- •Әдебиет теориясы
- •Көркемөнер табиғаты және эстетикалық
- •Аристотель Поэзия өнері туралы
- •Әбунәсір Әл-Фараби Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат
- •Г.В.Ф.Гегель Эстетика туралы лекциялар
- •Г.Э.Лессинг Лаокоон немесе кескін өнері мен поэзияның шекарасы туралы
- •Н.Г.Чернышевский Өнердің болмысқа эстетикалық қатынасы
- •А.Байтұрсынов Көрнек өнері
- •Е.Франко Әдебиет туралы ғылым және оның түрлері
- •Табалдырық
- •Әдебиетіміз
- •Бұл күнге шейін төңкеріс әм әдебиетіміз
- •Енді төңкеріс әм әдебиетіміз
- •Әдебиет не нәрсе? Әдебиеттің жалпы заңы
- •В. Шкловский
- •А.Банфи Өнер философиясы
- •М.М.Бахтин Әдебиеттану методологиясына
- •Е. Ысмайылов Қазақ әдебиетінің ғылымдық тарихын жасау жолындағы міндеттер
- •А.И.Буров Өнердің эстетикалық мәні
- •Т.Нұртазин Эстетикалық пікіріміздің даму тарихынан
- •А.С.Бушмин Көркем шығарманы аналитикалық тұрғыда қарастыру туралы
- •З.Қабдолов Сөз өнері туралы сөз
- •Әдебиеттану ғылымындағы мектептер
- •Д.Мәсімхан Тамырға тағзым немесе әдебиет пен өнердің тек-төркіні туралы
- •“Көңіл-күй - сезім” теориясы
- •2. “Эмблемалық түс” теориясы
- •3. “Өндірістік еңбек” теориясы
- •4. “Еліктеу” теориясы
- •5. “Ойын-сауық” теориясы
- •6.”Әсемдік аңсар” теориясы
- •7. “Бақсы-балгерлік” теориясы
- •8. “Әмбебап” теориясы
- •Суреткер табиғаты
- •В.Г.Белинский Александр Пушкиннің шығармалары
- •Ж.Аймауытов, м.Әуезов Абайдан соңғы ақындар
- •Ж.Аймауытов Мағжанның ақындығы туралы
- •Неге арналсаң, соны істе!
- •М.Жұмабаев
- •С.Мұқанов Жазушы лабораториясы туралы
- •C.Қирабаев Ахметтің ақындығы
- •З.Ахметов Ақын тұлғасы, адамгершілік мақсат-мұраты
- •Е.Д.Тұрсынов Ақын типінің пайда болу дәуірі жөнінде пікірлер
- •Әдеби шығарманың мазмұны мен пішіні а.Байтұрсынов Шығарма сөз
- •А.Н.Веселовский Сюжеттер поэтикасы Кіріспе. Сюжеттер поэтикасы және оның міндеттері
- •Бірінші тарау. Мотив және сюжет
- •А.А.Потебня
- •Л.С.Выготский Көркемөнер психологиясы
- •Абайдың жаңашылдығы
- •М.Базарбаев Ұлттық сипат, мазмұн және форма
- •Ю.М.Лотман Көркем мәтін құрылымы
- •Т.Қожакеев Сатира және юмор
- •Әдеби бейне
- •Сұлулық салтанаты
- •С.Негимов
- •В.Е.Хализев
- •С.Н.Зенкин Әдебиетке интертекстуальды қатынас
- •Ж.Дәдебаев Көркем шығарма және оның негіздері
- •А.Егеубай Тарихи шындық пен көркемдік шындық. Әдеби әдеп. Түр мен мазмұн
- •Қ.Рүстемова Көркем туындыдағы тартысқа қатысты терминдер және олардың сипаты
- •Поэзияны тегі мен түріне қарап бөлу
- •Эпикалық поэзия
- •Лирикалық поэзия
- •Драмалық поэзия
- •А.Байтұрсынов Сындар дәуір
- •Х.Досмұхамедов Халық әдебиетінің мазмұны
- •М. Қаратаев Көркем аударма мәселелері
- •М.Базарбаев Жанрлық ерекшеліктері туралы
- •М.Ж.Жолдасбеков Орхон ескерткіштерінің жанрлық сипаты
- •Қ.Өмірәлиев Қазақ поэзиясының жанры мен стилін комплексті түрде зерттеу
- •Трагедиялық тартыс және трагедиялық характер
- •Комедияның жанрлық ерекшеліктері
- •Драмадағы жағдай және қаһарман
- •С.Қасқабасов Фольклордың жанрлық табиғаты
- •Сын жанрлары
- •Лирикалық жанрлар
- •Әдеби процесс
- •Р.Мәрсеков Қазақ әдебиеті жайынан
- •Н.Я.Берковский Романтизм және оның түп тамырлары туралы
- •Х.Досмұхамедов Халық әдебиетінің мазмұны
- •М.Әуезов Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі
- •Р.Якобсон Көркем реализм туралы
- •Б. Кенжебаев Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу
- •Әдеби серпіліс теориясының тәжірибелері
- •Хх ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі ағымдар
- •К.Ахметов Әдеби даму
- •Е.Тілешев Көркемдік әдіс, жанр және жаңашылдық
- •Әдеби шығарманың тілі мен стилі и.В. Гете Табиғатқа жай еліктеу, мәнер, стиль
- •А.Байтұрсынов
- •Б.В.Томашевский Стилистика және өлең құрылысы
- •Р.Уэллек, о.Уоррен Стиль және стилистика
- •Қ.Жұмалиев Стиль – жазушының өзіне тән ерекшеліктері
- •В.В.Кожинов Сөз бейненің формасы ретінде
- •Қ.Жұбанов
- •Ә.Қоңыратбаев хіх ғасырдың аяғындағы әдеби тіл
- •Стиль және бейнелілік
- •Идея және стиль
- •Б.Майтанов Лиризм – стильдік құбылыс
- •Терминдер көрсеткіші
- •Қысқаша био-библиографиялық анықтамалық
Қысқаша био-библиографиялық анықтамалық
Аймауытов Жүсіпбек (1889-1931)
Қазақтың ұлы жазушысы, драматург, сыншы, аудармашы. Әдеби дамуға, көркем шығармашылыққа, М.Жұмабаев шығармашылығына байланысты әдеби-сын мақалалар жазған. Нұсқалыққа енген “Мағжан Жұмабаевтың ақындығы туралы” еңбегі жазушының бес томдық шығармалар жинағының 5-томынан алынды.
Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж.)
Ежелгі грек философы антикалық әдебиет теориясын тұңғыш жүйелеуші. Ғылымның көптеген салаларын қамтитын еңбектер жазған. Әдебиеттану саласындағы негізгі еңбегі: “Поэтика”. Нұсқалыққа енген үзінді “Әдебиеттануға кіріспе” жинағынан (құрастырған С.Мақпырұлы) алынды.
Ахметов Зәки Ахметұлы (1928)
Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР ғылымға еңбегі сіңген қайраткер. Қазақ өлеңінің құрылысын, Абай, М.Әуезов шығармашылығын зерттеуші. Негізгі еңбектері: “Өлең сөздің теориясы”, “О языке казахской поэзии”, “Роман-эпопея М.Ауэзова “Путь Абая”, “Абайдың ақындық әлемі”. Мәтін ғалымның “Абайдың ақындық әлемі” кітабынан алынды.
Ахметов Кенжебай Карбозұлы (1961)
Филология ғылымдарының кандидаты. “Әдебиеттану әліппесі” кітабының авторы. А.Нұрқатов шығармашылығын зерттеуші. Мәтін “Әдебиеттану әліппесі” кітабынан алынды.
Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950)
Ұлы философ, оқымысты. Ғылымның көптеген салалары бойынша зерттеулер жазған. Оның ішінде эстетика, поэзия, музыка мәселелеріне арналған еңбектердің авторы. Әдебиеттану саласындағы негізгі еңбектері: “Поэзия өнерінің канондары туралы трактат”, “Поэзия (өнер) туралы”. Трактаттан үзінді “Әдебиеттануға кіріспе” жинағынан (құрастырған С.Мақпырұлы) алынды.
Әлімқұлов Тәкен (1918-1987)
Жазушы, әдебиет сыншысы. Абай, Қ.Аманжолов, қазіргі қазақ әдебиеті туралы еңбектердің авторы. Негізгі еңбегі: “Жұмбақ жан”. Мәтін қаламгердің “Жұмбақ жан” зерттеуінен алынды.
Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897-1961)
Қазақтың ұлы жазушысы, драматург, сыншы, ғалым. ҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор. Лениндік және мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты. Абайтанудың негізін салушы. Қазақ әдебиетінің тарихына, фольклорға, поэзия, драма жанрларына қатысты зерттеулер жазған. Негізгі еңбектері: “Әдебиет тарихы”, “Абай Құнанбаев”, “Қазақ халқының фольклоры мен эпосы”. Нұсқалыққа енген “Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі” мақаласы ғалымның “Әдебиет тарихы” кітабынан, Ж.Аймауытовпен бірлесіп жазған “Абайдан соңғы ақындар” мақаласы зерттеушінің “Таңдамалысынан” алынды.
Базарбаев Мүсілім (1927-1995)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық, Шәкәрім, М.Жұмабаев, қазіргі әдебиетке байланысты еңбектер жазған. Негізгі еңбектері: “Қуатты ойдан көркем сөз”, “Замана тудырған әдебиет”. ???
Байтұрсынов Ахмет (1873-1937)
Қазақтың ұлы оқымыстысы, ақын, аудармашы, тілтанушы, тұңғыш абайтанушы, көрнекті қоғам қайраткері. Қазақ әдебиеттануы мен фольклортануының негізін салушылардың бірі, тұңғыш теоретигі және терминдер жүйесін жасаушы. Негізгі еңбектері: “Әдебиет танытқыш”, “Қазақтың бас ақыны”. Нұсқалыққа енген мәтіндер ғалымның “Ақ жол” жинағынан алынды.
Банфи Антонио (1886-1957)
Итальян философы, эстетигі. Негізгі еңбектері: “Көркем өнердің өмірі”, “Көркем өнер философиясы”, “Эстетикалық философияның проблемалары”. ??
Бахтин Михаил Михайлович (1895-1975)
Орыс ғалымы. Негізгі еңбектері: “Достоевский поэтикасының проблемалары”. “Ф.Рабле шығармашылығы және орта ғасырлардағы және қайта өрлеу дәуіріндегі халық мәдениеті”. “Эпос және роман”. ??
Белинский Виссарион Григорьевич (1811-1848)
Орыс сыншысы, ғалымы. Орыс әдебиетінің тарихына, теориясына қатысты көптеген еңбектердің авторы. Негізгі еңбектері: “Александр Пушкин шығармалары”, “Поэзияны тегі мен түріне қарай бөлу”. Сыншының нұсқалыққа енген мәтіндері қазақ тілінде жарық көрген шығармалар жинағынан алынды.
Берковский Наум Яковлевич (1901-1972)
Орыс ғалымы. Негізгі еңбектері: “Әдебиет және театр”, “Германиядағы романтизм”. Мәтін ғалымның “Германиядағы романтизм” монографиясынан алынды.
Бушмин Алексей Сергеевич (1910-1983)
Орыс ғалымы. Негізгі еңбектері: “Әдебиеттану методологиясын жасаудың жағдайы мен міндеттері”, “Әдебиеттану бойынша зерттеулердің методологиялық мәселелері”. ??
Веселовский Александр Николаевич (1838-1906)
Әдебиет теоретигі және тарихшысы. Негізгі еңбектері: “Вилла Альберти. ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы италия өміріндегі қоғамдық және әдеби өзгерістерді сипаттау үшін жаңа материалдар”, “Соломон мен Китоврас жайындағы славян аңыздары және Морольф пен Мерлин жайындағы батыс аңыздары”, “Тарихи поэтика”. Мәтін ғалымның “Тарихи поэтика” зерттеуінен алынды.
Выготский Лев Семенович (1896-1934)
Орыс ғалымы. Көркемөнер, шығармашылық психологиясына байланысты күрделі зерттеулердің авторы. Негізгі еңбектері: “Мінез тарихы бойынша этюдтер”, “Көркемөнер психологиясы”. Мәтін ғалымның “Көркемөнер психологиясы” зерттеуінен алынды.
Гегель Георг Вильгельм Фридрих (1730-1831)
Немістің ұлы философы. Әдеби даму, көркемдік әдіс, әдеби жанрлар т.б. арналған күрделі зерттеулердің авторы. Көркемөнер және әдебиет саласындағы негізгі еңбегі: “Эстетика”. Нұсқалыққа енген мәтін “Эстетика” еңбегінен алынды.
Гете Иоганн Вольфанг (1749-1832)
Неміс ақыны, жазушысы, ойшылы. Әдебиеттану саласында эпикалық және драмалық поэзия, театр, Шекспир, әдеби стиль туралы зерттеулер жазған. Нұсқалыққа енген үзінді “Табиғатқа жай еліктеу, мәнер, стиль” еңбегінен алынды.
Дәдебаев Жаңғара (1948)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. М.Әуезов, көркем шығармадағы тарихи шындықтың бейнеленуі, қазіргі әдебиет туралы еңбектердің авторы. Негізгі еңбектері: “Өмір шындығы және көркемдік шешім”, “Қазақ тарихи романы: дәстүр мен жаңашылдық”. Мәтін ғалымның “Өмір шындығы және көркемдік шешім” монографиясынан алынды.
Досмұхамедов Халел (1883-1937)
Қоғам қайраткері. Қазақ фольклортану ғылымының негізін салушылардың бірі. Халық ауыз әдебиетіне, қазақ әдебиетінің тарихына қатысты еңбектердің авторы. Негізгі еңбегі: “Аламан”. Мәтін қаламгердің “Аламан” кітабынан алынды.
Егеубай Асқар (1950)
Филология ғылымдарының докторы, ақын, аудармашы, зерттеуші. Көне түркі әдебиетінің поэтикасы жайындағы зерттеулердің авторы. Негізгі еңбектері: “Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің көркемдік жүйесі”, “Құлабыз”. Мәтін ғалымның “Құлабыз” кітабынан алынды.
Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы (1937)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Көне түркі әдебиетін, ХІХ және ХХ ғасырлардағы ақындық дәстүрді, Жамбыл шығармашылығын зерттеуші. Негізгі еңбектері: “Асыл арналар”, “Орхон ескерткіштері”. Мәтін ғалымның “Орхон ескерткіштері” кітабынан алынды.
Жұмабаев Мағжан Бекенұлы (1893-1938)
Қазақтың ұлы ақыны, жазушы, аудармашы, сыншы. “Алқа” бағдарламасының авторы. Әдебиеттану саласында “Ақан Серінің сөздері”, “Базар жырау” еңбектерін жазған. Нұсқалыққа енген мақала ақынның үш томдық шығармалар жинағының 3-томынан алынды.
Жұбанов Құдайберген (1899-1938)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Көрнекті қазақ ғалымы, тілтанушы және әдебиетші. Әдебиет мәселелеріне, Абай шығармашылығына қатысты еңбектер жазған. Нұсқалыққа енген ғалымның бұл мақаласы “Абай тағылымы” жинағынан алынды.
Жұмалиев Қажым (1907-1969)
Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҒА академигі, жазушы. Фольклорға, Махамбет Өтемісұлы, Абай шығармашылығына, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихына, әдебиет теориясына қатысты еңбектердің авторы. Негізгі еңбектері: “Қазақ эпосы және әдебиет тарихының мәселелері”, “Әдебиет тарихы және Абай поэзиясының тілі”, “ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті”, “Әдебиет теориясы”. Мәтін ғалымның “Стиль - өнер ерекшелігі” кітабынан алынды.
Кәкішұлы Тұрсынбек (1927)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Әдеби сынның тарихына, кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетіне, М.Жұмабаевтың, С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына қатысты зерттеулердің авторы. Негізгі еңбектері: “Оңаша отау”, “Қазақ әдебиеті сынының тарихы”, “Мағжан – Сәкен”. Мәтін “Әдебиеттану” (құрастырған С.Мақпырұлы) жинағынан алынды.
Кенжебаев Бейсенбай (1904-1986)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Көне түркі әдебиетіне, қазақ хандығы тұсындағы, ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті тарихына, Абай, С.Торайғыров, М.Әуезов шығармаларына қатысты еңбектердің авторы. Негізгі еңбектері: “Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері”, “Әдебиет белестері”, “ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті”. Нұсқалыққа енген зерттеу ғалымның “Әдебиет белестері” кітабынан алынды.
Кожинов Вадим Валерианович (1930-2000)
Орыс сыншысы, әдебиеттанушы ғалымы. Басты еңбектері ХІХ ғасырдағы орыс әдебиетінің тарихы, әдебиет теориясы мәселелеріне арналған. Негізгі еңбектері: “Романның шығуы”, “ХІХ ғасырдағы орыс лирикалық поэзиясы туралы кітап”. ??
Қабдолов Зейнолла (1927)
Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҒА академигі. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы. Әдебиет теориясына, М.Әуезов, қазіргі қазақ әдебиетіне байланысты зерттеулердің авторы. Негізгі еңбектері: “Сөз өнері”, “Әуезов”. Үзінді ғалымның “Сөз өнері” оқулығынан алынды.
Қаратаев Мұхаметжан Қожаспайұлы (1911-1995)
Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҒА академигі, жазушы. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті, әдеби сын мәселелерін зерттеген. Негізгі еңбектері – “Қазақ прозасында социалистік реализмнің қалыптасу жолдары”, “Эпостан эпопеяға”, “Асулар алда”. Мәтін ғалымның “Ізденіс іздері” жинағынан алынды.
Қасқабасов Сейіт Асқарұлы (1940)
Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҒА корреспондент-мүшесі. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, фольклортанушы ғалым. Негізгі еңбектері: “Қазақтың ертегіден тыс прозасы”, “Золотая жила”, “Колыбель искусства”. Нұсқалыққа енген мәтін “Қазақтың халық прозасы” монографиясынан алынды.
Қирабаев Серік Смайылұлы (1927)
Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҒА академигі. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. ХХ ғасыр басындағы және кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетін, С.Көбеев, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин шығармаларын зерттеуші. Негізгі еңбектері: “Сәкен Сейфуллин”, “Жүсіпбек Аймауытов”, “Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті”, “Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері”. Нұсқалыққа енген бұл мақала ғалымның “Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері” кітабынан алынды.
Қожакеев Темірбек (1926)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақ әдебиетіндегі сатира жанрларына, журналистика тарихы мен теориясына қатысты еңбектерінің авторы. Негізгі еңбектері: “Сатира – күштілер қаруы”, “Сатиралық жанрлар”, “Көк сеңгірлер”. Нұсқалыққа енген үзінді ғалымның “Сатиралық жанрлар” монографиясынан алынды.
Қоңыратбаев Әуелбек (1905-1986)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Фольклорға, көне түркі әдебиетіне, ХҮ-ХХ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихына, әдебиет теориясына қатысты зерттеулердің авторы. Негізгі еңбектері: “Шеберлік сыры”, “Қазақ әдебиетінің тарихы”, “Қазақ эпосы және түркология”. Мәтін ғалымның “Қазақ әдебиетінің тарихы” кітабынан алынды.
Лессинг Готхольд Эфраим (1729-1781)
Неміс ағартушысы, философ, публицист, драматург, өнер теоретигі және сыншы. Негізгі еңбектері: “Адам тегін тәрбиелеу”, “Лаокоон немесе кескін өнері мен поэзияның шекарасы туралы”, “Гамбург драматургиясы”. Үзінді ғалымның “Лаокоон немесе кескін өнері мен поэзияның шекарасы туралы” еңбегінен алынды.
Лотман Юрий Михайлович (1922-1994)
Орыс әдебиетші ғалымы. Орыс әдебиетінің тарихы, әдебиет теориясына қатысты еңбектердің авторы. Негізгі еңбегі: “Поэтикалық мәтінді талдау”. ??
Майтанов Бақытжан Қауасқанұлы (1948)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Роман жанрына, қазіргі әдебиетке, М.Жұмабаев, М.Әуезов шығармашылығына арналған еңбектердің авторы. Негізгі еңбектері: “М.Әуезов – суреткер”, “Роман және психологиялық талдау”. Үзінді “Көркемдік кілті - шеберлік” жинағынан алынды.
Мақпырұлы Серік (1944)
Филология ғылымдарының кандидаты, профессор. С.Мұқанов шығармашылығын, әдебиеттің теориялық мәселелерін зерттеуші. “Әдебиеттің тектері мен түрлері” кітабының авторы. “Әдебиеттануға кіріспе” хрестоматиясын құрастырушы.
Мәрсеков Райымжан (1879-1949)
Қоғам қайраткері, сыншы, көсемсөзші. Роман жанрына, қазақ әдебиеті тарихының даму кезеңдеріне қатысты еңбектер жазған.
Мәсімхан Дүкен (1963)
Филология ғылымдарының кандидаты, ақын, аудармашы. Халық ауыз әдебиетін, Қытай қазақтарының әдебиетін зерттеуші. Негізгі еңбектері: “Оғызнама туралы зерттеу”, “Сарап”.
Мәшһүр Жүсіп Қуандық Пазылұлы (1940)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазіргі қазақ поэзиясына, стильге, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесіне байланысты зерттеулердің авторы. Негізгі еңбектері: “Өлең сөздің патшасы”, “Қазақ поэзиясындағы стиль және бейнелілік”.
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (1902-1985)
Қазақтың ұлы жазушысы, драматург, сыншы, ҒА академигі. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Әдеби сын саласында ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің әр түрлі мәселелеріне арнап еңбектер жазған. Негізгі еңбектері: “Суреткер парызы”, “Заман және әдебиет”.
Мұқанов Сәбит (1900-1973)
Жазушы, ақын, драматург, сыншы, ҒА академигі. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Әдебиет тарихы және әдеби сын саласында ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ әдебиетін қатысты еңбектер жазған. “ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті”, “ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті тарихынан очерктер” зерттеулерінің авторы.
Негимов Серік (1948)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Өлең табиғатына, ақын-жыраулар поэзиясының көркемдік сипатына, қазіргі қазақ әдебиетіне, шешендік өнердің теориясы мен тарихына арналған зерттеулердің авторы. Негізгі еңбектері: “Өлең өрімі”, “Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі”.
Нұрғали Рымғали Нұрғалиұлы (1940)
Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҒА корреспондент-мүшесі. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер. Драма поэтикасын, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов шығармашылығын зерттеуші. Негізгі еңбектері: “Телағыс”, “Айдын”, “Әуезов және Алаш”.
Нұртазин Темірғали (1907-1977)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Б.Майлин, С.Мұқанов шығармашылығына байланысты зерттеулер жазған. Негізгі еңбектері: “Жазушы және өмір”, “Бейімбет Майлин творчествосы”.
Өмірәлиев Құлмат (1930-1985)
Тілтанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты. Көне түркі әдебиеті, ХҮ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті туралы зерттеулер жазған. Әдебиетке қатысты негізгі еңбектері: “ХҮ-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі”, “Қазақ поэзиясының жанры мен стилі”.
Потебня Александр Афанасьевич (1835-1891)
Көрнекті орыс және украин оқымыстысы. Негізгі еңбектері: “Ой және тіл”, 4 томдық “Орыс грамматикасы бойынша жазбалардан”, “Славян халықтық мифологиясындағы кейбір символдар туралы”.
Розанов Иван Никанорович (1874-1959)
Орыс әдебиеттанушы ғалымы, профессор. Негізгі еңбектері: “Лермонтов орыс өлеңінің тарихында”, “Әдеби репутациялар”.
Рүстемова Қадиша Рүстембекқызы (1961)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Ә.Әлімжанов, орыс тілінде жазатын қазақ жазушыларының шығармашылығын зерттеуші. Негізгі еңбегі: “Личность и история в прозе А.Алимжанова”.
Сент-Бев Шарль Огюстен (1804-1869)
Француз сыншысы және ақыны. ХҮІ-ХІХ ғасырлардағы француз әдебиетінің тарихын, француз театрының қалыптасу жолдарын, Шатобриан т.б. драматургтер шығармашылығын зерттеуші. Негізгі еңбектері: “ХҮІ ғасырдағы француз поэзиясы мен француз театрына тарихи және сыни шолу”, “Пор-Рояль”, “Шатобриан және оның Империя кезеңіндегі әдеби топ”.
Серікқалиұлы Зейнолла (1938)
Филология ғылымдарының кандидаты, зерттеуші, сыншы. Қазіргі әдеби процеске, сөз өнерінің эстетикалық мәніне байланысты еңбектердің авторы. Негізгі еңбектері: “Ақ жол”, “Дүниетану даналығы”.
Томашевский Борис Викторович (1890-1957)
Орыс әдебиетші ғалымы. А.Пушкин шығармашылығына, өлең құрылысына, әдебиет теориясына қатысты еңбектердің авторы. Негізгі еңбектері: “Әдебиет теориясы”, “Өлең және тіл”.
Тілешев Ербол Ердембекұлы (1965)
Филология ғылымдарының кандидаты. М.Жұмабаев шығармашылығына байланысты ғылыми еңбектердің, “Романтикалық поэма табиғаты” зерттеуінің авторы.
Тұрсынов Едіге Дәріғұлұлы (1941)
Филология ғылымдарының кандидаты, қазақ фольклорына, жыраулық және ақындық поэзияға қатысты зерттеулердің авторы. Негізгі еңбегі: “Қазақ әдебиетін тудырушылардың байырғы өкілдері”.
Уэллек Рене
ХХ ғасырдағы белгілі американ әдебиеттанушысы. Негізгі еңбектері: “Жаңа сынның тарихы. 1750-1950”, “Әдебиет теориясы”.
Уоррен Остин
ХХ ғасырдағы белгілі американ әдебиеттанушысы. Негізгі еңбектері: “Тәртіпке ұмтылыс”, “Әдебиет теориясы”.
Чернышевский Николай Гаврилович (1828-1889)
Көрнекті орыс ғалымы, қоғам қайраткері. ХІХ ғасырдағы орыс әдебиетінің тарихына, әдебиет теориясына қатысты зерттеулер жазған. Негізгі еңбегі: “Өнердің болмысқа эстетикалық қатынасы”.
Шкловский Виктор Борисович (1893-1984)
Орыс ғалымы. Әдебиеттанудағы формалистік мектептің ірі өкілдерінің бірі. Негізгі еңбектері: “Орыс классиктерінің прозасы туралы жазбалар”, “Тарихи повестер мен әңгімелер”.
Хализев Валентин Евгеньевич
Орыс әдебиеттанушы ғалымы, профессор. Драматургия, әдебиет теориясы саласы бойынша еңбектердің авторы. Негізгі еңбектері: “Драма әдебиеттің тегі ретінде”, “Әдебиет теориясы”.
Ысқақұлы Дандай (1947)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Әдеби сынның теориясы мен тарихына, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов шығармашылығына арналған зерттеулердің авторы. Негізгі еңбектері: “Сын жанрлары”, “Сын өнері”.
Ысмайылов Есмағамбет (1910-1967)
Қазақтың көрнекті ғалымы, ҒА корреспондент-мүшесі. Әдебиет теориясы, ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ әдебиетін, Жамбыл, С.Сейфуллин шығармашылығын зерттеуші. Негізгі еңбектері: “Ақын және революция”, “Ақындар”.
Якобсон Роман Осипович
Орыстың көрнекті филолог ғалымы. Көркем әдебиеттің поэтикасы, тілі мен стилі, славян халықтарының әдебиеті мен фольклоры және Пушкин, Тургенев, Блок, Хлебников, Пастернак, Маяковский шығармашылығы туралы еңбектер жазған. Негізгі еңбегі: “Салыстырмалы славян әдебиеттануының негіздері”.
Әзірлеген филология ғылымдарының кандидаты,
доцент Е.Е.Тілешев
11 Дифирамбылық поэзия – Дионистің құрметіне, басқа да құдайлардың атына арнап айтылатын би үстінде орындалатын хор өлеңі.
22 Авлетика мен кифаристика – авл және кифара музыкалық аспаптарында ойнау өнері.
33 Софрон (б.э.д.Үғ.), Ксенарх, оның ұлы – мимдердің (тұрмыстық көрініс сценаларының) авторлары.
44 Триметр – метрикалық өлең жүйесіндегі өлшем.
55 Нома, номалар – салтанатты мерекелік жиындарда орындалатын гимн.
11 Фалликалық өлең – Дионис құрметіне арналған салтанатты шерулерде орындалатын өлең-жырдың бірі.
22 Гексаметр – метрикалық өлең жүйесіндегі өлшем.
11 Полигнот, Зевскид – б.э.д. Ү ғ. өмір сүрген көне грек суретшілері.
11 Ифигения, Орест – Еврипид трагедиясының кейіпкерлері.
11 Глосса – гр.сөзі, қиын, сирек кездесетін сөз. Бұл жерде: түсініксіз, ескірген сөз деген мағынада.
11 Бұл түр түпнұсқада екі рет қайталанады.
11 Автордың “ұлтшылдық” деп қолданатын сөзін қазіргі мағынасында емес, “ұлтжандылық” деп қабылдау дұрыс.
11 Бахыр – теңіз /М.Жұмабаевтың ескертпесі/.
11 Күңше – Жүсіп төренің қатыны. Айса, Ермек, Тортай – қарсы партиядағы адамдар. Күңше сол тұқымнан болса керек /М.Жұмабаев ескертпесі/.
11 Белинский В.Г. Собрание сочинений в трех томах. М., 1948. т. 3. стр. 190.
11 Әңгіме ХІХ ғ. орыс өміріндегі, немесе Еуропа өміріндегі тұрмыстық-әлеуметтік терминдер туралы болып отыр.
11 Белинский В.Г. Собр. Соч. В трех томах, М., 1948, т. І. 79-бет.
11 Сонда, 22-23 беттер.
11 Эльсбург Я. Вопросы теории сатиры. М., 1957, стр. 27
22 Квятковский А.П. Поэтический словарь, М., изд. “Сов. энциклопедия”, 1966. стр. 253
11 Лихачев Д.С. Текстология. Ленинград, 1983, с. 129
22 Лотман Ю.М. Анализ поэтического текста. Москва, 1979, с. 180.
11 Толстой Л.Н. Полн. Собр. Соч. В 90 томах. М., 1928-1958. Т. 61. С. 80
22 Белинский В.Г. Собрание сочинений в девяти томах. М., 1982. Т. 8. С. 372.
11 Каган М.С. Начало эстетики. М., 1964. С. 84.
22 Қаратаев М. Таңдамалы шығармалар. Үш томдық. А., 1974. 2-т. 19-б.
33 Қараңыз: Бахтин М.Б. Эстетика словесного творчества. Изд. 2-е. М., 1986. С. 11; Васильев С. Теория отражения и художественное творчество // Пер. С болгарского. М., 1977. С. 100-105; Храпченко М.Б. Творческая индивидуальность писателя и развитие литературы. М., 1972. С. 58-88.
44 Қараңыз: Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. А., 1985. 20-т. 426-б.
11 Бұл үзінді қазіргі қазақ тілі жазылу ережелері негізінде беріліп отыр.
22 Флажолет – ұшы бар ағаш флейта (сыбызғы), қазіргі кезде қолданудан шығып қалған.
33 Қате кеткен, қожа емес – ғази – жеңімпаз болса керек.
44 Орысша “товарищ” сөзінің Ш.Уәлиханов заманында дәл қазіргі “жолдас” мағынасында болмағанына назар аудара кетіңіз.
55 mаnаb – манап (қыр.) – феодал, ақсүйек.
66 1423 ж. Никонов жылнамаларында адайларға Құдайдат ханның шабуыл жасағаны, тағы да: “Алып денелі, ерен мықты татар батыры Көкшені өлтіргенде...” (Уәлиханов ескертпесі).
77 “Жылнамалар жинағының” 156-бетінде, Қадырберді хан мен Едігенің Електегі шайқасында Ер Көкше қаза тапты.
88 Бұл өлеңдердің тура жазылуын, қазір қазақтар қалай сөйлейді, дәл солай беруге тырыстым. (Уәлиханов ескертпесі).
99 Орыстар қазақтарды қырғыз деп атағанымен, олар өздерін қазақ деп атайды. Ескі замандарда қазақ сөзі – еркін, еркінше деген ұғымды білдірген, мен оған күмән келтірмеймін, ал қазақлық құру деген етістік Бабұрдың Шайбани әулеті туралы жазбаларында – “Бабұрнамада” жиі ұшырасады. Ондағы қазақ сөзінің мәні – кезбе, қаңғыбас, осы атаудың ертедегі орыс елінде ежелден белгілі және жиі қолданылғаны: “А... кове мере казаком кочует на поле, со множими людьми – то вашему царскому величеству ведомо...” Басқа бір жерінде: “А тебе (Когулу) – будучи на поле и живучи казаком от нашие царские рати и от вогнанного боко” т.с. (Собрание Государ. Грамот и договоров, т. ІІ, № 68) (Уәлиханов ескертпесі).
1010 Осы жерде текст үзіледі.
11 Баяндама бойынша болған жарыссөзде “тыб” пен “тұмарды” халық әдебиетінен шығарып тастау қажеттігі жөнінде айтылды. Әйтсе де олардың халық арасына кең таралғандығын және қарапайым бақсылардың өзі жиі қолданатынын ескере отырып, автор халық әдебиеті санатында қалдырғанды жөн көрді.
11 Біз ендігі жерде Орхон ескерткіштерін қазақтың Қобыланды, Алпамыс жайындағы көне эпостарымен салыстырып отырмыз.
11 Виноградов В.В. Стилистика Теория поэтической речи. Поэтика. М., 1963, 165-166.
22 Сонда, 168-б.
33 Виноградов В.В. Стилистика..., с. 204.
44 Ларин Б.А. Лекции по истории русского литературного языка (Х середина ХҮІІІ в.). М., 1975, с. 5-6.
55 Белинский В.Г. Полн.собр.соч. М., 1955, т.9, с. 477
66 Брюсов В.Я. Избранные сочинения. В 2-х т. М., 1955, т.2, с. 335
77 Виноградов В.В. Стилистика..., с. 186-187.
** Біз мұны “ХҮ-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі” (1976) деген кітапта кең сөз еткенбіз, 126-139 беттерді қараңыз.
11 В.Фролов. О советской комедии. М., 1954; Его же. Судьбы жанров драматургии. М., 1957; В.Волькенштейн. Драматургия. М., 1969; Н.Федь. Искусство комедии. М., 1978; Ю.Борев. Комическое. М., 1970; В.Сахновский-Панкеев. О комедии. М., 1964.
11 Проблемы жанра и стиля. Уфа, 1970.
22 Сонда, 33-35 б.
33 Тодоров Цветан. Поэтика – В кн.: Структурализм, “за” и “против”. М., 1975, с. 100.
44 Виноградов В.В. Аталған еңбек.
55 Қараңыз: Веселовский А.Н. Историческая поэтика. Л., 1940; Добин Е. Жизненный материал и художественный сюжет. Л., 1956; Виноградов В. Сюжет и стиль. М., 1963; Кожинов В. Сюжет, фабула, композиция. – В кн.: Теория литературы. М., 1964.
66 Виноградов В. Сюжет и стиль. С. 21.
11 Қараңыз: Проблемы теории литературной критики. МГУ, 1980, 246-бет.
11 Қараңыз: Пушкин А.С. Собр.соч.: в 10 т. М., 1962 Т.9. с. 130
22 Ф.И.Тютчевтің бірқатар өлеңі “Современиик” журналында 1836 жылы /№ 3,4/ басылды.
11 Қараңыз: Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. Алматы, Жазушы, 1966, 7 б.
22 Бұ да сонда, 19 б., Оразаев Ф. Замана қаһарманы. Алматы, Жазушы, 1981, 147 б.
33 Қараңыз: Многообразие стилей в советской литературе. Москва – Ленинград, “Наука” баспасы, 1965, 21 б.
44 Қараңыз: Тимофеев Л.И. Основы теории литературы. Москва, “Просвещение” баспасы, 1966, 391-393 б; Г.Л.Абрамович. Введение в литературоведение. Москва, Просвещение, 1970, 298 б.
55 Қараңыз: Проблема стиля в современном советском литературоведении. “Литературные направления и стили” жинағы ішінде. Изд-во Московского университета, 1976, 47-48 б.
66 Қараңыз: Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, Мектеп, 1976, 349-352 б.; Оразаев Ф. Шолулар-деректер, пікірлер-ойлар. “Қазақ әдебиеті” жинағы ішінде, Алматы, 1969, 99 б.; Кекілбаев Ә. Өмір, талант, шығарма. “Жұлдыз” журналы, 4, 1981, 208-212 б.
77 Қараңыз: Проблемы литературного стиля. Изд-во Московского университета, 1970, 40 б.
88 Многообразие стилей в советской литературе. Москва – Ленинград, Наука, 1965, 17, 20, 134 б.
99 Қараңыз: Палиевский П.В. Постановка проблемы стиля. “Теория литературы” деген кітап ішінде. Москва, Наука, 1965, 33 б.; Борев Ю.В. Художественный стиль, метод и направление. “Теория литературных стилей” деген кітап ішінде. Москва, Наука, 1982, 86 б.
1010 Қараңыз: Поспелов Г.Н. Проблемы литературного стиля. Изд-во Московского университета, 1970, 94 б.; Борев Ю.В. Художественный стиль, метод и направление. “Теория литературных стилей” деген кітап ішінде. Москва, Наука, 1982, 86-87 б. Ковалев В.А. Многообразие стилей в советской литературе. Москва – Ленинград, Наука, 1965, 50 б. т.б.
1111 Бұл ұйғарымды, біздіңше, неғұрлым дәл, жүйелі дәлелдеген ғалым – Тимофеев Л.И. Қараңыз: Основы теории литературы. Москва, “Просвещение” баспасы, 1966, 392-393 б.
1212 Қараңыз: Ковалев В.А. Многообразие стилей в советской литературе. Москва – Ленинград, Наука, 1965, 10-11 б.
1313 Қараңыз: Абрамович Г.Л. Введение в литратуроведение. Москва, Просвещение, 1970, 304-305 б.
1414 Қараңыз: Поспелов Г.Н. Проблемы литературного стиля. Изд-во Московского университета, 1970, 93 б.
1515 Орыс әдебиеті ғылымында жанр, әдіспен қатар, стильдің де жинақтау сипатындағы рөлі дәлелденген. Қараңыз: Тимофеев Л.И. Слово в стихе. Москва, Советский писатель, 1982, 276-277 б. Зерттеуші А.Н.Соколов стильдің “таза”, немесе белгілі бір бағыт, ағымнан тыс бірыңғай дербес түрі болуы мүмкін еместігін сөз етеді. Қараңыз: “Теория стиля”. Москва, Искусство, 1968, 152 б. Сондай-ақ стильдегі даралық пен типтілікті көрсеткен М.М.Гиршман пікірі де бұл ұғымды тек жекешелендіруге алып кетудің біржақты, үстірттігін, дәлелдесе керек. Қараңыз: Изучение диалектики общего и индивидуального в стиле. “Теория литературных стилей” деген кітап ішінде. Москва, Наука, 1982, 17 б.
1616 Қараңыз: Поспелов Г.Н. Проблемы литературного стиля. Изд-во Московского университета, 1970, 114-116 б.
1717 Алысқа бармай-ақ, осы орайда қазақ зерттеушісі Ә.Кекілбаев пікірін дәлелді деп санаймыз. Қараңыз: Өмір, талант, шығарма. Жұлдыз, 4, 1981, 209 б.
1818 Қараңыз: Ковалев В.А. Многообразие стилей в советской литературе. Москва – Ленинград, Наука, 1965, 12 б.; Поспелов Г.Н. Проблемы литературного стиля. Изд-во МГУ, 1970, 98-99 б.
1919 Қараңыз: Подгаецкая И.Ю. Границы индивидуального стиля. “Теория литературных стилей” деген кітап ішінде, Москва, Наука, 1982, 32 б.; Гончаров Б.П. Проблемы художественного целого и системность стилевого анализа. Бұ да сонда, 231 б.
2020 Әр ақынның өзінше жырлауы керектігі, оның мәні туралы құнды ойлар белгілі орыс совет ақыны М.Исаковский еңбегінде бар. Қараңыз: О поэтах, о стихах, о песнях. Москва, Советский писатель, 1968, 190-191 б.
2121 Стильді түсінуде ақынның жеке басының мәні туралы қазақ әдебиеті ғылымында көп айтылды. Қараңыз: Жәмішев Ә. Лирика табиғаты дегенде. Жұлдыз, 8, 1967, 149 б.; Ыбырайымов Б. Парасат толқыны. “Қазақ әдебиеті” газеті, 25 қыркүйек, 1981, 11 б. Бөпежанова Ә. Дәуірмен үндескен бақытты өлең. “Уақыт және қаламгер” деген жинақ ішінде. Алматы, Жазушы, 1981, 203 б.; Әлімқұлов Т. Жазушылық оңай ма? “Сөзстан” деген жинақ ішінде, Алматы, Жалын, 1982, 96-97 б.
11 В.Виноградов. О языке художественной литературы. М., 1959, стр. 154.
22 Храпченко М.Б. Творческая индивидуальность писателя и развитие литературы. М., 1972, стр. 101; В.Д.Днепров. Проблемы реализма. Л., 1960, стр. 302.
33 Сб. “Проблемы международных литературных связей”. Л., 1962, стр. 50.
11 Лихачев Д.С. Человек в литературе Древней Руси. М., 1970., с. 72.
