
- •1 Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын жоспарлау және жүзеге асыру
- •Қаржылық стратегия мен тактиканың мазмұны
- •1.3 Қаржылық стратегияны құрудың мақсаты, міндеттері мен құрылымы
- •«Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын талдау («Богатырь Көмір» жшс мысалында)
- •2.1 «Богатырь Көмір» жшс қызметінің сипаттамасы
- •3 Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың қаржылық стратегиясының мәселелері және оны дамыту тенденциялары, жолдары.
Қазтұтынуодағы қарағанды экономикалық университеті
Экономика, бизнес және құқық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
«Ұйым қаржысы» пәнінен
тақырып: «Қазақстан Республикасында кәсіпорынның қаржылық стратегиясы мен тактикасы»
Дайындаған Фин-34к топ студенті
Тулеубаева Аида
Жетекшісі: Хамзина К.К
Қарағанды 2014
МАЗМҰНЫ
Кіріспе...................................................................................................................3
1 Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын жоспарлау және жүзеге асыру.......................................................................................................5
1.1Қаржылық стратегия мен тактиканың мазмұны............................................5
1.2 Қаржылық стратегияны жоспарлаудың мәні, қызметтері және оны басқару тәсілдері ................................................................................................................6
1.3 Қаржылық стратегияны құрудың мақсаты, міндеттері мен құрылымы....8
2 «Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын талдау («Богатырь Көмір» ЖШС мысалында)................................................10
2.1 «Богатырь Көмір» ЖШС қызметінің сипаттамасы.......................................10
2.2«Богатырь Көмір» ЖШС-тің қаржылық стратегиясына талдау.....................11
3 Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың қаржылық стратегиясының мәселелері және оны дамыту тенденциялары, жолдары..............................................15
Қорытынды.................................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................25
КІРІСПЕ
Қазіргі экономикалық даму жағдайында шаруашылық жүргізу нысандарының экономикалық стратегияларының жүргізілуі мен нәтижелерін мемлекеттің экономикалық саясатындағы негізгі мәселелердің бірі ретінде қарау керек. Нарықтық құрылымдардың дамуы кезінде экономикалық қатынастарда туындайтын мәселелер экономикалық ғылым мен шаруашылық тәжірибедегі ең өзектісі болып саналады.
Қазақстандағы нарықтық қатынастардың барлық кезеңінде нарықтық құрылымдардың негізгі буыны – кәсіпорындарға жеткіліксіз көңіл бөлінгендігі анық. Қаржылық тұрақтылық пен ырықтандырудың жоғары дәрежесі жағдайларында экономикалық өсуге кәсіпорындар деңгейінде нарықтық өзгерістердің баяу үрдісі кедергі болады. Кәсіпорындардың нарықтық құрылымдардың негізі ретінде, тиімді қызмет етуіне даму стратегиясының болмауы мен қысқа мерзімді нәтижелерге бағытталуы, нарық конъюктурасын жеткілікті деңгейде білмегендігі, менеджменттің төмен деңгейі және басшылар мен мамандардың жеткіліксіз дайындығы кедергі жасайды.
Сол себепті отандық кәсіпорындарды қайта құру мәселесі кәсіпорындардың құрылымдарын қайта қараудың теориялық негіздерін, технологиясы мен қаржылық тетіктерін белгілеуге себепші болады.
Зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігі - нарықтық дамудың күрделілігі мен алуан түрлілігі, шаруашылық үрдістердің қарқындылығы және серпінділігі кәсіпорындардан жүктелген қызметтері деңгейінде мүмкіндіктерді барынша пайдаланылуын талап етеді.
Қазіргі даму кезеңінде кәсіпорындардың тұрақты даму мақсаттарын қамтамасыз ету үшін экономикалық стратегияны қолдану өте маңызды.
Экономикалық стратегияны жетілдірмей шаруашылық жүргізудің негізгі буыны-кәсіпорынды дамыту қиын. Сондықтан, кәсіпорынның экономикалық стратегиясындағы мәселелердің бәсекелестік және инновациялық тұрғыда шешуді қажетсінуі зерттеу жұмысының өзектілігін айқындай түседі.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарының қаржылық стратегиясы мен тактикасына сипаттама беру, кәсіпорындарда оны құру тәртіптерін қарастыру.
Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
- қаржылық стратегия мен тактиканың мәнін ашу;
- қаржылық стратегияны жоспарлау мен басқару тәсілдерін қарастыру;
- қаржылық стратегияны құрудың мақсатын ашу, міндеттері мен құрылымына сипаттама беру;
Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда қаржылық стратегия мен тактика жайлы айтылып, қаржылық стратегияны жоспарлаудың мәні және қызметтері, қаржылық стратегияның құрлымы, мақсаты мен міндеттері қарастырылған.
Екінші тарауда қазіргі уақыттағы фирманың қаржылық жағдайына талдау, яғни «Богатырь Көмір ЖШС-тің қаржылық жағдайын талдау қарастырылған.
Үшінші тарауда Қазақстан Республикасындағы кәсіпорынның қаржылық стратегиясын қалыптастыру мен дамытудың мәселелері мен даму жағдайындағы Қазақстан Республикасы кәсіпорындарындағы қаржылық стратегияны дамыту жолдары қарастырылған.
Курстық жұмысты жазу барысында атақты экономистердің жазған мақалалары, периодикалық әдебиеттер қолданылды.
1 Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын жоспарлау және жүзеге асыру
Қаржылық стратегия мен тактиканың мазмұны
Стратегияның мәні - «Стратегия» сөзі гректің"stategos", "генерал өнері" сөзінен шыққан. Бұл терминнің әскери шығуы таң қалдырмау керек. "Stategos" Александр Македонскийге әлемді жаулап алуға көмектескен.
Стратегия – кәсіпорынның мақсаткерлігінің жүзеге асуын және мақсаттарына жетуін қамтамасыз етуге тағайындалған жан-жақты кешенді жоспар.Тактика тапсырылған мақсаттар мен параметрлерге жақындауды қамтамасыз ететін жолдарды анықтайды.
Кәсіпорынның үнемі дамып отыруы, оның экономикалық өмір сүруі, даму жоспары тек аз уақытқа ғана емес, ұзақ мерзімді перспективаға жасалады. Сондықтан да қаржылық менеджмент кәсіпорынның қаржылық стратегиясын жасай отырып, бірқатар сұрақтарға жауап беруі керек.
Бұл сұрақтардың ең біріншісі келесідей: «Кәсіпорынның перспективті дамуы үшін қанша қаржы қажет?» Бұл соманы және уақытты анықтау үшін қосымша қаржылық салымдарға қажеттілік пен фирманың шаруашылық қызметінің маңызды көрсеткіші арасындағы байланысты мақсатты түрде анықтау керек. Мысалы, дамуға қажет қаржылар өткізу көлеміне байланысты деп сеніммен айтуға болады. Бірақ бұлай үнемі бола бермейді. Егер де кәсіпорын бәсекелеспен күресу үшін шығарылатын өнім немесе көрсетілетін қызмет сапасын жоғарылату стратегиясын тандаса, онда инвестицияға қажеттілікпен өткізу көлемі арасындағы байланыс сақталады, өйткені сапаның жоғарлауы үнемі бағаның жоғарлауына әкеледі. Ал бірақ бәсекелеспен күресу үшін өнім бағасын төмендету немесе тұрақтандыру (инфляция кезінде) стратегиясы тандап алынса, өткізілген аса үлкен түсімді күтудің қажеті жоқ. Әртүрлі шараларды енгізу шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендетумен байланысты шығындар қажет болады. Бұл кезде қаржыларды қажетсіну осы шығындар шамасымен анықталады. Осымен байланысты кәсіпорын алдын ала қаржылық стратегия құрайды.
Қаржылық стратегия дегеніміз - ол кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқарумен байланысты ұзақ мерзімді қызмет. Кәсіпорынның стратегиясы жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Қаржылық стратегия жеке сатыларға, яғни ішкі стратегияларға бөлінуі мүмкін. Стратегияның мақсаттары жүзеге асырылғаннан кейін, кәсіпорынның стратегиясын қайтадан қарастырады, яғни оны өзгерту, жалғастыру, жақсартуы мүмкін. Қаржылық стратегия ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі стратегия - кәсіпорынның қызмет ететін қуатын үлкейтуге, негізгі капиталын кеңейтуге бағытталады.
Сыртқы стратегия - ол қаражаттарды кәсіпорындармен байланысты емес объектілерге салу арқылы капиталын кеңейту. Ішкі стратегия ол мерзімді қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады, ал сыртқы стратегия бір уақытта қаржыландыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Қаржылық тактика - бұл стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру үшін арналған қысқа мерзімді қызмет.
Сонымен, Стратегия дегеніміз ол кәсіпорынның мақсаттарға жету үшін арналған кешенді жоспар. Ал тактика-ол стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыратын қысқа мерзімді жоспар. Стратегия мен тактика бір-бірімен ұқсастығы олар бір бағытта жұмыс істейді,ал айырмашылығы стратегия тетік ретінде қолданылса,тактика құрал ретінде қолданылады.
1.2 Қаржылық стратегияны жоспарлаудың мәні және функциялары
Стратегиялық жоспарлау – кәсіпорынның болашақтағы даму жоспары. Ол тапсырылған параметрлерден тұрады. Стратегиялық жоспарлау жетекшілермен бекітілген жалпы стратегиялық міндеттерден басталады. Стратегиялық жоспар ертеңгі күн позициясымен жоспарлауға көмектеседі, бейімділік процесі, оның нәтижесінде қабылданған басқару шешімдерін түзетіп отырады, оның орындалуын үнемі бақылайды.
Стратегиялық жоспарлаудың тиімділігі үшін кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасында болашақтағы жағдайын анық және алдын ала көру керек. Бұл үшін ірі кәсіпорындарда мәліметтерді талдау жүйелері арқылы бағаланып отыратын ақпараттық жүйелер құрылады. Стратегия әрқашан да маңызды мәселелердің шешімімен байланысты. Бұларға негізгі мақсаттар мен көрсеткіштер жатады: сату көлемі, өсу қарқыны, пайда, нарықтағы үлес, капитал құрылымы, девиденттер, өнім сапасының деңгейі, фирманың тұрақтылығы, әлеуметтік мақсаттар.
Тактикалық жоспар - қазіргі уақыттағы міндет- терді шешуге байланысты көрсеткіштерге жету амалы.
Кез келген кәсіпорынның ұзақ мерзімді жетістігі жоғарғы жетекшінің дұрыс таңдалған стратегиялық бейімімен анықталады, адамдық ресурстарды ашатын кәсіпорынның жетекшісі негізделген шешімдердің стратегиясынан хабардар болуы керек. Сонымен қатар фирмалар өндірісті жаңартады. Жұмысты орындаудың жақсы әдістері мен тың нәрсеге ақшасын салады, жақсы оқытылған сенімді ұжымның дамуы мен өсуін инвестициялайды, қайталанатын бизнеске ұқсас қызмет көрсетеді, жалғастырылатын бағдарлама негізінде неғұрлым тиімді жұмыс амалдарын тапқандары үшін қызметкерлерін марапаттайды, еңбектің өнімділігінің кілті сапа екендігін анықтайды, үнемі жаңа және жақсырақ тауарлар шығаруға қаражат бөледі.
Американдық және жапондың кәсіпорындар стратегиялық жоспарлауы кәсіпорынның бес жылдық жоспарлауынан маңыздырақ, өйткені нақты құрылған стратегиялар басталады.
Қаржылық стратегияны жоспарлаудың келесі сұрағы инвестициялау көздеріне қатысты. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының жалпы бағыты осы жобаны қай көздер арқылы қаржыландыру керек екенін шешуге арналуы керек. Мұндай қайнар көздердің үшеуін бөліп, көрсетуге болады: меншікті, тартылған және займ қаржылары.
Меншікті қаржылар кәсіпорын үшін неғұрлым қызықты, өйткені оның тәуелсіздігі мен дербестігі деңгейін арттырады, қандай да бір тәуекелге ұшырамайды, контрагенттер алдында кәсіпорын беделін арттырады. Бірақ меншікті қаржылардың қалыптасуы екі шартпен анықталады: табыстардың болуы және оларды капитализациялау үшін уақытты болуы. Негізінде коммерциялық жобаны жүзеге асырудың екі шартының бірі үнемі бола бермейді. Әдетте коммерциялық жобаны жасап, жүзеге асырғысы келгенің меншікті қаржысы болмайды, ал қаржысы бар адам оны өз бетінше жасағысы келмейді. Инвестициялау үшін меншікті қаржыларды пайдалану тек ірі компаниялардың ғана қолынан келеді. Бірақ олар үшін бизнес-жоспар мен оның қаржылық бөлімі өз тартымдылығын жоғалтады.
Тартылған қайнар көздердің қаржысы бірінші орынды алады. Фирма
басшылығының акцияны қосымша шығаруы немесе бақылау пакеті арасында
сатып отыруы бірқатар инвесторлардың қаржыларын тартудың дәстүрлі тәсілі болып табылады. Бірақ бұл кезде фирма басшылығы саналы түрде бірқатар қауіпке барады. Олардың алғашқысы фирмаға билік етудің біршама белігін жоғалтып алудан тұрады. Сонымен бірге бұқара арсында акцияна табысты тарату күрделі міндет болып табылады.
Займдарды банкирлер мен облигацияшылардан алуға болады. Банкирлер ссуда мен оның құнын қайтару туралы көп ойлайды. Несиені ұзақ мерзімге инвестициялауда не қамтамасыз ете алады? Тәжірибелі әрі сақ банктерге несиені уақытында қайтаруға кепілдік беру үшін кәсіпорын мүлкінен нені салуға болады? Осы сияқты үлкен сұрақтарға олар банктерге ссуда алуға бармастан бұрын кәсіпорын менеджерлері жауап берулері керек. Эмиссия кезінде корпоративті облигациялар акцияларға ұқсас болады.
Стратегиялық жоспарлау кәсіпорынның өз мақсаттарына жетуі үшін тағайындалған арнайы стратегияларды жасауға алып келетін жетекшімен қабылданған шешімдер мен қозғалыстардан тұрады.
Келісу стратегиялық жоспарлау процесінің басқару шешімдерін қабылдауға көмектесетін құрал болып табылады. Оның міндеті - ұйымдағы жаңа енгізулер мен өзгертулерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Ол стратегиялық жоспарлау процесі шеңберінде басқару қызметінің 4 негізгі түрін көрсетеді. Олар ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу,ішкі бірігу,ұйымдық стратегияны алдын ала көру.
Сөйтіп стратегиялық жоспарлау, кәсіпорынның болашақтағы даму жоспары.Тактикалық жоспар - қазіргі уақыттағы міндеттерді шешуге байланысты көрсеткіштерге жету амалы.Кез келген жоспарды қаржыландыру қажет,сол қаржыландырудың ең басты көзі-инвистиция. Яғни меншікті, тартылған және займ қаржылары арқылы қаржылық стратегияны инвистициялауға болады.