Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Логистика лекции.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
340.99 Кб
Скачать

Тақырып 6: Ақпараттық логистика

  1. логистикадағы ақпараттық ағымдар және ақпараттық жүйелер.

  2. ақпараттық жүйелердің түрлері және оларды құрудың принциптері.

  3. логистикада штрих-кодтарды автоматтандырылған идентификациялау технологиясын қолдану.

  4. жүк пакетін машинамен оқылатын кодпен маркілеу.

1-сұрақ. Материалдық ағымдарды бапсқару процесінің негізінде логистикалық жүйелерде айналатын ақпаратты өңдеу жатыр.

Ақпараттық ағым – бұл логистикалық операцияларды басқару және бақылау үшін қажетті болатын логистикалық жүйеде, логистикалық жүйемен сыртқы орта арасындағы айналатын хабарлар жиынтығы. Ақпараттық ағым қағаз және электрондық құжаттар түрінде болады.

Логистикада ақпарттық ағымдардың келесі түрлері болады:

  • ағыммен байланыстырылып жатқан жүйелердің түріне байланысты: горизанталдік және вертикалдік;

  • өту орнына байланысты: сыртқы және ішкі;

  • логистикалық жүйеге қатысты бағытына байланысты: кіріс және шығыс.

Ақпараттық ағым материалдық ағымның алдында оған қарсы, сонымен қатар, соңынан жүруі мүмкін.

  • қарсы бағытта жүретін ақпараттық ағым тапсырыс туралы мәліметтерді қамтиды;

  • материалдық ағымның алдында жүретін ақпараттық ағым – бұл жүктің келетіндігі туралы алдын-ала мәліметтер;

  • материалдық ағыммен қатар, бірге жүретін ақпараттық ағым – бұл материалдық ағымның сандық және сапалық параметрлері туралы ақпаратты қамтиды;

  • материалдық ағымнан кейін қарсы жаққа жүкті қабылдау нәтижелері туралы ақпарат, әртүрлі талаптар жүреді.

Ақпараттық ағым келесі көрсеткіштермен сипатталады:

  • пайда болу көздері;

  • ағымның бағыты;

  • беру және қабылдау жылдамдығы;

  • ағымның интенсивтілігі және т.б.

Ақпараттық ағымды келесі әдістермен басқаруға болады:

  • ағымның бағытын өзгерту;

  • беру жылдамдығын қабылдау жылдамдығына дейін шектету;

  • ағымның көлемін жеке учаскенің өткізу қабілетінің шамасына дейін шектету.

Ақпараттық ағым уақыт бірлігінде өңделетін немесе берілетін ақпараттың санымен өлшенеді (бит, байт,килобайт, мегабайт). Шаруашылық практикада өңделетін немесе берілетін құжаттардың санымен өлшенеді.

Ақпараттық жүйелер екі кіші жүйеден тұрады: функционалдық және қамтушылық.

Функционалдық кіші жүйе мақсаттың бірлігінің белгісі бойынша топтастырылған шешілетін міндеттер жиынтығынан тұрады.

Қамтушылық кіші жүйе келесі элементтерден тұрады:

  • техникалық қамтамасыз ету, яғни ақпараттық ағымдардың өңделуі мен берілуін қамьамасыз ететін техникалық құралдар жиынтығы;

  • ақпараттық қамтамасыз ету, ол әр түрлі анықтамаларды, топтастырғыштарды, мәліметтерді, формалды түрде жазудың құралдарын қамтиды;

  • математикалық қамтамасыз ету, яғни функционалдық міндеттерді шешу әдістердің жиынтығы.

Сонымен, ақпараттық жүйе – бұл функционалдық міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін өзара байланысты есептеу техника құралдарының, әртүрлі анықтамалардың және программалау құралдарының белгілі бір түрде ұйымдастырылған жиынтығы.

2-сұрақ. Логистикадағы ақпараттық жүйелер жеке кәсіпорын деңгейінде ақпараттық жүйелер өз кезегінде үш топқа бөлінеді:

1. жоспарлы ақпараттық жүйелер басқарудың әкімшіліктік деңгейінде құрылады және стратегиялық сипаты бар ұзақ мерзімді шешімдерді қабылдау үшін қолданылады. Олар шешетін міндеттерге жататындар:

- логистикалық тізбектің звеноларны құру және оптималды ету;

- шартты-тұрақты және аз өзгеретін мәліметтерді басқару;

- өндірісті жоспарлау;

- резервтерді басқару және т.б. міндеттер.

2. Диспозитивтік ақпараттық жүйелер қойма немесе цехты басқару деңгейінде құрылады және логистикалық жүйелердің жақсы жұмысын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Мұнда келесі міндеттер шешілуі мүмкін:

-қорларды бөлшекті басқару (қоймалау орындарын басқару);

- ішкі қоймалық (ішкі зауыттық) транспортты басқару;

- тапсырыстар бойынша жүктерді таңдап алу, оларды комплекттеу, есепке алу және т.б.

3. атқарушылық ақпараттық жүйелер әкімшіліктік немесе оперативтік басқару деңгейінде құрылады. Бұл жүйелердегі ақпаратты өңдеу оның ЭЕМ түсу жылдамдығымен анықталатын қарқынмен жүргізіледі. Бұл жүйелермен материалдық ағымдарды бақылаумен, өндіріске қызметкөрсетуді оперативтік басқарумен, қозғалысты басқарумен байланысты әртүрлі міндеттер шешіледі.

Жүйелік тәсіл көзқарасынан логистика процестерінде үш деңгейді бөледі:

1-деңгей – материалдық ағыммен логистикалық операция іске асырылатын жұмыс орны, яғни мұнда жүк бірлігі, бөлшек немесе материалдық ағымның басқа элементі қозғалады, түсіріледі, оралады.

2-деңгей – жүктерді тасымалдау процестері жүретін және жұмыс орындары орналасатын учаске, цех, қойма.

3-деңгей – басы ретінде жеткізіп берушімен шикізатты жөнелту мезгілін қабылдауға болатын оқиғалар тізбегін қамтитын тасымалдау және қозғалысын ұйымдастыру жүйесі. Бұл тізбек дайын өнімдер ақырғы тұтынуға түскен кезде аяқталады.

3-сұрақ. Ақпараттық жүйеде ақпараттың автоматтандырылған өңдеу іске асырылатын болса, онда техникалық жабдықтауға ЭЕМ-сы және оны байланыстыру құралдары кіреді.

өзгермелі логистикалық жүйені тиімді басқару үшін оған кіретін және одан шығатын материалдық ағымдар, ішіндегі материалдық ағымдар туралы ақпарат алып отыру қажет. Бұл мәселе логистикалық операуцияларды жеке жүк бірлігін идентификациялайтын микропроцессорлық техника көмегімен шешіледі, яғни мұндай құрал-жабдық әр түрлі штрих-кодтарды оқи алады (сканирует).

Кодтардың әрқайсысының технологиялық артықшылықтары бар. Мысалы төрт бұорышты ITF коды басқа кодтардан жеңіл басылады, демек оны тегіс емес орамада қолдануға болады. Ол тауарлық партияларды кодтау үшін қолданылады.

Шектеулі жерде ақпараттың үлкен көлемін кодтау үшін «5-тен 2 кезектесуімен» коды қолданылуы мүмкін.

Логистикада басқа кодтар қосымша 128 коды қолданылады. Бұл кодпен партияның нөмірі, өндіру мерзімі, сату мерзімі және т.б. көрсетіледі.

05412345678908 169012Сх34

ITF коды 128 коды

Айналым сферасында EAN коды кең таралған, оны жаппай тұтыну тауарларында жиі көруге болады.

4 008403 022281

Бақылау саны

Елдің к оды тауар коды

өндіруші коды

EAN кодының алфавиті бар, онда әр санға штрихтар мен ашық жерлер белгілі жинағы сәйкес келеді. Тауарды өндіріске жібері кезеңінде оған он үш белгілі цифрлық код беріледі, кейінен ол тауарға сызықшалар мен ашық жер түрінде жазылады. Кодтың бірінші екі немесе үш саны бекітілген тәртіпте EAN ассоциациясымен берілген ел кодын көрсетеді. Бұл бөлікті ту деп атайды.

Кейінгі төрт сан – тауар өндірушінің индексі. Ел коды иен өндіруші кодының жиынтығы тауарды өндіретін кәсіпорынды идентификациялайтын цифрлар үйлесуі болып табылады. Қалған цифрлар өндірушіге өз өнімін өз бетінше кодтау үшін беріледі. Кодтауды мұнда 0-ден 99999-ға дейін жалғастыруға болады. Сонымен, EAN кодының бірінші он екі цифрлары тауарлық массаның жалпы жиынтығында кез келген тауарды бір мағыналы танып береді.

Соңғы, он үшінші цифра бақылау сан,ы болып табылады. Ол арнайы алгоритм бойынша алдыңғы 12 цифрдың негізінде есептеледі. Бақылау цифрасы штрих кодтың сенімділігін қамтамасыз етеді, бүкіл жүйенің тұрақтылығы мен сенімділігінің кепілдемесі болып табылады.

Ақпараттық жүйелер өзара бірыңғай ақпараттық жүйеге интеграцияланады. Интеграцияның вертикалдік және горизанталдік түрі болады.

Вертикалдік интеграция деп вертикалдік ақпараттық ағинтеграция деп вертикалдік ақпараттық ағымдар арқылы жоспарлы, диспозитивтік және атқарушылық жүйелер арасындағы байланысты айтады. (сур.1).

Есеп берудің түрі

Ақпараттық жүйенің түрі

Басшылық деңгейі

Шешілетін міндеттер

Жылдық есеп

жоспарлы

Жоғары басшылық

Стратегия мен тактиканы өңдеу

Мақсаттарды жеткізу

Апталық, айлық, тоқсандық есеп

диспозитивтік

Орта менеджмент

әрекет ету әдісін анықтау

ереже,нұсқау,

тапсырмаларды жеткізу

күнделікті

атқарушылық

Тікелей орындаушы-лар

Нұсқауларды орындау

Бастпқы ақпаратты өңдеу және топтастыру

Горизонталдік интеграция деп горизонталдік ақпараттық ағымдар арқылы диспозитивтік және атқарушылық жүйелердегі міндеттердің жеке жиынтықтары арасындағы байланыс саналады.

Интеграцияланған ақпараттық жүйелердің артықшылықтары:

  • ақпаратпен алмасу жылдамдығы өседі;

  • есепке алудағы қателіктер сваны азаяды;

  • өндірістік емес, «қағаз» жұмысының көлемі азаяды;

  • бұрын жеке болған ақпараттық блоктар біріктіріледі.

ЭЕМ негізінде логистикалық ақпараттық жүйелерді құру кезінде келесі принциптерді орындау қажет:

1. ақпараттық және бағдарламалық модульдерді пайдалану принципі. Ақпараттық модуль деп жеке бұйым түрінде орындалған радиоэлектрондық аппаратураның унификацияланған функционалдық торабын түсінеді. Бағдарламалық қамту модулі деп жалпы бағдарламалық қамтуда белгілі функцияны орындайтын унификацияланған, белгілі дәрежеде дербес, бағдарламалық элементті санауға болады. Бұл ережені орындау мыналарды мүмкін етеді:

- басқарудың әртүрлі деңгейлеріндегі есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтудың тіркесушілігін қамтамасыз ету;

- логистикалық ақпараттық жүйелердің әрекет етуінің тиімділігін арттыру;

- құнын төмендету;

- құрылуын жеделдету.

2. Жүйенің кезеңімен құру мүмкіндігінің принципі.