- •Жетекшілік әрекет ұғымы
- •Қарым қатынастың параметірлік құрылымы.(м.И.Лисина бойынша)
- •Арынтай Бақыт 66 - 67
- •Онтогенездегі психикалық дамудың периодизациясы
- •Абдікерім Ажар 68 - 69
- •Абилдаева Дариха 70 – 71 беттер
- •Абсаттарова Перизат 70 - 72
- •Байдилда Назира 77 – 78 беттер
- •Баймағамбет Салтанат 79-80 бет
- •Ересек адамдармен қарым-қатынастың баланың дамуына әсері
- •Бораздаева Жулдыз 81-83 беттер
- •Кәділ Айнур 92 – 93
- •Кусайынова Айнура 93 - 96
- •Қалиева ә. 99, 100 беттер.
- •Мырзақұл Іңкәр 101-103 бет
- •Пайзуллаева Жансая 103 - 105
- •Тойболдиев Абзал 105 - 107
- •Уайтова Ақбөпе 107-109 беттер
Онтогенездегі психикалық дамудың периодизациясы
Баланың психикалық даму процесі оның стадиялық прцесі болып табылады, оның жасқа сай сапаларының ауысып отыруы.
Жастық кезең деген не, және оның сапалары қандай?
Психологияда бұған бірнеше жауаптар бар, соған қатысты баланың дамуының бірнеше периодизациялары бар.
Ең нақты және объективті жастың мінездемесі баланың жетілу кезеңі болып табылады. Мысалы, баланың сүйектерінің қатаюы оның көрсеткіштері баланың тістерінің болуы және оның жағдайы. Мұндай бала кезеңің классификациясын ендірген П.П. Блонский, ол әр түрлі балалық шақ кезеңдерді былай атап топтастыруды ұсынды: тіссіз, сүтті түстер және тұрақты тістер кезеңі. Баланың сүйектерінің қатаюы мен тістерінің жағдайы арқылы баланың күнтізбелік жасын байқауға болады, бірақ ол баланың психикалық дамуына ешқандай қатысы жоқ және сондықтан мұндай периодизация психикалық периодизация бола алмайды.
Алдынғы бөлімде біз екі түрлі психикалық дамудың периодизациясымен танысқан болатынбыз. Бұл жерде мән берерлік жағдай бір затқа қатысты болса да, олар мүлдем бір-біріне ұқсамайды: оның біреуінде баланың тұлғалық дамуы және аффекті – қажеттілік сферасы, екіншісінде- баланың тұрақты интелектінің дамуы. Бірақ қанша дегенмен интеллектінің дамуы баланың қобалжуы мен сезімдерімен мүлдем байланыспайды, тұлғалық даму интеллектуалды мүмкіндіктерінің өзгеруін қарастырады. Бірақ, бала және оның психикасы соншалықты екі бөлімге бөліне алмайды.
Абдікерім Ажар 68 - 69
Бұл ақыл ой дамуы мен тұлға даму арасындағы айырылым бала психикалық дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін.Д. Б. Эльконин бойынша мұндай айырым негізінде натуралдық бағытта бала психикасына әсер етіп, тежелген индивид ретінде көрсетеді. Баланың ортаға сіңісуіне «Өмір сүру ортасы» позициясы әсер етеді.Бұл қоғам бір-бірімен қарым-қатынаста тұра, бірең сараң айырмашылығы бар, бір жағынан «материалдық мәдениеттен» тұрса, екінші жағынан «әлеуметтендіруші адамдардан» тұрады. Сондықтанда бұл қоғам мәдениетіне адаптациялануы әртүрлі. Д. Б. Эльконин Л. С. Выготскийдің мәдени-тарихи концепциясынан кете, өз психологиялық ұғымын ұсынды. «Бала және әлеумет» жобасының рөлін «бала әлеуметте» жобасы басады. Бала әлеуметенуінің жобасы «бала- зат» және «бала- ересек» көрініс табады. Бұл екі жоспар бір жобаға енгізілу нәтижесінде сапалық мазмұндары өзгереді. «Бала- зат» жобасы шындығында да қарым-қатынас «бала- қоғамдық зат» жобасымен айқындалады. Мәдени зат ретінде физикалық сапасына сәйкестірілмей, заттарда оларды пайдалану жолымен қолдану реті көрсетілмеген. Сондықтан мұндай заттарды қолданыста қолдану алаптациялану процесімен жүзеге аспайды. Мұнда басты процесс ретінде баланың ересек көмегімен затты қолдана білу жақын аймақпен сиппаталады.
«Бала- ересек» қатынас жобасы өзге мазмұнмен сипатталады. Ересектер балалардың затпен қарым-қатынас жасауын арнайы үйретіп қана қоймай табиғи тұрғыдан да әлеуметтендіруші болып табылады. Бала бойына қажеттілікті , мотивті және мақсатты қалыптастырады. Өкінішке орай мұндай психологиялық ерекшеліктер толығымен зерттелмеген. Д.Б.Эльконин есептеуінше балада мұндай мотив пен мақсат, іс-әрекет құндылықтары оның тобында, ұжымында жалпы әлеуметтік ортасында қалыптасады. Мұндай процесс кезінде бала іс-әрекетті орындау, үлкендердің көмегімен жүзеге асады. Бұл тұрғыда бала іс-әрекеті ішкі жоба жүйесінде «Бала – қоғам заты» және «Бала – қоғам ересегі» бірмағынада ұштаса, тұлға болып қалыптасуына септігін тигізеді. Психикалық даму процесінде бала іс-әрекет мотивін,коммуникативтілікті және заттармен қарым-қатынас қызметтерін меңгереді. Бұл екі жүйені меңгергенде бостықпен қарауға болмайды, себебі олар өз септігін тигізе отырып бір-бірімен тығыз байланыста болады. Сонымен қоса әртүрлі қызмет барысында бала жаңа іс-әрекет аспектілерімен танысады. Д.Б.Эльконин бала іс-әрекетін 2 топқа бөліп қарастырды:
1) Бірінші топқа «Бала – қоғам ересегі» жүйесін жатқызды. Оған тұлға әрекеттері: іс-әрекет мотиві, мақсаты және адамдармен қарым-қатынас нормасы жатады.
2) Екінші топқа «Бала – қоғам заты» жүйесі жатады. Мұнда қоғам ой елегінен өткізілген іс-әрекеттер жатады.
Бала мінез-құлқы мен жасына сай Д.Б.Эльконин бұл екі топтың алмасуының заңдылықтарын көрсетті.
