- •Жетекшілік әрекет ұғымы
- •Қарым қатынастың параметірлік құрылымы.(м.И.Лисина бойынша)
- •Арынтай Бақыт 66 - 67
- •Онтогенездегі психикалық дамудың периодизациясы
- •Абдікерім Ажар 68 - 69
- •Абилдаева Дариха 70 – 71 беттер
- •Абсаттарова Перизат 70 - 72
- •Байдилда Назира 77 – 78 беттер
- •Баймағамбет Салтанат 79-80 бет
- •Ересек адамдармен қарым-қатынастың баланың дамуына әсері
- •Бораздаева Жулдыз 81-83 беттер
- •Кәділ Айнур 92 – 93
- •Кусайынова Айнура 93 - 96
- •Қалиева ә. 99, 100 беттер.
- •Мырзақұл Іңкәр 101-103 бет
- •Пайзуллаева Жансая 103 - 105
- •Тойболдиев Абзал 105 - 107
- •Уайтова Ақбөпе 107-109 беттер
Баймағамбет Салтанат 79-80 бет
Бұл өте маңызды феномен.Баланың затты бұрынғысынша ауыр көріп қиындықпен қабылдауы мен түсінбеуі бір қарағанда заттық түсінік тұрғыда өзгеріске ұшырамаған болып көрінеді. Алыста тұрған заттың аффектілік сұлбасының жанында үлкен адамдардың болуы баланың сол затқа деген қызығушылығының артуына себепкер болады. Әлі де болса бала өзіне қажетті құрал-жабдықты алу үшін ересек адамның көмегіне жүгінуге болатынын түсінбейді.Сондықтан да ересек адамның баланың жанында болуы баланың керек затқа қол жеткізуі үшін емес, сол затқа деген қызығушылығын ояту үшін қажет.
Бірінші фактте нәрестенің қоршаған ортадан өзінің денесін және өзінің автономды тіршілік иесі екендігін қоршаған ортадан ажыратып түсінбеуі сипатталса, екіншісінде баланың заттар мен құрал-жабдықтардың сырт келбетінің бейнесі және әлеуметтік көзқарастары оның қоршаған ортамен бөлінбес тұтас дүние құрайтындығын анықтайды. Бұл екі фактте баланың жеке тұлғалық психологиялық жай күйінің жағдайы естің қалыптасуына жалпы психологиялық сипаттамаларға негізделіп жүзеге асатынын көрсетеді. Мұндай жіктемелер нәрестенің дамуына деген көзқарастарды түбегейлі өзгертеді. Әдетте нәрестені өзінің денесі және өзінің жай-күйінен басқа ештеңені білмейтін автономды тіршілік иесі ретінде сипаттайтын көзқарас негізінде баланың жетілмеген психикасы әлеуметтік қарым-қатынасқа түсуден максималды оқшауланған, қоршаған ортаның кейбір қоздырғыштарына ғана жауап қайтарады. Уақыт өте келе ғана өзінің қалауы мен ойларын, іс-әрекеттерін әлеуметтендіру арқылы ғана әлеуметтік тұлғаға айнала алады.
Бұл көзқарастарды Л. С. Выготский түбегейлі түрде теріске шығарады. Баланың психикасы оның өмірінің алғашқы сәттерінен бастап қоршаған ортамен және басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуге дайын. Нәресте ең алдымен жекелеген реакцияларға емес қоршаған адамдарға жауап қайтарады. Тек солар арқылы ғана қоршаған ортаны қабылдап, түсінеді. Нәресте тек ішкі қоздырғыш ортасында ғана емес сыртқы адамдармен бірге өмір сүреді. Нәресте үшін ересек адам- ішкі жан дүниесінен жат мазмұны емес, оған дүниемен таныстыратын, түсінік беріп, психикалық көзқарастарын қалыптастыратын жеке тұлға балып табылады. Бастапқыда нәресте анасының жатырында өмір сүргендіктен сол ортамен іштей тұтас болады.Уақыт өте келе ғана анасынан психологиялық көзқарастары біртіндеп ерекшелене бастайды. Баланың автономдылығы, тәуелсіздік пен өзіндік әрекет жасауы баланың әрі қарай дамуының нәтижесі болып табылады. Баланың өмірінің алғашқы айларында ғана өзінің жеке және туысқандарының ортасында өмір сүреді. Нәрестенің үлкендерге еліктеуін психологиялық жалпылықтың нәтижесі деп түсіндіруге болады. Баланың іс-әрекеті өзі еліктейтін тұлғаның іс-әрекетінің тұтастай қайталануы болып табылады. Зерттеулер нәтижесінде балалар жансыз заттардың қозғалысына еліктемейтіндігі дәлелденген. Мысалы, маятниктің ырғатылуы, доптың домалауы, т.б. Еліктеу арқылы бала жаңа қимыл-қозғалыстарды үйренеді, денесінің физиологиялық, психологиялық мүмкіндіктерін арттыру арқылы дүниеге араласып өзін дамытады.
