- •Әдебиет теориясы
- •Көркемөнер табиғаты және эстетикалық
- •Аристотель Поэзия өнері туралы
- •Әбунәсір Әл-Фараби Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат
- •Г.В.Ф.Гегель Эстетика туралы лекциялар
- •Г.Э.Лессинг Лаокоон немесе кескін өнері мен поэзияның шекарасы туралы
- •Н.Г.Чернышевский Өнердің болмысқа эстетикалық қатынасы
- •А.Байтұрсынов Көрнек өнері
- •Е.Франко Әдебиет туралы ғылым және оның түрлері
- •Табалдырық
- •Әдебиетіміз
- •Бұл күнге шейін төңкеріс әм әдебиетіміз
- •Енді төңкеріс әм әдебиетіміз
- •Әдебиет не нәрсе? Әдебиеттің жалпы заңы
- •В. Шкловский
- •А.Банфи Өнер философиясы
- •М.М.Бахтин Әдебиеттану методологиясына
- •Е. Ысмайылов Қазақ әдебиетінің ғылымдық тарихын жасау жолындағы міндеттер
- •А.И.Буров Өнердің эстетикалық мәні
- •Т.Нұртазин Эстетикалық пікіріміздің даму тарихынан
- •А.С.Бушмин Көркем шығарманы аналитикалық тұрғыда қарастыру туралы
- •З.Қабдолов Сөз өнері туралы сөз
- •Әдебиеттану ғылымындағы мектептер
- •Д.Мәсімхан Тамырға тағзым немесе әдебиет пен өнердің тек-төркіні туралы
- •“Көңіл-күй - сезім” теориясы
- •2. “Эмблемалық түс” теориясы
- •3. “Өндірістік еңбек” теориясы
- •4. “Еліктеу” теориясы
- •5. “Ойын-сауық” теориясы
- •6.”Әсемдік аңсар” теориясы
- •7. “Бақсы-балгерлік” теориясы
- •8. “Әмбебап” теориясы
- •Суреткер табиғаты
- •В.Г.Белинский Александр Пушкиннің шығармалары
- •Ж.Аймауытов, м.Әуезов Абайдан соңғы ақындар
- •Ж.Аймауытов Мағжанның ақындығы туралы
- •Неге арналсаң, соны істе!
- •М.Жұмабаев
- •С.Мұқанов Жазушы лабораториясы туралы
- •C.Қирабаев Ахметтің ақындығы
- •З.Ахметов Ақын тұлғасы, адамгершілік мақсат-мұраты
- •Е.Д.Тұрсынов Ақын типінің пайда болу дәуірі жөнінде пікірлер
- •Әдеби шығарманың мазмұны мен пішіні а.Байтұрсынов Шығарма сөз
- •А.Н.Веселовский Сюжеттер поэтикасы Кіріспе. Сюжеттер поэтикасы және оның міндеттері
- •Бірінші тарау. Мотив және сюжет
- •А.А.Потебня
- •Л.С.Выготский Көркемөнер психологиясы
- •Абайдың жаңашылдығы
- •М.Базарбаев Ұлттық сипат, мазмұн және форма
- •Ю.М.Лотман Көркем мәтін құрылымы
- •Т.Қожакеев Сатира және юмор
- •Әдеби бейне
- •Сұлулық салтанаты
- •С.Негимов
- •В.Е.Хализев
- •С.Н.Зенкин Әдебиетке интертекстуальды қатынас
- •Ж.Дәдебаев Көркем шығарма және оның негіздері
- •А.Егеубай Тарихи шындық пен көркемдік шындық. Әдеби әдеп. Түр мен мазмұн
- •Қ.Рүстемова Көркем туындыдағы тартысқа қатысты терминдер және олардың сипаты
- •Поэзияны тегі мен түріне қарап бөлу
- •Эпикалық поэзия
- •Лирикалық поэзия
- •Драмалық поэзия
- •А.Байтұрсынов Сындар дәуір
- •Х.Досмұхамедов Халық әдебиетінің мазмұны
- •М. Қаратаев Көркем аударма мәселелері
- •М.Базарбаев Жанрлық ерекшеліктері туралы
- •М.Ж.Жолдасбеков Орхон ескерткіштерінің жанрлық сипаты
- •Қ.Өмірәлиев Қазақ поэзиясының жанры мен стилін комплексті түрде зерттеу
- •Трагедиялық тартыс және трагедиялық характер
- •Комедияның жанрлық ерекшеліктері
- •Драмадағы жағдай және қаһарман
- •С.Қасқабасов Фольклордың жанрлық табиғаты
- •Сын жанрлары
- •Лирикалық жанрлар
- •Әдеби процесс
- •Р.Мәрсеков Қазақ әдебиеті жайынан
- •Н.Я.Берковский Романтизм және оның түп тамырлары туралы
- •Х.Досмұхамедов Халық әдебиетінің мазмұны
- •М.Әуезов Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі
- •Р.Якобсон Көркем реализм туралы
- •Б. Кенжебаев Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу
- •Әдеби серпіліс теориясының тәжірибелері
- •Хх ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі ағымдар
- •К.Ахметов Әдеби даму
- •Е.Тілешев Көркемдік әдіс, жанр және жаңашылдық
- •Әдеби шығарманың тілі мен стилі и.В. Гете Табиғатқа жай еліктеу, мәнер, стиль
- •А.Байтұрсынов
- •Б.В.Томашевский Стилистика және өлең құрылысы
- •Р.Уэллек, о.Уоррен Стиль және стилистика
- •Қ.Жұмалиев Стиль – жазушының өзіне тән ерекшеліктері
- •В.В.Кожинов Сөз бейненің формасы ретінде
- •Қ.Жұбанов
- •Ә.Қоңыратбаев хіх ғасырдың аяғындағы әдеби тіл
- •Стиль және бейнелілік
- •Идея және стиль
- •Б.Майтанов Лиризм – стильдік құбылыс
- •Терминдер көрсеткіші
- •Қысқаша био-библиографиялық анықтамалық
В.Е.Хализев
Мәтін
Алғаш рет және мейлінше терең бұл термин тіл білімінде орныққан. Тілтанушы үшін мәтін дегеніміз өзінің белгілі қасиеттер жүйесі бар табиғи тілдің қолданылу үрдісі. Оған байланыстылық пен аяқталғандық тән. Мәтін өзін сырттай қоршаған ақиқат сөйлеу мен сөйлеуден тыс. Қарапайым тілмен айтсақ, ол сөйлемдердің ажырамас коммуникативті бірлігі бола отырып, айқын аңғарылатын басы және соңы бар құрылым.
Тілдік түсініктегі мәтін белгілі бір жағдайларда тар мағынада (“белгілі бір мағыналы қатардың тілдік айтылуы” ретінде1 ) және басқа да кең мағынасында сонымен мәтін лингвистикасы деп аталатын ғылыми пән мәтінді сөздік құрылым ретінде қарастырады.
“Мәтін” термині әдебиеттануда да кеңінен қолданылады. Бұл әдеби шығарманың тілдік қыры, ол әдеби шығарманың заттық-бейнелілік сипатымен (шығарма әлемі) және идеялық-мағыналық саласымен бірлікте болады. Теориялық поэтиканың мәселелерін талқылай отырып, 1970-жылдары Ю.М.Лотман былай деп жазған болатын: “Мәтін мен көркем шығарма бір нәрсе деген ұғымнан үзілді-кесілді бас тартуымыз қажет. Мәтін-көркем шығарманың компоненттерінің бірі ғана... Көркемдік әсер жалпы алғанда, өмірлік және идеялық-эстетикалық болмыстың күрделі комплексінен туындайды”2.
Қазіргі ғалымдар әдеби-көркем мәтіннің “кеңістігіне” (оның тілінен басқа) жазушы бейнелеген өмір шындығын, идеяларын, концепцияларын, мағыналық жақтарын, яғни көркем мазмұнды енгізіп жүр. Бұндай жағдайларда “мәтін” мен “шығарма” синонимдер болып қалады.
Бірақ әдебиеттануда мәтін туралы ұғымға тілдік бірліктердің ұйымдасқан түрде ретімен келуін айту орныққан. Осыған байланысты шығарманың негізгі мәтіні және қосымша мәтіні (тақырыптың атауы, ескертулер, эпиграфа, кімге арналғандығы, авторлық алғысөз, жазылу орны мен уақытының көрсетілуі, сонымен бірге драмалық шығармалардағы қатысушылардың тізімі мен ремаркалар) болады...
С.Н.Зенкин Әдебиетке интертекстуальды қатынас
Мәтіндердің өзара қатынасы тарихи тұрғыдан әдебиетшілер тарапынан эволюциялық қатынасы ретінде ұғынылып келді. Әдебиеттің эволюциялық бірнеше модельдері бар.
Модельдің түп-төркіні филиация, яғни туындау тікелей ізбасар болу. Осы тұрғыдан келгенде әдебиеттегі әрбір жаңа құбылыс өзінің алдындағы құбылыстардан шығып отырады. Бұл модель бұхаралық санада әлі күнге дейін билік етіп келеді. Мұның ішінде бірінші қатарға дамудың үздіксіздігі шығады. Эволюция қатарына ең маңызды белгіленген нүктелер оқшаулана көрінеді, ол классика (ұлт әдебиетінің, жанрдың, белгілі бір автордың жеке шығармашылығындағы). Классикамен салыстырғанда басқа мәтіндер оны дайындаушы, оның даму немесе дағдарысқа түсу көріністері. Мұндай модельде биологиялық идеялар басым тұрады, Әдебиеттің дамуы жанды организмнің дамуымен сәйкес зерделенеді.
Әдебиет теориясында филиация моделі әлдеқашан ескірген болып есептеледі. В.Б.Шкловский мен Ю.Н.Тынянов оны сынай отырып жүйелі-динамикалық жаңа концепцияны ұсынды. Тынянов шығарманың генезисі мен көркемдік жүйенің эволюциясын өзара бөліп қарастырды: генезис жеке фактіге, ал эволюция жүйелі тұтастыққа қатысты. Филиацияның дәстүрлі құбылыстары генезис ұғымымен жабылады да мәтінді жасаудың жеке жағдайлары болып табылады (өмірбаяндық фактілер, тарихи оқиғалар және “әлеуметтік тапсырыс” қажеттіліктері). Жалпы алғанда генезис - әдебиеттен тыс құбылыс, бұған қарама-қарсы эволюция әдебиеттің ішкі мазмұнын үйлестіреді. Әдеби жүйеде көркемдік құрылымның басты факторының доминанты оқшауланады, оның ауысуы немесе алмастырылуы бүкіл жүйенің мағынасын өзгертеді. Доминанттардың өзгеруі – бұл мәтіндегі басымдық үшін конструктивті күштердің динамикалық процестегі күресі болып табылатын әдеби эволюцияның мәні... Әр дәуірдегі әдебиетте кем дегенде өзара бәсекелес, “үлкен” және “кіші” иерархиялық бірдей емес дәстүрлер өмір сүреді. Даму барысында үлкен бұтақ бірте-бірте күшін жойып, кішіге жетекшілік орынды береді. Бұл кіші бұтақтың канонға айналуы деп аталады. Бұл концепцияның артықшылығы дамуды алдыға шығаратындығы дамуды тартыс ретінде түсіндіретіндігі. Кемшілігі бұл процестің механикалығында: екі күресуші арналар бір-біріне бөтен бола отырып қалайша қарым-қатынасқа түсетіндігі сөйтіп қалайша прогресс жасай алатындығы.
... Интертекстуальдықтың жаңа концепцияларында әдеби дамудың диахроникалық бағыты іс жүзінде алынып тасталынған. Әдебиеттің барлық туындылары уақыт бойынша емес, кеңістіктегі универсалды кітапхана (Борхес бойынша) негізінде орналасады. Бұл оқырманның кеңістік бойынша еркін жұмыс істеуінен туындап, мәтіндер өзара көршілес және қарым-қатынаста тұруымен түсіндіріледі.
