- •Әдебиет теориясы
- •Көркемөнер табиғаты және эстетикалық
- •Аристотель Поэзия өнері туралы
- •Әбунәсір Әл-Фараби Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат
- •Г.В.Ф.Гегель Эстетика туралы лекциялар
- •Г.Э.Лессинг Лаокоон немесе кескін өнері мен поэзияның шекарасы туралы
- •Н.Г.Чернышевский Өнердің болмысқа эстетикалық қатынасы
- •А.Байтұрсынов Көрнек өнері
- •Е.Франко Әдебиет туралы ғылым және оның түрлері
- •Табалдырық
- •Әдебиетіміз
- •Бұл күнге шейін төңкеріс әм әдебиетіміз
- •Енді төңкеріс әм әдебиетіміз
- •Әдебиет не нәрсе? Әдебиеттің жалпы заңы
- •В. Шкловский
- •А.Банфи Өнер философиясы
- •М.М.Бахтин Әдебиеттану методологиясына
- •Е. Ысмайылов Қазақ әдебиетінің ғылымдық тарихын жасау жолындағы міндеттер
- •А.И.Буров Өнердің эстетикалық мәні
- •Т.Нұртазин Эстетикалық пікіріміздің даму тарихынан
- •А.С.Бушмин Көркем шығарманы аналитикалық тұрғыда қарастыру туралы
- •З.Қабдолов Сөз өнері туралы сөз
- •Әдебиеттану ғылымындағы мектептер
- •Д.Мәсімхан Тамырға тағзым немесе әдебиет пен өнердің тек-төркіні туралы
- •“Көңіл-күй - сезім” теориясы
- •2. “Эмблемалық түс” теориясы
- •3. “Өндірістік еңбек” теориясы
- •4. “Еліктеу” теориясы
- •5. “Ойын-сауық” теориясы
- •6.”Әсемдік аңсар” теориясы
- •7. “Бақсы-балгерлік” теориясы
- •8. “Әмбебап” теориясы
- •Суреткер табиғаты
- •В.Г.Белинский Александр Пушкиннің шығармалары
- •Ж.Аймауытов, м.Әуезов Абайдан соңғы ақындар
- •Ж.Аймауытов Мағжанның ақындығы туралы
- •Неге арналсаң, соны істе!
- •М.Жұмабаев
- •С.Мұқанов Жазушы лабораториясы туралы
- •C.Қирабаев Ахметтің ақындығы
- •З.Ахметов Ақын тұлғасы, адамгершілік мақсат-мұраты
- •Е.Д.Тұрсынов Ақын типінің пайда болу дәуірі жөнінде пікірлер
- •Әдеби шығарманың мазмұны мен пішіні а.Байтұрсынов Шығарма сөз
- •А.Н.Веселовский Сюжеттер поэтикасы Кіріспе. Сюжеттер поэтикасы және оның міндеттері
- •Бірінші тарау. Мотив және сюжет
- •А.А.Потебня
- •Л.С.Выготский Көркемөнер психологиясы
- •Абайдың жаңашылдығы
- •М.Базарбаев Ұлттық сипат, мазмұн және форма
- •Ю.М.Лотман Көркем мәтін құрылымы
- •Т.Қожакеев Сатира және юмор
- •Әдеби бейне
- •Сұлулық салтанаты
- •С.Негимов
- •В.Е.Хализев
- •С.Н.Зенкин Әдебиетке интертекстуальды қатынас
- •Ж.Дәдебаев Көркем шығарма және оның негіздері
- •А.Егеубай Тарихи шындық пен көркемдік шындық. Әдеби әдеп. Түр мен мазмұн
- •Қ.Рүстемова Көркем туындыдағы тартысқа қатысты терминдер және олардың сипаты
- •Поэзияны тегі мен түріне қарап бөлу
- •Эпикалық поэзия
- •Лирикалық поэзия
- •Драмалық поэзия
- •А.Байтұрсынов Сындар дәуір
- •Х.Досмұхамедов Халық әдебиетінің мазмұны
- •М. Қаратаев Көркем аударма мәселелері
- •М.Базарбаев Жанрлық ерекшеліктері туралы
- •М.Ж.Жолдасбеков Орхон ескерткіштерінің жанрлық сипаты
- •Қ.Өмірәлиев Қазақ поэзиясының жанры мен стилін комплексті түрде зерттеу
- •Трагедиялық тартыс және трагедиялық характер
- •Комедияның жанрлық ерекшеліктері
- •Драмадағы жағдай және қаһарман
- •С.Қасқабасов Фольклордың жанрлық табиғаты
- •Сын жанрлары
- •Лирикалық жанрлар
- •Әдеби процесс
- •Р.Мәрсеков Қазақ әдебиеті жайынан
- •Н.Я.Берковский Романтизм және оның түп тамырлары туралы
- •Х.Досмұхамедов Халық әдебиетінің мазмұны
- •М.Әуезов Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі
- •Р.Якобсон Көркем реализм туралы
- •Б. Кенжебаев Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу
- •Әдеби серпіліс теориясының тәжірибелері
- •Хх ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі ағымдар
- •К.Ахметов Әдеби даму
- •Е.Тілешев Көркемдік әдіс, жанр және жаңашылдық
- •Әдеби шығарманың тілі мен стилі и.В. Гете Табиғатқа жай еліктеу, мәнер, стиль
- •А.Байтұрсынов
- •Б.В.Томашевский Стилистика және өлең құрылысы
- •Р.Уэллек, о.Уоррен Стиль және стилистика
- •Қ.Жұмалиев Стиль – жазушының өзіне тән ерекшеліктері
- •В.В.Кожинов Сөз бейненің формасы ретінде
- •Қ.Жұбанов
- •Ә.Қоңыратбаев хіх ғасырдың аяғындағы әдеби тіл
- •Стиль және бейнелілік
- •Идея және стиль
- •Б.Майтанов Лиризм – стильдік құбылыс
- •Терминдер көрсеткіші
- •Қысқаша био-библиографиялық анықтамалық
C.Қирабаев Ахметтің ақындығы
...Ахметтің ақындығы “Қырық мысалдан” (1909. Петербург) басталады. Бұл кітабын Ахмет И.А.Крыловтан аударған мысалдардан құрастырған. Олардың аудару мерзімі – 1901-1904 жылдар. Бұл – оның ауыл мектептерінде мұғалімдік қызмет атқарып жүрген кезі Орыстың ағартушылық дәстүрі рухында тәрбиеленген жас ұстаздың балаларды оқытуға, оларды жаңа рухта тәрбиелеуде әдебиеттің қызметін пайдалану мақсатын көздегені көрінеді. Бұл ниетін ол мектеп көлемімен шектемейді, жалпы халықты ағарту, оларды қараңғылыққа қарсы күресіп, білім жолына үгіттеу ниетін ұстанады. Мұндай мақсат ұстанған ағартушы-демократ ақын-жазушылардың Крылов шығармаларын аударудан бастауы ХХ ғасырдың басында жиі кездеседі (Ы.Көбеев, Б.Өтетілеуов, т.б.). Мұның бір себебі әлеуметтік революциялар қарсаңында, елдің ояна бастаған тұсында билеушілердің демократтық, халықтық идеялардың әрбір көрінісінен шошып, оларға күресуінен сақтанудан туған еді. Крыловтың тұспалдап айтқан мысалдарын қазақ жағдайына ыңғайлап, сол арқылы әділетсіздікке қарсы үн тарату мұндай ортада қолайлы жол болды. Ахмет есімі осы мысалдардың авторы, аудармашысы ретінде қазақ ортасына кең жайылды. “Маса” кітабы осыған жалғасып жазылды. Егер “Қырық мысалда” Ахмет ойын тұспалдап, Крылов мысалдары үлгісінде жеткізсе, оған өзінің ұсынар ғибратын қосса, “Масада” әлеуметтік өзгерістер туралы, заман жайлы пікірін ашық айтуға жетті. Сөйтіп, алғашқы кітабымен аудармашы боп көрінген Ахмет “Маса” арқылы төл шығармалардың авторы, танылған ақын болып қалыптасты.
М.Дулатов: “өз өлеңдерінде А.Б. ғашықтық туралы, әйел туралы, табиғат туралы жырламайды, онда қанатты, көпірме сөздерге құрылған өлең үлгісі де жоқ. Ол қарапайым, нағыз қазақ тілінде бостандық туралы, ұлт туралы – қазақ халқының қанауда, артта қалғаны жайлы жырлап, оны оқуға, еңбекке және ұйқыдан оянуға шақырады, әрбір қазақтың бойындағы азаматтық сезімді оятуға ұмтылады” – дейді.
Мұнда Ахмет өлеңдерінің саяси бағдары, әлеуметтік мазмұны дұрыс көрсетілген. Автор кітабында, негізінен, өзін толғандырған, дәуірдің өзекті мәселелерін сөз етеді. Сол кездегі қазақ қоғамының даму жағдайларына, жерлестерінің күн-көріс, тіршілігіне сын көзімен қарайды. “Тар көрдің қуысына тығылып отырған”, “пайдасы өз басынан артылмайтын, тұрысында мал ғұрлы мағына жоқ” туыстарын сынға алады. Кітаптың сыншылдық рухы, заман жайлы толғанысы оның авторының Абай дәстүрімен үндестігін бірден байқатады...
... “Маса” жинағына кірген өлеңдер Ахметтің әлеуметтік шындықтың ақыны екенін бірден мойындатады. Ол – ойшыл суреткер. Дәуірлік құбылыстарды ой көзімен қарап суреттейді. Бұл сыпат оның “Қазақ салты”, “Қазақ қалпы”, “Жиған-терген” сияқты өлеңдерінде айрықша танылады. Бұларда Ахмет, ең алдымен өз заманының тың сөзін айтқан, замандастарының жаңа бейнесін ашқан жаңашыл ақын боп көрінеді...
...Ахметтің төл ақындық мұрасы негізінен “Масамен” шектеледі. Кейінгі өмірінде біз Ахметтің поэзияға қайта оралмай, негізінен басқа салаларда еңбек еткенін білеміз. Ендеше, оның ақындық қызметінің бір кітаппен шектеліп қалуының өзі оқырмандардан “неге?” деген сұраққа жауап іздетеді. Оған жауап та Ахметтің өз өлеңдерінде.
Мен жазған кеңес Ер батқанда жорғалық
Мақтаныш емес Молда жоқта – молдалық. –
Дейді ол “Масаның” 1922 жылы Қазанда басылған нұсқасына қосқан “Жауап хаттан” атты өлеңінде. Бұл сөзіне және өлең жазуды кейін кәсіп етпеуіне қарағанда, Ахмет өзін ақын санамаған. Оның ақындығы мұқтаждықтан, қажеттікті өтеу парызынан, жоқтың орнын толтыру талабынан туады. Қазақ қоғамының ХХ ғасырдың басындағы күрделі даму жағдайларын түсіне білетін, оны елге жаны ашырлықпен жеткізіп, сол жағдайда ел дамуының, халық тағдырының қандай бағдар ұстауы керектігін айта алатын бір кісі керек еді. Ахмет осы ұлы қызметті атқарды, білгенін өлең тілімен де, публицистика түрінде де айтты. Сөз өнеріне жетік халықтың алдымен өлең оқитынын білетін Ахметтің осы саладағы алғашқы еңбектерін өлең түрінде бастауының себебі де осында. Ол елді ұйқыдан оятуға тырысты, халықты өнер-білімге үгіттей отырып, отаршылдыққа қарсы наразылық үнін таратты. А.Пушкин тумай тұрған кезде, орыс мемлекетінің ұлттық тәуелсіз ел бола бастаған тұсында жаңа патриоттық, отаршылдық рухта өлеңдер жазған М.Ломоносовтың ақындығын В.Белинский де кезінде осындай бір қажеттіктен туған деп түсіндіргені бар еді. Заманның, тарихи дамудың халық алдына қойып отырған үлкен талабын өтеу үшін туатын ұлдары болады. Олардың еңбегі де, ісі де әр жағдайда қайталанып жатады. Ахмет өмірінен осындай тарих талабының жаңаруын көреміз.
Ахмет “Масасы” талай елді оятты. Алдымен ойы бар, ақылы бар жас таланттар оянды. Олар ұстаз ағасының ісін жалғастырып алып кетті. Қазақтың ағартушылық, демократтық әдебиеті жаңа заманның талап-тілегіне орай толыса, кеңейе түсті. М.Дулатов, М.Сералин, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, С.Дөнентаев, т.б. әр салада қызмет етті. Жаңа жанрларды туғызды. С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров тәрізді жастар әдебиетке келді. Бәрі бірігіп әдебиеттің ізденісін, тақырыптық ауқымын көтерді. Ендігі жерде Ахметтің олармен жарысып, поэзияда қызмет етуі де қажет болмай қалды. Мұны ол түсінді. Өзін басқа саладағы еңбекке жұмсады. Ұлылықтың өзі де осындай көргендікте жатыр.
“Ломоносовтың бойында екі түрлі қабілет бар – ақындық пен ғалымдық, оның соңғысы алғашқысына қарағанда күштірек”1-деген еді В.Белинский. Осыған ұқсас жайды Ахмет бойынан да көреміз. Оның ақындығын кейін ғалымдығы жеңіп кетті.
Әрине, бұл Ахметтің ақындығын, азаматтық поэзиясындағы талантты туындыларын жоққа шығара алмайды. Ол өз дәуірі үшін биік мәдениеттің ақыны болды. Өлеңдері үгіттік сарынмен шектелген жоқ. Ақын заманының жаңа сөзін шын талантпен, нанымды түрде, суреткерлікпен айта білді. Бейнелі сөз иірімдерін, жаңа образдар туғызды. Бұл – Ахметтің ақындық мұрасының маңызын, оның мазмұндылығын көтере түседі. Қазақ даласына азаттық идяесы тарай бастаған тұста жаңа поэзияның бастаушысы, алғашқы ту ұстаушысы болып Ахмет қашан да тарих биігінде тұрады.
