- •Әдебиет теориясы
- •Көркемөнер табиғаты және эстетикалық
- •Аристотель Поэзия өнері туралы
- •Әбунәсір Әл-Фараби Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат
- •Г.В.Ф.Гегель Эстетика туралы лекциялар
- •Г.Э.Лессинг Лаокоон немесе кескін өнері мен поэзияның шекарасы туралы
- •Н.Г.Чернышевский Өнердің болмысқа эстетикалық қатынасы
- •А.Байтұрсынов Көрнек өнері
- •Е.Франко Әдебиет туралы ғылым және оның түрлері
- •Табалдырық
- •Әдебиетіміз
- •Бұл күнге шейін төңкеріс әм әдебиетіміз
- •Енді төңкеріс әм әдебиетіміз
- •Әдебиет не нәрсе? Әдебиеттің жалпы заңы
- •В. Шкловский
- •А.Банфи Өнер философиясы
- •М.М.Бахтин Әдебиеттану методологиясына
- •Е. Ысмайылов Қазақ әдебиетінің ғылымдық тарихын жасау жолындағы міндеттер
- •А.И.Буров Өнердің эстетикалық мәні
- •Т.Нұртазин Эстетикалық пікіріміздің даму тарихынан
- •А.С.Бушмин Көркем шығарманы аналитикалық тұрғыда қарастыру туралы
- •З.Қабдолов Сөз өнері туралы сөз
- •Әдебиеттану ғылымындағы мектептер
- •Д.Мәсімхан Тамырға тағзым немесе әдебиет пен өнердің тек-төркіні туралы
- •“Көңіл-күй - сезім” теориясы
- •2. “Эмблемалық түс” теориясы
- •3. “Өндірістік еңбек” теориясы
- •4. “Еліктеу” теориясы
- •5. “Ойын-сауық” теориясы
- •6.”Әсемдік аңсар” теориясы
- •7. “Бақсы-балгерлік” теориясы
- •8. “Әмбебап” теориясы
- •Суреткер табиғаты
- •В.Г.Белинский Александр Пушкиннің шығармалары
- •Ж.Аймауытов, м.Әуезов Абайдан соңғы ақындар
- •Ж.Аймауытов Мағжанның ақындығы туралы
- •Неге арналсаң, соны істе!
- •М.Жұмабаев
- •С.Мұқанов Жазушы лабораториясы туралы
- •C.Қирабаев Ахметтің ақындығы
- •З.Ахметов Ақын тұлғасы, адамгершілік мақсат-мұраты
- •Е.Д.Тұрсынов Ақын типінің пайда болу дәуірі жөнінде пікірлер
- •Әдеби шығарманың мазмұны мен пішіні а.Байтұрсынов Шығарма сөз
- •А.Н.Веселовский Сюжеттер поэтикасы Кіріспе. Сюжеттер поэтикасы және оның міндеттері
- •Бірінші тарау. Мотив және сюжет
- •А.А.Потебня
- •Л.С.Выготский Көркемөнер психологиясы
- •Абайдың жаңашылдығы
- •М.Базарбаев Ұлттық сипат, мазмұн және форма
- •Ю.М.Лотман Көркем мәтін құрылымы
- •Т.Қожакеев Сатира және юмор
- •Әдеби бейне
- •Сұлулық салтанаты
- •С.Негимов
- •В.Е.Хализев
- •С.Н.Зенкин Әдебиетке интертекстуальды қатынас
- •Ж.Дәдебаев Көркем шығарма және оның негіздері
- •А.Егеубай Тарихи шындық пен көркемдік шындық. Әдеби әдеп. Түр мен мазмұн
- •Қ.Рүстемова Көркем туындыдағы тартысқа қатысты терминдер және олардың сипаты
- •Поэзияны тегі мен түріне қарап бөлу
- •Эпикалық поэзия
- •Лирикалық поэзия
- •Драмалық поэзия
- •А.Байтұрсынов Сындар дәуір
- •Х.Досмұхамедов Халық әдебиетінің мазмұны
- •М. Қаратаев Көркем аударма мәселелері
- •М.Базарбаев Жанрлық ерекшеліктері туралы
- •М.Ж.Жолдасбеков Орхон ескерткіштерінің жанрлық сипаты
- •Қ.Өмірәлиев Қазақ поэзиясының жанры мен стилін комплексті түрде зерттеу
- •Трагедиялық тартыс және трагедиялық характер
- •Комедияның жанрлық ерекшеліктері
- •Драмадағы жағдай және қаһарман
- •С.Қасқабасов Фольклордың жанрлық табиғаты
- •Сын жанрлары
- •Лирикалық жанрлар
- •Әдеби процесс
- •Р.Мәрсеков Қазақ әдебиеті жайынан
- •Н.Я.Берковский Романтизм және оның түп тамырлары туралы
- •Х.Досмұхамедов Халық әдебиетінің мазмұны
- •М.Әуезов Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі
- •Р.Якобсон Көркем реализм туралы
- •Б. Кенжебаев Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу
- •Әдеби серпіліс теориясының тәжірибелері
- •Хх ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі ағымдар
- •К.Ахметов Әдеби даму
- •Е.Тілешев Көркемдік әдіс, жанр және жаңашылдық
- •Әдеби шығарманың тілі мен стилі и.В. Гете Табиғатқа жай еліктеу, мәнер, стиль
- •А.Байтұрсынов
- •Б.В.Томашевский Стилистика және өлең құрылысы
- •Р.Уэллек, о.Уоррен Стиль және стилистика
- •Қ.Жұмалиев Стиль – жазушының өзіне тән ерекшеліктері
- •В.В.Кожинов Сөз бейненің формасы ретінде
- •Қ.Жұбанов
- •Ә.Қоңыратбаев хіх ғасырдың аяғындағы әдеби тіл
- •Стиль және бейнелілік
- •Идея және стиль
- •Б.Майтанов Лиризм – стильдік құбылыс
- •Терминдер көрсеткіші
- •Қысқаша био-библиографиялық анықтамалық
Әдебиетіміз
“Әдебиеттің өзінше дәуірлеуі технике мәдениетінің дәуірлеуіне байланбайды”, - дейді Маркыс /К.Маркс. Введение к критике политэкономии. Изд. “Московский рабочий”, 1922 г./. Осы пікірін бекіту үшін грек тарихының Ғомер заманы мен Ауропа тарихының Шекіспір заманын көрсетеді. Шынында Ғомер заманындағы гректердің, Шекіспір заманындағы Ауропа технике мәдениетінің бала болғаны рас. Алайда сол дәуірлерде Гірек пен Ауропа әдебиеті құлашты аспанға сермеген. Неге бұлай болғандығын тексеру - әдебиет тарихшысының міндеті. Біздің бұл жерде айтатынымыз: Маркыстың мынау пікірін қазақ өміріне қатыстырсақ, қазақтың технике мәдениеті тіпті төмен болған. Сондықтан әдебиеті де жоқтың жанында болған деген пікір ұстау қата. Шынында қазақтың өзінше терең әдебиеті болған әм бар. Қазақ өмірінің түрлі өзгерісі, өрі, қыры, қайғысы, қуанышы, ойы, қиялы әдебиетіне түсіп отырған. Әзір тіпті тексерілмеген дәуірді қоя тұрып, соңғы дәуірді алсақ, кешегі Мұрат, Махамбет, Базар, Шортанбай, Ақан сері сықылды ақындардың елдің мұңын, зарын, ой, қиялын жырлай білген шын жыраулар екені анық. Бұлар – қазақ даласына бет алған Ауропаның, орыстың қара жүз отаршылдығының қарасын көріп, бірінші уланған ерлер. Қазақ әдебиетінің алыбы Абай – қазақ даласына кеулеп кіріп келе жатқан капитализмге, отаршылдыққа халықтың қанды жас төгіп, еріксіз шалған бірінші құрбаны. Ел билеп, елге ақыл айтудан бастап, өмірден үміт үзуге, тұңғиық ойға барып тірелген Абайдың өмірінің, ақындығының трагедиесі де тереңдігі осындай. Абайдың алыптығы – қыл көпірдің үстінде тұрғандығы, екі қолмен, екі үмітпен алысқандығы, сондықтан қазақ әдебиетінің ескі мағынасын, бұрынғы бағытын тереңдеткендігі, әдебиетке жаңа түр кіргізгендігі. Абай жиын-тойдың ақыны болмағандықтан, әсіресе, баспасөздің жоқтығынан, Абайдың әдебиеттегі бағыты, әсіресе, түрі елге тарай алмайды. Сол дәуірде қазақ даласына капитализм кеулеп кіре береді. Ел езіле береді. Әдебиетте, бағыт та, түр де қалмайды. Әдебиет “ғизятлу”, “құрметлу”, “бісмілдә” деп басталатын сөздің басы сықылды былдыр-батпаққа айналды.
Бірақ Ауропа отаршылдығының бір қасиеті – құлды көп қуып, батыр қылуы, өлімге бұйыруы мен өмірді сүйгізуі, езілген елдің ұлттық сезімін оятуы. Осы заң бойынша 1905 жылғы төңкерістен соң соққы жеп, сүлесі қатқан Қазақ елі есін жия бастайды. Жаралы жанының есін жия бастағандағы бірінші үні – ыңырсып күрсінуі, күңіренуі болмақ. 1905 жылдан соңғы әдебиетіміз, “Оян, қазақ!”, “Қырық мысал” сықылды елім, жұртым деген әдебиетіміз, сол күңірену, сол зәреде күңіренген жаралы жанның көзіне ілгені ғана – қылышынан қан тамып, майданда ойнап жүргені елестемек. Ояна бастаған ел болған күнін есіне түсірмек. Әдебиетіміз да мынау “Оян!” деген зармен бірге елдің өткен күнін есіне сала бастап еді. Өткен, тағы болып жүрген дәуірді қайта орнату үшін емес, жасынан елдің жанына үміт салу үшін өткенді жырлай бастап еді. Әдебиет осы күйінде тұрғанда біз үстіміздегі зор төңкеріске кіріп кеттік.
Бұл күнге шейін төңкеріс әм әдебиетіміз
Үстіміздегі зор төңкеріс – бізге өз тарихымыз тудырған, өз тарихымыздың қатынасы болған таныс төңкеріс емес, Ауропа тудырған жат төңкеріс еді. Осы себептен біздің әдебиетіміз бастапқы жылдарда төңкеріс туралы қолға аларлық ешнәрсе болмағаны даусыз. Әдебиет өзінің бұрын келе жатқан бетімен жүре береді. Бір жағынан, орыс отаршылдығының зардабынан елге кірген бүлгіншілік бұзықтықты сүйретіп, екінші жағынан, елдігін ұмытып, жасып қалған елдің өткенде өзінше ел болғанын есіне салып, табиғи жолмен келе жатты. Маркысшыл зор ғалым Пілеқанып: “Шаруа – тұрмыс-салт төңкерісінің бейімделуі болмақ” , - дейді.
Төңкеріспен қазақ төңкерісінің сырты ғана соқтыққан ғана болғанмен, санасы дағдылы жолымен келе жатты. Сондықтан әдебиетіміз төңкерістің бастапқы дәуірінде өзінің табиғи жолымен өсіп келе жатты. Осы жолда әдебиетіміз бірталай ілгері аттап та қалды. Қияға қарғып шығамын деп мертігіп қалмай, тұрмыстың, тарихтың заңы бойынша табиғи жолмен жүріп, күн санап өсіп, тереңдеп келе жатқан кешегі, бүгінгі әдебиетімізді қарғауға емес, алқауға міндеттіміз. “Төңкеріс туралы тез үндей қоймадың” деп, томпиып өкпелеуге емес, не себепті үндемегенін ұғуға міндеттіміз. Әдебиетімзге төңкерістің тіпті түспеуінің, бірен-саран түсірем деген топас тәжірибелер де теріс жағынан түсуінің тағы бір себебі: төңкерістің өзінің қазақ даласына күнгей бетінен емес, теріскей бетінен, оңынан емес, солынан кіруі - алақандағы нәрсе ғой. Мұны бүркеп қоюға болмас. Маркыстың: “Санаға сипат беретін - салт”, - деген асқар пікірін де аттап кетуге болмас. Төңкерісті оң жағынан түсірем деп ұмтылған әдебиетіміздің тәжірибесі соңғы бірер жылдың ішінде ғана басталады. Бұл айтылғандардың бәрі - әдебиетіміздің бұл күнге шейін жүріп келген жолы. Тарихтың, тұрмыстың құрыш заңы бойынша өз бағытымен дұрыс жүріп келген жолы. Енді бұдан былай деген мәселе тумақ: аққан судың өзінен айрылмайтын сипаты – ағу. Аққанда, жазық жерде – жайылып, жыбырқанып, тар жерде, тастың бауырында – көбіктеніп көпіріп, жарды соғып лепіріп ағу. Яғни, өзінің ағу заңына да, жолдың, арнаның заңына да бағыну. Тұрмыс та ағып жатқан су сықылды. Қазақ тұрмысы да, салты да жаңа арнамен ағуға бет алды. Зор төңкеріс қазақ даласына енді күнгей бетінен кіргелі жаңа жол іздемек. Сонау жаңа жолдың жөні қайда?
Бұған жауабымыз - мынау.
