Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билет адебиеттану 222222.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162.82 Кб
Скачать
  1. Әдебиеттану ғылымының жанама салалары

Жанама тараулары — текстология, тарихнамабиблиографияТекстология — әдеби туындылардың мәтінін зерттеп-танудың принциптері мен әдістерін анықтайтын арнаулы ғылыми пән. Текстология көркем шығарманың түпнұсқасын талдап, оның автор қолымен жасалған ақтық редакциясын анықтайды, әр алуан нұсқаларын өзара салыстырады, әр басылымын қолжазбамен салғастырады;

 Әдеби тарихнама — әдебиет теориясының, тарихының, сынының ғасырлар бойғы тарихи дамуы туралы дәйектемелер мен деректер, мәліметтер мен құжаттар жинағы. Мұның өзі, көбіне, бірыңғай ғылыми мақсат үшін керек. 

 Библиография — көркем әдебиеттің өзіне және әдебиет туралы ғылымға байланысты көрсеткіштер мен анықтамалар, шолулар мен сілтемелер жиынтығы. Бұл да ғылыми мақсат үшін керек.

  1. «Абай жолындағы» Абай бейнесі

Ұлы ақын әрі ағартушы Абай Құнанбаевтың қилы тағдыры мен өмірін суреттейтін «Абай жолы» атты роман-эпопеяны оның алыс туысы танымал қазақ жазушысы М.О. Әуезов жазды. Абай – ұлы ақын, философ, ағартушы-демократ, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы, композитор, халық жақтаушысы. Абай – бай әрі дүниеқор феодал Құнанбайдың ұлы. Осы көріністе Абайдың әкесі сияқты аты шыққан бай боларлық келешегі байқалады, бірақ Құнанбай күткендей және талап еткендей болмады. Өйткені Абайды билік те, байлық та қызықтырмайды, ол жеке басының амандығы мен игілігін әділдік пен шындыққа құрбан етеді.

Абай образының тағы бір маңызды ерекшелігі-оның интеллектілік қасиеті. М.Әуезовтің көрсетуінде есейген Абай-ақындығымен бірге білімді, парасатты философ адам. Ұлы ақынның бұл қабілеті оның әрбір қадамынан көрінеді. Не нәрсенің терең сырын, мағынасын, себебін түсінуге тырысу, не істесе де сол істің байыбына барып, пайымдап, топшылап алып іске кірісу, айтыс-таластарға логиканы қару ету, халқының қадірі және болашақ тағдыры туралы шексіз толғану, өлеңдерін ұдайы философиялық, даналық ой-пікірлерге негіздеу-осының бәрі Әуезовтің шебер суреттеуінде ұлы Абайдың бойына жарасқан.

Билет № 5

  1. Әдебиеттану ғылымының негізгі салалары

Әдебиеттану –сөз өнерін зерттейтін ғылым. Ал әдебиет туралы ғылым, негізінен, мынадай үш түрлі ғылыми салаға бөлінеді: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы және әдебиет сыны.

  1. Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Әдебиеттің өзіне тән ерекшелігін, оның қоғамдық қызметін, көркем шығарманы талдаудың принциптері мен методикасын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдіс әдіс мәселелерін түп-түгел тек әдебиет теориясынан ғана танып-білуге болады.

  2. Әдебиет тарихы, сөйтіп, жек алғанда, бір елде, жалпы алғанда, бүкіл адам баласының тарихында көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын, қайтіп қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейді

  3. Әдебиет сыны әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан-жақты талдау, оның идеялық – көркемдік құнын белгілеу, өз кезінің эстэтикасы үшін мәні мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан, жазушыға жазғандарының бағалы қасеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның творчестволық өсуіне тікелей қолқабыс жасаса, екінші жағынан, оқырманды оқығандардың байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға баулиды.

  1. Сюжеттің бес кезеңі

Сюжеттің жүйелі тұтастығы да, сондай-ақ жекелеген сәттері: бастамасы (экспозиция), шиеленісуі, шарықтау шегіне жетуі, шешімі, аяқталуы да өмірлік тартыс, қайшылықтың даму-өрістеу заңдылықтарына сәйкес келіп отырады. Кейде сюжеттің беташары ретінде аңдату (пролог), соңында қосымша түрінде үстемелеу (эпилог) беріледі. Олардың барлық шығармада болуы шарт емес.

3. Әдебиеттің бір тегі - драма

Драма– (гр. dramo — әрекет) —Драма Грецияда пайда болған.Эсхиль ,Сокофл драмаларымен дамыған.Кейін Англияда одан сон Испанияда дамыған. 18 ғасырларда Пушкин драмасымен өріс алған. Қазақ әдебиетінде драма Еңлік-Кебекпен бастау алады. Драма — көркем шындықты ерекше тәсілдерімен шиеленіскен тартыстар желісіне жинақтап, оқиғаға қатысатын кейіпкерлер сөзі мен іс-қимылы арқылы көрсететін сөз өнерінің күрделі тегі. Драмалық шығармаларда баяндау болмайды. Оқиға, яғни тартыс желісі репликалар (кейіпкер сөзі) арқылы дамиды.

Билет № 6

  1. Романтизм әдісі

Романтизм ағылш. romantіcіsm, франц. romantіsme, нем. romantіk) – 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың алғашқы жартысында Еуропа мен Америка елдерінің рухани мәдениетінде: музыкатеатр,бейнелеу өнеріэстетика, т.б. әдеби-көркем салаларда тараған идеялық көркемдік бағыт.. Адамның бас бостандығын, ірі іс-әрекеттерге ұмтылыстарын мадақтау — Романтизм туындыларына ортақ қасиет. Кейде романтиктер туындыларында өмірден түңілушілік, тағдырға бас июшілік сарыны бой көрсетеді. Романтиктер ауыз әдебиетітарихдінөнер мәселелерін өз идеяларын насихаттау құралы ете білді. Олар дүние жүзі өнерінде тұңғыш рет адам жанының иірімдерін, тұңғиық тереңін ашып көрсетті.

19 ғасырда романтизм әдісі жазба әдебиетте толық қалыптасып, 20 ғасырдың басында кемелденді. Романтизм әдісі көбіне сирек кездесетін ерекше жағдайларға көңіл аударады.

  1. Реалистік образ

  1. Реалистік образ - әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі. образ атаулының айырықша мағыналы, мәнді түрі де осы –реалистік образ

3. М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» шығармасындағы тақырып пен идея

Билет № 7

  1. Реализм әдісі

Реализм[1] (лат. relіs — заттылық, шындық) — әдебиет пен өнерде өмір құбылыстарын шынайы қалпында, нақтылық белгілерін сақтай отырып, жинақтап бейнелейтін көркемдік әдіс. Реализм әдісі өмір құбылыстарын, маңызды қоғамдық мәселелерді, күнделікті тұрмыстағы сан алуан жайттарды мейлінше кең қамтып, әлеум. қайшылықтарды, адам бейнесін терең ашып көрсетуді мақсат тұтады. Реализмнің өмір шындығын бейнелеудегі әдісі, стильдік формасы алуан түрлі

2.Трагедиялық образ

Трагедиялық образ-әдебиетте тым әріден келе жатқан бейнелерді. Трагедия қатерлі нәрселер қайғы, қорқыныш, қаза түрінде көрінеді. Трагедиялық қаһарманның өмірі көбіне өліммен аяқталып отырады. Өйткені, оның айқасқан жауы өзінен күшті, әлеуметтік қиянат адам еркінен тыс үлкен. Сондықтан да қаһарман-халықтың алыс арманы, асыл мұраттарынан туған тарихи тұлға.

3.Сюжет және композиция

Композиция (латын сөзі - kompositio               - құрастыру, тәртіпке келтіру) - көркем   шығарманың құрылысы. Көркем әңгіме не поэма, не роман, қайсысын оқысақ та, әр алуан сюжетке құрылады. Сюжет дегеніміз - шығармадағы адамдардың бір-бірімен байланысы, қарым-қатысы, күрес-тартыстары - шығармадағы оқиғаның дамуы.

Билет № 8