Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Логистика лекции.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
340.99 Кб
Скачать

3. Тоғысқан жерін анық бекіту принципі (ақпараттық және материалдық ағымдардың).

4. Жүйенің икемділігінің принципі.

5. «Адам-машина» диалогының қолданушы үшін жүйенің қолайлылығының принципі.

Логистикада штрих-кодтарды автоматтандырылған идентификациялау технологиясын қолдану логистикалық процестің барлық кезеңдерінде материалдық ағымдарды басқаруды маңызды жақсартуға мүмкіндік береді. Оның келесі артықшылықтары бар:

Өндірісте:

  • әр учаскеде бұйымдар мен комплекттеуші бұйымдар қозғалысын есепке алу және бақылаудың бірыңғай жүйесін құру;

  • -көмекші персоналдың санын және есептік құжаттарды қысқарту, қателікті болдырмау.

Саудада:

  • матеериалдық ағымды есепке алудың бірыңғай жүйесін құру;

  • тауарлар тапсырысын және инвентаризациясын автоматтандыру;

  • сатып алушыларға қызмет көрсету уақытын қысқарту.

4-сұрақ. Логистикалық процестердегі басқарудың объектісі ретінде жеке тауарлық бірлік те, жүк пакеті де болуы мүмкі. Логистикалық процеске қатысушылардың осы жүк пакеттерін кодтау, маркілеу және идентификациялау мәселелерінде біркелкіліктің және келісушіліктің жоқтығы материалдық ағымның қозғалысын баяулатады және оның басқарылуын қиындатады.

Осы мәселені шешу үшін EAN Халықтық ассоциациясы жүк пакеттерін маркілеуге бірыңғай стандарт өңдеді. Ол жүк пакетін арнайы этикеткамен маркілеуді қарастырады.

E AN этикеткасы әртүрлі ақпаратты қамтуы мүмкін, бірақ оның негізгі арналуы - өзінде жүк бірлігін идентификациялауға мүмкіндік беретін машинамен оқылатын кодты көрсетеді. Бұл штрих-код А бөлігінде орналасады.

210мм

EAN этикеткасы

сва

сС

148мм ммммммммм мм

ВВв

4

50мм

50(+-50)

Код ИСС/ EAN – 128 символикасына сәйкес құрылады. Кодтың бұл түрі бір штрих-кодта тауар туралы ақпаратты, сақтау мерзімдері туралы ақпаратты және берілген жүк бірлігінің идентификациялауға мүмкіндік беретін ақпаратты қамтиды.

Этикетканың В зонасында комъютерге қолмен енгізуге болатын цифрлар мен әріптер түріндегі жүк туралы мәліметтер орналасады.

С зонасында орналасқан ақпарат жүк жіберушінің қалауы бойынша анықталады. Мұнда фирманың толық немесе қысқартылған аты немесе басқа цифр, сурет, текст түріндегі мәліметтер орналасуы мүмкін.

Стандартты этикетканың көлемі 148мм*210мм.

EAN этикеткасын қолдану артықшылықтары:

  • жүк пакетінің бір мағыналы және оңай идентийикациясы қаматамасыз етіледі;

  • бастапқыда жеткізіп берушімен қойылған этикетканы «өндіруші – тұтынушы» тізбегінің барлық мүшелері қолдана алады;

  • партнерлпр арасында байланысу процесі жеңілдейді;

  • штрих-кодтарды сканирлеу ақпараттың жылдам және дұрыс енгізілуін қамтамасыз етеді;

  • бүкіл кезеңдерде жүктерді өңдеу уақыты қысқарады.

Тақырып 7: Транспорттық логистика

  1. Транспорттық логистиканың мәні және міндеттері.

  2. Транспорт құралының түрін таңдау.

  3. Транспорттық тарифтер және оларды қолдану жағдайлары.

1-сұрақ. Траспорт – адамдар мен жүктердің тасымалдануын іске асыратын материалдық өндіріс саласы. Қоғамдық өндіріс саласында транспорт материалдық қызмет көрсетулер саласына жатады.

Транспорттық операцияларды орындауға кететін шығындардың жаплпы логистикалық шығындар ішіндегі үлесі 50% құрайды. Арналуы бойынша транспорттың екі негізгі торабын бөледі:

1. Ортақ пайдалану транспорты – жүктер мен адамдарды тасымалдаудағы халық шаруашылығының барлық салаларының және халықтық қажеттілігін қанағаттандыратын халық шаруашылық саласы. Ортақ пайдалану транспорты айналым саласы мен халыққа қызмет көрсетеді. Оны жиі жағдайда магистралдық деп атайды. Ортақ пайдалану транспаоты темір жол, су, автокөлік, әуе және құбыр транспортын қамтиды.

2. Ортақ емес пайдалану транспорты – бұл ішкі өндірістік транспорт және транспорттық емеса кәсіпорындардың меншігіндегі бүкіл түрлі транспорттық құралдар. Ол белгіолі бір өндірістік жүйелердің құрама бөлігі болып табылады, демек оның жұмысын ұйымдастыру кәсіпорында логистиканы ұйымдастырудың міндеттерінің бірі болып табылады.

Транспорттық логистиканың міндеттері:

- транспорттық жүйелерді, оның ішінде транспорттық коридорлар мен транспорттық тізбектерді құру; (транспорттық коридор – жеке географиялық аймақтар арасында жүктің тасымалдануын қамтамасыз ететін ұлттық және халықаралық транспорттық жүйенің бөлігі; транспорттық тізбек – белгілі бір қашықтықа жүк тасымалдау кезеңдері);

- әртүрлі транспорттағы транспорттық процестерді бірлесіп жоспарлау;

- транспорттық-қоймалық процйестің технологиялық бірлігін қамтамасыз ету;

- транспорттық процесті қоймалық және өн,дірістік процеспен біріктіріп жоспарлау;

- транспорттық құрал түрін таңдау;

- транспорттық құрал типін таңдау;

- жеткізіп берудің ұтымды маршруттарын анықтау.

2-СҰРАҚ. Транспорт түрін таңдаудың негізгі транспорт түрлеріне тән сипаттамалар туралы ақпарат.

1. автокөлік. Негізгі артықшылығы – жоғары жылдамдығы. Автокөліктің көмегімен жүк қауырттылықтың қажеттті деңгейімен «есіктен есікке дейін» жеткізіле алады. Транспорттың бұл түрі жеткізіп берудің жүйелілігін қамтамасыз етеді. Мұнда басқа транспорт түрлерімен салыстырғанда, тауардың орамасына қой ылатын талаптар онша қатаң емес. Автокөліктің негізгі кемшілігі – тасымалдаудың салыстырмалы түрдегі жоғары өзіндік құны, себебі тасымалдау құны автокөліктің максималды жүк көтерімділігі бойынша алынады. Басқа кемшіліктеріне жүкті түсірудің қауіртілігі, жүкті және автокөлікті ұрлау мүмкіндігі, төмен жүк көтерімділігі жатады.

2. Темір жол таранспорты. Кез келген табығи жағдайларда жүктердің әртүрлі партияларын тасымалдауға жарайды. Ол жүкті үлкен қашықтыққа жеткізіп бері мүмкіндігі мен тасымалдаулардың жүйелілігін қамтамасыз етеді. Мұнда жүкті тиеу – түсіру жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға болады. Сонымен бірге темір жол таранспортының маңыызды артықшылығы – жүктерді тасымалдаудың салыстырмалы түрдегі өзіндік құны жоғары емес.

3. теңіз транспорты. Халықаралық тасымалдаулардағы ірі тасымалдаушы болып табылады. Оның негізгі артықшылықтары – төмен жүк тарифтері және жоғары тасымалдаушфылық қабілеті. Кемшіліктері – төмен жылдамдығы, орамаға қойылатын қатаң талаптар, жөнелтулердің аз жиілігі.

4. ішкі су транспорты. Мұндағы жүк тарифтері төмен, яғни бұл ең арзан транспорт түрі. Кемшіліктері – төмен жылдамдығы, төмен қол жетерлігі.

5. әуе транспортының артықшылықтары – жылдамдығы жәнем алыс аймақтарға жеткізу мүмкіндігі. Кемшіліктері – жоғарыф жүк тарифтері, метеожағдайға тәуелділігі.

Транспорт түрін таңдауға әсер ететін негізгі алты факторды бөледі.

Транспорт түрін таңдауға әсер ететін негізгі факторлар бойынша транспорт түрлерін бвағалау

Транспорт түрін таңдауға әсер

ететін фактор-лар

транспорт түрі

Жеткізіп беру уақыты

Жүкті жөнелду жиілігі

Жеткізіп беру графигін орындаудың сенімділігі

әртүрлі жүктерді тасымал-дай алу қабілеті

Жүкті территория-ның кез келген жеріне жеткізу қабілеті

Тасы-мал-дау-дың

құны

Темір жол

3

4

3

2

2

3

Су

4

5

4

1

4

1

Авто-көлік

2

2

2

3

1

4

Құбыр

5

1

1

5

5

2

әуе

1

3

5

4

3

5

Ең маңызды факторларға 1,3,6 фактролар жатады.

3-сұрақ. Транспорттық ұйымдар көрсететін қызметтер үшін есеп иайырысулар транспорттық тарифтер көмегімен іске асырылады. Тарифтер келесіні қамтиды:

- жүкті тасымалдау үшін алынатын ақылар;

- жүктерді тасымалдаумен байланысты қосымша операциялар үшін жинаулар;

- төлемақылар мен жинауларды есептеу ережелері.

Экономикалық категория ретінде транспорттық тарифтер транспорт өніміне баға формасы болып табылады.

Әртүрлі транспорт түрлеріндегі тарифтер жүйесінің өз ерекшеліктері бар.

1. темір жол транспортында жүктерді тасымалдаудың құнын анықтау үшін жалпы, ерекше, жеңілдетілген және жергілікті тарифтер қолданылады.

Жалпы тарифтер – бұл тарифтердің негізгі түрі. Олардың көмегімен жүктердің негізгі бөлігін тасымалдау құны анықталады.

Ерекше деп жалпы тарифтерден арнайы баға қосу немесе кеміту түріндегі ауытқуы бар тарифтер. Олар жоғарлатылған немесе төмендетілген болуы мүмкін және тек нақты жүктерге тарайды. Ерекше тарифтер көмегімен жылдың әртүрлі мерзімдерінде тасымалдау құнын көтеру немесе төмендету арқылы темір жолдардағы тасымалдаулардың біркелкі еместігінің деңгейін төмендетуге болады.

Жеңілдетілген тарифтер белгілі бір мақсаттар үшін және темір жолдың өзі үшін жүктерді тасымалдау кезінде қолданылады.

Жергілікті тарифтерді жеке темір жолдың бастықтары бекітеді. Бұл тарифтер берілген темір жол шеңберінде ғана әрекет етеді.

Тасымалдау ақысынан тыс темір жол жүк алушылар мен жүк жіберушілерден жүктерді тасымалдаумен байланысты қосымша қыфзмет көрсетулер үшін ақы алады. Бұл ақылар жинаулар деп аталады және келесі операцияларды орындау үшін алынады: жүкті сақтау, салмағын өлшеу, тексеру, вагондарды беру немесе алу, дезенсекциялау, жүктерді экспедициялау, тиеу-түсіру жұмыстары және т.б.

Темір жолмен жүктерді тасымалдау кезінде ақының көлемінем әсер ететін факторлар:

  • жөнелтудің түрі: вагонмен, контейнермен, аз салмақты (салмағы 25т дейін және көлемі жарты вагонға дейін); ұсақ жөнелту (салмағы 10т дейін, көлемі вагон сыйымдылығының 1/3 дейін);

  • жөнелту қашықтығы;

  • вагон түрі: универсалды, арнайы, изотермиялық вагондар, цистерна немесе платформа.

  • Вагон немесе контейнердің егесі: темір жол, жүк алушы немесе жүк жіберуші;

  • Тасымалданатын жүк саны.

2. Автокөлікке жүктерді тасымалдаудың құнын анықтау үшін тарифтердің келесі түрлері қолданылады:

- келісімді тарифтер;

- автотонна-сағат шарттары бойынша тарифтер;

- жүк автокөліктерін мерзімді пайдалану үшін тарифтер;

- километрлік есеп тарифтері;

- келісімді тарифтер.

Тарифтердің көлеміне келесі факторлар әсер етеді:

  • тасымалдау қашықтығы;

  • жүк салмағы;

  • жүктің көлемдік аймағы;

  • автокөліктің жүк көтерімділігі;

  • жалпы қашықтық;

  • автокөлікті пайдалану уақыты;

  • автокөлік типі;

  • тасымалдау аймағы және т.б.

3. Өзендік транспорттағы тарифтер пароходстволармен нарық конъюктурасын ескере отырып, дербес түрде бекітіледі. Оның негізінде қызмет көрсетулердің өзіндік қүны және заңмен бекітілен рентабельділік деңгейі алынады.

4. Теңіз транспортында тасымалдау ақысы тарифтер бойынша немесе фрахт ставкасы бойынша алынады (фрахт нарығы – кеме қатынасы өнімінің нарығы).