет № 12
1. Натурализм ағымы
2. Юморлық және сатиралық образдар
Юморлық образ - күлкілі кейіпкер: юмор - өмірдегі кісі күлерлік құбылыстардың өнердегі сәулесі. Күлкі жоқ жерде юмор да жоқ. Ал күлкілі әешейін жеңіл желпі нәрсе деуге болмайды. Күлкіде зор қоғамдық сипат, әлеуметтік сыр жатады.
Сатриалық образ - сатира өмірдегі кеселді, келеңсіздікті көлтің көз алдында – көрінісіне шығарады, халықты одан түңілтеді. Құлық пен сұмдықты, екіжүздікпен мансапқорлықты, ұятсыздықты, өмірдегі зиянды жайттарды аяусыз әшкерелеп, адамдарды онымен ымырсыз күреске үндейді.
3. Өлең өлшемдері
Қазақ поэзиясында ең көп пайдаланылатын өлең өлшемдері – жеті буынды, жеті-сегіз буынды, он бір буынды болады. Алты буынды өлең, онан да қысқарақ төрт буынды өлең сиректеу кездеседі. Он бірден буын саны көбірек, мысалы, он төрт, он бес буынды өлеңдердің тармағы құрама болып келеді, яғни жеті буынды екі тармақтан, сегіз буынды екі тармақтан құралады. Түркі тілдес халықтардың өлең өлшемдерінің ішінде ежелгі заманнан қолданылып келе жатқаны – жеті буынды өлең
Билет № 13
1. Ұйқас және оның түрлері
2. А.Байтұрсынов жіктеуіндегі фигура түрлері
. А.Байтұрсынов троп түрлері туралы: “Тіл көрнекі болу үшін дерексіз нәрсе деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей суреттеліп, адамның сана-саңлауына келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек. Қалыпты түріндегі сөз ондай дәрежеге жету үшін түрлі әдістер істеледі. Ол әдістер негізгі түріне қарай үш топқа бөлінеді:
көріктеу,
меңзеу,
әсерлеу дейді.
3. Кең көлемді эпикалық түр
Кең көлемді эпикалық түрге роман мен эпопеяны жатқызамыз. Роман – орта ғасырларда роман тілінде жазылған шығармалар осылай аталған. Сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тірлік еткен орта ауқымында, жанжақты мүсіндейді. Басқа жанрларға қарағанда ұзақ уақытты, байтақ кеңістікті қамтиды.
Эпопея тарихи тақырыпты кең қамтып, халық өмірінің өткен кезеңдерін көркем бейнелейтін жанр.
Билет № 14
1. Арнау және оның түрлері
Қазақ әдебиетіндегі фигуралардың да негізгі түрлері - арнауАрнау. Арнау не біреуге, не көпшілікке, не табиғаттың бір құбылысына қайрыла сөйлеу. Кейде лепті сөйлем, кейде сұраулы сөйлем, кейде риторикалық сұраулар арқылы құрылады.
2. Сентиментализм ағымы
с е н т и м е н т а л и з м (французша зепіітепіаіізте — сезімталдық) өнерде классицизмді ауыстырар тың ағым болып қалып-тасты.
Сентиментализм әуелі Англиядан — ағылшын жазушысы Стерннің “Сентиментальдық саяхатынан” (ағымның аты да осыдан алынған) басталды да, кейін Францияға (Руссо), Германияға (Жан Поль, жас Гете, жас Шиллер), Россияға (Қарамзин, жас Жуковский) ауысты.
Сентиментальдық шығармаларда сезімге табыну әбден шарықтау шегіне жетті, кітап беті ашылса-ақ болғаны, көңілдегі кірбің, көздегі жас, көкейдегі мұң-шер ағытыла жөнелетін. Мұндай шығармалардың тілі де бұрыңғыдай асқақ, адуын емес, майда, нәзік орамдар мен өрнектер тапты.
3. Пролог және эпилог
Роман, әңгіме, поэмаларда кездесетін осы тәрізді бастама, таныстыруларды пролог деп атайды.
Шығармада суреттелінген оқиғалар әбден аяқталып болғаннан кейін жазылатын автордың қорытынды сөзін эпилог дейді.
Билет № 15
1. Троп және оның түрлері
Троп (гр. tropos – айналым, тіл оралымы, иін, иірім, сөз қолданысы) немесе құбылту – атаудың немесе мағынаның ауыспалы түрде қолдану тәсілі. Сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп жеткізу тәсілі болып табылады. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан қажет. Троп түрлеріне көріктеу, меңзеу, теңеу, ауыстыру, бейнелеу, алмастыру, кейіптеу, бернелеу, әсірелеу, арнау, қайталақтау, шендестіру, дамыту, түйдектеу, бүкпелеу, кекесіндеу, т.б. жатқызылады.
2. Монолог және оның түрлері
Монолог дегеніміз – кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы.
Монолог – сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылатын тәсіл. Монологтың ерекшелігі бір адамның ойы, сөзі көрініс табады.
1, Ішкі монолог- Ішкі монолог - кейіпкердің ішкі ойы, өзіне өзі қарата айтылған арнауы. 2. Хабарлау түріндегі монолог..... 2.3 Драмалық монолог.. 2.4. Лирикалық монолог. 2.5 Шешендік монолог ..
3. Кез келген лирикалық туындыны әдеби-теориялық талдау
Билет № 16
1. Д.Исабеков «Гауһар тас» шығармасындағы тақырып пен идея
2. Сентиментализм ағымы
18-ғасыр дың екінші жартысы мен 19-ғасырдың басында дамыған ағым – сентиментализм. Сентиментализм (французша сезім, сезімталдық деген сөздерден алынған ). Бұл көркем әдебиеттегі ағым Ағылшын және басқа Еуропа халықтарының әдебиетінде кеңінен өріс алған.
3. Кез-келген лирикалық туындыны әдеби –теориялық талдау
Билет № 17
1. Д.Исабековтың «Ескерткіш» шығармасындағы тақырып пен идея
2. Диалект сөздердің қолданылуы
3. Кез-келген лирикалық туындыны әдеби –теориялық талдау
Билет № 18
1. М.Әуезовтің «Қаракөз» шығармасындағы сюжет
2. Троптың бір түрі – кейіптеу
Кейіптеу — ертегілер мен аңыз әңгімелерде жиі қолданылатын тәсіл. сияқты ең көп қолданылатын троптың түрі - кейіптеу. А.Байтұрсынов: "Кейіптеуді -жансыз нәрсені жанды нәрсенің күйіне түсіріп тұрпаттау" десе (1,18), Қ.Жұмалиев: "Жаратылыстың жансыз нәрселерін жанды нәрселердей етіп, жандылардың істейтін амалдарын істеткізіп суреттеу" деген тұжырым жасайды (9, 168).
Кейіптеу грамматикалық жағынан алғанда, етістіктен болып, қимыл-әрекетті көрсетіп тұрады.
3. Кез-келген лирикалық туындыны әдеби –теориялық талдау
Билет № 19
1. Фигура және оның түрлері
Қазақ әдебиетіндегі фигуралардың да негізгі түрлері - арнау (обращение), қайталау (повторение), шендестіру (антитеза), дамыту (градация), инверсия, эллипсис.
Арнау. Арнау не біреуге, не көпшілікке, не табиғаттың бір құбылысына қайрыла сөйлеу.
қайталау.
Белгілі бір өмір құбылысына, не бір нәрсеге оқушыларының назарын аудару үшін ақын-жазушылар бір сөзді, не сөйлемді әдейі қайталап, сөзге, не сөйлемге ерекше түс береді.
2. Образ жасаудағы тәсіл: диалог
Диалог - әдеби шығармадағы екі кейіпкердің не бірнеше адамның сөйлесуі, оларды сөйлестіру тәсілі. Драмалық шығармалар түгелдей диалогқа, монологқа құрылады. Диалог арқылы кейіпкердің ішкі сыры аңғарылады. Яғни, әр кейіпкердің сөз саптауынан, оның ой толғанысынан, сөйлеу мәнерінен жан дүниесі елес береді
3. Кез-келген лирикалық туындыны әдеби –теориялық талдау
Билет № 20
1. Ажарлау тәсілдері
2. «Шұғаның белгісіндегі» Шұға бейнесі
3. Кез-келген лирикалық туындыны әдеби – теориялық талдау
Билет № 21
1. Фигураның бір түрі - қайталау
- қайталау.
Белгілі бір өмір құбылысына, не бір нәрсеге оқушыларының назарын аудару үшін ақын-жазушылар бір сөзді, не сөйлемді әдейі қайталап, сөзге, не сөйлемге ерекше түс береді.
2. Өлең жүйелері
. Ең көне түрі — м е т р и к а л ы қ (грек-ше теігоп — өлшем) өлең жүйесі. Бүл жүйе тұңғыш рет көне Грецияда — біздің эрадан бұрынғы VIII ғасырда пайда болған да, кейін (б. э б. III ғасырда) латын әдөбиетіне ауысқан.
Метрикалық жүйе - әуезді жүйе, оның арқауында ән жатады. Көне дүние әдебиетіндегі өлеңдер әрқашан әуенмен айтылған, жай оқылмаған, музыкалы мақаммен оқылған. Осыған сәйкес метрикалық жүйенің бірнеше түрі бар: ямб, хорей, анапест, дактиль, антипаст, бакхий, гекзаметр т.б.(-) созымды буын, (U) – созымсыз буын. Ямб U- ; Хорей U- т.б. Силлабикалық өлең жүйесі . (гр. Sillabe - буын) ең шешуші нәрсе – буын, ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ бәрі де буынға негізделеді.Чех, поляк, серб, француз, қазақ т.б. халықтарға тән. Тоникалық өлең жүйесі (гр.tonos - екпін). Бұл өлеңнің өлшемі екпін: буын, ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ бәрі де екпінге негізделеді. Екпін түсетін буындар есепке алынады да, екпінсіз буындар есептелмейді. Силлабо-тоникалық өлең жүйесі. Бұл өлеңнің өлшемі - әрі буын, әрі екпін. (-) екпінді буын. (U) екпінсіз буын
