
- •Тақырып 1: Логистиканың ұғымдары және дамуының факторлары
- •Логистиканың дамуының тарихы және анықтамасы.
- •Логистиканың мақсаты, міндеттері, қызметтері, факторлары.
- •Логистиканың дамуының деңгейлері.
- •Тақырып 2: Логистиканың теориялық концепциялары мен функциялары
- •Логистика пәні және объектісі, дамуының кезеңдері.
- •Логистиканың концепциясы.
- •Логистиканың функциялары.
- •Тақырып 4: Логистиканың функционалдық салалары
- •Логистиканың функционалдық салаларының сипаттамасы
- •Сатып алушылық логистиканың мәні мен міндеттері
- •Жеткізіп берушіні таңдау міндеті.
- •Тақырып 5: Өндірістік логистика
- •Өндірістік логистика түсінігі, концепциялары.
- •Өндірістік логистикада материалдық ағымдарды басқарудың жүйелері.
- •Логистикалық тәсілді пайдаланудың тиімділігі.
- •Тақырып 6: Ақпараттық логистика
- •3. Тоғысқан жерін анық бекіту принципі (ақпараттық және материалдық ағымдардың).
- •4. Жүйенің икемділігінің принципі.
- •Тақырып 7: Транспорттық логистика
- •Транспорттық логистиканың мәні және міндеттері.
- •Транспорт құралының түрін таңдау.
- •Транспорттық тарифтер және оларды қолдану жағдайлары.
- •Тақырып 3: Логистикалық операциялар мен логистикалық жүйелер
- •5 Мың м2 көлемі бар көтерме базаның темір жол вагондарынан жүк түсіру учаскесіндегі материалдық ағын.
Тақырып 3: Логистикалық операциялар мен логистикалық жүйелер
материалдық ағым түсінігі.
материалдық ағымдардың түсінігі.
логистикалық операциялар.
жүйе және логистикалық жүйе түсінігі, қасиеттері.
логистикалық жүйелердің түрлері.
1-сұрақ. Материалдық ағым ұғымы логистикада басты ұғым болып табылады. Материалдық ағымдар шикізат, жартылай фабрикаттар және дайын өнімдерді тасымалдау, қоймалау және басқа да операцияларды орындау нәтижесінде пайда болады.
Материалдық ағымдар әртүрлі кәсіпорындар арасында немесе бір кәсіпорын ішінде өтуі мүмкін. Материалдық ағым анықтамасын беру үшін көтерме база қоймасының ішінде өтетін материалдық ағым мысалын қарастырайық.
Жүкті түсіру
учаскесі
Қабылдаушы экспедиция
Қабылдау учаскесі
Сақтау учаскесі
Жинақтау учаскесі
Жөнелту экспедициясы
Жүкті тиеу учаскесі
Суретте қоймадағы материалдық ағымның схемасы келтірілген. Жұмыс уақыфтанда түскен тауар түсірілгеннен кейін сақтауға тікелей немесе сақтау учаскесіне қабылдауды өткен соң жіберілуі мүмкін, демалыс күндер келген жүк қабылдау экспедициясында орналастырылады, сол жерден бірінші жұмыс күні қоймаға жіберіледі. Қоймаға түскен тауардың барлығы ақыр аяғында сақтау учаскесінде шоғырланады.
Жүктің сақтау зонсынан тиеу учаскесіне қозғалысының жолдары да әртүрлі болуы мүмкін.
Жүктің қозғалысының бойында онымен әртүрлі операциялар іске асырылады: түсіру, орнын ауыстыру, ыдыстан босату, сақтау үшін жинау және т.б. Жеке операция бойынша белгілі уақыт мерзіміне есептелген жұмыстар көлемі материалдық ағымды білдіреді. Мысалы. Вагоннан жүкті түсіру және көлемі 5 мың м2 табындықтарға жинау жөніндегі матриалдық ағым жоба бойынша 4383т тең.
Көтерме базарларда материалдық ағымдарды әдетте жеке учаскелер үшін есептейді. Ол үшін берлген учаскеде іске асырылатын барлық логистикалық операциялар бойынша жұмыстардың көлемдерін қосады.
Кестеде сол базаның темір жол вагондарынан жүкті түсіру учаскесінде жылдық материалдық ағымда есептеу мысалы келтірілген. Оның көлемі, жоба бойынша 9740 т/жылына.
5 Мың м2 көлемі бар көтерме базаның темір жол вагондарынан жүк түсіру учаскесіндегі материалдық ағын.
№ |
Логистикалық операцияның аталуы |
Материалдық ағым көлемі, т/жыл. |
1.
2.
3. |
Вагоннан жүкті түсіру және табандықтарға жинау Вагоннан жүкті түсіру және электр арбаға жинау Құрастырылған пакетті жылжыту: А) қабылдау учаскесіне Б) экспедицияға В) сақтау зонасына дейін |
4383
487
2922 730 1218 |
|
барлығы |
9740 |
Бүкіл көтерме база үшін жалпы материалдық ағын оныңс жеке учаскелерінде өтетін материалдық ағындарды қосу арқылы анықталады.
Материалдық ағым - әртүрлі логистикалық операциялардан өту процесінде қарастырылатын және уақыт интервалына жатқызылған жүктер, бөлшектер, тауарлы-материалдық құндылықтар.
Кейбір логистикалық операцияларды іске асыру кезінде материалдық ағым берілген уақыт мезгілі үшін қарастырылуы мүмкін. Бұл кезде ол материалдық қорға айналады. Мысалы, жүкті темір жол трансппортымен тпасымалдау операциясы. Жүк жолда болған мезгілде, ол материалдық қор, яғни «жолдағы қор» болып табылады.
2-сұрақ. Материалдық ағымдар келесі негізгі белгілер бойынша топтастырылады: логистикалық жүйеге қатынасы, ағымның натуралдық-заттық құрамы, ағымды құрайтын жүктер саны, ағымды құрайтын жүктің үлес салмағы, жүктердің үйлесімділігің деңгейі, жүктердің консистенциясы бойынша.
1. логистикалық жүйеге қатынасы бойынша материалдық ағынның келесі түрлері болады:
- сыртқы материалдық ағым кәсіпорынның сыртқы ортасында өтеді. Бұл категорияны кәсіпорынннан тыс қозғалатын кез келген жүктер емес, тек кәсіпорын олардың ұйымдастырылуына қатынасы бар жүктер ғана құрайды;
- ішкі материалдық ағым логистикалық жүйенің ішінде жүкпен логистикалық операцияларды іске асыру нәтижесінде пайда болады;
- кірістік материалдық ағым логистикалық жүйеге сыртқы ортадан келеді (жүкті түсіру операцияларындағы материалдық ағымдар шамаларының қосындысымен анықталады);
- шығыстық материалдық ағым логистикалық жүйеден сыртқы ортаға жіберіледі (жүкті тиеу операциясының қосындысы).
Кәсіпорындағы қорларды бір деңгейде сақтағанда кірістік материалдық ағым шығыстық материалдық ағымға тең болады.
2. натуралдық-заттық құрамы бойынша:
- бір ассортименттік
- көп ассортименттік.
3. сандық белгісі бойынша:
- жаппай деп жүкті бір ған транспорт құралымен емес, олардың тобымен тасымалдау процесінде пайда болатын ағым саналады;
- ірі ағымдар – бірнеше вагон, автокөлік;
- ұсақ ағымдар транспорт құралының жүк көтерімділігін толық пайдалануға мүмкіндік бермейтін және тасымалдау кезінде басқа, жолай жүктермен қоса тасымалдауды талап ететін жүктердің саны құрайды;
- орта ағымдар ірі және ұсақ ағымдар арасында аралық орын алады, оларға жалғыз вагон немесе автокөлікпен түсетін жүктер құрайтын ағымдарды жатқызады.
4. Үлестік салмағы бойынша:
- ауыр салмақты ағымдар транспорт құралдарының жүк көтерімділігін толық пайдалануды қамтиды, сақтау үшін аз қоймалық көлемді талап етеді. Салмағы 1т > (су транспортында) және 0,5 т (темір жол транспортында); (мысалы металдар)
- жеңіл салмақты ағымдар транспорттың жүк көтерімділігін толық пайдалануға мүмкіндік бермейтін, оның 1 т 2м3 артық көлем алады (мысалы, темекі бұйымдары)
5. Ағымды құрайтын жүктердің үйлесімділігінің деңгейі бойынша:
- үйлесімді;
- үйлеспейтін.
6. Жүктердің консистенцясы бойынша:
- себілетін, үйілетін (м, бидай),
- үйіп төгетін (тұз, көмір, құм);
- таралық-даналық, олардың әртүрлі физика-химиялық қасиеттері, үлес салмағы, көлемі бар;
- құйылатын жүктер.
Схема түрінде материалдық ағымдардың топтастырмасы келесі суретте көрсетілген:
Топтастыру
белгісі Ағым түрі
Логистикалық жүйеге қатынасы
Натуралдық-заттық құрамы
Көп ассортименттік
Жүктің саны
Жаппай, ірі,орта, ұсақ
Жүктің үлес салмағы
Ауар салмақты, жеңіл салмақты
Үйлесімдік деңгейі
Үйлесімдік, үйлеспейтін
Жүк консистенция
Себілетін, үйіп-төгілетін, даналық, құйылатын
3-сұрақ. Жоарыда айтылғандай, материалдық ағым материалдық объектілермен белгілі бір әрекеттер жинағының нәтижесніде пайда болады. Осы әрекеттер логистикалық операциялар деп аталады. Бірақ логистикалық операция түсінігі материалдық ағымдармен әрекет жасаумен ған шектелмейді.
Материалдық ағымдарды басқару үшін осы ағымға сәйкес ақпаратты қабылдап, өңдеп, жіберу керек. Осы кезде орындалатын әрекеттер де логистикалық операцияларға жатады.
Жалпы айтқанда, логистикалық операцияларды материалдық және \немесе ақпараттық ағымда қайта құруға бағытталған әрекеттер жинағы деп анықтайды.
Материалдық ағыммен жасалатын логистикалық операцияларға жүкті тиеу, тасымалдау, түсіру, жинақтау, қоймалау, орама немесе ыдысқа салуды және басқа операцияларды жатқызуға болады.
Логистикалық операциялардың топтастырылуы келесі схемада көрсетілген:
Логистикалық операция
Тауарға меншік құқығының ауысуы
Тұтынушылық қасиеттердің өзгеруі
Ағымның бағыты
топтастыру
белгісі
логистика-
лық опера-
ция түрі
Кейбір логистикалық операциялар мәні бойыншаөндірістік процестің жалғасы болып табылады, мысалы, ыдысқа салу. Бұл операциялар тауардың тұтынушылық қасиеттерін өзгертеді және өндіріс сферасында да, айналым сферасында да іске асырылуы мүмкін.
Кәсіпорында жабдықтау немесе дайын өнімді өткізу процесінде орындалатын операциялар сыртқы логистикалық операцияларға жатады, ал логистикалық жүйенің ішінде орындалатын операциялар ішкі деп аиалады.
4-сұрақ. Жүйе – бір бірімен қатынаста және байланыста болатын, белгіллі бір бірлікті, тұтастықты білдіретін элементтердің көпшілігі.
Объект жүйе болып есептелу үшін 4 қасиетке ие болуы керек:
тұтастық және бөлшкетік
байланстар
ұйымдастыру
интегративтік қасиеттер.
(мысалы, ручка, автокөлік, студенттер тобы, кітап).
Материалдық ағындардың қозғалысы маман персоналмен әртүрлі техниканың көмегімен іске асырылады. Логистикалық процеске әртүрлі ғимараттар мен құрылғылар қатыстырылған, процестің жүрісі маңызды дәрежеде оған қозғалып жатқан және мерзім сайын қорларда жинақталатын жүктердің дайындығына байланысты болады. Жүктердің қозғалысын қамтитын өндіргіш күштердің жиынтығы әрдайым ұйымдастырылған болады. Дәл айтқанда, егер материалдық ағымдар бар болса, онда әрдайым белгілі бір материал өткізуші жүйе бар болады. Бұл жүйелер жобаланбайды, олар жеке элементтердің іс-әрекетінің нәтижесі ретінде пайда болады.
Логистика үйлесімді, келістірілген материал өткізуші жүйелерді құру міндетін қояды.
Логистикалқ жүйелердің келесі қасиеттері бар:
1. жүйе бір бірімен өзара әрекеттесетін элементтердің тұтас жинағы болып табылады. Логистикалық жүйелердің элементтерге декомпозициясын әртүрлі іске асыруға болады. Макродеңгейде логистикалық жүйе келесі схема түрінде көрсетілуі мүмкін:
Макрологистикалық жүйе
Жеткізіп беруші
транспорт
Сатып алушы
Материалдық ағым
мм
логистикалық
жүйе элементі
- элементтер
арасындағы байланстар
Микродеңгейде логистикалық жүйе келесі негізгі кіші жүйелер түрінде көрсетілуі мүмкін:
Сатып алу – материалдық ағымның логистикалық жүйеге түсуін қамтамасыз ететін кіші жүйе.
өндірісті жоспарлау және басқару – бұл кіші жүйе «сатыпалу» кіші жүйесінен материалдық ағымды қабылдайды және еңбек затын еңбек өніміне айналдыратын технологиялық операциялардың орындалуын басқарады.
өткізу – материалдық ағымның логистикалық жүйеден шығуын қамтамасыз ететін кіші жүйе.
Микрологистикалық жүйе
Сатып алу
өндірісті басқару
өткізу
Материалдық ағым
Көрініп тұрғандай, элементтер әртүрлі сапалы, бірақ үйлесімді.
2. логистикалық жүйе элементтері арасында маңызды байланстар бар. Макрологистикалық жүйеде оның негізі – келісім-шарт, микрологистикалық жүйеде ішкі өндірістік қатынастар.
3. логистикалық жүйенің элементтерінің арасындағы байланыстар реттелген, яғни оның ұйымдастырылуы бар.
4. логистикалық жүйенің интегративтік қасиеттері бар, бірақ олар элементтердің ешқайсысына жеке түрде тән емес. Бұл қажетті тауарды қажеттті уақытта, қажетттіжерге, қажеттті сапасымен, минималды шығандамен жеткізу қабілеті.
Логистикалық жүйенің интегративтік қасиеттері оған материалды сатып алуға, оларды өз өндірістік қуаттары арқылы өткізуге және сыртқы ортаға шығаруға мүмкіндік береді.
Логистикалық жүйе – бұл осы немесе басқа логистикалық функцияларды орындайтын кері байланысы бар адаптивтік жүйе. Ол, әдетте, бірнеше кіші жүйелерден тұрады және сыртқы ортамен оның дамыған байланыстары бар. Логистикалық жүйе ретінде өнеркәсіптік кәсіпорынды, территориялық-өндірістік кешенді, сауда кәсіпорындарын қарастыруға болады. Логистикалық жүйенің мақсаты – берілген шығындар деңгейінде өндірістік немесе жеке тұтынуға максималды мүмкін деңгейде дайындалған тауарлар мен бұйымдарды берілген орынға қажеттті сан мен ассортиментіне жеткізу.
Логистикалық жүйе шеңберлері өндіріс құралдарының айналымының циклымен анықталады.(сур.)
Сатып алу
қаржылар
өткізу
Жеткі-зіп беруші
Тұ-ты-нушы
қоймалау
өң-деу
қоймалау
Логистикалық жүйе
лл
логистикалық жүйенің шеңберлері
материалдық ағым
қаржы ағымы
өндіріс құралдарының айналым циклының негізінде логистикалық жүйе шеңберлерін айқындау «ақшаны төлеу – ақшаны алу» принципы деп аталады (сур.).
Ф
1-кірістік
материалдық Ф2 –
логистикалық
а
ғым
үшін жүйеден
алатын материалдық
л
Логистика-лық жүйе
төлейтін қаржы қаржы құралдары
құралдары
М
а1-
логистикалық МА2-
логистикалық жүйеден
Жүйеге кіретін материалдық шығатын материалдық ағым
ағым (кірістік ағым) (шығыстық ағым)
Ф2>Ф1, МА2-нің сапалық көрсеткіштері МА1-ден жоғары.
Сур. Логистикалық жүйенің сыртқы ортамен өзара байланысы
«ақшаны төлеу – ақшаны алу» принципі
5-сұрақ.жоғарыда айтылғандай, логистикалық жүйелер екіге бөлінеді: макро- және микрологистикалық .
Макрологистикалық жүйе – бұл әртүрлі аймақ немесе елдерде орналасқан өнеркәсіп кәсіпорындары мен ұйымдарын, делдалдық, сауда және транспорт ұйымдарын қамтитын материалдық ағымдарды басқарудың ірі жүйесі. Макрологистикалық жүйе аймақ, ел елдер тобының экономикасының инфрақұрылымын білдіреді.ел аралық бағдарламаларда макрологистикалық жүйелерді қалыптастыру бірыңғай экономикалық кеңістік, ішкі шекаралары жоқ (тауарды, каптиталды, ақпаратты, еңбек ресурстарынтасымалдауға кедендік кедергілері жоқ) бірыңғай нарық құруды талап етеді.
Микрологистикалық жүйелер макрологистикалық жүйелердің кіші жүйесі, құрылымдық құрама бөліктері болып табылады. Оларға әртүрлі өндіріс және сауда кәсіпорындары, территориялық-өндірістік кешендер жатады. Микрологистикалық жүйелер құрамына бірыңғай инфрақұрылыммен біріктірілген технологиялық байланысқан өндірстер кіретін ішкі өндірістік логистикалық жүйелер тобын білдіреді.
Макрологистика шеңберінде жеке микрологистикалық жүйелер арасындағы байланыстар тауарлық-ақшалай қатынастар негізінде бекітіледі: микрологистикалық жүйе ішінде де кіші жүйелер әрекет етеді. Бірақ олардың өзара әрекеттесуінің негізі тауарлық емес. Бұл бір экономикалық нәтижеге жұмыс істейтін фирма, бірлестік немесе басқа шаруашылық жүйе ішіндегі жеке бөлімшелер.
Макрологистика деңгейінде логистикалық жүйелердің үш түрін бөледі:
А) тікелей байланстары бар логистикалық жүйелер. Бұл логистикалық жүйелерде материалдық ағым өнім өндірушіден оның тұтынушысына делдалдарсыз тікелей өтеді.
Б) эшелондалған логистикалық жүйелер. Мұндай жүйелерде материалдық ағым жолында ең болмағанда бір делдал болады.
В) икемді логистикалық жүйелер. Мұнда өнім өндірушіден оның тұтынушысына материалдық ағым қозғалысы тікелей де, делдал арқылы да іске асырылуы мүмкін.
өндіруші
тұтынушы
өндіруші
делдал
тұтынушы
делдал
өндіруші
тұтынушы
Б ) эшелондалған
В
)
икемді