
Күні: 11.12.14
Мектеп: №7 мектеп-гимназия
Сынып: 2 «А»
Мұғалім: Ерубаева Р.Б
Әдіскер: Аралбаева Б.Т
Практикант: Құсылбек Сәния
Пән: музыка
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі музыкалық аспаптар. Дабыл. Шырша әні. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ұлттық аспаптармен таныстыру. Аспаптың дыбыс тембрін ажыратуға үйрету. Ұрып ойнайтын аспаптардың ерекшеліктерімен, дыбыс бояуымен таныстыру. Ән айту, музыка тыңдау ережелерін сақтауға баулу. Дамытушылық: есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: ұлттық аспаптарды құрметтеуге тәрбиелеу, жан - жақты эстетикалық тәрбие беру. Сабақ түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
-Отырыңдар.
-Бүгінгі музыка сабағынан мен беремін. Менің аты-жөнім – Құсылбек Сәния.
-Психологиялық дайындық.
-Балалар барлығымыз бір-бірімізге қарайықшы. Қанекей, енді бір-бірімізге қарап күлейікші. Ендеше сабағымызды осындай көңіл-күймен бастайық.
ІІ. Өткенді қайталау
Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
«Керней, сырнай тарттырып, Даңғыра, дабыл қақтырып, Барып түсті Алпамыс, Қаракөзайым үйіне...» («Алпамыс батыр» жырынан үзінді). Балалар, бұл өлеңнен нені ұғуға болады? Қандай аспаптардың аттарын естідіңдер? Дұрыс, керней, сырнай, даңғыра, дабыл деген аспаптардың аттарын естідік. Олай болса бүгін ежелгі музыкалық аспаптармен танысамыз. Ол – домбыра,дабыл, дауылпаз, асатаяқ,
«Екі ішектің бірін қатты, Бірін сәл - сәл кем бұра. Нағыз қазақ, қазақ емес, Нағыз қазақ – домбыра» - деп ақын жырлағандай, халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылығы мен дүниетанымын дәл суреттеп жеткізе алатын қоңыр үнді домбыра екені даусыз.
Дабыл – бұл «дабыл қағу» деген сөз. Дабыл ұрып ойналатын аспап. Даусы күркіреп шығады. Қазақтың ұрмалы саз аспабы. Дабыл ежелден дыбыс беру құралы болған. Дабылдың шанағы тал, қайың, тораңғы секілді ағаштардан дөңгелек шеңбер түрінде иіліп, оған тері қапталып жасалады. Алып жүруге ыңғайлы болуы үшін қайыс бау немесе ағаш тұтқы бекітіледі. Дабыл арнайы қол шоқпармен ұрып ойналады. Дабылдың екі түрлі үлгісі сақталған. Оның бірі - шеңбер аумағы 1 м 56 см-лік фольклорлық мақсатта көне аспаптар ансамблі үшін қолданылатын шағын түрі, екіншісі шеңбер аумағы 3 м 40 см, ені 30 см, биіқт. 1 м 50 см болып келетін үлкен жорық дабылы. Дабылдың Қазақстаннантабылған көне нұсқалары қазіргі кезде Санкт-Петербургтің, Семей мен Омбының, Астрахан менАлматының мүражайларында сақтаулы. Көне аспапты қалпына келтіріп, қайтадан қолданылуы еңбек сіңірген шеберлер: А.Аухадиев, Д.Шоқпар-ұлы, Ш.Байжігітов, С.Кенжеғараев, А.Құмаров, О.Бейсенбаев, А.Хасенов, т.б. Дауылпаз – дауылпаздың бірнеше түрібар: қазандауылпаз, нардауылпаз.
Асатаяқ - тұтас ағаштан жасалған, оның басында темір теңгешелер, қоңыраулар ілінген, сілкіп ойнайтын аспап. Қоңыраулар күміс, алтын, қорғасын сияқты асыл тастардан жасалған. Қоңыраулар соғылғанда әдемі үн шығады.
Сергіту сәті: «Сырнай мен дабыл». - Ойнап көрші сырнайды Сырнай былай жырлайды. - Гу, гу, гу, гу. - Соққанда дабылды, Үн шығады жаңғыра. - Даң, даң, даң, даң.
ІV. Музыка тыңдату.
Құрманғазы Сағырбайұлының «Адай» күйін тыңдату.
Сұрақтар: 1. Қандай аспаптар бар құрамында? 2. Қандай көңіл - күйде болдыңдар, не сездіңдер? 3. Кімнің күйі? V. Қызығушылығын ояту. (жұмбақтар жасыру)
Тиіп кетсе жылаған, Даусы көпке ұнаған. (домбыра)
Созылған үні, Сүйкімді тілі. Үрлесең ойнайтын, Аспаптың бірі. (сыбызғы)
Ел қорғайтын ерлікке, Батылдыққа ерлікке. Әуенімен шақырған, Қандай аспап балалар. (дабыл) Жеті шектен жеті түрлі үн шығар, Әуезінен жеті тарау мұң шығар. Ойнап кетсең, түрлі - түрлі жыр шығар, Бұл қандай аспап? (жетіген)
«Ребус шеш» ойыны. Ребустың жауабы:(Шырша)
Балаларға «Шырша әнін» айтқызу.
Vі. Жаңа сабақты бекіту. «Сиқырлы жүрек»
-Балалар біз бүгінгі сабақты қайталап өту үшін «Сиқырлы жүрек» ойынын ойнаймыз. Сендерге ойынның шартын түсіндіріп өтейін. Ойынның шарты былай: мен түн дегенде көздеріңді жұмып, бүгін не өттік сол туралы ойланып отырыңдар, ал мен күн дегенде көздеріңді ашып, кімнің алдында жүрек тұрады, сол бала орнынан тұрып , менің қойған сұрағыма жауап береді. Келістік пе?
Сұрақтар:
1) Нағыз қазақ, қазақ емес,
Нағыз қазақ-... ары қарай жалғастыр?
2) Қазақтың ұрып ойланатын аспабын ата?
3) Дауылпаздың неше түрі бар? Аттарын ата?
4) Қоңыраулар соғылғанда әдемі үн шығаратын аспапты ата?
VІІ. Үй тапсырмасын беру. Ежелгі аспаптар жайлы аңыздар жинау.
Vііі. Бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларға смайликтер тарату.
ІХ. Қорытынды.
-Балалар бүгін қандай тақырыпта сабақ өттік?
-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
-Несімен ұнады?
-Не үйрендік?
-Балалар осымен бүгінгі біздің сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар!
Әдіскер:
Мұғалім:
Баға:
Күні: 11.12.2014ж.
Мектеп:№7 мектеп - гимназиясы
Сынып: 2«А»
Пән: музыка.
Әдіскер: Аралбаева Б.Т
Мұғалім: Ерубаева Р.Б
Машықгер: Құсылбек Сәния.
Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары» Дабыл. Шырша әні. Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік беру, жасалу ерекшелігі, дыбыс бояуың түсіндіріп, ұлттық аспап туралы білімдерін жетілдіру; 2.Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту; 3. Тәрбиелік: қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, ынталандыру, сұрақ – жауап, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: музыкалық аспаптар суреті, үнтаспа.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
а)Амандасу.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Отырыңдар!
ә) Танысу: Бүгінгі музыка пәнінен сендерге мен беремін. Менің аты-жөнім – Құсылбек Сәния Маратбекқызы.
- Қазір қай сабақ?
- Сабақ құралдарымыз дайын ба?
- Олай болса оқушыға ұқсап отырамыз!
б) Психологиялық дайындық:
-Балалар, барлығымыз бір – бірімізге қарайықшы. Қанекей, енді бір – бірімізге қарап күлейікші. Ендеше, сабағымызды осындай көтеріңкі көңіл – күймен бастайық.
Біз бүгінгі сабағымызда қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен танысып, олардың түрлерімен, ойнау әдісі мен жасалу жолымен танысамыз. - Оқушылар қазақ халқының қандай музыкалық аспаптарын білесіңдер? - Домбыра аспабының құрылысын кім айтып бере алады? - Күй дегеніміз не? - Күйші дегеніміз кім? - Күйшілерді айтып беріңдерші? -Жарайсыңдар, балалар!
II. Үй жұмысын тексеру.
-Ал балалар бүгінгі сабақты бастамас бұрын үй жұмысын бір тексеріп өтейік.
-Дайынбыз ба?
-Ал, кеттік!