- •Әдебиет теориясы
- •Көркемөнер табиғаты және эстетикалық
- •Аристотель Поэзия өнері туралы
- •Әбунәсір Әл-Фараби Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат
- •Г.В.Ф.Гегель Эстетика туралы лекциялар
- •Г.Э.Лессинг Лаокоон немесе кескін өнері мен поэзияның шекарасы туралы
- •Н.Г.Чернышевский Өнердің болмысқа эстетикалық қатынасы
- •А.Байтұрсынов Көрнек өнері
- •Е.Франко Әдебиет туралы ғылым және оның түрлері
- •Табалдырық
- •Әдебиетіміз
- •Бұл күнге шейін төңкеріс әм әдебиетіміз
- •Енді төңкеріс әм әдебиетіміз
- •Әдебиет не нәрсе? Әдебиеттің жалпы заңы
- •В. Шкловский
- •А.Банфи Өнер философиясы
- •М.М.Бахтин Әдебиеттану методологиясына
- •Е. Ысмайылов Қазақ әдебиетінің ғылымдық тарихын жасау жолындағы міндеттер
- •А.И.Буров Өнердің эстетикалық мәні
- •Т.Нұртазин Эстетикалық пікіріміздің даму тарихынан
- •А.С.Бушмин Көркем шығарманы аналитикалық тұрғыда қарастыру туралы
- •З.Қабдолов Сөз өнері туралы сөз
- •Әдебиеттану ғылымындағы мектептер
- •Д.Мәсімхан Тамырға тағзым немесе әдебиет пен өнердің тек-төркіні туралы
- •“Көңіл-күй - сезім” теориясы
- •2. “Эмблемалық түс” теориясы
- •3. “Өндірістік еңбек” теориясы
- •4. “Еліктеу” теориясы
- •5. “Ойын-сауық” теориясы
- •6.”Әсемдік аңсар” теориясы
- •7. “Бақсы-балгерлік” теориясы
- •8. “Әмбебап” теориясы
- •Суреткер табиғаты
- •В.Г.Белинский Александр Пушкиннің шығармалары
- •Ж.Аймауытов, м.Әуезов Абайдан соңғы ақындар
- •Ж.Аймауытов Мағжанның ақындығы туралы
- •Неге арналсаң, соны істе!
- •М.Жұмабаев
- •С.Мұқанов Жазушы лабораториясы туралы
- •C.Қирабаев Ахметтің ақындығы
- •З.Ахметов Ақын тұлғасы, адамгершілік мақсат-мұраты
- •Е.Д.Тұрсынов Ақын типінің пайда болу дәуірі жөнінде пікірлер
- •Әдеби шығарманың мазмұны мен пішіні а.Байтұрсынов Шығарма сөз
- •А.Н.Веселовский Сюжеттер поэтикасы Кіріспе. Сюжеттер поэтикасы және оның міндеттері
- •Бірінші тарау. Мотив және сюжет
- •А.А.Потебня
- •Л.С.Выготский Көркемөнер психологиясы
- •Абайдың жаңашылдығы
- •М.Базарбаев Ұлттық сипат, мазмұн және форма
- •Ю.М.Лотман Көркем мәтін құрылымы
- •Т.Қожакеев Сатира және юмор
- •Әдеби бейне
- •Сұлулық салтанаты
- •С.Негимов
- •В.Е.Хализев
- •С.Н.Зенкин Әдебиетке интертекстуальды қатынас
- •Ж.Дәдебаев Көркем шығарма және оның негіздері
- •А.Егеубай Тарихи шындық пен көркемдік шындық. Әдеби әдеп. Түр мен мазмұн
- •Қ.Рүстемова Көркем туындыдағы тартысқа қатысты терминдер және олардың сипаты
- •Поэзияны тегі мен түріне қарап бөлу
- •Эпикалық поэзия
- •Лирикалық поэзия
- •Драмалық поэзия
- •А.Байтұрсынов Сындар дәуір
- •Х.Досмұхамедов Халық әдебиетінің мазмұны
- •М. Қаратаев Көркем аударма мәселелері
- •М.Базарбаев Жанрлық ерекшеліктері туралы
- •М.Ж.Жолдасбеков Орхон ескерткіштерінің жанрлық сипаты
- •Қ.Өмірәлиев Қазақ поэзиясының жанры мен стилін комплексті түрде зерттеу
- •Трагедиялық тартыс және трагедиялық характер
- •Комедияның жанрлық ерекшеліктері
- •Драмадағы жағдай және қаһарман
- •С.Қасқабасов Фольклордың жанрлық табиғаты
- •Сын жанрлары
- •Лирикалық жанрлар
- •Әдеби процесс
- •Р.Мәрсеков Қазақ әдебиеті жайынан
- •Н.Я.Берковский Романтизм және оның түп тамырлары туралы
- •Х.Досмұхамедов Халық әдебиетінің мазмұны
- •М.Әуезов Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі
- •Р.Якобсон Көркем реализм туралы
- •Б. Кенжебаев Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу
- •Әдеби серпіліс теориясының тәжірибелері
- •Хх ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі ағымдар
- •К.Ахметов Әдеби даму
- •Е.Тілешев Көркемдік әдіс, жанр және жаңашылдық
- •Әдеби шығарманың тілі мен стилі и.В. Гете Табиғатқа жай еліктеу, мәнер, стиль
- •А.Байтұрсынов
- •Б.В.Томашевский Стилистика және өлең құрылысы
- •Р.Уэллек, о.Уоррен Стиль және стилистика
- •Қ.Жұмалиев Стиль – жазушының өзіне тән ерекшеліктері
- •В.В.Кожинов Сөз бейненің формасы ретінде
- •Қ.Жұбанов
- •Ә.Қоңыратбаев хіх ғасырдың аяғындағы әдеби тіл
- •Стиль және бейнелілік
- •Идея және стиль
- •Б.Майтанов Лиризм – стильдік құбылыс
- •Терминдер көрсеткіші
- •Қысқаша био-библиографиялық анықтамалық
Р.Уэллек, о.Уоррен Стиль және стилистика
Жазушы үшін тіл сөздің тура мағынасында материал болып табылады. Кез келген әдеби шығарма белгілі бір тілден алынған материал болып табылады...
Поэтикалық сөздің мағынасы контекспен анықталады: оқырман сөздердің ғана мағынасын танып қоймайды, сонымен бірге олармен байланысты синонимдер мен омонимдердің де мағынасына барады. Сөз тек қана өзінің жеке мағынасына ғана ие болып қоймайды, сонымен бірге фонетикалық немесе мағыналық, немесе этимологиялық жағынан өзара байланысты басқа сөздердің де мағынасын анықтап тұрады. Сол себепті поэзияны зерттеушілерге лингвистикалық дайындық қажет. Әсіресе, лингвистикалық білім сөздердің мағынасымен, олардың модификацияларын зерттейтін лексикология саласында қажетті.
Әрине, лингвистика жекелеген сөздер мен тіркестердің мағынасын білу үшін ғана қажет емес. Әдебиет тілмен барлық аспектілері жағынан байланысты. Әдеби шығарма – ең алдымен дыбыстардың жүйесі, сондықтан да оның тілі белгілі бір тілдің жүйесінен сұрыпталып алынған тіл...
Шығарманы лингвистикалық тұрғыдан қарау барысында тілдің эстетикалық әсеріне талдау жасау барысында ғана ол әдебиеттанудың сипатына, әдебиеттанудың қажеттіліктеріне ие болады, яғни қысқаша айтқанда стилистика болады...
Антикалық дәуір эстетиктері сияқты стильдерді жоғары және төмен, шығыстық және аттикалық т.с.с. жүйелеп қана қоюға болмайды, Вильгельм Шнайдер (“неміс тілінің бейнелілік құралдары”, 1931) сияқты күрделі стилистикалық құрылымдарды талдау қажет. Сөз бен білдіретін нәрсе арасындағы қарым-қатынастар принципі бойынша стильдер мағыналық және сезімдік, тура және сипаттаушылық немесе кішірейткіш және ұлғайтқыш, дәл және жалпы, баяу және эмоционалды, төмен және жоғары, қарапайым және декоративті; сөздердің өзара қарым-қатынастары принципі бойынша пластикалық және музыкалық, тегеурінді және бос, тегіс және кедір-бұдырлы, түссіз және түрлі түсті; сөздер және тілдің бүкіл системасы қарым-қатынастары принципі бойынша ауызша және жазбаша, дерексіз және жеке; сөз және автордың қарым-қатынастары бойынша объективті және субъективті болып бөлінеді. Мұндай жіктеулер сөздік айтылымдардың қай-қайсысына да тән, бірақ біз әдебиеттің материалынан шыға отырып, әдеби стильдің талдау міндеттерін басшылыққа аламыз...
Эстетикалық мақсат жетекші маңызға ие болғанда ғана стилистика әдебиеттанудың бөлігі болады, сонда ғана стилистикаға маңызды орын беріледі де, оның методттары бойынша әдеби шығарманың өзіне ғана тән сапалық ерекшеліктері зерттелінеді. Мұндай стилистикалық талдауды екі жолмен іске асыруға болады. Біріншісі, шығарманың стильдік системасын жүйелі түрде қарастырумен және бұл системаның ерекшеліктерін “тұтас мағына” беруі тұрғысынан түсіндіруге негізделеді, яғни оларды шығарманың эстетикалық мақсатымен байланысты түсінуге бару қажет. Мұндай жағдайда стиль шығарманың немесе шығармалар тобының дара тілдік жүйесі болып көрінеді. Екінші тәсіл, бірінші тәсілге қайшы келмейді, ол шығарманың тілдік жүйесінің дара сипаттары жиынтығының солармен салыстырылған басқа жүйелерден ерекшелігін көрсетеді. Бұл методтың негізі салыстыру болып табылады.
