
- •Тақырып 1: Логистиканың ұғымдары және дамуының факторлары
- •Логистиканың дамуының тарихы және анықтамасы.
- •Логистиканың мақсаты, міндеттері, қызметтері, факторлары.
- •Логистиканың дамуының деңгейлері.
- •Тақырып 2: Логистиканың теориялық концепциялары мен функциялары
- •Логистика пәні және объектісі, дамуының кезеңдері.
- •Логистиканың концепциясы.
- •Логистиканың функциялары.
- •Тақырып 4: Логистиканың функционалдық салалары
- •Логистиканың функционалдық салаларының сипаттамасы
- •Сатып алушылық логистиканың мәні мен міндеттері
- •Жеткізіп берушіні таңдау міндеті.
- •Тақырып 5: Өндірістік логистика
- •Өндірістік логистика түсінігі, концепциялары.
- •Өндірістік логистикада материалдық ағымдарды басқарудың жүйелері.
- •Логистикалық тәсілді пайдаланудың тиімділігі.
- •Тақырып 6: Ақпараттық логистика
- •3. Тоғысқан жерін анық бекіту принципі (ақпараттық және материалдық ағымдардың).
- •4. Жүйенің икемділігінің принципі.
- •Тақырып 7: Транспорттық логистика
- •Транспорттық логистиканың мәні және міндеттері.
- •Транспорт құралының түрін таңдау.
- •Транспорттық тарифтер және оларды қолдану жағдайлары.
- •Тақырып 3: Логистикалық операциялар мен логистикалық жүйелер
- •5 Мың м2 көлемі бар көтерме базаның темір жол вагондарынан жүк түсіру учаскесіндегі материалдық ағын.
Тақырып 1: Логистиканың ұғымдары және дамуының факторлары
Логистиканың дамуының тарихы және анықтамасы.
Логистиканың мақсаты, міндеттері, қызметтері, факторлары.
Логистиканың дамуының деңгейлері.
Логистика – материалдық және ақпараттық ағымдардың бастапқы көзінен ақырғы тұтынушыға дейінгі кеңістіктегі және уақыттағы қозғалысын жоспарлау, ұйымдастыру, басқару, бақылау және реттеу жөніндегі ғылым.
Соңғы жылдарда бір қатар елдердің тауарлық айналымының саласында маңызөды өзгерістер пайда болды. Шаруашылық практикада тауарларды жеткізудің жаңа әдістері мен технологиялары қолданыла бастады.
Логистика гректің «logistike» сөзінен шыққан. Ол есептеу, дұрыс ойлау деген мағынаны білдіреді. Практикалық логистиканың пайда болуы мен дамуының тарихының тамырлары терең. Гамбург университетінің профессоры Г. Павеллек Рим империясының дәуірінде тамақ өнімдерін таратумен айналысатын «логист» немесе «логистик» атағына ие болған қызметкерлердің болғанын атап айтады. Біздің жыл санауымыздың бірінші мыңжылдығында бір қатар елдердің әскери сөздігінде логистикамен қарулы күштердің материалдық ресурстармен қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекетін байланыстыратын.
Бір қатар батыс ғалымдарының пікірі бойынша, логистика әскери істің арқасында ғылымға айналған. Логистика жөніндегі бірінші ғылыми еңбектердің авторы деп ХІХ ғ. бсындағы француз әскери маманы Джоминиді санау қалыптасқан. Ол логистиканы «әскерлерді қолайлы орын алу мақсатын көздеп орын ауыстыруджың (маневрлеудің) практикалық шеберлігі» деп анықтаған.
Логистиканың кейбір ережелерін Наполеон әскері де қолданған деп саналады. Бірақ әскери ғылым ретінде логистика тек ХІХ ғ. отасында қалыптасты.
Белсенді түрде логистика екінші әлем соғысының кезінде, ең алдымен АҚШ әскерін материалдық-техникалық жабдықтауда қлданыла бастады. әскери өнеркәсіптің, тылдағы және майдандағы жабдықтау базалары мен көліктің дәл өзөара әрекеттесуі американдық әскерді қару-жарақпен, жанар-жағар маймен және азық-түлікпен қажетті көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Осы себептен көптеген батыс елдерінде логистиканы экономикадағы материалдық ағымдарды басқару тиімділігінің қызметіне қойған. Қолданбалы математиканың басқа да әдістері сияқты логистика біртіндеп әскери саладан шаруашылық практика саласына ауыса бастады. Бастапқыда ол айналым саласындағы, содан соң өндіріс саласындағы тауарлық-материалдық ресурстардың қозғалысын басқаруды іске асыру теориясының жаңа түрі ретінде қалыптасты.
Сонымен,нарықтық экономикасы бар елдерде 30- жылдардың кезінде пайда болған материалдармен және шикізатпен қамтамасыз ету, өнім өндіру, оны сақтау және тарату қызметтерін байланастыратын жабдықтау - өндіру – тарату жүелерін үйлестіру ойлары ғылыми зерттеулердің жеке бағыттары мен шаруашылық практика формасына, яғни логистикаға ауыстырылды.
Кәсіпкерлік іс-әрекетте, экономикалық және ғылыми әдебиеттерде шетелдік мамандар логистиканы анықтауда екі ережелі бағытты бөледі:
тауар қозғалысының функционалдық тәсілі, яғни тауарларды жабдықтаушыдан тұтынушыға жеткізу кезінде орындалуы тиісті барлық физикалық операцияларды басқару;
тауар қозғаласының операцияларын басқарудан тыс жабдықтаушы мен тұтынушылар нарықтарын талдауды, нарықтағы сұраныс пен ұсынысты реттеуді қамтып, тауар қозғалысына қатысушылардың мүдделерін үйлестіруді іске асырады.
Осы бағыттарға байланысты логистиканың көптегени анықтамалары бар. Оларды қорытындылай отырып, логистиканы тауар қозғалысымен және оған жататын ақпарат ағымымен байланысты минималды шығындармен материалдық ағымдарды бастапқы көзінен ақырғы тұтынушыға дейін басқару ғылымы деп анықтауға болады.
Қазіргі кезде батыс мамандары логистиканың бірнеше түрлерін бөледі:
өндірісті материалдармен қамтамасыз ету логистикасы, яғни сатып алушылық логистика;
өндірістік логистика;
өткізу немесе маркетингтік, таратушылық логистика;
көлік логистикасы;
ақпараттық логистика және т.б.
Логистиканың бұл түрлерін логистиканың функционалдық салалары деп атаған дұрыс.
Логистиканың аталған салаларының арасында өзара байланыс бар. Логистикалық жүйеде, яғни жабдықтаушыдан тұтынушыға дейін тауарлық және ақпараттық ағымдар өтетін жүйеде келесі негізгі бөлімдерді бөледі:
материалдарды, шикізатты және жартылай фабрикаттарды жеткізу;
өнім мен шикізатты сақтау;
тауарлар өндірісі;
тауарларды тарату;
дайын өнімді тұтыну.
Логистикалық жүйенің әрбір бөлімі логистиканың материалдық негізін құрайтын элементтерді қамтиды. Логистиканың материалдық элементтеріне көлік құралдары, қойма шаруашылығы, байланыс және басқару құралдары жатады, сонымен қатар кадрлар жатады.
Әртүрлі операцияларды жоспарлау және логистикалық жүйе элементтерінің деңгейлерін талдау мүмкіндігі оның макро- және микрологистикаға бөлінуін ұйғарады. Макрологистика жабдықтаушылар мен тұтынушылар нарығын талдаумен, таратудың ортақ концепциясын өңдеумен, қоймаларды орналастырумен, көлік түрін таңдаумен, көліктік процесті ұйымдастырумен, материалдық ағымдардың тиімді бағыттарын таңдаумен байланысты мәселелерді шешеді. Микрологистика логистиканың жеке бөлімдері мен элементтерінің шеңберіндегі локалды мәселелерді шешеді. (мысалы өндіріс ішіндегі логистика). Микрологистика өнеркәсіптік кәсіпорындардың ішінде тауарлар қозғалысының процестерін жоспарлау, дайындау, іске асыру және бақылау жөніндегі операцияларды қамтамасыз етеді.
2). логистиканың міндеттері.
Логистиканың қызметтері.
Логистиканың дамуының факторлары:
Нарықтық іс-әрекетті оптимизациялаудың жаңа формаларын іздестіру және осы саладағы шығындарды қысқарту,
Нарықтық қатынастар жүйесінің күрделенуі және тарату процесінің сапалы сипаттамаларына деген талаптардың өсуі
Икемді өндірістік жүйелерді құру
Сатушы нарығынан сатып алушы нарығына ауысу.
Сонымен қатар логистиканың дамуына мүмкіндік жасауға себеп тудырған факторлар:
экономикалық міндеттерді шешу үшін жүйелер мен компромистер теориясын қолдану. Жүйелер теориясына сәйкес тауар қозғалысының мәселесі кешенді болып қарастырыла бастады. Ал логистика шеңберіндегі өзара қатынастарды реттеу компромистер теориясының арқасында мүмкін болды (мысалы, жүктерді ұсақ партиялармен тасымалдауға өтумен байланысты көліктің өсуші шығындары клиенттер көліктен тыс тиімділік алуға үміттеніп келісетін тарифтерді көтеру арқылы өтеледі ).
байланыс және информатика құралдарындағы ғылыми-техникалық прогрестің жеделдетілуі («қағазсыз» технология, компъютерлік логистика).
Сыртқы экономикалық іс-әрекетте тауарларды жеткізу ережелері мен мөлшерлерін бір ыңғайға келтіру, әртүрлі импорттық және экспорттық шектеулерді жою. (ұлттық стандарттардың айырмашылықтары, үлкен ара-қашықтық, кедендік кедергілер).
3-сұрақ. Нақты экономикада логистика жүйелері әртүрлі өндірістік бірлестіктер шеңберінде объективтік себептер бойынша әртүрлі кезеңдерде немесе даму деңгейлерінде тұрады. Дамыған елдердің бас өнеркәсіптік компанияларын талдау логистикалық жүйелердің дамуының төрт бір ізді кезеңін айқындауға мүмкіндік берді.
1-деңгей
Сатып алу және жабдықтау саласы
өндіріс саласындағы материалдарды
басқару
Физикалық тарату саласы
Шикізат көздері
Қойма-лау
өнді-ріс
Қойма-лау
Тапсырыс берушілер
Логистиканың дамуының бірінші кезеңі келесімен сипатталады. Компаниялар жоспар тапсырмаларын орындау негізінде жұмыс істейді, логистиканы басқару формасы ең төмен жетілген түрде. Логистикалық жүйеніңм әрекетінің саласы әдетте кәсіпорыннан жіберілетін дайын өнімді сақтау мен тасымалдауды қамтиды. Логистика жүйесінің жұмысы сатудан түскен жалпы табыс сомасындағы тасымалдау мен өнімді тарату жөніндегі басқа да операцияларға кеткен шығындар үлесінің шамасымен бағаланады.
2-деңгей
Қ қ
О
о
р р р
л л
а а
р
р
Дамудың екінші деңгейіндегі логистика жүйелері бар компаниялар үшін кәсіпорынмен өндірілетін тауарлар ағымын өндірістік арнаның ақырғы пунктінен ақырғы тұтынушыға дейін басқару тән болады. Логистика жүйесін бақылау келесі қызметтерге тарайды: тапсырыс берушіге қызмет көрсету, тапсырыстарды өңдеу, кәсіпорындағы дайын өнімді сақату, дайын өнім қорларын басқару, логистика жүйелерінің жұмысын перспективтік жоспарлау. Осы міндеттерді орындау барысында компьютерлер қолданылады, бірақ сәйкес ақпараттық жүйелер аса күрделілікпен ерекшеленбейді. Логистикалық жүйенің жұмысы шығындар сметасы мен анқты шығындарды салыстыру арқылы бағаланады.
3-деңгей
Қ Қ
О О
Р
Р
Л Л
А А
Р Р
Үшінші деңгейдегі логистика жүйелері шикізат сатып алудан өнімнің ақырғы тұтынушысына қызмет көрсетуге дейінгі логистикалық операцияларды бақылайды. Мұндай жүйелердің қосымша қызметтеріне жататындар: шикізатты кәсіпорынға жеткізу, өткізуді болжау, өндірістік жоспарлау, шикізат табу немесе сатып алу, шикізат қорларын басқару, логистика жүйелерін жобалау. Логистика жөніндегі менеджер бақыламайтын бір ғана сала ол кәсіпорынды күнделікті басқару. Жүйенің жұмысы шығындарды салыстыру арқылы ғана емес, қызмет көрсету сапасының стандартымен салыстыру арқылы бағаланады.
4- деңгей
Дамудың төртінші деңгейіндегі логистикалық жүйелерді қолданатын компаниялар саны қазіргі кезде әлі көп емес. Мұндағы логистикалық қызметтердің үшінші даму деңгейінен бір ғана айырмашылығы бар. Мұндай компаниялар логистика операцияларын жоспарлау және бақылау процестерін маркетинг, өткізу, өндіріс және қаржы операцияларымен интерграциялайды (біріктіреді). Интеграция компанияның әртүрлі бөлімшелерінің жиі жағдайда қарсылас мақсаттарын байланыстыруға мүмкіндік береді. Жүені басқару ұзақ мерзімді жоспарлау негізінде іске асырылады. Жүйенің жұмысы халықаралық стандарттардың талаптарын ескеру арқылы бағаланады. Компаниялар өз іс-әрекетін тек нарықтық немесе аймақтық деңгейде емес, глобалдық деңгейде іске асырады. Олар әлемдік өндіріс және тарату жүйелерінің бір бөлігін басқарады.