Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР кәсіпорындарының қаржылық стратегиясы мен та...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
75.71 Кб
Скачать
  1. «Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын талдау («Богатырь Көмір» жшс мысалында)

2.1 «Богатырь Көмір» жшс қызметінің сипаттамасы

«Богатырь Көмір» ЖШС – көмірді ашық әдіспен өндіру бойынша қарқынды дамып келе жатқан Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі. Тарихи құжаттар куәлендіріп отырғандай Екібастұз тас көмір кен орнының ашылуы 1867 жылдан басталады. ХІХ-ХХ ғасырдың басында «Воскресенск тау-кен өнеркәсіп қоғамы» көмір өндіре бастады.

Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін көмір көлемінің 70 пайызы Серіктестіктің үлесіне тиісті. 2006 жылы Серіктестік тұтынушыларға 41,6 миллион тонна көмір өндіріп жөнелтті. Сарапшылар қауымдастығының пікірі бойынша озық технологиямен қамтамасыз етілуі жағынан кәсіпорын Қазақстан көмір өнеркәсібі саласындағы көшбасшылардың бірі.

«Богатырь Көмір» ЖШС көмірі Қазақстанда да, сонымен бірге Ресейде де сұраныспен пайдаланылады. Жыл сайын көмірді экспортқа шығару жалпы өндірудің 50 пайызын құрайды. 2002 жылы Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар Министрлігі мен Екібастұз тас көмір кен орнын «Богатырь» мен «Северный» кеніші аралығында 45 жылға игеруге контракт жасалынды. Серіктестіктің тау-кен жұмыстарын мерзімсіз жүргізуге лицензиясы бар.

Серіктестік көмір өндіру тиімділігін үнемі арттыруда. Кәсіпорынды алдағы уақытта дамытудың бағадарламасы әзірленіп ойдағыдай іске асырылуда. Көмір өндіру көлемі кеншілердің еңбек ақысына да әсер етуде. Соңғы бес жылда «Богатырь Көмір» ЖШС еңбек ақы қоры 1,7 есе, ал еңбек ақы 2,1 есе өсті.

Ортаға үнемі талдау жасау, инновациялық жасалымдарды, озық құрал-жабдықтарды енгізу, бөлімшелердегі және жұмыс орнындағы ұжымдық қорғаныс құралдары өндірістік тәуекелдерді, қауіпті әрі зиянды өндірістік факторларды, еңбекшілердің жарақат алу мен ауруын азайтуға мүмкіндік береді.

Жобалық қуаты жылына 50 миллион тонна «Богатырь» кеніші тоғыз кезекпен 1965 жылдан 1979 жылға дейін салынды. 1985 жылы ең биік меже - жылына 56,8 миллион тонна көмір өндіруге қол жетті. Әлемдегі ең үлкен қуатты бірегей кеніш алғаш рет салынғандықтан, 1985 жылы Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. 1996 жылға дейін “Богатырь” кеніші “Екібастұз көмір” мемлекеттік акционерлік қоғамының құрамына кірді.

Акционерлердің келісіміне байланысты «Богатырь Аксес Комир» ЖШС-гі 2010 жылдан бастап қазақстандық «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» мемлекеттік холдингі мен ресейлік «РусАл» біріккен компаниясының басқаруына өтті. 2010 жылдың наурыз айында «Богатырь Аксес Комир» ЖШС-гі - «Богатырь Көмір» ЖШС болып атын өзгертті.

Ашық әдіспен өндірілетін «Богатырь Көмір» ЖШС көмірі Қазақстан мен Ресейдің шаңды ұнтақпен жағылатын жылу электр станцияларына және коммуналдық-тұрмыстық мұқтажға лайықталынған.

Екібастұз көмірінің қазандық агрегаттарда жанған кезде шлактанудан (қождану), қысқы уақытта теміржол вагонында қатып қалудан сақтайтын ерекше тұтыну қасиеттері бар.

Энергетикалық маркадағы көмір ( коксты, бірігу қасиеті төмен, төменгі метаморфизовалық: - құрғақ массадағы күлділігі – 36 - 47%, орташа- 42%; - жұмыс отынындағы ылғалдылығы -4,5 -7%, орташа - 5%; - жұмыс отынының жанудағы жылу- 4530 - 3600ккал/кг, орташа - 4024ккал/кг. Жоғары сапалы көмірмен барлық тұтынушыларды қамтамасыз ету мақсатымен «Богатырь Көмір» ЖШС көмірді сұрыптау және өндірудің жаңа технологиясын кезеңімен іске асыруда. Компания тұтынушылық қасиеттері жоғары сапалы өнімді бере отыра өз әріптестерінің табысты болуына барынша жағдай жасайды.

«Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры - Виктор Щукин. Ол  биылғы жылы өндіріс көлемінің төмендеуіне қарамастан, кәсіпорын  басшылығы  Қазақстан Республикасы президентінің  ірі қазақстандық компаниялардың басшыларына  өз жұмыскерлеріне еңбеақыны көтеру өтінішімен айтылған үндеуіне лайықты түрде жауап қайтарғанын атап өтті.  Акционерлердің келісуімен  шешім қабылданды: бірінші сәуірден бастап компания жұмыскерлерінің еңбеақысын  10 пайызға дейін өсіру, бірінші қаңтардан бастап Қазақстандағы инфляция деңгейіне  5 пайызға дейін  қосымша  келтірілген  еңбеақы төлемдерімен салық өлшемдерін  көбейту. Сонымен, жыл басынан «Богатырь Көмір»  жұмыскерлерінің еңбек ақы төлемдері мен салық мөлшерлері 15,5 пайызға өседі.

    1. «Богатырь Көмір» ЖШС қаржылық стратегиялық талдау

Кез келген кәсіпорынға стратегиялық талдау жүргізген кезде,ең алдымен оның қаржылық жағдайына талдау жасаланады,соған сүйеніп стратегиялық жоспарлар қалыптастырылады. Қаржылық талдау айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымын қарастырады, олардың салаға қатынасы бойынша анықталады. Айналым қаражаттарының көлемі өндірістік процесермен ғана анықталмайды, сонымен қатар кездейсоқ факторларда ескеріледі. Сондықтан да айналым активтерін тұрақты және өзгермелі деген бөліктерге бөлуге болады.

Қаржы менеджментінің теориясында «тұрақты айналым капитал» ұғымын екі тұрғыда түсіндіруге болады. Бірінші анықтама бойынша тұрақты айналым капитал (немесе ағымдағы активтердің жүйелік бөлігі) – бұл ақша қаражаттарының, дебиторлық қарыздың және өндірістік қорлардың операциондық циклде үнемі қажет болатын активтер бөлігі. Бұл көрсеткіште уақыт параметрі бойынша фирманың үнемі қолданылатын ағымдағы активтердің бөлігі. Екінші ұғымға сәйкес тұрақты айналым капитал – бұл ағымдағы активтердің минимумы, яғни өндірістік қызметті жүзеге асыруға қажетті құралдар. Бұл дегеніміз фирма өзінің қызметін жүзеге асыру үшін айналым активтерінің минимум көлемі қажет, мысалыға, резервтік капиталға ұқсас, банктік шоттардағы ақша қаражатының тұрақты қалдығы.

Өзгермелі айналым активтер категориясы (немесе секірмелі бөлігі) ағымдағы активтердің толықтауыш бөлігі болып, яғни керек кезде қолданылатын немесе сақтандыру қорлары ретінде қолданылады. Мысалыға, өндірістік-материалдық қорларға деген қосымша қажеттілік маусымдық өткізілім кезіндегі сатылымның тым өсіп кетуі кезінде байқалады. Сонымен қатар сатылым кезінде дебиторлық қарыздардың жоғарлауы байқалады. Қосымша ақша қаражаттары шикізат пен материалдардың жабдықтауы үшін төлемдер, сонымен қатар еңбек жұмысының көбеюіне байланысты еңбекақы төлемдерін орындау үшін қажет. Айналым активтерін басқару үшін басты қадам болып және кәсіпорынның ұзақ мерзімді өндірістік және қаржылық қызметін дұрыс жүргізу үшін ағымдағы активтердің көлемі мен құрылымын, олардың көздері мен қатынасын анықтау болып табылады. Егер де фирма кредиторлық міндеттемелерді орындамау жағдайы байқалса, онда экономикалық байланыстардың үзілуі және қауіп-қатерлердің болуы мүмкін. Айтылған басты қадам стратегиялық сипатқа ие; яғни ағымдағы қызметтің басқаруын оптимизациялау үшін, айналым активтерінің дұрыс көлемін ұстап тұру. Күнделікті қызмет тұрғысынан кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық сипаттамасы, оның өтімділігі болып саналады. Яғни, қысқа мерзімді міндеттемелерді уақытында жабу мүмкіндігі. Кез келген фирма үшін тұрақты шаруашылықтың негізі болып өтімділіктің қажетті деңгейін ұстап тұру болып саналады 

Кесте 1

«Богатырь Көмір» ЖШС 2011-2013 жылдардағы активтерінің құрамы мен құрылымы (мың теңге)

 

Құралдар түрі

 

Құралдар құрамы мен құрылымы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

теңге

Үлесі

теңге

үлесі

Теңге

үлесі

Айналымнан тыс активтер

42168031

89,36

38778712

88,78

35412721

88,51

Айналым активтері

5033634

10,64

4900710

11,22

4597818

11,49

 Барлығы

47201665

100%

43679422

100%

40010539

100%

 

Жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай «Богатырь Көмір» ЖШС соңғы үш жылда айтарлықтай төмендеуде деп айтуға болады. Себебі 2011 жылы активтерінің жалпы сомасы активтерінің жалпы сомасы 47201665 мың теңгені құраса, ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 40010539 мың теңгені құрайды. Бұл жылдар арасын салыстыратын болсақ активтердің жалпы сомасы 15%-ға төмендегенін көріп отырмыз.

Активтерінің әр қайсысын қарастыратын болсақ, онда айналымнан тыс активтер де, айналым активтері де біршама төмендегенің көріп тұрмыз. Егер де 2011 жылы айналымнан тыс активтер 42168031 мың теңгені құраса, ал 2012 жылы бұл 38778712 мың теңгеге дейін қысқарып, 2013 жылы 35412721 мың теңгені құрады. Яғни әр жыл сайынғы төмендеу 10-12% құрайды.

Айналым активтерін қарайтын болсақ, онда 2011 жылмен келесі екі жыл арасындағы айырмашылық 8-9% құрайды. Яғни 2011 жылы айналым активтері 5033634 мың теңгені құраса, ал 2012 жылы және 2013 жылы сәйкесінше 4900710 мың теңге және 4597818 мың теңгені құрады.

Қорыта келе, «Богатырь Көмір» ЖШС соңғы үш жылда активтерінің төмендеуі үздіксіз түрде түсіп тұрғаның көріп отырмыз.

 Жалпы активтерінің ішінде «Богатырь Көмір» ЖШС активтерінің көп бөлігін айналымнан тыс активтер алып отыр. Ол бүкіл активтердің 2011 жылы 89,3%, 2012 жылы 88,7%, ал 2013 жылы 88,5% алады. Осы жерден соңғы үш жыл ішіндегі өзгеріс 0,02-0,05% құрайды.

Жалпы айналымнан тыс активтердің активтер ішіндегі орның тұрақты деп баға беруге болады. Сол сияқты айналым активтері де тұрақты бір бөлігін алып отырады. Бірақ бұл жерде керісінше жағдай, айналым активтерінің жалпы активтер ішінде 0,5-1%-ға өсуі байқалады.

Жоғарыдағы айтылғандарды жалғастыра отырып, келесі кестеде біз айналым активтеріне кіретін құралдарды қарастырдық.

«Богатырь Көмір» ЖШС 2011-2013 жылдардағы айналым активтерінің құрамына тауарлы-материалдық қорлар, сауда дебиторлық қарыздар, жабдықтаушыларға аванстар, байланыс жақтардың қарыздары, жұмысшылар қарыздары, үмітсіз қарыздар бойынша резервтер, ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері кірді және олар келесідей қаржылық нәтижелер көрсетті.

 

Кесте 2

«Богатырь Көмір» ЖШС 2011-2013 жылдардағы айналым активтерінің құрамы мен құрылымы (мың теңге)

 

Құралдар түрі

 

Құралдар құрамы мен құрылымы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Теңге

үлесі

теңге

үлесі

теңге

үлесі

Тауарлы-материалдық қорлар

1616102

32,1

1750515

35,7

1820915

39,6

Сауда дебиторлық қарыздар

1689411

33,5

1638814

33,4

1422142

31

Жабдықтаушыларға аванстар

415404

8,3

320001

6,5

310210

6,7

Байланыс жақтардың қарыздары

235753

4,7

149210

3,0

98201

2,1

Жұмысшылар қарыздары

96624

1,9

68080

1,4

42040

1,0

Алдын ала төленген шығыстар

14928

0,3

73175

1,5

92400

2,0

Үмітсіз қарыздар бойынша резервтер

762709

15,1

610466

12,5

500490

10,9

Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері

202703

4,1

290449

6

311420

6,7

Барлығы

5033634

100%

4900710

100%

4597818

100%

 

Кестеден көріп отырғанымыздай айналым активтерінің көп бөлігін әр жылдар сайын тұрақты түрде тауарлы-материалдық қорлар мен сауда дебиторлық қарыздар алып отыр. 2011 жылы тауарлы-материалдық қорлар айналым активтерінің 32,1% алса, ал 2012 жылы бұл көрсеткіш 35,7%, 2013 жылы 39,6% дейін өсті. Бұған себеп болып өндіріс көлемінің өсуі немесе запастардың нормативтен жоғары болып кетуі мүмкін.

Сонымен қатар тауарлық-материалдық қорлардың айналым активтерінің ішінде аса үлкен болуы «Богатырь Көмір» ЖШС қызметі мен фирманың спецификасы да аса үлкен рөль атқарады. Себебі, белгілі бір өндіріспен айналасатын фирмаларда қызмет көрсетуші фирмаларға қарағанда тауарлық-материалдық қорлар әдетте жоғары болады. Ал біздің жағдайда «Богатырь Көмір» ЖШС көмір өндіру негізгі қызметі болып саналатындықтан, фирмада өндірілген тауарлық-материалдық запастар жоғарғы орын алады. Сонымен қатар, өндіруші фирмаларда әр жыл сайынғы тауарлық-материалдық қорлар көрсеткішінің өсуі, жалпы фирманың қызметінің кеңеюі және өндірістік дәрежесінің өсуін көрсететін маңызды крийтерийі деп санауға болады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және өндірістік нәтижесінің оң көрсеткіші болып, өндірістік қорлардың (тауарлы-материалдық қорлардың) жағдайы саналады.

Тауарлы-материалдық қорлардың өсіп кетуінің себебі болып келесілер саналады:

-         фирма қызметінің масштабын өсіру;

-         ақша қаражаттарын инфляция ауқымынан қорғау, яғни құнсыздануды алдын алу;

-         запастарды дұрыс басқара алмау, яғни қажет қорлардың дұрыс құрылмауы. Соның себебінен сақтау шығындарының, сонымен қатар шикізат материалдарының бөлініп кетуі.

Екінші жоғары көрсеткіш сауда дебиторлық қарыздар орын алады. Бірақ бұл жерде әр жыл сайын оның бір-екі пайызға төмендеуі байқалады. Яғни, 2011 жылы сауда дебиорлық қарыздар 35,5% құраса, келесі жылдары, 2012 жылы бұл көрсеткіш 33,4%, ал 2013 жылы мүлдем 30,9% құрады. Қаржылық тұрақтылық жағынан қарастырсақ 2013 жылы фирма үлкен жетістіктерге жетті деуге боады.

Үшінші орынды айналым активтерінің ішінде үмітсіз қарыздар бойынша резервтер алады. Бұл көрсеткіш фирма үшін бос ақша қаражаттарының жұмыс істей алмау мүмкіндігін білдіреді.

Бірақ соңғы жылдар бойынша, яғни, 2011 жыл мен 2012 жылда салыстырсақ бұл көрсеткіш 5%-ға қысқарғаның көрсетеді. Алайда бұл көрсеткіш қаржылық тұрақтылықтың маңызды жағы болып саналады және бұндай резервтердің болуы фирма үшін дұрыс шешім.

Соңғы маңызды көрсеткіш ақша қаражаттарының тұрақты өсуі байқалады. 2011 жылы бұл көрсеткіш айналым активтерінің 4% алса, ал келесі екі жылдарда бұл көрсеткіш 5% және 6% құрайды.

Бұдан қорытынды ретінде фирманың бос ақша қаражаттарын дұрыс қолдана алмауынан туындады деп болжамдауға болады.

Сонымен қорыта келе фирманың активтерінің жағдайын қарастыра отырып айналым активтерінің өте төмен деңгейінде тұрғаның көріп отырмыз. Себебі бүкіл активтер сомасы ішінде айналым активтерінің шамасы 10-11% арасында болып отыр. Бұл көрсеткіш негізінде фирма айналым активтерін басқаруда консервативті саясатты таңдағаның білдіреді.

 

Кесте 3

«Богатырь Көмір»ЖШС 2011-2013 жылдардағы міндеттемелерінің құрамы мен құрылымы (мың теңге)

 

Құралдар түрі

 

Құралдар құрамы мен құрылымы

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл (болжау)

теңге

үлесі

теңге

үлесі

Теңге

үлесі

Ұзақ мерзімді міндеттемелер

14328584

68,9

11130603

59,6

10543324

58,8

Қысқа мерзімді міндеттемелер

6454681

31,1

7556202

40,4

7390678

41,2

Барлығы

20783265

100%

18686805

100%

17934002

100%

 

«Богатырь Көмір» ЖШС мәліметтері бойынша міндеттемелердің жалпы сомасы 2011 жыл мен 2013 жыл арасындағы төменедеу 15%-ды құрады, яғни 20783265 мың теңгеден 17934002 мың теңгеге дейін төмендеді.

Оның ішінде ұзақ мерзімді міндеттемелер 2011 жылы 14328584 мың теңгені құраса, келесі екі жылы, сәйкесінше, 11130603 мың теңге және 10543324 мың теңгеңі құрады. Бұл жерде әр жыл сайынғы төмендеу шамамен 2011 жыл мен 2012 жыл арасында 23%-ды құраса, ал 2012 жыл мен 2013 жыл арасында 6%-ды ғана құрады.

Қысқа мерзімді міндеттемелер керісінше өскенінің көріп отырмыз. Егер 2011 жылы қысқа мерзімді міндеттемелер 6454681 мың теңге болса, ал 2012 жылы және 2013 жылы, сәйкесінше, 7556202 мың теңге және 7390678 мың теңге болды. Соның негізінде 2011 жыл мен 2013жыл арасындағы өсім 13%-ды көрсетті.

 Қорыта келе, кәсіпорындардың даму стратегиясын кең көлемді талдау нәтижесінде қаржылық стратегияны жүргізуге әсерін тигізетін факторлар анықталып, оларды шешу жолдары ұсынылды. Стратегияны жүргізу кәсіпорынның ресурстарына келетін қауіптіліктерге сыртқы  ішкі жағдайларға және т.б. факторларға байланысты. Факторларға талдау жасау қаржылық стратегияны жүргізуге қажетті қаржылық , интеллектуалдық , еңбек және т.б. ресурстармен қамтамасыз етуді бағалауға мүмкіндіктер береді.

Қазақстан Республикасындағы «Богатырь Көмір» ЖШС фирмасының айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін қарастыра отырып, біз фирмалардың өндірістік және қаржылық циклына келесідей факторлар әсер ететінің анықтадық:

- фирманың спецификасы;

- жабдықтаушылардың фирманы несиелендіру кезеңділігі;

- шикізат пен материалдардар қорларының тұру кезеңділігі;

- өндіріс кезеңділігі мен дайын өнімді қорларда сақтау мерзімі.

Кәсіпорынның экономикалық стратегияларын ұтымды жүргізу бағыттары анықталып, тиімдісіне таңдау жасалды. «Богатырь Көмір» ЖШС-нің экономикалық стратегиясын жүргізудің ұтымды бағыттары ретінде табыстары мен түсімдері, шығыстары мен қаржылық аударымдары және несиелік қарым-қатынастары бойынша ұсыныстар берілді. Ұсынылып отырған:

-аяқталмаған өндіріске кеткен шығындарды қысқарту;

-өнім өндіруге жұмсалатын шығындарды төмендету;

-бөлінбейтін пайданы қалыптастыру;

-кәсіпорын қызметкерлері үшін акциялар мен басқа да құнды қағаздар шығару;

-өндіріс кезеңін қысқарту үшін ноу-хау сатып алу, компьютерлік технологиялар сатып алу;

- шетелдік банктің ұзақ мерзімді несиесін алу немесе мүдделі инвесторды тарту;

Осылайша, айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару кез келген фирманың күнделікті жұмыстарының бірі болып саналады және оларға ұқыпсыз көз қарау фирманың құлдырауына алып келу мүмкін. Біздің ұсынысымыз бұндай маңызды көрсеткіштерге шешім қабылдамас бұрын фирма тексерілген және қазіргі Қазақстан Республикасының экономикасына сай келетін белгілі бір саясатты немесе стратегияны таңдау керек. Себебі, кез келген саясатты таңдау немесе нақты экономикалық сыртқы және ішкі факторларды ескермеу, фирманың тұрақтылығын бұзу мүмкін.