Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билет адебиеттану 222222.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162.82 Кб
Скачать

Билет № 1

  1. Әдебиеттің тектері

эпос, лирика, драма

Эпос — әдебиеттің негізгі үш тегінің бірі, әдебиеттің баяндау жанрларының басын құрайды. Эпостық шығармада оқиға өз бетінше автордың еркінен тыс жүріп жатқандай әсер береді. Мұнда оқиғаны суреттеу тәсілінің бір ерекшелігі — сюжет желісінің тежелетіндігі.

Лирика-онын ерекшел ігі адамнын конили мен сезим куйінің суреттелуінде.Лирикада басты кейіпкер ақын халық атынан сөйлейді.Оларға тұрмысық салт –жырлар,терме,толғау жатады.

Драма Грецияда пайда болған.Эсхиль ,Сокофл драмаларымен дамыған.Кейін Англияда одан сон Испанияда дамыған. 18 ғасырларда Пушкин драмасымен өріс алған. Қазақ әдебиетінде драма Еңлік-Кебекпен бастау алады.

2.Әдебиеттану ғылымының салалары

Әдебиеттану –сөз өнерін зерттейтін ғылым. Ал әдебиет туралы ғылым, негізінен, мынадай үш түрлі ғылыми салаға бөлінеді: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы және әдебиет сыны.

Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Әдебиеттің өзіне тән ерекшелігін, оның қоғамдық қызметін, көркем шығарманы талдаудың принциптері мен методикасын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдіс әдіс мәселелерін түп-түгел тек әдебиет теориясынан ғана танып-білуге болады.

Әдебиет тарихы, сөйтіп, жек алғанда, бір елде, жалпы алғанда, бүкіл адам баласының тарихында көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын, қайтіп қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейді

Әдебиет сыны әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан-жақты талдау, оның идеялық – көркемдік құнын белгілеу, өз кезінің эстэтикасы үшін мәні мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан, жазушыға жазғандарының бағалы қасеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның творчестволық өсуіне тікелей қолқабыс жасаса, екінші жағынан, оқырманды оқығандардың байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға баулиды.

3. Сөздің көп мағыналылығы

 Сөздің сапа жағынан дамығандығын көрсететін бірден-бір белгі — сөздің көп мағыналылығы. Сөздің екі, я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналығы(полисемия) дейміз.

Билет № 2

  1. Әдебиеттің бір тегі – эпос

Эпос — әдебиеттің негізгі үш тегінің бірі, әдебиеттің баяндау жанрларының басын құрайды. Эпостық шығармада оқиға өз бетінше автордың еркінен тыс жүріп жатқандай әсер береді. Мұнда оқиғаны суреттеу тәсілінің бір ерекшелігі — сюжет желісінің тежелетіндігі. Эпостық жанрдағы шығармаларда негізгі әңгімеге қатыссыз “бөгде” бір нәрселер бейнеленетін секілді. Шын мәнінде бұл — эпостың өзінің жанрлық мақсатына жету үшін қолданатын тәсілдерінің бірі. Эпос тұтастықты көксейді, шындық дүниені қалайда кең көлемде көрсетуді қалайды. Нәтижеде қомақты, өркешті, кең тынысты шығарма туады

  1. Ажарлау тәсілдері: синоним, омоним, антоним

Синоним (гр. 'synonymos' — мағыналас, мәндес) — тұлғалары әр түрлі, мағынасы жақын сөздер.  Мысалы, құлшыну — белсену, соғыс — ұрыс, жабу — кілттеу сөздерінің мағыналық салмағы әр түрлі.

Антоним (гр. antі — қарсы, onoma — ат, атау) — мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер.  Мысалы, «Көз — қорқақ, қол — батыр», «Өтірік — қаңбақ, шын — салмақ». Қазақ тілінде фразеологиялық антонимдер көп кездеседі: аты шықты — аты өшті, жүрек жұтқан — су жүрек, соры қайнады — көзі ашылды

Омонимдер(гр. homos — біркелкі, onyma — есім) — шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер.

  1. Ат — жұмыс көлігі;

  2. Ат — есім, атау;

  3. Ат — етістік (бұйрық рай).

3. Көркем шығармадағы тақырып пен идея

Көркем шығарманың тақырыбы авторлық суреттеудің өзегіне алынып, шығармада көрініс тапқан ақиқат болмыстағы заттар мен құбылыстардың, оқиғалардың жиынтығы болып табылады. Әрбір көркем туындыда, әдетте, бір ғана тақырып көтерілмей, бірнеше тақырыптың жүйесі (тематика) көрінеді.Егер тақырып – жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея- жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы

Билет № 3

  1. Әдебиеттің бір тегі – лирика

Үш текті әдебиет жанрларының бірі — лирика, адамның көңіл-күйін шертеді. Бұл жанрда “ақын адамның ішкі ғаламы мен тысқы ғаламы түйіседі” (Байтұрсынов). Адамның сырттан алған әсері көңіл көрігінде балқып, нәзік  сәулелі сезімге айналады. Жалт өткен сезім жарқ етіп ақын жүрегін дөп сөзбен жарып шықса, міне, бұл — лирика. Лирика — алдымен сезімнің гүлі, гүлдің хош иісі, көз жауын алған көркі. 

  1. Идея және оның түрлері Бану

  2. Идея (гр. іdea – түсінік, елес, бейне) –

  3. 1) ой, түпкі ой;

  4. 2) бір нәрсенің (мысалы, көркем, ғылыми, саяси шығарма) негізгі ойы;

  5. 3) теориялық жүйенің, логикалық құрылымның, соның ішінде дүниетанымның негізінде жатқан анықтаушы түсінік;

  6. 4) нәрсе немесе құбылыс жөніндегі жалпы түсінік.

3. М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» шығармасындағы тақырып пен идея

Билет № 4

  1. Шығармадағы мазмұн мен пішін

 Пішін дегеніміз – бір нәрсенің пішіні; басқа ережесі жоқ. Осныың енді ішкі қасиеті; анықтамасы бар, ол – мазмұн. Мазмұнды алайық. мазмұн дегеніміз – бір нәрсенің мазмұны; басқа ережесі жоқ. Осының енді сыртқы қасиеті, анықтамасы бар, ол – пішін. Мазмұн мен пішіннің бірлігі осының өзінен – ақ анық көрініп тұрғандай. Мазмұн пішіннің ішкі қасиеті, пішін мазмұнның сыртқы анықтамасы болғанда ғана әрқайсысы өзінен - өзі айқындай алады. Жалғыз – ақ осынау мазмұн мен пішіннің бір – біріне ауысу, көшу процесінің негізінде мазмұн жататынын ұмытпау керек. Қандай жағдайда болсын, әуелі мазмұн туады да, өзін анық айқындау үшін өзіне пішін іздейді. Демек, мазмұн мен пішіннің мызғымас бірлігінің негізінде мазмұнның пішіннен басымдығы (примат) жатады деп ұққан жөн.