- •Жетекшілік әрекет ұғымы
- •Қарым қатынастың параметірлік құрылымы.(м.И.Лисина бойынша)
- •Арынтай Бақыт 66 - 67
- •Онтогенездегі психикалық дамудың периодизациясы
- •Абдікерім Ажар 68 - 69
- •Абилдаева Дариха 70 – 71 беттер
- •Абсаттарова Перизат 70 - 72
- •Байдилда Назира 77 – 78 беттер
- •Баймағамбет Салтанат 79-80 бет
- •Ересек адамдармен қарым-қатынастың баланың дамуына әсері
- •Бораздаева Жулдыз 81-83 беттер
- •Кәділ Айнур 92 – 93
- •Кусайынова Айнура 93 - 96
- •Қалиева ә. 99, 100 беттер.
- •Мырзақұл Іңкәр 101-103 бет
- •Пайзуллаева Жансая 103 - 105
- •Тойболдиев Абзал 105 - 107
- •Уайтова Ақбөпе 107-109 беттер
Тойболдиев Абзал 105 - 107
Нәрестенің іс-әрекеті мақсатқа сәйкес қалыптасуы
Жоғарыда біз ұстау әрекетінің ересек адаммен қатынасқа түсу барысында пайда болуын айттық.
Дәл осы психологиялық механизмнің әсері қандай?
Қалайша тұлғалық-ситуациялы байланыстан, сондағы басты құрамы басқаға эмоционалдық қатынас білдіруден, нәрестенің затқа активты әрекеті құрылады?
Бұл сұрақтарға психологияда түрлі жауаптар бар.
Бірінші. Баланың бұл әрекеті қоршаған әртүрлі заттарға кездейсоқ қолының әсерінен туындайды. Жандану комплексіне (комплекс оживления) кіретін баланың жоспарсыз қимылы жанындағы затқа тиюіне әкеледі. Егер бесік-арба (коляска) немесе төсегінің үстінде сылдыр ойыншықтар болса, бала оған қолын міндетті түрде тигізеді, дауысын шығартады. Осының салдарынан баланың затқа тиюі мен өз қозғалысы арасында байланыс бекітіледі, қозғалысы жаңғыртылады, содан соң уақыт келе іс-әрекет мақсатқа сай болады. Бұл келісілген операнттық секілді іс-әрекет болады. Осы көзқарасқа сәйкес ересек адам рөлі нәрестенің бөлінбеген (недифференциованный) қимыл белсенділігін ынталандыру (стимуляция), ал зат және заттық қимылға бағытталған іс-әрекеттер жоспарсыз бала қимылының салдарынан және ересек адамға тәуелсіз пайда болады.
Екінші. Ересек адаммен қатынаста баланың барлық сенсорлық жүйелері қарқынды дамиды. Ересек адам нәрестеге көбіне деректі, тартымды, ең қалаулы қасиеттері (қимыл, күрделі форма, түрлі модальдылыққа, яғни сәби қабылдауына әсері) бар объект болады. Ақпараттанған ересек адам нәрестенің перцесивті және сенсорлық қабілеттер дамуына мүмкіндік береді, ал белгілі деңгейге жеткенде бұл қабілеттер қоршаған заттарға бағытталады. Ерексек адамның орнын басып, бұл заттар баланың жаңа әсерге деген қажеттілігін қанағаттандыра бастайды және өзіндік мақсатты әрекетіне айналады. Бұл көзқарастан баланың танымдық және қозғалыс белсенділігін оятатын көбіне тартымды физикалық сипаты бар ең деректі заттар болады.
Үшінші. Бұл жауап түрі ересек адамның қоршаған заттарға қатынасымен байланысты. Ересек адамның нәрсеге қатынасы арқылы баланың затқа деген қызығушылығы туындайды, бұл баланың мақсатталған әрекетін тудырады. Ересек адам нәресте бала үшін жеке заттарды бөледі және оған назарын аудртады. Қоршаған ортадан ересек адаммен бөлінген заттар қызықтырғыштыққа және өзіндік «аффективті зарядқа» ия болады, ол затқа активті бағытталған іс-әрекетке әкеледі.
Бұл болжамдардың (гипотеза) қайсысы сұраққа әділетті жауап болатыны тек ғылыми тұрғыдан қызығушылықтан басқа практикалық мәні де зор, өйткені жоғарыда көрсетілген механизмдер ересек адам мен нәресте арасында әр түрлі қатынас стратегиясын жорамалайды. Бұл болжамдарды тексеру үшін арнайы эксперименталды зерртеулер жүргізілген (Е.О Смирнова, Г.Н. Рошка)
Ол методика түйіні: 3-тен – 12 ай арасында сәбилерге 2 затты түрлі амалмен беру көзделді– ересек адаммен байланыста(активті әдіс) және байланыссыз(пассивті әдіс). Алдын-ала сынамада 4 зат анықталды (ойыншықтар) тартымсыз келбетті, сәбидің аса назарын алмайтындар. Ең қызықтыратын зат (ол ақ пластмассалық көлік) ересек адаммен қатынасқа қосылған. Арнайы жүргізілген эксперимент барысында ересек адам бұл ойыншыққа қызығушылығын білдірген, сәбиге ойынщық көліктің бөлшектерін көрсеткен, көлікпен мүмкін болатын қарапайым қимылдарды істеген (дөңгелектерін айландырды, үстел басында жүргізді, терезелерін ұстап және т.б.).
3 минуттық эксперимент барысынан соң сәби затпен әрекет өзі әрекет ету, айналысуға арналған кезеңі болды. Ойыншық баланың көз аясында және созылыңқы қол арасында болды, ал ересек адам тек жанында тұрып бақылады.
